Оқытушылар туралы мәлімет
СИЛЛАБУС
Пән: Саясаттану - Pol1108
Мамандықтар:
5B130100 «Жалпы медицина»
5B130200 «Стоматология»
Кафедра – Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы
Курс – I, ІІ
Семестр- І, ІІ, ІІІ
Кредит – 2
Дәріс - 5 сағат
Семинар сабақ - 25 сағат
ОСӨЖ – 30 сағат
СӨЖ – 30 сағат
Барлығы – 90 сағат
Бақылау формасы: екі кезеңді емтихан
Алматы 2013
Силлабус Жұмыс бағдарламасына сәйкес доцент Рсалдина Г.Т. және оқытушы Исаева М.И. оқытушылары тарапынан дайындалып, кафедра мәжілісінде қарастырылды « » 2013 ж., хаттама №
Кафедра меңгерушісі:____________________________________ ф.ғ.к., доцент Бисембаева З.У.
1. Жалпы мәлімет:
1.1 ЖОО аты: С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медициналық Университеті
1.2 Кафедра: «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер»
1.3 Пән: «Саясаттану», Pol 1108
1.4 Мамандық:5B130100 «Жалпы медицина»
5B130200 «Стоматология»
Оқу сағаты (кредит) – 90 сағат, 2 кредит
Курс– 1, 2
1.5 Оқу семестрі –І, ІІ, ІІІ
Оқытушылар туралы мәлімет.
№ | Аты-жөні | Лауазымы | Дәрежесі |
Рсалдина Ғайнижамал Төлеуқызы | доцент | ||
Исаева Мейрамкүл Ибадуллақызы | оқытушы | магистр |
1.7 Байланыс мәліметі:кафедраның орналасқан орны
Мекен-жайы: Мауленова к-сі 171
1.8 Пәннің саясаты:Оқу үрдісін жүйелі және мақсатты түрде жүзеге асыру болып табылады. Оқытушылардың студенттерге талаптары медициналық ЖОО-дағы оқытудың жалпы принциптеріне негізделген.
· Дәрістерге, семинар сабақтарына, СОӨЖ-ге тұрақты, міндетті қатысу.
· әр түрлі формадағы СӨЖ-дің 2 түрін міндетті түрде орындау.
· Оқу үрдісіне белсенді қатысу (семинар жұмыстарының конспектісі, теориялық материалдарды дайындау, ситуациялық тапсырмалар мен тесттерді, сөзжұмбақтарды шешу, саяси эссе және рефераттарды өз бетінше орындау) – студентке толықтай дайындалмаған жағдайда семинар сабақтары немесе СОӨЖ үшін балл қойылмайды.
· Семинар сабақтарының тесттердің, ситуациялық тапсырмалардың хаттамаларын тапсыру, тақырыптық жоспар бойынша СӨЖ жұмыстарын белгіленген уақытта қорғау және 3 аптадан кешіктірмеуі тиіс.
· Аралық бақылау кредит бойынша 8 және 15-ші аптадан кейін тапсырылады.
· Студенттің іс-қызметінің барлық түрлері бойынша жеке күнделігі болуы тиіс.
· Семинар сабақтарына кешікпеуі керек.
· Таза, үтіктелген ақ халаты болуы тиіс.
· Оқытушы профессорлар құрамымен сыйластық қатынаста болуы тиіс.
· Студенттік топта жанжал болған жағдайда кафедра меңгерушісі немесе оқу ісінің меңгерушісімен бірге талқылануы тиіс.
2. Бағдарлама:
2.1 Кіріспе:
Саясаттану БҰҰ-ның құрылымына кіретін ЮНЕСКО-ның басшылығымен әлеуметтік-гуманитарлық жүйесіне кіргізілген өзіндік орны бар іргелі пән.
Саясаттану – саясат туралы ғылым. Оның объектісі – қоғамның саяси саласы. Саясаттану саясаттың заңдары мен қызметтерін, қалыптасуы мен даму тарихындағы саяси көзқарастарды, саяси теорияларды зерттейді. Саясаттанудың мазмұнын сондай-ақ билік, биліктік қатынастар, билік субъектілері, мемлекет және азаматтық қоғам, мемлекет- аралық саяси қатынастар құрайды.
2.2 Пәннің мақсаты:
Студенттердің саяси білімділігін және саяси мәдениетін қалыптастыру, отанымыздың саяси өміріне белсене қатысуларында жаңа технологияларды пайдалана білуге, демократиялық қоғам институттарының қалыптасу бағытын және әр түрлі әдістер арқылы еліміздегі, әлемдегі болып жатқан саяси ойларды талдауға және оларға объективті баға беруге үйрету.
2.3 Оқыту мақсаттары:
- студенттерді Қазақстанда және одан шет жерлерде болып жатқан саяси үрдістерді еркін түсініп, талдай білуге үйрету.
- саясаттың әлеуметтік қызметтерін білу.
- саяси ілімдердің тарихын, Қазақстандық саяси дәстүрлерді және саясаттанудың қазіргі мектептерін білуге үйрету.
