Емтихан сұрақтары
1. Саясаттанудың объектісі мен пәні.
2. Саясаттану саясат туралы, билік, саяси жүйе, процесстер жөніндегі ғылым.
3. Саясаттану пәнін анықтаудағы негізгі амалдар.
4. Саясаттанудың функциялары.
5. Саясаттану пәні және әдістері.
6. Саясаттану қызметтері.
7. Қазақстанда саясаттанудың дамуы.
8. Ежелгі Шығыс, ежелгі Антика саяси ойы.
9. Ортағасыр саяси ойы.
10. Ежелгі Шығыстағы саяси ойлар.
11. Европалық ағартушылық дәуірдегі саяси идеялар.
12. ХХ ғасырдағы саяси ойлар.
13. Қайта өрлеу кезеңіндегі саяси ойы.
14. Қазақ халқының саяси ойларының қалыптасу тарихы: Ж.Баласағұн, Қорқыт ата, А.Яссауи көзқарастары.
15. ХІХ-ХХ ғасырдағы Қазақстандағы саяси ойлар
16. . Тәуке хан заңдары.
17. Қазіргі заманғы саяси ойлары (ХХ ғасырдың – 90-ы жылдарынан бастап) негізгі бағыттары.
18. Саясат ұғымы және оның пайда болуы
19. . Қоғамның саяси саласының ерекшеліктері.
20. Саясат элементтері: билік, субъектілер, саяси ұғымдар, саяси сана, саяси қатынастар, саяси мәдениеті: саясаттың негізгі түрлері
21. Билік ұғымы. Билік тұжырымдары.
22. Саяси билік ұғымы және оның ерекшеліктері.
23. Саяси биліктің түрлері.
24. Мемлекеттік билік саяси биліктің жоғары түрі ретінде.
25. Билік құрылымы: билік институттары, функциялары және билік ресурстары.
26. Ұлт этностың жоғарғы түрі.
27. Қоғамдағы ұлттық және этикалық қатынастар.
28. Ұлт мәселесі және оның құрылымы.
29. Ұлт мәселесін шешудің принциптері.
30. Ұлттық мемлекеттік құрылыс формалары: унитарлы, федерация, конфедерация.
31. Қазақстан халық Ассамблеясы және оның орны
32. Салыстырмалы саясаттанудың объектісі мен мәні.
33. Салыстырмалы саясаттанудың әдістері.
34. Қазіргі салыстырмалы методологиясы.
35. Салыстырмалы зерттеулердің типтері.
36. Қазақстан қоғамын, саяси жүйені реформалау жағдайындағы салыстырмалы саясаттанудың ролі.
37. Саяси жүйе ұғымы қоғам мен биліктің әрекеті ретінде.
38. Саяси жүйе құрылымы.
39. Саяси жүйе институттары: мемлекет, саяси партиялар, мүдделі топтар жне үкіметтік емес ұйымдар.
40. Қ.Р саяси жүйесін реформалаудың мәселелері және оның дамуының тенденциялары.
41. Қ.Р. партиялық саяси және сайлау жүйесін одан әрі дамыту мәселесі.
42. Мемлекет қоғамның саяси жүйесінің өзегі ретінде.
43. Мемлекеттің шығуы және оның мәні.
44. Мемлекеттің белгілері, оның функциялары және мақсаты. Мемлекеттің типтері. Азаматтық қоғам ұғымы.
45. Құқықтық мемлекет және оның мәні.
46. Мүдделі топтар ұғымы, функциялары, типологиясы.
47. Қазақстандық лоббизмнің ерекшеліктері.
48. Саяси партия ұғымы. Саяси партияның мақсаты.
49. Партияның типологиясы.
50. Партия жүйелері ұғымы, оны жіктеу.
51. Қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар.
52. Саяси режим ұғымы, типтері.
53. Тоталитаризм ұғымы.
54. Авторитаризм, оның түрлері.
55. Авторитаризммен демократияға өтудің жолдары.
56. Демоктария ұғымы.
57. Қазіргі Қазақстан қоғамындағы демократия мәселелері.
58. Демократия мемлекеттік құрылыс формасы мен режим ретінде.
59. Демократиның тарихи формалары. Антикалық, классикалық, қазіргі.
60. Демократияның Қазақстандық моделін қалыптастыру,
61. Саяси жүйені жаңалау мәселелері. Қазақстан қоғамын саяси жаңалау мәселелері
62. Саяси процесс ұғымы, оның мәні, құрылымы.
63. Саяси процесс сатылары.
64. Саяси процестің типологиясы.
