Азаматтық іс жүргізу құқығы өзге құқық салаларынан ерекшелігі мен байланысы

Азаматтық іс жүргізу құқығын зерттеу үшін мемлекет және құқық теориясы мен тарихының мәні, негізгі қолданылатын ұғымдар мен категорияларын еске алу керек. Азаматтық іс жүргізу құқық өзге салалық құқық пәндер жүйесінде ерекше орын алады. Құқықтық институттар мен нормалар ара байланысы, ұқсас құқықтық реттеу салалары бар. Қосымша пәндермен ара байланысы.

Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңдары соттардың Азаматтық іс жүргізу Кодекспен және басқа заңдармен өз құзыретіне жатқызылған талап қою және өзге істерді қарау мен шешу барысында сот төрелігін атқару кезінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.

Қазақстан Республикасының аумағында азаматтық істер бойынша сот ісін жүргізу тәртібі конституциялық заңдармен, Қазақстан Республикасының Конституциясына және халықаралық құқықтық жалпы жұрт таныған принциптері мен нормаларына негізделген Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексімен айқындалады. Азаматтық сот ісін жүргізу тәртібін реттейтін өзге заңдардың ережелері Азаматтық іс жргізу кодексіне енгізілуі тиіс.

Қазақстан Республикасының халықаралық шарттық және өзге де міндеттемелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі мен Жоғаррғы Сотының нормативтік қаулылары азаматтық іс жүргізу құқығының құрамдас бөлігі болып табылады.

Азаматтық сот ісін жүргізу туралы заңдар азаматтық, отбасылық, еңбек, тұрғын үй, әкімшілік, қаржы, шаруашылық, жер құқықтық қатынастарынан, табиғи ресурстарды пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі қатынастардан және басқа да құқықтық қатынастардан туындайтын даулар бойынша істерді, сондай-ақ ерекше жүргізілетін істерді қарау тәртібін белгілейді.

Қазақстан Республикасы Конституциясынынң жоғарғы заң күші бар және ол Республиканың бүкіл аумағында тікелей қолданылады. Азаматтық іс жүргізу Кодекс пен Қазақстан Республикасы Конституциясы нормаларының арасында қайшылық болған жағдайда Конституцияның ережелері қолданылады.

Азаматтық іс жүргізу Кодекстің нормалары мен Қазақстан Республикасының конституциялық заңының арасында қайшылық болған жағдайда конституциялық заңның ережелері қолданылады.

Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттар Азаматтық іс жүргізу Кодекстен басым болады және халықаралық шартта оның қолданылуы үшін заң шығарылуы талап етіледі деп көрсетілген жағдайларды қоспағанда, олар тікелей қолданылады.

Азаматтық іс жүргізу құқығы мынадай салалармен тығыз байланыста: конституциялық құқық, мемлекет және құқық теориясы, халықаралық құқық, азаматтық құқық еңбек құқығы, отбасы құқығы, қаржы құқығы, салық құқығы, Қылмыстық іс жүргізу құқығы, соттық сараптама, адвакатура, прокурорлық қадағалау, Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары.

Азаматтық істердің көпшідігі талап істер жүргізу ережелері бойынша қаралады. Олар сотта талап арыз беру арқылы қозғалады, оларға құқық туралы даудың болуы тән, сот қарауының мәселесі даулы құқық қатынасы, дауласушы тараптардың қатысуы болып табылады. Соттар талап істерден басқа конституциялық және әкімшілік-құқықтық қатынастардан туындайтын істерді, сондай-ақ ерекше сипатта жүргізілетін істерді қарайды.

Азаматтық іс жүргізу құқығы құқықтың басқа салаларымен, әсіресе материалдық салаларымен тығыз байланысты. Онда анықтау нысанасын, істің сотқа қарастылығын анықтайтын азаматтық іс жүргізу сипатындағы нормалар болады. Сот іс бойынша шешім шығаратын кезде даулы құқық қатынастарын реттейтін материалдық құқық нормаларын қолданады.

Азаматтық іс жүргізу құқығы қылмыстық іс жүргізу құқығымен тығыз байланысты, өйткені екі сала да сот әділдігін жүзеге асыру жөніндегі сот қызметінің тәртібін белгілейді. Олардың арасындағы ұқсастық көптеген іс жүргізу сатыларындағы іс жүргізу нысанында болып табылады. Олардың арасында айырмашылық та бар. Қылмыстық іс жүргізу құқығы соттың ғана емес, сонымен қатар алдын ала тергеу органдарының да қызметін қамтиды. Құқықтың бұл саласын реттеу мәселесінде де айырма бар.

Орытынды

Мен осы курстық жұмысымды жаза отырып қорыта айтарым, азаматтық іс жүргізу құқығы жеке, дербес құқық саласы болып табылады, оның да дербес нысанасы және реттеу әдісі бар. Азаматтық іс жүргізу құқығының реттейтін нысанасы сот пен іс жүргізуге қатысушы тұлғалар, яғни азаматтық сот ісін жүргізуге қатысушылар арасында туындайтын қоғамдық қатынастар болып табылады. Бұл қатынастар азаматтық істі жүргізу процесінде туындайды. Азаматтық іс жүргізу құқық қатынастарының басты, міндетті субъектісі мемлекеттік билік органы сот болып табылады, басқа субъектілер соттан қорғау сұраған тұлға немесе іске қатысуға жауапкер ретінде не куә, сарапшы және т.б. тұлғалар болуы мүмкін.

