ДЕЛО ТОКМАНБАЕВА БАКАЯ, АБДЫКАЕВА БИТИМБАЯ И ДР. ПО 59³, 166 ПО 2Ч. И 182 ОТ УК ИЗД. 1927 Г[59].

Уголовное дело, архив № 124, т.4 Начато ІҮ.1921г. -23/ІІ.1929 г.

<Тергеу ісінің бірінші тобына тағылған айыптың жалпы мазмұны: Талас болысы № 9 ауылының тұрғыны Аралбай Досымбековтің 34 қара малын, 24 жылқыны табыннан Тарақты болысының барымташылары Шәкір-пұшық Сыдықов, Тілеубек Жұмабаев, Ермекбай мен Моқай айдап әкеткен. Мәмбетов Пірімқұл, Насымбеков Шырлыбай, Ералиев Ағысбай, Тәукенов Сүлеймен олардың соңынан қуады. Шу бойына қуғыншылардың атын алып ап, өздерін жаяу қалдырады. Бадықов Сыздық, Айбулатов Арын – 6 түйе, 6 жылқы, 3 құлын, 2 жылқы, 13 биені таниды. Көрсетінді бергендер – Жолбеков Арымбай, Досымбеков Әйтібек. Әулие-Ата оязының қалалық атқару комитетінің билер бөліміне А.Досымбеков қайта-қайта арыз жазған. Соңғы арызы «3/ҮІІІ.1927 ж.» жазылған. 1927 жылы 6 қыркүйек күні УРО-ның бастығы Лобов Әулие-Ата Уездік атқару комитетіне арыздың көп екенін айтып, барымта туралы мәлімет береді – Т.Ж. >:

«Имея ввиду что барымта между указанными выше волостями носит не только уголовный , но и политический характер и что граждане вышеуказанных волостей без применения над ними известной силы – производство следствия не допустят – т.к. последние в большинстве своем вооружены, прошу АДО возбудить перед Аулие-Атинс.УИК-ом ходатайство о содействии в возможности организации специального по этому делу вооруженного отряда в 40-50 человек и на месте произвести порученное С/Д Губрозыском расследования.

Нач. УРО – Лобов. 5 сентября 1927 года. (23стр) .

<Бұдан кейін: Сырдария «Губерозыск» пен Әулие Ата уездік атқару комитеті, аудандық милиция арасындағы арыздар, оған берілген жауаптар, отряд шығару туралы хаттар орын алған. Ең соңында Тарақты болысы мен Сарысулықтардың арасындағы оқиғаларға шара қолдану туралы «Арыз беруші» деген қол қойылған«домалақ» арыз түседі. Ол адам «комсомолдық парызым» – дей отырып барымташылар туралы жазады. Домалақ арыз болғандықтан да біз ол мәтінді көшірмедік. Бірақ істі өршіткеннің бірі сол – белгісіз адам екені анық.

«Домалақ арыздың» мазмұны: Кеншімов Мәдібек – барымташы. Соның көмегімен 1929 жылы мамыр айында Қарқаралы кулагы Ахмет, Жүсіп-Жақып Шетенов Әулие-Атадан Ақмолаға 30 жегін малын айдап әкетті. Ұрлық малдың біреуін Бекмолда Жаңабаев деген Сарысу ауданының азаматы Ақмола уезінің базарынан сатып алған.

Бұдан икейінгі «домалақ арыздар» мазмұнын мен шындығын ажыратып болмайтын таза қазақы қитұрқыға құрылған. Ең бастысы Әділевке және «Алашордаға» қай жерден жерден түйісетіні анықталмайды. Ал мұнда қамтылған жайлар Әділев түрмеге қамалған соң болған оқиғалар.

Зады бұл Әулие – Ата уездік қылмысты іздестіру тобы мен Сарысу аудандық милициясы ұйымдастырған іс болса керек. Істің анық-қанығына жете алмаған соң соның бәрін ағайынды «Әділевтердің бандасына» жапса керек.