65. Саяси шешім қабылдау. Саяси бағытты анықтау, оны іске асыру, саяси институттардың ролі.
66. Қазақстан Республикасындағы саяси процестер.
67. Саяси сана, саяси мәдениет ұғымы, қалыптастыру жолдары.
68. Саяси мәдениетті қалыптастырудың субъектілері, саяси мәдениет субъектілер.
69. Қазіргі Қазақстан қоғамының саяси мәдениетінің ерекшеліктері.
70. Саяси элита ұғымы, қалыптасу түрлері.
71. Саяси элита функциялары.
72. Саяси феномен ретінде. Саяси көшбасшы ұғымы, типологиясы.
73. Қазіргі Қазақстандағы саяси көшбасшылық институты және саяси элита.
74. Саяси технология ұғымы, мәні, ерекшеліктері, құрылымы.
75. Дүниежүзілік саясат ұғымы.
76. Халықаралық қатынастар жүйесі.
77. ҚР сыртқы саясаты, оның көп бағытты сипаты.
78. Қазіргі заманның жаһандық сипаты және түрлері.
79. ҚР-ның Жаһандану үрдісіндегі орны.
80. Қазақстан мемлекетінің саяси мәселелері және оны реттеу жолдары.
Негізгі әдебиеттер
- Жамбылов Д.А. Саясаттану. Алматы, 1998ж.
- Общая и прикладная политолгия. Под.ред. Краснова Б.И. М., 1997.
- Основы политологии. Курс лекций под ред. Капесова Н.К.//Алматы: «Жеты Жарғы», 1995.
- Политология. Под.ред. Мустафина. Алматы, 1994.
- Қуандық Есенғазы Сләмғазыұлы.Саясаттану негіздері. Астан, 2000ж.
- Ғарифолла Есім. Саяси философия. Алматы, 2006.
- Гарифолла Есим. Прошлое в настоящем. Алматы,2003.
- Назарбаев Н. Без правых и левых. – М.: Молодая гвардия, 1991.
- Назарбаев Н.А. В потоке истории. – Алматы. – 1999.
10. Выступление Президента Республики Казахстан Н.А.Назарбаева на торжественной церемонии официального вступления в должность. – Казахстанская правда. – 12 января 2006 года. 4.Назарбаев Н.А. Наша Конституция – это осознанный выбор народа
- Казахстана. – Мысль. – 2002, №10.
12. Анохин М.Г. Политическая система: переходные процессы. – М.: 1996.
13. Антология мировой политической мысли. В 5 тт. – М.: 1997.
14. АратоЭ., Коэн Д. Гражданское общество и политическая теория. – М.: 2003.
15. Аристотель. Политика. Соч. в 4-х тт. – М.: 1983.
16. Арон Р. Демократия и тоталитаризм. – М.: 1993.
17. Ашимбаев М., Косиченко А., Нысанбаев А., Шоманов А. Национальная идея: приглашение к обсуждению. – Аналитик. – 2005, №1.
18. Ашин Г.К. Основы элитологии. – Алматы. – 1996.
19. Бжезинский З. Великая шахматная доска. М.: 1998.
- Бижанов А.Х. Внутриполитические факторы устойчивого развития. – Мысль. – 2002, №4.
- Блондель Ж. Политическое лидерство. Путь к всеобщему анализу. – М.: 1992.
- Гаджиев К.С. Политическая наука. – М.: 1998.
- Джунусова Ж.Х. и др. Введение в политологию /Ж.Х.Джунусова, Ю.О.Булуктаев, А.М.Акимова. – Алматы: Жетi Жарғы, 1998.
- Дилигенский Г. Социально-политическая психология. – М.: 1994.
25. Дюркгейм Э. Социология: Ее метод, предмет, предназначение. – М.: Канон, 1995.
- Жумагулов Б. Программа партии – в действии. – Казахстанская правда. – 29 июня 2006 года.
- Кадыржанов Р. Институт президентства на постсоветском пространстве. – Мысль. – 2001, №8.
- Касымбеков М. Межнациональное согласие как стратегическое направление нашей политики. – Мысль. – 2001, №12.
- Коэн Дж., Арато Э. Гражданское общество и политическая теория. – М.: Весь мир, 2003.
- Макиавелли Н. Государь. – М.: Планета. – 1990.
31. Манхейм К. Идеология и утопия. //Манхейм К. Диагноз нашего времени. –М.: Юрист, 1994.
- Марданов К. Мир и согласие между этносами есть. Дело за экономикой. – Мысль, 1998, №7.
33. Мартьянов В.С. Об условиях возникновения теории справедливости в российской политике. – Полис. – Политические исследования. – 2006, №4.
