Тақырып. Шет елдердегі адам және азаматтың құқықтық мәртебесінің негіздері

1. Шет елдердегі тұлға, қоғам және мемлекет. Азаматтылық пен бодандық, оны алу және тоқтату негіздері.

2. Шет елдердегі конституциялық құқықтары мен бостандықтары. Олардың жіктелуі, әлеуметтік-экономикалық құқықтар. саяси құқықтар мен бостандықтар. Жеке құқықтар мен бостандықтар.

3. Азаматтардың міндеттері. Шет елдердегі құқықтар мен бостандықтарды қорғауды қамтамасыз ету тәртібі. Құқықтар мен бостандықтардың конституциялық және соттық кепілдіктері.

Азаматтың түсiнiгi, конституциялық регламентация және арнайы заңдылық. Азаматтықты алу негiздерi, оны қабылдау және жоғалту тәртiбi. Жеке тұлғаның құқықтары мен бостандықтарының топтастырылуы. Табиғи құқықтары. Адам түсiнiгi. Азамат түсiнiгi. Апатридтер. әлеуметтiк – экономикалық құқықтар, жеке меншiктi иелену конституциялық құқығы, еңбекке құқық, демалуға, ереуiлге шығуға құқық және т.б. Саяси құқықтар мен бостандықтар – белсендi және бәсең сайлау құқығы, өз ойын бiлдiру, ар – ґждан, одақтар мен ассоциациялар құру бостандықтары. Жеке құқықтар мен бостандықтар - өмiр сүруге құқық, жүрiп – тұру және тұрғылықты жердi таңдау бостандығы, заң көмегiн пайдалану құқығы және т.б. Азаматтардың мiндеттерi. Құқықтар мен бостандықтарды қорғау және жүзеге асыру тәртiбi, олардың конституциялық кепiлi. Азаматтықтың түсiнiгi. Азаматтықты алу қағидалары. Филиация және натурализация, экспатриация.

Жеке тұлғаның конституциялық құқықтық мәртебесi – адам мен азаматтың құқықтары, бостандықтары мен мiндеттерiнiң жиынтығы.

Құқықтық мәртебе: - жалпы (тұлғаның мемлекеттiң азаматы ретiндегi құқықтық мәртебесi); - арнайы (азаматтардың белгiлi бiр категорияларына жататын тұлғаның құқықтық мәртебесi – мемлекеттiк қызметкерлер, судьялар, депутаттар); - жеке (тұлғаның жекешелендiрiлген құқықтары мен бостандықтары – жанұялық жағдайы, тұрғылықты жерi).

Азамат түсiнiгi адамды заңдылық жағынан нақты мемлекетпен саяси байланыстылығымен сипаттайды.

Адамның мемлекетпен бекiтiлген құқықтары мен бостандықтарды алудың басты алғышарты – азаматтық болып табылады.

Азаматтық түсiнiгi – тұлғаның осы мемлекетпен тұрақты саяси-құқықтық байланысы, яғни мемлекеттiң осы тұлғаны барлық құқықтар мен мiндеттердiң толық құқықтың субъектiсi деп тануы.

Азаматтықты алудың 2 негiзгi тәсiлi:

филиация (дүниеге келу фактiсi);

натурализация (азаматтықты өз еркiмен өтiнiш беру арқылы алу).

Филиация – қандай да бiр әрекеттi жасауды қажет етпейдi, оның екi негiзгi қағидасы қолданылады: "қанды құқық" және "топырақ құқығы". Адам құқықтары мен бостандықтары мемлекеттiк құрылыс пен билiктi ұйымдастыру мәселелерiне қарай қазiргi конституциялардың негiзгi реттеу пәнi болып табылады.

Құқықтар мен бостандықтардың даму тарихын 3 негiзгi кезеңге бөлiп қарастыруға болады.

1-шi кезең. 17-18 ғғ. феодалдыққа қарсы революцияның жеңуi, демократиялық конституциялық мемлекеттiң құрылуы, тұлғалардың бостандығы. Бұл кезеңде конституциялар және өзге де актiлер сөз бостандығы, сайлау, сайлану құқығы және т.с.с.бекiттi. Құқықтар мен бостандықтар концепциялары ұлы философтар Д.Локктың (Ұлыбритания), Ф.Вольтер, Ж.Ж.Руссо (Франция) және Т.Джефферсонның (АҚШ) еңбектерiнде орын алған. 1776 жылғы АҚШ-тың тәуелсiздiгi Декларациясында - "Бiз мыналарды ақиқат деп танимыз: барлық адамдар тең болып жаратылған және өзiнiң жаратушысымен кейбiр ажырамас құқықтарға ие болады, олар өмiр сүру бостандығы және бақытқа ұмтылу. Бұл құқықтарды қамтамасыз ету әдiл билiктi басқарушылардың келiсiмiмен Үкiметке құрылтайланады", - делiнген.

1789 жылғы Адам мен азаматтың құқықтары Декларациясында - "Адамдар тең құқықта және бостандықта дүниеге келедi. Әрбiр мемлекеттiк одақтың мақсатын адамдардың табиғи және ажырамас құқықтары құрайды", - делiнген.

