Сот баллистикасының түсінігі мен мақсаты
Мазмұны.
КІРІСПЕ........................................................................................1
КРИМИНАЛИСТИКАЛЫҚ (СОТ) БАЛЛИСТИКА.
1.1 Сот баллистикасының түсінігі мен мақсаты...........................3
1.2 Сот баллистикасы объектілерінің сипаттамасы......................5
2 БАЛЛИСТИКАЛЫҚ ІЗДЕРДІҢ ПАЙДА БОЛУ ТЕТІГІ.
2.1 Сот баллистикасының объектілерін табу және қарау...........14
2.2 Баллистикалық объекті іздерінің сипаттамасы......................20
ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................22
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................25
КІРІСПЕ
Криминалистикалық қару-жарақтану – қылмыстық әрекетпен байланысы бар атылатын, суық, газды, және басқа қару түрлерін, сонымен қатар оларды қылмыстық әрекетте қолдану және жасау материалдары мен құралдары жайындағы криминалистикалық білім саласы.
Краиминалистиеалық қару-жарақтану мыналардан тұрады:
1. атылатын қаруды және оларды қолдану іздерін криминалистикалық зерттеу;
2. жарылушы құралдар мен оларды қолдану іздерін криминалистикалық зерттеу;
3. суық қару және оларды қолдану іздерін криминалистикалық зерттеу.
Сот баллистикасы – атылатын қаруды, құрама бөлшектерді және ату заңдылығын зерттейтін, қылмысты ашу, тергеу және алдын алуда пайдаланатын объектілер мен олардың іздерін жинақтап, зерттеу құрамы әдіс-тәсілдерін жақсартудың және криминалистикалық қару-жарақтану бөлімі.
Атылатын қару – бұл газды көріністі заттың термикалық энергиясы салдарынан, адамға, жануарға немесе басқа заттарға көздеу әдісімен жүзеге асатын оқпен зиян тигізуге арналған құрал.
Қолдану мақсатына, сонымен бірге негізгі параметрлері мен сипатына қарай үшке бөлінеді:
1. азаматтық:
2. қызметтік;
3. соғысқа арналған әскери.
Атылатын қару сот баллистикасымен зерттелетін құрама белгілер кешеніне ие. Олардың қатарына: жану камерасының стволы мен бытыра қуатының жануы, жабушы және атушы құралдар жатады.
Ствол каналының құрылуына байланысты тегіс стволды, тегіс кесінді қару болып жіктеледі.
Кескіндер – стволдың ішкі бетіндегі жолақ түрлі ұзынша терең іздер өзінің барлық ұзындығында бір ғана жол құрайды. Қазіргі талапұа сай қару 4 немесе 6 кескінді болады. Олар оң және сол жақтарға бейімді.
Кескінді атылатын қару калибрі екі бір-біріне қарама қарсы жатқан кесінді сызықтарының аралық қашықтығы бойынша анықталады. Келесі калибрлар кең таралған: 5,45; 5,6; 6,35; 7,62; 7,65; 9; 11,43 мм.
Тегіс стволды қару калибрі шартты бірліктермен белгіленеді және қорғасын салмағынан ерекшелейтін канал стволының диаметріне сәйкес келетін қабатты оқ санымен анықталады.
Атушы механизм капсюльді, жалындатушы және бытыра зарядын жандырушыларының жұмыс істеуімен қамсыздандырылады. Барлық атылушы механизмдер келесі топтарға бөлінеді:
1. қыздырушы (мылтық аузын зарядтаушы тарихи қару);
2. шүріппелі (1895 жылғы наган жүйесіне жататын револьвер);
3. ұрушы (Норвин жүйесіндегі ТТ-Тульский тапаншасы);
4. шүріппе-ұрушы (Макаров тапаншасы, Калашников автоматы);
5. жалындамалы (ППШ, ППС, ППД тапанша пулеметі);
6. электро жалындаушы (Ле Барон және Дельмас 1866 жылғы және С. Руссель 1834 жылғы винтовкалары).
Атудың залалы оқ, картечь, бытыра немесе олардың жасанды ауыстырушылары арқылы жүзеге асады.
Қазіргі заманға сай атылатын қарумен ату үшін біртұтас оқтар, яғни атуға жарамды барлық элементтердің қосындысы бар оқты пайдаланалы.
Оқ – қарумен атылатын құрал. Оқ негізінен гильзадан құралады. Гильза тұрқы темірлендірілген немесе темірлендірілмеген (қағаздан немесе пластикадан жасалынған) болады.