- Методологический семинар отдела политической науки ИНИОН РАН. - Политическая наука. – 2005, №2.
- Нурпеисов Е.К., Котов А.К. Государство Казахстан: от ханской власти – к президентской республике. Учебное пособие. Алматы: Жетi Жарғы. – 1995.
36. Панарин А.С. Модернизационная политическая система. - Политология. М., 1997.
37. Пантин В.И., Лапкин В.В. Волны политической модернизации в истории России. – Полис. – 1998, №2. – С.39-51.
- Платонов С.В. Рекламные технологии в избирательном процессе. – Саясат. – 1999. – № 7.
- Поппер К. Открытое общество и его враги. В 2-х томах. М., 1992.
- Токаев К.К. Внешняя политика Казахстана в условиях глобализации. – Алматы. – 2000.
- Фукуяма Ф. Доверие. Социальные добродетели и созидание благосостояния. – Новая постиндустриальная волна на Западе. Под ред. В.Иноземцева. – М.: 1999.
- Хантингтон С. Столкновение цивилизаций и преобразование мирового порядка. – Новая постиндустриальная волна на Западе. Под ред. В.Иноземцева. – М.: 1999.
- Эйзенштадт Ш. Новая парадигма модернизации. Сравнительное изучение цивилизаций. – М.: Аспект-пресс. – 1999.
- Цыганков П.А. Международные отношения. М., 1996.
- Системная история международных отношений /Под ред.А.Д.Богатурова. М., 2000.
- Современные международные отношения /Под ред.А.В.Торкунова. М., 2000.
- 41 Жамбылов Д. Саясаттану негіздері: оқу құралы-Алматы,2000ж.
- 42.И.Г. Хан. Саясаттану: оқу құралы-Алматы, 2003ж.
- 43.Д.Жамбылов. Саясаттану-Алматы-2003ж.
- Қуандық Е.С. Саясаттану негіздері-Астана, 2000ж.
Осымша әдебиеттер
- Лаумуллин А. Национальная и международная безопасность. Ал., 1999.
- Воскресенский А.Д.Региональные подсистемы международных отношений и региональные проблемы безопасности. М., 2001.
- Арабский мир в конце 20 века. М., 1996.
- Внешняя политика и дипломатия стран Азиатско-Тихоокеанского региона. М., 1998.
- Южная Азия: Конфликты и геополитика. М., 1999.
- Постсоветская Центральная Азия: потери и приобретения. М., 1998.
- 11.Африка. Региональные аспекты глобальных проблем /Отв.ред. С.А.Бессонов. М., 1996.
- Байдельдинов Л.А. РК как политическая реальность. Перспективы демократии. В сборнике: «РК: Политика и развитие». Алматы,1996.
- Джунусова Ж.Х. РК: президент, институты, демократия. Алматы, 1996.
- Джунусов Ж. Власть и оппозиция. Алматы, 1998.
- Ертысбаев Л. Эпоха модернизации и духовная культура//Мысль, 1994,№3.
- Лукпанов С. Президентализация власти в Казахстане.// Мысль, 1997.
- Макиавелли Н. Государь. Избранные сочинения. М., 1987, С.301-379.
- Мустафин Т.Т. Проблемы формирования демократической политической культуры. Алматы, 1996.
- Мустафин Т.Т. Место политологии в системе общественных наук//Вестник АН КазССР, 1991, №9.
- Назарбаев Н.А Без правых и левых. А., 1991г.
- Жигалов К.В., Султанов Б.К. Первый президент РК Н.Назарбаев. А., 1993.
- Саясат.Политика. Журнал. 2000-2007жыл.
- Ақиқат.Журнал. 2000-2007жж.
- Қазақ елінің рәміздері. Астана,2007.
- Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы,2007ж.
ГЛОССАРИЙ
Авторитаризм — жеке адамның билігіне негізделген, басқаруда күшке сүйенетін мемлекеттік саяси тәртіп. Мұнда атқарушы билік үстемдік етеді. Парламент болғанымен ол кенесші органға айналады. Тоталитарлық тәртіппен салыстырғанда мұнда көпшілік партия, бірыңғай идеология болмайды және экономика бақылауға алынбайды. Тоталитарлық тәртіптің басқа белгілері негізінен сақталады. Ол көбіне саяси жағдайға белсене араласатын әскер күшіне сүйенеді. Мемлекеттің сайлау органдары шектеледі.
Адам құқықтары — белгілі бір игілік алуды, өмір сүруді қамтамасыз ететін адамдар мен мемлекет арасындағы ережелердің өзара қатынастары, кепілдіктері. Олар, негізінен, 1948 жылы БҰҮ Бас Ассамблеясы қабылдаған «Адам құқығының жалпыға бірдей Декларациясында» көрсетілген.
