Тақырып. Шет елдердегі саяси партиялар және саяси жүйелер
1. Шет елдердегі саяси партиялар, олардың мәндеттері мен функциялары. партия және мемлекеттік аппарат. Көппартиялық және оның себептері. Саяси партиялардың қызметін құқықтық реттеу, социал-демократиялық партия.
2. Шет елдердегі саяси партиялардың ұйымдастырушылық құрылымының негізгі түрлері.
3. Шет елдердің саяси жүйелері.
4. Кәсіптік одақтар мен олардың міндеттері.
Конституциялық-құқықтық және саяси институт ретiндегi саяси партиялардың түсiнiгi. Саяси партиялардың даму тарихы. Саяси партиялардың құрылуы. Саяси партиялардың функциялары. Саяси партияларды топтастыру. Оңшылдар, центристiктер, солшылдар. Консервативтiк партиялар. Социал-демократиялық партиялар. Коммунистiк партиялар. Саяси партияларды топтастыру кезiнде оң қанаттағы, сол қанаттағы және орталықтығын анықтайтын факторлар. Саяси партияларды топтастырудың критерийлерi. Саяси партиялардың әрекет ету әдiсi бойынша: демократиялық, радикалдық, экстремистiк партиялар. Дiнге қатысы бойынша: конфессионалдық. Партиялық жүйе. Көппартиялық, екi партиялық, бiр партиялық.
Қай мемлекеттi алса да билiктiң конституциялық-құқықтық құрылымын анализдеу кезiнде ондағы саяси партиялардың орны мен маңызын бiлу қажет.
Саяси партиялар мәнi бойынша 2 жақты сипатқа ие болады.
1. Қоғамдық ұйым, яғни партияға мүше болу әркiмнiң өз еркi.
Әрбiр нақты партиялар - белгiлi қоғамдық мүдделердiң, көзқарастардың бiр бөлiгiн ғана көрсетедi.
Партия терминi - латын сөзi “Pars”, яғни бүлiк.
Осы негiзде адамдардың бiр мүдде үшiн топталуы және күресуi, саяси партиялар арқылы жүзеге асырады. Оған мүше болған адам партияның iшкi тәртiптiлiк нормаларын сақтап отырады, бiрақ оны орындамаудан әкiмшiлiк, құқықтық салдар ие болмайды. Ең жоғарғы санкция- партия қатарынан шығару. 2-шi жағынан-партия ерекше түрдегi - қоғамдық ұйым; Саяси партиялар- бiлiктi ашық түрде, тiкелей ету үшiн, өздерiнiң бағдарламаларың жүзеге асыруда (мемлекеттiк тетiктi, механизмдi) қолдану мақсатында құрылады және қызмет етедi. Партияларының конституциялық- құқықтық мәнi осында, әрi басқа да қоғамдық ұйымдардан ерекшеленедi. Мысалы: қоғамдық ұйымдар - жекелеген кандидаттарды қолдап, ақшалай көмек көрсеткенмен, тек саяси партиялар ғана парламентте өз фракцияларын құра алады. Қазiргi түсiнiк бойынша саяси партиялар Европада буржуазиялық революция негiзiнде пайда болды. Корольдiк суверенитет орнына, халық суверенитетi келiп, абсолюттiк билiк демократиялық халық үкiмдерiмен ауысты. Осы кезеңдерде саяси партиялық қажет болды, яғни өкiлеттiк мандат үшiн күрес әр түлi көзқарастар бойынша “партияға“ бiрiгуiне әкелдi.
Осы кезеңде екi топ қалыптасты:
монархтың артықшылығын сақтап қалуы;
тең құқықтық, адамдардың саяси құқықтары мен бостандығы үшiн, бiрақ саяси процесс кезiнде лидерлiкке тырмыспай, тек көмекшi рөлiн атқарды.
