Парламенттің кұрылымы
Құрылымына қарай парламент ретінде әдетте бір палаталы өкілдік мекеме немесе екі палаталыпарламенттің төменгі палатасы түсіндіріледі, дегенмен заң саласы тұрғысынан бұл түсінік әлдеқайда күрделі болыптабылады. Ағылшын-саксонқүқығында парламент – мемлекетбасшысынан (Ұлыбританияда монарх,Үндістанда президент),жоғарғы және төменгі палатадан тұратын үш жақты мекеме.Осы ұш кұрамдас бөліктердің келісімі болған жағдайда ғана заңкабылданады. Ағылшын-саксон құқығының әсері басымдылыққаие,мемлекет басшысы болып президент табылатын және бір палаталы парламенттері бар мемлекеттерде (мысалы, 1977жылғы Конституцияға сәйкес Танзанияда) парламент мемлекетбасшысынан және Халыктық жиналыстан тұратын екі жақтымекеме ретінде қарастырылады. Континенталдық құқықта(Германия,Франция)парламент ретінде оның екі палатасы түсіндіріледі, мемлекет басшысы парламенттің кұрамдас бөлігіболып табылмайды. Ал кейбір кездері тек бірпалаталы заңшығару органы ғана парламент ретінде саналады (Украина).Қазіргікезде әлемде бір палаталы парламенттер жиікездеседі (Дания, Грекия, Египет, Қытай, Португалия, Танзания,Финляндия, Швеция жэне т.б.), шамамен алғанда елдердің теңжартысында екі палаталы парламенттер әрекет етеді, ал 1980жылдардың соңы - 1990 жылдардың басында Оңтүстік АфрикаРеспубликасындағы Парламент үш палатадан тұрды (1994 жылгы Уакытша конституцияны кабылдағанға дейін), дегенмен ақ нәсілді халықтың палатасы мемлекеттік биліктің іс жүзіндегіорганы болды. Югославияньң парламентінде1970-жылдарыалты палата болды. Африка мен Океанияның кейбір елдеріндепарламенттің бір немесе екі палатасымен катар көсемдердің ерекше палаталары әрекет етеді, олар тек белгілі бір мәселелер(салт-дәстүр, мәдениет және т.б.) бойынша кеңес берушілікөкілеттіктерді иеленеді. Норвегияда Парламент екі палатаданемес, екі бөліктен тұрады деп саналады.Парламенттің палаталарытүрлі атауларға ие (бірқатаржағдайларда - депутаттар палатасы және сенат), көп жағдайдаоларды төменгі және жоғарғы палата деп атау колданысқа ие.Соңғы екіатау тарихы сипатқа ие: казіргі кезде көптеген елдердежоғарғы палата, төменгіпалатаға қарагандааз өкілеттіктердіиеленеді.Жоғарғы палата заңды турғыданне әлсіз, не күштіболады. Төменгі палатаның шешімін кейінге калдыруға құқылыболғанымен, оган карсы тұра алмайтын жоғарғы палата әлсіз деп саналады, себебі бұл кезде төменгі палата вето құқығынпайдалану аркылы оған төтеп бере алады (Ұлыбритания, Польшажэне т.б.). Ал жоғарғы палатаның келісімінсіззаңды қабылдаумүмкін болмаса, ол күшті деп саналады (Италия, АҚШ, 1999жылғы Конституциясына сәйкес Швейцария және т.б). Мұндайжағдайлардапалаталар заң қабылдау кезінде тең құқылы болады. Сонымен қатар бірқатар елдерде (Италия) үкіметке сенімсіздіквотумын төменгі палата да, жоғарға палата да білдіре алады.Парламенттің палаталары өз мүшелерінің саны бойыншабірдей болмайды. Конституция (заң) палаталар мүшелерінің накты санын белгілеуі мүмкін (Польшаныц томенгі палатасында 460 депутат, Италияда - 630, Жапонияда - 500 жэне т.б.), мүндайсанның шегін белгілеуі мүмкін (мысалы, Египетте кемінде350 сайланбалы депутат болады, Қытайдың бір палаталыпарламент мүшелерініц саны 3 мыңнан аспауы тиіс) немесе бірдепутаттың түрғындардың не сайлаушылардың қандай санынансайланатынын көрсете отырып, өзгермелі санды белгілеуі мүмкін.Халык санының өзгеруіне қарай депутаттардың саны да өзгереді. Әдетте төменгі палата мүшелерінің саны жоғарғы палатағақарагандаекі есе (Италия), торт есе (Канада), алты есе (Польша)артық болады. Тек Ұлыбританияда ғана 1999 жылға дейін өзгешеарақатынас болған: жоғарғы палатада (Лордтар палатасында) 1200 астам пәрлер және Кауымдар палатасында - 659 мүше(қазіргі кезде жоғарғы палата мүшелерінің саны төменгі палатагақарағандабіршама аз). Соңғыоң жылдықтарда орын алған үрдіс- палаталар мүшелерініц санын накты белгілеу.Соңғы жылдары жоғарғы палаталардың рөлдері артуда,олардың өкілеттіктері кеңеюде, себебі кейбір елдерде олар төменгіпалатамен бірге бірлескен отырыстарда көптеген маңыздымәселелерді (мысалы, президенттің ветосын жену, премьер-министрді тағайындауға келісім беру, үкіметке сенімсіздіквотумын білдіру) шешеді. Сонымен қатар көп жагдайда жоғарғы палата мейлінше ірі аумақтық үжымдардың өкілдік органыретінде, ал кейбір кездері халыктың түрлі кәсіби топтарыныңкоперативтік өкілдік органы (Ирландия, Словения) ретіндекарастырылады.