Азақ халқының ұлттық аспаптары

Азақстан Республикасы

Павлодар облысы

Качир ауданы

«Наз қоңыр»

Фольклорлық ансабілінің

Жылғы атқарылған

Іс-шаралар жөніндегі есебі

азақ халқының ұлттық аспаптары - student2.ru

Тереңкөл ауылы. 2013ж.

азақ халқының ұлттық аспаптары

Қазақ өнері мен мәдениеті тарихында алатын орны айрықша және халқымыздың мәдени мұратының ішінде басқа ұлтта, мемлекеттер де жоқ қазақтың күйшілік мұрасының алатын оны ерекше.

Атадан-балаға,ұрпақтан- ұрпаққа жалғасқан дәстүрлі өнер үрдісі екендігін әрдайым жадымызда сақтай отырып, үлгі тұту парыз.

Қазақ өзінің мұңын айтып жеткізетін, шерін тарқататын, сан мың жылға тарихын жадында сақтай алатын қобыз, домбыра секілді құдіретті аспаптарды дүниеге әкелген. Бұл екеуі де көкірегі көмбеге толы халықтың мұңшылары.Осы құдіреттерді тудырып, оларға тіл бітірген ғажап өнер қазақ халқынан шыққан.

Өткен тарихымызға, жүріп өткен жолымызға, ата- мұра аспап-тарға құрметпен қарай отырып, осы тарихи құндылықтарымызды жас жеткіншектерімізге жеткізуіміз керек. Мұның өзі жас ұрпақтың бойына халықтың өнері мен дәстүрі, музыкаға деген сүйіспеншілігі дарытады. Ой-өрісіне, сана- сезімі мен ойлау қабілетіне белгілі дәрежеде әсер етеді жүрегі иман жолына жақын болады. Аспапта

ойнай білген баланың жаны нәзік болып, бүкіл болмысымен халықтық дәстүрді өз бойына сіңіре біледі. Музыкалық сауатын ашып, аспаптардың үн ерекшелік- терін, дыбыстарын ажырата біледі.

Өнерді жасайтын да, оны ұрпақтан- ұрпаққа жеткізетін де халық. Өнерді адам тудырады, адамды заман тудырады. Ән жүректен, перзент тілектен, күй көңілден,бәрі де өмірден туады.

Музыкалық эстетикалық білім беру жүйесі негізі – балабақшадан бастап алу қажет.Ол үшін балаларға шамасына лайық әр түрлі дыбыстық аспап-құралдар даярлап,көрсетіп, таныстырып, аспапта орындап көрсету керек.

Мектептердегі күні бүгінгі дейін ескіше жүргізілетін ән-күй сабағын «музыкалы-эстетикалық өнер сабағы» тұрғысында тереңдете оқытса деймін.

Ерте заманда адамдар құстармен,жан- жануарлармен сөйлесе білген. Олар алдымен құстың,жануардың дыбысын жақсылап тыңдап, кейін дәл сондай дыбысты өздері айтып көруге тырысқан.

Түрлі дыбысты алдымен ұрып,сілкіп ойнайтын аспаптармен салды.

Біртіндеп жан - жануарға белгі беретін дыбыстарды ойлап шығара бастады.Ұрып, сілкіп ойнайтын аспаптарда заттың шабысын,құстың ұшқанын, жануардың жүргенін т.б.салатын болған. Аспаптар осылай «сөйлей» бастады. Кейін аспаптар туралы әртүрлі аңыздар да шыға бастады.

Домбыра-шертпелі аспап,қазақ халқының төл аспабы, қос ішекті қоңыр дыбысты, негізінен күй тартып, ән айтқанда сүйемелдеуші аспап ретінде кең таралған.Ішекті-шертпелі аспапқа жатады.

Екі ішекке бір тиекті қондырып. Ойнаймыз біз қолымызды талдырып Білсең егер айта қойшы, балақан Бұл қай аспап? Бұл кәдімгі-домбыра.  
азақ халқының ұлттық аспаптары - student2.ru

Шертер–қазақтың ішекті көне аспаптарының бірі.Үш ішекті аспап. Құрылысы жағынан домбыраға ұқсас. Бет қақпағы теріден салынған, сондықтан дыбысы жұмсақ, майда, қоңыр естіледі. Шертер айтып тұрғандай шертіп ойнайды.

азақ халқының ұлттық аспаптары - student2.ru

Саз әлемін тербетер. Ойыңды да сергітер Домбыраға ұқсайтын. Қызық аспап-шертер  

Жетіген-қазіргі қолданып жүрген аспаптың мүмкіндігі мол.Ол жеке аспаптық музыканы сүйемелдеуде , ансамбльдерде қолданылады. Жетіген туралы халықта бір аңыз бар. Ертеде бір шал мен кемпірдің жеті ұлы болған екен. Кішкене кезінде олар асық ойнағанды өте жақсы көреді. Бір күні елі үлкен қиындыққа ұшырап жеті ұлы бірінен соң бірі өледі. Сонда әр ұлының ойнаған асықтарын үлкен тақтайшаның бетіне қойып, ішек тағып аспап жасайды. Сондықтан жетіген - деп аталды. Ішекті-шертпелі аспаптар тобы.

