Азақстан Республикасының мемлекеттік және құқық тарихы

АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ТАРИХЫ» ПӘНІНЕН

MIDTERN EXAM СҰРАҚТАРЫ

азақстан Республикасының мемлекеттік және құқық тарихы

Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы Қазақстан территориясындағы мемлекет пен құқықтық жүйенiң пайда болуын, дамуын әрбiр тарихи кезеңге сәйкес қоғамдағы мемлекет пен құқықтың орны мен ролiн тарих ғылымының жалпы заңдылықтарын басшылыққа ала отырып, хронологиялық реттiлiкпен құқықтық жүйеге сай зерттейдi.

Қазақстан Республикасы мемлекет және құқық тарихы мемлекет және құқық теориясы, мемлекет пен құқықтың жалпы тарихы, тарих, саясаттану, әлеуметтану, Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы тағы басқа салалық заң ғылымдарымен тығыз байланысты.

1. Қазақстан Республикасының мемлекетi мен құқығы тарихының пәнi
2. Қазақстан Республикасының мемлекетi мен құқығы тарихының кезеңдерi
3. Әскери демократияның түсiнiгi
4. Үйсiн, қаңлы және ғұндардың әскери-демократиялық одағы
5. Батыс-түрiк қағанатының қоғамдық-саяси құрылысы
6. Түрiк қағанатының құқығы
7. Қарахан мемлекетiнiң қоғамдық саяси құрылысы және құқықтық жүйесі
8. Қарахан мемлекетiндегi «Ихта» институты мен «Комендация» институтының түсiнiгi
9. Шыңғысханның ұлы жаса заңы
10. Шыңғысхан жасасы бойынша қылмыс пен жаза жүйесi
11. Ноғай Ордасының саяси құрылысы
12. Қазақ халқының қалыптасуы мен қазақ хандығының құрылуы
13. Қазақ хандығының қоғамдық құрылысы. Негiзгi таптары мен әлеуметтiк топтары.
14. Қазақ хандығының саяси құрылысы
15. Хандар мен сұлтандардың қолындағы мемлекеттiк билiк
16. Билердiң, батырлардың және ақсақалдардың қолындағы билiк және олардың құқықтық мәртебелерi
17. Билер кеңесi
18. ХУI-ХУIII ғ.ғ. қазақ әдет-ғұрып құқығы түсiнiгi. Қайнар көздерi. Жалпы сипаттамасы
19. Қазақ әдет-ғұрып құқығындағы демократиялық пен iзгiлiк
20. Тәуке ханның «Жетi жарғысы» және оның реформаторлық қызметi
21. Қазақ әдет-ғұрып құқығындағы неке және отбасы құқығының негiзгi институттары
22. Әдет-ғұрып құқығындағы мiндеттемелiк құқтың ерекшелiктерi
23. Қазақ әдет ғұрып құқығы бойынша әмеңгерлiк институтының ерекшеліктері
24. Әдет-ғұрып құқығындағы мұрагерлiк құқығы.
25. Қазақ әдет ғұрып құқығы бойынша мұрагерлiк тәртiбi.
26. Әдет-ғұрып құқығындағы меншiк құқығы.
27. Қазақ әдет ғұрып құқығы бойынша меншiк түрлерi.
28. Әдет-ғұрып құқығындағы қылмыстық құқығы. Қылмыс пен жазаның түсiнiгi.
29. Қылмыстық құқық бойынша қылмыс пен жазаның түрлерi және оларды саралау.
30. Әдет-ғұрып құқығы бойынша сот iсi және сот iсiн жүргiзу.
31. Қазақ әдет ғұрып құқығы бойынша сот шешiмiнiң орындалуын қамтамасыз етудiң әдiстерi.
32. Қазақ хандығының инстанциялары.
33. Қазақ әдет ғұрып құқығы бойынша қарсылық бiлдiру институты.
34. Қазақстанның Ресейге қосылуы және оның мемлекетiк-құқықтық салдары мен шарттары
35. Қазақ жүздерiне хандық билiктi шектеудiң алғашқы түрлерi.
36. Игельстром реформасы, шекаралық сот және ағамандарды тағайындау  
37. Бөкей хандығының құрылуы және қоғамдық-саяси құрылысы
38. Орта жүздегi хандық билiктiң жойылуы. Жалпы сипаттамасы.
39. 1822 жылғы жарғы бойынша Орта жүздегi әкiмшiлiк-территориялық құрылыс.
40. 1822 жылғы «Сібір қырғыздары туралы» жарғы бойынша өкiмет және басқару органдары.
41. 1822 жылғы ереже бойынша сот және сот iсiн жүргiзу
42. 1824 жылғы жарғы бойынша кiшi жүздегi әкiмшiлiк-территориялық құрылыс. Әкiмшiлiк реформалар.
43. Кiшi жүздегi саяси дағдарыс 1803 ж. «Обет».
44. 1824 жылғы жарғы бойынша сот және сот iсiн жүргiзу.
45. Абылай хан мемлекеттiгiне саяси сипаттама. Абылай ханның реформалары.
46. 1844 жылғы ережеге жалпы сипаттама. Сот және сот iсiн жүргiзу.
47. 1867-68 жылдардағы «Уақытша ережеге» жалпы сипаттама. Реформа бойынша әкiмшiлiк билiк органдарының жүйесi.
48. 1867-68 жж. реформа бойынша құқық және сот жүйесiндегi өзгерiстер
49. 1867-68 жж. рефорома бойынша билер сотының атқаратын ролi.
50. Қазақ әдет-ғұрып құқығы бойынша дәлелдеу жүйесi.
51. 1891 ж. «Далалық облыстарды басқару» туралы ереже
52. Қазақстанның Ресейге қосылғаннан кейiнгi қазақ әдет-ғұрып құқығындағы өзгерiстер.
53. 1905-1907 жж. орыс буржуазиялық-демократиялық революциясының Қазақстанға әсерi.
54. XX ғасырдың басындағы Қазақстанның қоғамдық-әкiмшiлiк-саяси құрылымы мен құқық жүйесiндегi өзгерiстер.
55. 1916 жылғы көтерiлiстiң себептерi. Жалпы сипаттамасы.
56. Сырым Датұлының бастаған көтерiлiсiне құқықтық жалпы сипаттама.
57. И.Тайманов бастаған көтерiлiсiне құқықтық жалпы сипаттама
58. Ш.Ш.Уәлиханов сот реформасы жайында.
59. А.Құнанбаевтың «қара сөздерiндегi» құқықтық-саяси көзқарастыры
60. «Алаш Орда» ұлттық мемлекетiнiң құрылуы.  

ПАЙДАЛАНЫЛАТЫҢ ӘДЕБИЕТТЕР:

1. Республикасының мемлекет және құқық тарихы Алматы: «Қазақ

Университеті» 2007

2. Абиль Е История государства и права РК Астана. Фолиант. 2000.

3. Маймақов Ғ Қазақстанның саяси -құқықтық тарихы Алматы. Ғылым. 2000.

4. Жиренчин К.А. Политическое развитие Казахстана в ХІХ – начале ХХ веков Алматы.1996

5. Зиманов С.З., Өсеров Н Қазақ әдет -ғұрып заңдарына шариаттың әсері

Наши рекомендации