Уақыт өте жағдай өзгере бастады, партиялардың дамуының факторлары қалыптасты, олар:
- қоғамдық әлеуметтiк құрылымның күрделенуi;
- әлеуметтiк қарама-қайшылықтар, яғни саясатқа кең ауқымды тұрғындардың араласуы;
- мемлекеттiк механизмнiң күрделенуi;
- региондардағы экономиканың дамуымен байланысты өзiнiң мүдделерiн қорғауды талап ету;
- коммуникация құралдардың техникалық дамуы;
19 ғасырды саяси партиялар саны және сапасы жағынан өзгердi. Саяси партиялардың сапалы даму кезеңi 20 ғасырдың ортасы. Оған себеп: саяси партиялардың алатын орны мен маңызы, заң шығарушыға олардың мәртебесiн конституциялық реттеу итермеледi, яғни саяси партиялар де-юре (заңды) болып танылып, конституциялық құқықтық институтқа ие болды. Бiрте-бiрте ол мемлекеттiк механизмнiң ажырамас бөлiгi, яғни органикалық болып танылды. Саяси партиялардың тағы бiр даму кезеңi: 70-80 ж.ж. Бұл кезеңде заң шығарушы саяси партияларды мемлекеттiк қаржыландыру институтын еңгiздi.
Саяси партиялардың құрылуы:
бағдармалары;
партиялардың әлеуметтiк-саяси мәнi (кiмнiң мүддесiн қорғайтындығы);
партияның әлеуметтiк тұғыры, оның қандай топтар мен тұрғындардың категорияларын қолдайтыны;
партиялық электорат, яғни белгiлi бiр партиялардың кандидаттарына дауыс беретiн сайлаушылардың жиынтығы.
Партиялардың жоғары басшы органы - съезд. Олардың шақырылуы – екi жылда, бiр жылда бiр рет, ал АҚШ-та республикалық, демократиялық партияларының съездерi Президенттi сайлайтын жылы, яғни әр төрт жылда бiр рет шақырылады; ал партиялардың күнделiктi жұмыстары - орталық басшылық органдар мен съезi сайлаған саяси комитеттермен, партиялардың лидерiмен, төрағасымен басқарылады.
Партиялардың негiзiн оның аппараты құрайды; Iрi жалпы ұлттық саяси партиялардың – орталық аппараты және жергiлiктi жерлерде, саяси жұмыстарды бағыттап отыратын органдары болады.
Партиялардың мұндай типтерi - Ұлыбританияның лебористiк партиясы, Францияның, Италияның, Испанияның социалистiк партиялары, сонымен қатар коммунистiк партия, олардың айырмашылығы жеке меншiкке қарсы көзқарас.
Топтастырудың қосымша критерийлерi:
саяси партиялардың әрекет ету әдiстерi бойынша демократиялық партия;
радикалдық партиялар - өз мүдделерi үшiн демократияны құрбан етедi;
экстремисттiк партиялар - заңға қайшы күрес әдiстерiн пайдаланады, күштеуге ден қояды.
Радикалдар мен экстремистер - оң және сол қатарда, флангте де бола алады:
саяси партиялардың дiнге қатысы бойынша;
конфессиональды партиялардың христиандық постулаты идеологиясын демократиялық құндылықтарымен бiрге пайдаланады (христиандық демократиялық одағы, Бельгияның христиандық-әлеуметтiк партиясы).
Конфессиональды партиялардың iшiнде де өзiнiң “радикальды”- клерикальды партия бар, олар қоғамды, мемлекеттi, билiк институтын бақылап отыруға талпынады (Ислам елдерiнде).
Азаматтардың қандай да бiр ұлтқа жатуына қатысты партия; көбiнесе азшылық ұлттық мүдесiн көздейдi. (Финляндияда, Швед халық партиясы, Ұлыбританияда - шотландық ұлттық партия).
Партиялық жүйелер:
билiк механизмiнiң компонентi;
саяси процесстiң динамикасының нәтижесi.
Ол өмiрде көптеген факторлардың әсерiнен туындайды: саяси күштiң өзара қатынасы, (тарихи әдеттер) дiни әсер, ұлт құралы.
Партиялық жүйелердiң негiзгi түрлерi:
көп партиялық;
екi партиялық;
бiр партиялық.
Көппартиялық жүйенiң басымдылығы:
азаматтық қоғамның дамуын және өзiн-өзi реттеуiн алады;
саясатты ашады, партиялар арасындағы бәсекелестiк (конкуренция), өзара сынақ;
шешiм қабылдау нәтижесi;
билiктiң икемдiлiгiн қамтамасыз етедi, яғни блоктар, коалициялар құру.
Көппартиялы жүйенiң әртүрлiлiгi:
басымдылықта болатын партия;
басымдылықта болатын партияның болмауы;
блоктық.
2-партиялық - саяси аренада екi iрi партиялар үкiметте ауысып отырады, яғни бiреуi үкiметтi қалыптастырса, 2-сi оппозициялық болады. 1-партиялық жүйеде 1 саяси партия заңды мәртебеге ие болады.