Әділев Байсейіттің тергеуі 79-беттен басталады. Әуелі араб әліпбиімен, артынан орысша жазған. Онда Сапақов Сүйіндік, 31 жаста – 1928 жылы ноябрьде: маусым айында Байсейіт Әділев түрмеден шығып ауылға келіп, жылу сұрайды. Бұлар мал береді. Сол кезде Бітімбай мен Бақай елді барымталап, тонады. Қарулы. Малды айдап әкетті – дегенді айтады.

Бұған қоса іске конфискацияға қарсы адамдардың және Сарысу ауданы Ақмола мен Сырдария губерниясының қайсысына қарау керектігі туралы арыздары тігілген.

«Бандылар мен байлар» туралы Рысқұлов Жакет пен Асқаров Сейсембек № 6 ауыл, Сарысу ауданының азаматтары, былай дейді >:

«В вышеуказанном районе аулах № 6-7, главарем бандитов является Бакай Токманбаев, к коему примыкают Токманбаев Умурзак, Турусбеков Әбдірахман, Құрманов Мәдібек, Мұранев Капен. Второй главарь банды Умаров Жакаш, третий Мустафаев Жаманкара и Битимбай. Джигитами вышеуказанных является следующие: Нұртазиев Юнус, Исмагамбетов Тінібай, Ахметов, Балабек и руководитель атқамінеров Кенчимов Мәдібек, посредники Қаирбеков Рахимбек, Құшамқай Тұрыс, Понтеев Батырбек, Жокаев Баукен, Ангитов сары Кормуханов – последний содействующий в операциях.

Подписи Авкеров, Рыскулов. (104 стр.).

< Сол көрсетумен аталғандардың түгелі ұсталған.

1929ж. 7 қаңтар. Кенчимов Мәдібек, 46 жаста, 8 баласы бар. 70 қой, 12 ірі қарасы бар, тарақты болысы, Ақмола уезінен. Конфискацияға ілінген Ақмола уезінің байлары Исаев Шейке мен Құнақов Садуақас – тарақты болысына келіп тығылған. Оларды қуған отряд Бітімбайдың баласы – Түнқатар Бітімбаевты ұстаған. Байлармен қоса ұлын құтқару үшін 10 қарулы жігіт алып Бекмолда ауылында бір милиционерді ұстап, қаруын алып, оны матап әкетеді. М.Кеншімов:

«Мен Құнан ауылына барып милицияны өкілетке тапсырдым. Байлар Шуға қашты. Бақай соның ішінде кетті. Олар атысып жүріп қуғыннан құтылыпты. Ол менің туысымның 2 биесін алыпты, сол үшін Бақайдан 1 жорға алдым дейді (118 бет).

Іс содан бастап тағы өршиді. Оған куәлар тартылады.

Тоқманбаев Бақай, 25 жас, 2 аты, 2 түйе, 15 қойы бар, № 7 аул, Сарысу ауданы. Ол:

«Асан Қойшыұлы, Ш.Исаев, Айтмагамбет Садуакасов сексеуілге барып тығылдық. Олардан ат ұрлауға барып, түнедім. Таңертең атыс шықты. Аманжол екеуміз қаштық. Қашқанда ат болдырды. Атыстан кейін Тұрысбаев, Сапақов, Бексейтов, Жылқыбаев Әрубек келіп өкіметке берілдік. Жолда бәрібір атады ұстаған соң қашып кеттім. Кейін кедей өкіметі кедейді қолдайды деген соң өкіметке берілдім. Қасымда Мұқанов Кәлен, Тұрысбеков Әбдірахман бар. Барымтаны байлардан жасауыл Қарасартов Ахметтен 3 ат ұрлап ем, қуып кеп өзі алып кетті» – дейді.

Бұл 1929 жылдың 8 қаңтары болуы керек.