азақ халқының ұлттық аспаптары - student2.ru

Асықтары шашылады бетінен

Түзетеміз асықтарды шетінен

Білсең егер айта қойшы,балақай.

Бұл қай аспап? Бұл әрине- жетіген.

Қобыз–ыспалы аспаптарға жатады.Өзінің табиғи ерекшелігі дыбыс бояуының құндылығы мол аспап.Ағаштан ойылып жасалады.

азақ халқының ұлттық аспаптары - student2.ru

Қылқобыз-қос қыл ішекті,әуелгі кезде жыраулардың емші -балгерлердің, бақсылардың аспабы болса, қазіргі кезде оркестірдің негізгі аспаптарының біріне айналды. Өзіндік қайталанбас мұң-зарға толы үні бар. Жеке орындауда, оркестрмен қосқанда да сазды үні оркестр бояуын ұлттық нақышқа, тылсым сезімге баурайды.

Жан дүниеңді тербетеді толқытып, Бұл аспаптың естігенде саз Қорқыт бабам тіл бітірген, қай аспап? Бұл әрине қасиеттіқобызым.    
азақ халқының ұлттық аспаптары - student2.ru

Асатаяқ– соқпалы сілкіп ойнайтын музыкалық аспап,ағаштан жасалады. Тегіс бетіне түрлі темірден жасалған,өрнектелген сылдырмақтар ілінеді. Сілкіп ойнағанда сылдыраған дыбыс береді.

Кездеседі бұл аспап некен - саяқ, Сыңғырлаған қоңырауы өзіне сай-ақ. Бақсылардың қолында жүрген талай, Қазағымның аспабы - асатаяқ
азақ халқының ұлттық аспаптары - student2.ru

Даңғыра– ұрмалы,cілкілмелі аспапқа жатады. Бет жағы қапталып, ішіне сылдырмақ, қоңыраулар ілінген. Оның дыбысы қоңыр, жуан. Дүрсілдеген дыбысы жан-жануардың аяғының шапшаң жүрісін, күннің күркірегенін білдіреді.

Ұрасың оны соғарсың, Жиналып мұнда қаларсың. Естіледі жаңғыра, Дабыл қаққан - даңғыра.
азақ халқының ұлттық аспаптары - student2.ru

Дауылпаз- бет шанағы көн терімен қапталған,қазан тәрізді үш аяқты аспап.

азақ халқының ұлттық аспаптары - student2.ru

Қоңырау– тұрмыстық өмірде ерекше орын алатын аспап. Үні таза

шығуы үшін жез немесе мыс металынан тұтас құйып жасалады.

азақ халқының ұлттық аспаптары - student2.ru

Сыбызғы-үрмелі аспаптың бірі қарапайым үлгісі кепкен дала қурайынан жасалады.Қазіргі кезде шеберлер сыбызғыны жеңіл темірден, пластмассадан да жасап, қолданып жүр. Жалпы сыбызғы аспабының өзіне ғана тән бояуы,дыбыс шығару ерекшелігі бар.

азақ халқының ұлттық аспаптары - student2.ru

Сазсырнай- үрмелі аспаптар тобына жататын көне заманнан келе жатқан әдемі сазды дыбысы бар аспап.Саз сырнайдың көне нұсқасы 1968 жылы Отырар қаласының ескі жұртынан табылды.Аспаптың дыбысы табиғаттың үні тәрізді.Желдің соғуы, құмның сусылы естілгендей болады. Осы аспапқа арнайы жазылған шығармалар да баршылық.

Әуені тамаша қандай Таңқалдырар бар жанды – ай. Табиғаттың сазындай, Ғажайып аспап - сазсырнай.
азақ халқының ұлттық аспаптары - student2.ru

Үскірік -аспап 1974 жылы Маңғыстау облысы өңірінен табылған. Аспаптың үскірік аталуы да табиғат құбылысы мен қатты соққан желдің үніне ұқсас болуынан деп есептейді зерттеушілер. Үскіріктің үні майда, құлаққа жағымды. Табиғат құбылыстарының,

құстардың сайрағанын, сәбидің жылаған дауысын салып, сан алуан

дыбыс шығаруға болады.

Шаңқобыз-тілшікті аспап, халық арасында кең тараған көне ас -

паптың бірі. Темірден жасалады. Тіспен тістеп, темір тілшігін сау-

сақпен қозғап дыбысын шығарады.

азақ халқының ұлттық аспаптары - student2.ru

Му

Музыка бояулары.
  Музыкалық көркемдеуші құралдар.  
Ұзақ, қысқа дыбыстар.  
Ақырын, қатты дыбыстар
Биік, төмен дыбыстар.
Музыканың жылдамдығы.
зыкалық көркемдеуші құралдары.

Төл қүжат

1. Аталуы: «Наз қоңыр»фольклорлық ансабль.

2.Құрылған жылы:2013 ж.

3.Материалдық-техникалық база:концерттік киім-10 шт.(5-әйел,5-еркек),10 домбыра,1 бас домбыра,1 шертер,1 қобыз-прима.

4.Мекен жайы:Павлодар облысы,Теренкөл ауылы,

Аудандық мәдениет үйі.

Наши рекомендации