Азаматтық қоғам — жеке тұлғаның емін-еркін дамуын қамтамасыз ететін қоғамның күйі. Азаматтық қоғамның құрамына адамдардың өздері тудырған қауымдастықтар (қоғамдық, кәсіби, шығармашылық ұйымдар, ассоциациялар және т.б.) азаматтардың өндірістік және жеке өмірі, әдет-ғұрыптары, салттары кіреді.
Билік – 1) адамдардың іс-әрекетіне, қызметіне, тағдырына белгілі адамдардың ( бедел, жігер, құқық, зорлықтың) көмегімен әсер ету мүмкіншілігі; 2) адамдарға саяси билік жүргізу; 3) мемлекеттік органдардың жүйесі; 4) мемлекеттік және әкімшілік өкілеттігі бар қызмет адамдары, органдары.
Әлеуметтік саясат—қоғамның ең жақсы дамуын қамтамасыз етуге, әлеуметтік мүдделер мен қажеттіктерді қанағаттандыруға, лайықты өмір салтын орнатуға бағытталған саяси шешімдер мен іс-әрекеттер жиынтығы. Оған ең аддымен халықтың тұрмыс жағдайын жақсарту, жалақыны көтеру, денсаулық сақтау, білімін көтеру, тұрғын үймен камтамасыз ету және т.б. жатады.
Демократия— халық билігін, заңдылықты мойындап, азаматтардың теңдігін, құқықтары мен бостандықтарын қадірлеуге негізделген мемлекеттік органдардың сайланып қойылуын және олардың жұмысы халықтың бақылауында болуын, сайлау құқығы бәріне тең болуын, адамдардың экономикалық және саяси қорғалуын, шешім қабылдағанда азшылықтың көпшілікке бағынуын, сонымен қатар азшылықтың да пікірі еске алынуын және т.б. қалайтын қоғамның саяси және экономикалық құрылыс түрі. Бұл — тарихи үғым. Адамзат тарихының даму кезеңдеріне сай оның принциптері өзгеріп, байып отырады.
Конфликтология - әлеуметтік дау-жанжал, шиеленістердің мәнін, табиғатын, зардаптарын зерттеуге, оларды алдын ала болжауға арналған ілім. Қазіргі кезде ірі халыкаралық, мемлекетаралық кикілжіңдерді мәмілеге келу, қабылданған міндеттерді өзара бақылау арқылы шешуге болатындығын өмір дәлелдеуде.
Құқықтық мемлекет—демократиялық жолмен қабылданған заң үстемдік ететін, оның алдында бәрі де тең саналатын, жеке адамның құқықтары жан-жақты камтамасыз етілетін мемлекеттік құрылыс. Мұнда заңдар халықтың еркін білдіреді және оларды барлық адам, мемлекеттік органдар мен мекемелер орындауға міндетті. Билік шын мәнінде бөлінеді. Олардың міндеттері мен қызметтеріне шек қойылады, өзара бақылау қамтамасыз етіледі. Адам құқығы биік дәрежеде сақталады. Атқарушы биліктің барлық жұмысы ашық жүргізіледі, оның жұмысы жұртшылықтың бақылауында болады. Пікір алуандығы кең өріс алады. Бұл мемлекетте адамның адамгершілік касиеттері, борыш сезімі, жауапкершілігі жоғары дамиды.
Мемлекет— белгілі бір аумақ шеңберінде адамдардың, әлеуметтік топтар, таптар мен бірлестіктердің қатынастары мен қызметтерін ұйымдастыратын, бақылайтын қоғамның саяси жүйесінің негізгі элементі. Мемлекеттің ерекше өкімет аппараты болады. Ол бүкіл қоғам атынан ресми істерді жүргізуге құқылы. Оның заңдарын сол елдегі адамдардың бәрі де сыйлайды және орындауға тиіс. Егер орындамаса, оның ырықсыз көндіруге қақысы бар.
Мемлекеттік билік—барлық адамдарға міндетті заңдарды шығаруға жеке-дара құқығы бар, заңдар мен ұйымдарды сақтау үшін ерекше күштеу аппаратына сүйенетін саяси биліктің түрі.
Оппозиция— 1) бір саясатқа, саяси іс-әрекетке, қайраткерге қарсылық ету, кедергі жасау; 2) партияның не оның бір бөлігінің билік етуші элитаға, көпшіліктің немесе үстемдік етуші пікірге қарсы тұруы. Демократиялык елдерде парламенттік оппозицияны әдеттегі, дүрыс жағдай деп санайды. Олар билеушілерге қарсы тежемелік, тепе-тендік қызмет атқарады.