2-шi кезең. 20 ғасырда тоталитарлық мемлекеттердiң пайда болуына байланысты. Жеке бостандықтар, саяси, экономикалық бостандықтарды, әлеуметтiк құндылықтарды, әлеуметтiк құқықтар мен бостандықтардың спектрiн (әлеуметтiк қамтамасыз ету, бiлiм алу құқығы, еңбекке, тынығуға құқығы) ашып көрсеттi. 60 жылдарда Батыс Еуропада тоталитарлық тәсiлдерден бас тартып, жеке және саяси құқықтардың нақты жүзеге асыруын талап ету, адамдардың құқығы үшiн күрес БҰҰ Бас Ассамблеясының "адамдардың азаматтық, саяси, мәдени, әлеуметтiк-экономикалық құқықтары туралы" халықаралық пакттерiнiң қабылдануына әкелдi.

3-шi кезең. Кеңес одағы және Шығыс Еуропа елдерiнде тоталитарлық режимнiң күйреуiмен сипатталады. Адам құқықтары мен бостандықтары толық көлемде жоғары құндылық болып табылды және оларды қорғау мемлекеттiң мiндетi деп жарияланды. Демократиялық елдерде оларды қорғау үшiн арнайы органдар құрылды. Әлемдегi мемлекеттердiң барлығына сай адам құқығын халықаралық құқықтық қорғау танылды.

Конституциялық құқықтар мен бостандықтар қорғалуы бойынша арнайы тәсiлдер мен әдiстерге ие болады. Олар: конституциялық соттық механизм, соттық қорғау, адамдардың өз құқықтарын заңды өзiн-өзi қорғау, халыаралық құқықтық механизм.

Демократиялық режимдi елдерде заңды кепiлдiктер, негiзгi құқықтар мен бостандықтар Конституцияға сүйенедi. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауда омбудсмен маңызды рөлге ие болады. Омбудсмен – парламентпен сайланған (тағайындалған) және онымен уәкiлдендiрiлген атқарушы билiк органдары қызметтерiнде азаматтардың заңды құқықтары мен мүдделерiнiң қорғалуын қадағалауды жүзеге асыратын, лауазымды тұлғалар. Омбудсмен кейде өз бастамасымен, көбiнесе азаматтардың өтiнiштерi мен арыздары бойынша әрекет етедi, парламент алдында жауапты.

Олардың қабылдаған актiлерiнiң шешiмдерi мiндеттi заң күшiне ие болмағанмен, кейбiр мемлекеттерде (Швеция, Дания) адам құқықтарын бұзушы ретiнде көрiнген уәкiлеттi органдар мен лауазымды тұлғалар өздерiнiң беделiн жоғалтады.

Құқықтар мен бостандықтарды заңды бекiту нысандары әр елдiң құқық жүйесi мен әдет-ғұрыптарына сай әр түрлi.

Жалпы негiзде адам мен азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын топтастырып қарастырады:

табиғи және жағымды (позитивтi);

-жеке;

-саяси;

-Әлеуметтiк;

-экономикалық.

Адам құқығы – мемлекетте тұратын барлық адамдарға, оның азаматтығына қарамастан тиесiлi (жеке құқықтар).

Азаматтың құқығы – тек сол мемлекеттiң тұрақты саяси-құқықтық байланыста болатын, арнайы құжаттармен анықталған, сол елде тұратын азаматтарына берiлетiн құқықтар (саяси құқықтар).

Жеке құқықтар – адамды әлеуметтiк-биологиялық тұлға ретiнде сипаттайды. Олар:

-өмiр сүру құқығы;

-бостандық құқығы;

-қадiр-қасиет құқығы;

-жеке басқа қолсұғылмау құқығы;

-заң алдында барлығының теңдiгi;

-жүрiп-тұру бостандығына құқығы;

-ар-ұждан бостандығы;

-өз ойын бiлдiру бостандығы;

-әркiмнiң өзiнiң ұлтын, қай партияға, дiнге жататынын көрсету-көрсетпеуге құқығы;

Саяси құқықтар – азаматтардың мемлекеттiң саяси өмiрiне қатысуымен сипатталады. Олар:

-сайлау құқығы (белсендi сайлау құқығы);

-сайлану құқығы (бәсең сайлау құқығы);

-мемлекеттiк басқаруға қатысуға және мемлекеттiк қызметке кiруге құқығы;

-бiрлестiктердi құру құқығы;

-баспасөз және ақпарат бостандығы;

-бейбiт және қарусыз жиналуға, митингiлер мен демонстрациялар, шерулер өткiзуге, тосқауылдар құруға құқығы (бұл құқықтың мақсаты – қандай да бiр мәселелердi шешетiн мемлекеттiк органдарға әрекет ету);

-петиция құқығы.

Экономикалық құқықтар мен бостандықтар – бәрiнен бұрын меншiк құқығы әрi өндiрiс саласында, тауар тұтынудағы қызметке құқық және елдiң экономикалық өмiрдiң қатысушысы ретiнде болуы:

-жеке меншiк құқығы;

-кәсiпкерлiк қыметтi жүзеге асыру бостандығы.

Әлеуметтiк және еңбек құқығы – адамды мемлекет және қоғам жағынан қолдау нысаны:

-ауруына, кәрiлiгiне, мүгедектiгiне, жұмыссыздығына байланысты материалдыұ көмек;

-әлеуметтiк қамсыздандыру;

-ақысыз дәрiгерлiк көмек құқығы;

- бiлiм алу;

-денсаулық сақтау;

-тең еңбек құқығы;

-тынығу құқығы.

-Мәдени құқықтар – рухани байлыққа қол жеткiзу:

-шығармашылық бостандығы;

-ғылыми зерттеулер;

-мәдени құндылықтар.

Наши рекомендации