Референдум ұғымы, мәні және шет елдердегі түрлері
Республикалық референдум - Қазақстан Республикасы мемлекеттiк өмiрiнiң неғұрлым маңызды мәселелерiне арналған Заңдар мен шешiмдердiң жобасы бойынша бүкiлхалықтық дауыс беру. Референдум Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында өткiзiледi. 2-бап. Республикалық референдум өткiзудiң принциптерi Референдум өткiзу: жариялылық; азаматтардың референдумға өз еркiмен қатысуы және тiлек-ниетiн ашық бiлдiруi; жасырын дауыс беру арқылы жалпыға бiрдей, тең және тура сайлау құқығы; Референдумға әр қатысушының бiр дауыс иеленуi принциптерiне негiзделедi. 3-бап. Республикалық референдумға қатысу құқығы Референдумға Қазақстан Республикасының 18 жасқа толған азаматтары қатысады. Қазақстан Республикасы азаматтарының республикалық референдумға қатысу құқығын қандай болсын тiкелей немесе жанама шектеуге жол берiлмейдi және бұл заң бойынша жазаланады. Референдумға сот кембағал деп танылған азаматтар және бас бостандығынан айыру орындарына жазасын өтеп жатқан адамдар қатыспайды. 4-бап. Республикалық референдумға қойылатын мәселелер Референдумның талқысына: 1) Қазақстан Республикасының Конституциясын, конституциялық заңдарын, заңдарын өзгерту; 2) Қазақстан Республикасы мемлекеттiк өмiрiнiң өзге де неғұрлым маңызды мәселелерiн шешу қойылуы мүмкiн. 5-бап. Республикалық референдумның талқысы бола алмайтын мәселелер Мына мәселелер: адамның және азаматтың негiзгi құқығы мен бостандығының бұзылуына әкелiп соғатын; Қазақстан Республикасының демократиялық, зайырлы және унитарлы мемлекет ретiндегi мәртебесiн өзгерту; республикалық басқару нысанын қайта қарау:
Референдум өткiзiлетiн күннiң қарсаңындағы күнi және референдум өткiзiлетiн күнi үгiт жүргiзуге тыйым салынады.
Дауыс беретiн жайлардан басқа жерлерде бұрын iлiнген баспа үгiт материалдарының, плакаттардың бұрынғы орындарында сақталуы мүмкiн.
Референдум әзiрлеу мен өткiзуге байланысты шығыстар республикалық бюджеттiң есебiнен ғана жұмсалады.
Мемлекеттiк органдар және меншiк нысанына қарамастан
кәсiпорындар, мекемелер, ұйымдар референдум комиссияларының қарамағына референдум әзiрлеу мен өткiзу үшiн қажет үй-жайларды, жабдықтар мен көлiк құралдарын бередi. Шетелдiк ұйымдардың, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың референдумға қатысты шараларды қаржыландыруға және өзгеше қамтамасыз етуге тiкелей немесе жанама түрде қандай да болсын қатысуына тыйым салынады. 9-бап. Республикалық референдум туралы заңдар Референдум туралы заңдар мыналар: Қазақстан Республикасының Конституциясы; Осы Жарлыққа қайшы келмейтiн бөлiгiнде Қазақстан Республикасындағы Сайлау туралы кодекс; осы Жарлық; Орталық референдум комиссиясының нормативтiк сипаты бар актiлерi. II тарау. Республикалық референдум тағайындау және әзiрлеу 10-бап. Республикалық референдум тағайындау құқығы Референдум тағайындау құқығы; Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесiне берiледi, ол Қазақстан Республикасының заңын қабылдау жолымен референдум өткiзу туралы шешiм шығарады; Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесiмен консультациядан кейiн Қазақстан Республикасының Президентiне берiледi, ол Жарлық шығару жолымен референдум өткiзу туралы шешiм қабылдайды. 11-бап. Республикалық референдум өткiзу бастамашылығы Референдум өткiзу бастамашылығы: Қазақстан Республикасының Жоғары Кеңесiнде; Қазақстан Республикасының Президентiнде;
Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiнде болады, ол референдум өткiзу туралы бастамашылықпен Қазақстан Республикасының Президентiне тiлек бiлдiредi. Бастамашылық көтерудi Үкiмет өзiнiң мәжiлiсiнде Министрлер Кабинетi мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiк дауысымен жүзеге асырады және тиiстi қаулымен ресiмдейдi;
сан жағынан Қазақстан Республикасының барлық облыстары мен астанасын тең мөлшерде бiлдiретiн, сайлау құқығы бар 200 мыңнан кем емес Қазақстан Республикасының азаматтарында болады, олар республикалық референдум өткiзу туралы бастамашылықпен Қазақстан Республикасының Президентiне тiлек бiлдiредi.
Бiр ғана мәселе бойынша референдум өткiзу туралы ұсыныстар қайтара енгiзiлуi мүмкiн және оларды референдум тағайындаушы субъектiлер бұрынғы шешiм қабылданғаннан кейiн кемiнде екi жыл өткеннен кейiн ғана қайтадан қарайды.