- азаматтық қоғамның үғымын, пайда болу қырларын, оның Қазақстанда қалыптасу ерекшеліктерін ажырату.
- саяси биліктің ұғымын, құрылымын, ерекшеліктерін, саяси жүйенің мәнін, құрылымын, қызметтерін, саяси режимнің түрлерін оқыту.
- саяси партиялардың түрлерін, электоратты, саяси үрдістерді өту сатыларын білуге үйрету.
- саяси шиеленістің мәнін, шешілу әдістерін үйрету.
- саяси жаңарудың мәнін, қызметін, саяси ұйымдар мен қозғалыстардың, ерекшеліктерін, саяси элита, саяси көшбасшыларының түрлерін, қызметтерін, саяси үрдістегі орнын анықтау.
- Қазақстанның жаңа геосаяси жағдайындағы ұлттық мемлекеттік мүддесін білуге үйрету.
- саяси білімнің парадигмаларын, саяси білімнің болжам жасаудағы ролін анықтау.
2.4 Пәнді оқытудың соңғы нәтижесі:
Студент білуі керек:
- саясаттану ғылымының ұғымын, пәні мен объектісін;
- биліктің анықтамасын, түрлерін, жүзеге асыру әдістерін;
- қоғамның саяси жүйесін, саяси режимдердің түрлерін;
- Қазақстандағы ұлтаралық келісім үлгісін;
- мемлекет пен азаматтық қоғамның өзарақатынастарын;
- саяси жүйені жаңарту теорияларын;
- Қазақстандағы партиялық жүйелердің ерекшеліктерін, даму бағыттарын;
- саяси сананың мәнін, құрылымын;
- ғаламдық мәселелер және оны шешуге қатынасатын халықаралық ұйымдарды.
Меңгеруі керек:
- саясаттанудың негізгі әдістерін, қызметтерін және оның қоғамдық, әлеуметтік-гуманитарлық пәндермен байланыстығын;
- саясаттанудың негізгі ұғымдарын;
- саяси мәдениет және саяси сана деңгейін кәсіби түрде бағалауды;
- дереккөз мәтіндерін конспектілеуді;
- реферат және эссе жазуды;
- глоссарий, сөзжұмбақ, кесте т.б. жазба және сызба жұмыстарын орындауды;
- саяси элиталар және саяси көшбасшылық түрлерін ажыратуды;
- өз көзқарастарын логикалық түрде дәлелдеп қорғау, пікір-таласқа түсе алуды;
- азаматтардың саяси құқықтарымен еркіндіктерін;
- игерілген саяси білімдерді тиісті жағдайларда дұрыс қолдана білуді.
Дағдылар:
- семинар сабақтарына қажетті материалдарды іздеп, табу;
- саяси құбылыстарға талдау жасау;
- халықаралық қатынастарға алған білімі арқылы талдау жасау;
- Қазақстанда болып жатқан саяси мәселелерді еркін қарастыра алуы;
- ғылыми-саяси тұжырымдамаларды талдай алу.
Реквезитке дейінгі:Саясаттану пәні жалпы орта білім беру буынының Грекия, Рим тарихтары, Ортағасыр тарихы, Жаңа заман тарихын, жалпы тарих, мемлекет және құқық негіздері, Қазақстан тарихы (9-11 сыныптарға арналған пәндермен байланысты оқытылады.).
2.6 Реквезитттен кейінгі:Пән Жоғарғы оқу орындарында өтілетін «Қазақстан тарихы», «Әлеуметтану», «Философия», «Экономикалық теория негіздері», «Құқық негіздері» пәндерімен және басқа да әлеуметтік-гуманитарлық пәндермен байланысты.
- Дәрістер – 5 сағат,
- Семинар сабақтар – 25 сабақ,
- СОӨЖ – 30 сағат,
- СӨЖ – 30 сағат,
- Аралық бақылау – 8 және 15 сағаттардан кейін 2 рет өтеді.
Пәннің қысқаша мазмұны:Қазақстанның қоғамдық-саяси жаңару өмірінде саясаттану ғылымының қызметі едәуір жоғарылады. Ол Республикадағы барлық азаматтырының, студенттердің өмірде өз орнын табуға септігін тигізеді. Саясаттанулық мәселелердің маңызы нарықтық қатынастардың тереңдей еніп, қарқынды дамуы және дүниежүзілік қоғамдастықтың жаһандануымен байланысты артуда.Өтілетін курс қазіргі гуманитарлық білімдер жүйесінен философия, әлеуметтану, психология, құқық негіздері сондай-ақ қоғамдық пікірді оқи отыра, Қазақстан қоғамындағы билік, саяси институттар қызметтерінің мәнін, мазмұнын толық ашып береді. Саяси ілім, саяси саналылық қоғамның әр мүшесіне оның қандай мамандық иесі болғанына қарамастан бұл курсты игеру үшін еліміздегі және дүниежүзіндегі болып жатқан саяси оқиғаларды талдай білу керек.