Капсюль – жай жалындатушы құрамынан, төстен және қақпақшадан тұратын оқтың орталық соғыстырып жалындатушысы.
Оқтарды лақтырушы заряд – бұл әр түрлі бытыралар. Бытыра (бастаушы құрал) түтінді және түтінсіз болады.
Криминалистикалық (сот) баллистика.
Сот баллистикасының түсінігі мен мақсаты
Сот баллистикасы криминалистикалық техника бөліміне жатады.
Баллистика (гр. сөз. «balle» — «лақтырамын») — ок, және бытыраның қозғалысы мен жылдамдығын зерттейтін ғылым. Баллистика сыртқы және ішкі болып екіге бөлінеді. Ішкі баллистика қару оқпанындағы оқтың қозғалысы. Сыртқы баллистика кеңістіктегі оқтың козғалысы.
Сот баллистикасының теориялық және әдістемелік мәселелері В.Х. Черваков, С.Д. Кустанович, Ю.М. Кубицков, Б.Н. Ермоленко, А.П. Вакуловский, В.С. Аханов, Ю.Г. Корухов, Б.И. Шевченко, Л.Н. Мороз, Г.А. Мозговых, Ә.А. Исаев және т.б. ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған.
Көптеген авторлар сот баллистикасын зерттеу объектісі ретівде қарастыруан.
В.Ф. Черваков сот баллистикасын қылмыстыктехниканың көлемді бөлімі ретінде кдрастыра отырып, атыс қару-жарақтарын, оқ-дәріні, гильзаларды, оқты және оқ-дәрі жабдықтарын материаддық құрамы жағынан, сондай-ак, әр түрлі заттар мен киімдерден табылған порохтар мен езге де іздерді, атыс қаруларын криминалистика және сот-медицина тарапынан зерттеу қажеттілігін көрсетті.
А.П. Вакуловский сот баллистикасын криминалистикалык, техниканың бір саласына жатқызып, қылмысты ашу мен тергеу мақсатында қолданылатын атыс қаруларын, оқ-дәрі жабдықтары мен олардың іздерін табу, бекіту, алу және зертгеу әдіс-тәсіл-дерін оқытатын ілім деп керсеткен.
Б.И. Шевченко сот баллистикасы аныктамасын сот баллис-тикалық зерттеу аркылы шешілетін мәселелермен толықтырады. Ол, сот баллистикасын криминалистикалықтехниканыңбір саласы ретівде карастыра отырып, атыс қаруларын, ату кезінде пайда болған құбылыстарды, қылмыскерлер қолданған қару-жарақтар мен оқ-дәрілердің қай топқа жататындығын анықтау және идентификациялау мақсатында ату іздерін зертгеу қажет-тілігін, сондай-ақ атылған және ок-дәрі жабдықтары арқылы зақым келтірудің техникалық жағдайын анықтау қажеттілігін көрсеткен.
Ұзақ жылдар бойы жинақталған тәжірибелік материалдарға байланысты сот баллистикасының теориялық мәселелерін зерттеу кджеттілігі туындады. Атап айтқанда: оқтың атылу зандылықтары, қылмыс жасау мақсатында колданылған қаружарақтар мен оны қолдану нәтижесінде пайда болған соттық дәлелдемелер.
Осы зандылықтарды түбегейлі танып (зерттеп) білу, атыс каруларын пайдалану арқылы заттай дәлелдемелерді іздеп табу, бекітуалу және зерттеу мәселелерін барынша тиімді шешуге мүмкіндік береді.
Сот баллистикасы өзінің жеке теориялык негіздерінің калыптасуына байланысты криминалистикалық техниканың бір саласы ретінде қарастырылады. Оның мазмұнына ату зандылық-тары мен қару-жарактын тигізетін әсерін зерттеу және осылардың негізінде атыс каруларының, оқ-дәрі жабдықтарының ату кезінде пайда болған іздері мен қүбылыстарын табу, бекіту, алу және зерттеу кезінде қодданылатын ғылыми-техникалық әдіс-тәсіддер мен құрал-жабдықтарды өндеп шығару жатады.
Сот баллистикасының ғылыми негізін диалектикалық материализмнің жалпы әдістемесі мен ғылыми-техникалық білім салаларынын, ғылыми ережелері құрайды.
Атап айтқанда, оларға: атыс қарулары мен оның оқ-дәрінің кұрылысын, оқтың бөгетке тигізетін әсерін; кару оқпанындағы ату кезіндегі пайда болған құбылыстарды және октың оқпаннан шыққаннан кейінгі қозғалысын зерттейтін әскери-техникалык ғылым салалары жатады.