Битімбай да өзі кеп берілген. Сарысу аудандық милиция бастығы Турғымбеков уезге хат жазып, Нұрмұхамбеков тергеу жүргізіп, бұларды қылмыскер деп хат жазған (141 б.).Кәкен Мұқанов>:

«По сему добавляю более точные и верные показания: в Сарысуйском районе ауле № 6 проживает Кенчимов Мадыбек, который является атаманом шайки Сары-суйского района, к нему примыкает несколько главарей шаек из моих мне известно: Адилев Мукуш, Адилев Байсеит и Бақай Тайманбаеви каждый из них имеет свой шайки» (147-бет).

1929 жылы 2 ақпан күні Шымкент қаласында: Токамбаев Бақай, Мұқанов Кәлен, Тұрысбеков Әбдірахман, Әбдіқаев Битимбай, Әбдыкеев Биттібай, Муйлиев Ерке – ұсталып, іс қозғалып, тергеу жүргізу туралы «Уполномоченный – Логов, нач. ВО – Никитенко» Қаулы шығарған (156-157бб).

Олар қызыл бояумен, не қанымен бармақтарын басқан (158-бет). Енді солардың тергеу ісі басталады.

Міне, қылмысты іс осы арадан барып Д.Әділевке қарата иіп әкелінген. К.Мұқановтың қолы да қойылмаған көрсетіндісінде қарақшылардың құрамындағы адамдар тізімделіп берілген>.

«Когда я присоединился в мае месяце 1928 года к Токманбаеву Бакаю, к нему в местность «Май тепкен» приехал Кеншимов Мадыбек с Пантеевым Жаркынбеком, вооруженный винтовкой и в моем присутствии устроил совещание, на котором кроме Кенчимова, Кентаева, Токманбаева и меня присутствовал и брат Бакая Токманбаев Умурзак. Кенчимов говорил:

«В Кызыл-Орде находится связанный со всеми краевыми ответработниками Сейфуллин Сакен, с которым я нахожусь в хороших отношениях еще с царского времени, когда я был волуправителем. Он шлет письма и передает привет и сообщает, что скоро будет проводиться конфискация байских имуществ и высылка из округа баев и бывших волуправителей и прочих царских служащих, а поэтому советует быть наготове и в случае чего бежать. У Вас имеются вооруженные люди, Вы не разъезжайтесь и будьте вместе, и если из Акмолинска выедет отряд, и я получу об этом сведения, то убегу к Вам, и мы тогда отстреляемся от отряда» (189 стр., 4т).

<К.Мұқанов 194 бетте тағы жауап береді. Онда: Мәдібек Кеншімов «Қара ноғайды» ұстаған соң Әділевтерді шақырып алыплы былай деді>:

«Вы оба развитые люди, состоявшие в Компартии и не противники нам. У задержанного нами Кара-Ногая очень много полезных нам вещей, оружие в том числе. Секретарь его ранен нами, и если Кара-Ногая освободить, то он уедет и донесет обо всем властям, после чего нас начнут преследовать. Как Вы посоветуете нам поступить с ними?

Бектурсынов Божан и Адилевы поддерживали Кенчимова, высказались что Кара-Ногай приехал по вопросу о границах между Акмолинской и Сырдарьинской губерниями, а нам необходимо присоединиться с Сырдарье? Каковой возможности Кара-Ногай нам не дает, а кроме у него много вещей, которыми нам нужно овладеть» (194 стр).

«Убийство было совершено на льду на притоке реки Чу – «Уланбел». Вышеупомянутые лица, собравшись на льду, раздели Кара-Ногая и его секретаря и приказали Джайлаубаю и Жексену расстрелять, что и было сделано. Трупы были опущены в сделанную во льду прорубь. Стреляли из 3-х- линейных винтовок, отобранных у Кара-Ногая. Джайлаубай и Жексен взяли себе одежду убитых, около 30 винтовок и остальные вещи были распределены между присутствующими при убийстве.

Бектурсынов Божман при разговоре говорил, что он «заседатель» Кенчимова и его бий, и что без него Кенчимов ничего не предпрнимает.

Когда Байсеит застрелился, а остальные были пойманы, то все они уговорились валить всю вину на него, отказываясь сами от участия в преступлениях.

Допросил – уполномочен. Попов. (1940195 стр.)

** *** ***

Наши рекомендации