Азаматтық іс жүргізу құқық қатынастарының субъектілері арасында іске қатысушы тұлғалар ерекше бөліп көрсетілген. Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің 44 бабына сәйкес оларға мыналар: тараптар, үшінші тұлғалар, прокурор, мемлекеттік басқару органдары, кәсіподақтар және заңда көзделген жағдайда басқа адамдардың құқықтары мен міндеттерін қорғайтын басқа да қоғамдық ұйымдар жатқызылған. Олар іске өз атынан қатысады, өздерінің субъективті құқықтары мен мүдделерін, не басқа тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін қорғайды. Бұлар-өздерінің іс жүргізу әрекеттерімен істің қозғалуына, істің бір сатыдан екінші сатыға өтуіне және істі жүргізудің қысқартылуына ықпал ететін тұлғалар.

Азаматтық іс жүргізу құқығын реттеу әдісі императивтік-диспозитивтік сипатта болады. Соттың іс жүргізу әрекеттері билік сипатында жасалады, олар өздері арнап шығарылған тұлғалар үшін міндетті, өйткені оларды мемлекеттік билік органы шығарады және мәжбүрлеу күші бар құқық нормасына негізделген. Іске қатысушы тұлғалар жасайтын іс жүргізу әрекеттері диспозитивтік сипатта болады. Азаматтық іс талап қоюшының талап-арыздан бас тарту туралы арызы бойынша немесе тараптардың бітісу келісімін жасауы себепті қысқартылуы мүмкін. Азаматтық істің өзіндік ерекшелігі осында.

Азаматтық іс жүргізу соттың, іске қатысушы тұлғалардың және процеске басқа да қатысушылардың, сондай-ақ сот қаулыларын орындайтын органдардың азаматтық іс жүргізу құқығының нормаларымен реттелген қызметі. Азаматтық іс жүргізу дегеніміз, іс жүргізу құқық қатынастары пайда болуының, дамуының және тоқтатылуының жүйелі тәртібі болып табылады, өйткені бұл қатынастар іске мүдделі барлық тұлғалардың белсене қатысуымен азаматтық істер бойынша сот әділдігін жүзеге асыру жөніндегі сот қызметі процесінде пайда болады, дамиды және тоқтатылады не олар соттың істің шын мән-жайын анықтауына жәрдемдеседі.

Сот істерді азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен шешу кезінде Қазақстан Республикасы Конституциясының, осы Кодекстің, басқа да нормативтік құқықтық актілердің талаптарын дәлме-дәл сақтауға міндетті.
Соттардың адам мен азаматтың Конституцияда баянды етілген құқықтарына және бостандықтарына қысым жасайтын заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілерді қолдануға құқығы жоқ. Егер сот қолданылуға тиісті заң немесе өзге де нормативтік құқықтық акт адам мен азаматтың Конституцияда баянды етілген құқықтары мен бостандықтарына қысым жасайды деп тапса, ол іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұруға және Конституциялық Кеңеске осы актіні конституциялық емес деп тану жөнінде ұсыныс жасауға міндетті. Сот Конституциялық Кеңестің шешімін алған соң іс бойынша іс жүргізу қайта басталады.
Істерді шешу кезінде соттың заңды бұзуына болмайды және ол заңсыз сот актілерінің күшін жоюға әкеп соғады. Заңның бұзылуына кінәлі судья заңда белгіленгендей жауапты болады.

Сот азаматтардың және ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында азаматтық істерді дұрыс және мерзімінде шешуі тиіс. Осы негізгі міндетті орындау арқылы азаматтық сот ісін жүргізу құқықтық мемлекетті, заңдылық пен құқық тәртібін нығайтуға, әлеуметтік әділеттілікті орнықтыруға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға, азаматтарды заңдарды дәл және мүлтіксіз орындау, азаматтардың құқығы, ар-ожданы мен қадір-қасиетін, ортақ тұрмыс ережелерін құрметтеу рухында тәрбиелеуге жәрдемдесуге тиіс. Кепілдік берілген конституциялық құқықтар мен бостандықтарды пәрменді түрде қорғау соттардан сот ісін жүргізудің барлық кезеңдерінде қолданылуға тиісті құқық нормаларының бәрін аса қатаң сақтауды талап етеді.

Пайдаланылған әдебиеттер:

I. Нормативтік құқықтық актілер:

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы, 1995ж,

2. Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі, 1999ж 13 шілде.

3. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 20 наурыздағы №2 нормативтік қаулысы.

4. Жоғарғы Соттың бюллетені. 1996, №2, 3-бет

5. Қазақстан Республикасының Парламентінің жаршысы 2005 №24, 4бет

II. Оқулықтар бойынша:

1. Баймолдина З.Х. Гражданское процессуальное право Республики Казахстан. Общая часть: Учебник. –Алматы, 2001ж.

2. Вандышев В.В., Дернова Д.В. Гражданский процесс. Курс лекций. 2001, Питер.

3. Викут М.А. Зайцев И.М. Гражданский процесс России: Учебник. –М.: Юристь, 1999.

4. Жилин Г.А. Цели гражданского судопроизводства и их реализация в суде первой инстанции. Автореф. дис.докт.юрид.наук. М., 2000.С.64.

5. Жуйков В.М. О новеллах в гражданском процессуальном праве. М., 1996. С.4

6. Е.О. Егембердиев «Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу құқығы» Алматы, 2006ж.

7. Н.М. Коршунов, Ю.Л. Мареев «Гражданский процесс» Учебник. 2-е издание. 2007ж, Москва.

8. С.Ф. Мазурин «Гражданский процесс» 2004ж. Общая часть.

ІІІ. Газет-журналдар бойынша:

1. Тураби 2007 №2 39-41бет

2. Заң 2005 №12 31-32бет

3. Жайық үні 2006ж 21 желтоқсан, 4бет.

4. Орал өңірі, 2006ж 23қараша, 5бет.

5. Заң газеті 2009, 3 сәуір, 2-бет.

Қосымшалар:

Наши рекомендации