Б.И. Ермоленко ез тарапынан сот баллистикасына қатысты келесідей: «оқ және гильзамен байланыскд түсетін қару-жарақ бөлшектерінің өзіндік бедері, қару-жарак, бөлшектері бедерлерінің тұрақтылығы (идентификациялық кезең); оқ-дәрі мен гильзада пайда болған іздердің механизмі; оқ және гильзадағы іздерде кару-жарақ бөліктері белгілерін бейнеленуіне әр түрлі факторлардың әсер етуі; сот баллистикасы объектілеріндегі іздерді бекіту жөнінде ғылыми мәліметтер; сарапшы қорытындысын шығару кезінде объектілердің өр түрлі қасиеттері мен белгілерін бағалаудың тәртіптері туралы» ілімдерді керсетті.
Ғылыми зерттеудің әдістемесін дәстүрлі зерттеу әдістері құрайды: бақылау, өлшеу, эксперимент, салыстыру, бейнелеу және т.б. Сонымен қатар, сот баллистикалық зерттеудін арнайы әдістемесі — оқтар мен гильзалардағы іздерді микро- және макрофотографиялык әдістермен бекіту, экспериментальды оқтар мен гильзаларды алу әдісі, шашыраған бытыра бойынша ату арақашыктығы экспериментальды түрде анықтау әдістемесі ату қару-жарағының жағдайын аныктаудьщ әдістемесі жәпе т.б. Сот баллистикалык зерттеулер екі түрлі процессуальдық нысанда жүргізіледі:
1) тергеуші (кейбір жағдайларда маманның қатыстырылуымен) жүргізілетін тергеу әрекеті ретінде — окиға болғаи жер карау, атыс кару-жарағын, оқ-дәрі жабдықтарын, ату іздерт қарау, атыс кару-жарағы немесе оқ-дәрі жабдықтарымен тергеу экспериментін жүргізу;
2) зерттеуді сот баллистикалық сараптама нысанында жүргізу.
Тергеу әрекеттері мен баллистикалық сараптама шеңберіндежүргізілетін баллистикалық зерттеулер қылмыстың объективтік және субъективтік жағынан тұратын жағдайларды анықтаға мүмкіндік береді. Осы жағдайларды екі топқа беліп қарастыруға болады: идентификациялық; идентификациялық емес.
Идентификациялык мәселелерге: оқиға болған жердентабылған немесе мәйіттен алынған оқтар сезіктіден алынған қару-жарақтан атылған ба? Оқиға болған жерден табылған оқ (гильза) пен ашылмаған кылмыстар бойынша алынған ок, (гильза) бір кару-жарақтан атылған ба? Оқиға болған жерден және мәйіттен алынған бытыра (картечь) мен сезіктіден алынған бытыра (картечь) бір металдан жасалынған ба немесе бір коспанықұрай ма? Оқиға болған жерден табылған тығын мен сезіктіденалынған тығын бір материалдан жасалынған ба? Қолдан жасалынған қару-жарақ сезіктіден алынған құрал-жабдықтар мен материалдардан жасалынған ба деген сұрақтарды аныктау жатады.
Идентификациялық емес мәселелерге (классификациялыі диагностикалык, ситуациялық): қылмыстың жасалу уақыты мічі орны, қылмыс жасау кезінде кдндай ату күралы қолданылілп, атудың аракашықтығы мен бағыты, атқан адамның жәнежәбірленуші мен басқа да окиғаға қатысушылардьщ орналасужағдайы, кылмыскердің ниеті, октың ұшу бағыты, атылғаноктың саны мен кезектілігі, карудың жарамдылығы, өздігінен атылып кету мүмкіндігі туралы мәселелерді, сондай-ақ қаруды ок-дәрі жабдықтарын жасау әдісін, қандай материалдар колданғандығы, қарумен атылған-атылмағандығы, калибр жүйесінің қандай да бір бөлшегі ауыстырылған ба, жоқ па, ауыстырылса
Қандай түрімен ауыстырылды, сезікті жейдесінің қалтасында металл іздерінің бар-жоқтығын және т.б. анықтау жатады. Сот баллистикалык зерттеу объектісі болып негізінен ату жәнеа атылу мүмкіндігімен байланысты заттай дәлелдемелер табылады. Зерттеу объектілері келесідей топтарға бөлінеді: 1) атыс қарулары;
2) оқ-дәрі жабдықтары (патрондар), шикі заттары, материалдары, қару-жарақ пен оқ-дәріні дайындау кезінде қолданылған құралдар; 3) ату құралдарын қолдану іздері.