Парадигма— жасалатын өзгерістердің нәтижесінде туатын болашақтағы қоғамдық құбылыстың үлгісі, бейнесі. Сонымен қатар өз пікірін, көзқарасын салыстырып, дәлелдеу үшін тарихтан алынған мысал ретінде де қолданылады.
Парламенттік республика— конституция бойынша жоғарғы билік иесі парламент болып саналатын мемлекетгік құрылыстың түрін айтады. Мұнда үкіметті парламент қалыптастырады, сондықтан оған тәуелді болады. Парламент бюджетті бекітеді, салықты белгілейді, соттарды құрады, халықаралық келісім-шарттарды қабылдайды, әскерлерді қамтамасыз етеді және т.с.с. айналысады.
Президенттік басқару— 1)конституцияда көрсетілген өзін-өзі басқару институттары кызметтерін тоқтатып, әкімшілік бірлестіктердің басшылықты президент тағайындаған өкілдіктер арқылы жүргізуі; 2) конституцияда көрсетілгендей президентке мемлекет шеңберінде төтенше өкілеттік беру. Ол мемлекетте не оның бір бөлігінде саяси жағдайды тұрақтандыру үшін қолданылады. Мұндай тәсілді кейде президент демократиялық институттардың қызметтерін біршама шектеп, өз жағдайын жақсартып алу үшін де пайдаланады.
Президенттік республика— конституция бойынша жоғарғы билікті президент жүргізетін республикалық басқарудың түрі. Әдетте, онда мемлекеттің де, үкіметтің де басшысы болып президент саналады. Оны парламент немесе халық сайлауы мүмкін. Егер президентті парламент немесе оның негізінде құралған коллегия сайласа, оны "парламенттік президент" дейді. Конституция бойынша оған белгілі бір құқықтар беріледі. Бірақ ол құқықтарды
жүзеге асыру үшін құжатқа премьер-министр немесе министрліктердің біреуінің қойылған қолы болуы керек. Онсыз биліктің күші болмайды. Ал егер президентті жалпыға бірдей, тікелей, құпия сайлау арқылы халық сайласа, ондай мемлекетті президенттік республика дейді. Ондай мемлекеттің билігі зор болады.
Сайлау жүйесі— белгілі бір билік түрін, мемлекеттік өкілеттік, заң шығаратын, атқару, сот орындарын қалыптастыруға қатысуды қамтамасыз ететін ережелер мен әдістердің жиынтығы. Сайлау жүйесі мажоритарлық, пропорционалдық, азшылықтың өкілдігі болып үшке бөлінеді.
Сайлау құқығы— мемлекеттің өкілеттік органдарына азаматтардың сайлау және сайлану құқықтары. Ол адам құқықтарының жалпы декларациясынан туындайды. Соған байланысты әр елдің конституциясы бойынша 18 жасқа толған әрбір азамат (заңмен шектелген жағдайлардан басқа) сайлауға қатыса алады.
Саясат субъектілері — іс-әрекет жасаушы жеке адам немесе әлеуметтік топ. Саясаттың субъектісі дегенде өз мүдделеріне байланысты саяси өмірге белсене араласып, басқалардың санасына, іс-әрекетіне, жағдайына ықпал ететін, саяси қатынастарға белгілі өзгерістер енгізетін, саясатты жасайтын адам, ұйым не әлеуметтік топты айтады. Саясат субъектісінің құрамы, іс-әрекеттерінің түрлері, тәсілдері, көздеген мақсат-мүдделері және т.б. қоғамның нақты, тарихи жағдайымен айқындалады. Оған азаматтар, әлеуметтік топтар, ұлттар, қоғамдық-саяси ұйымдар, мемлекет, тіпті жалпы қоғам да жатады.
Саясаттану— саясат туралы, саясаттың адам және қоғам арасындағы қарым-қатынасы туралы ғылым. Саясаттанудың зерттеу объектісіне қоғам өмірінің барлық салалары жатады. Ол саясат туралы жалпы, жинақталған білім береді.
Саяси әлеуметтену — қоғамдық процестер нәтижесінде жеке адамның белгілі бір саяси рөл атқарып, әлеуметтік-саяси қалыптасуы. Саяси әлеуметтену отбасы, құрдастар тобы, мектеп, жоғары немесе арнаулы орта оқу орны, саяси ұйым, ұжым сияқты өмірдің сан саласының ортасында пайда болып, одан әрі өрбиді. Ол тәрбие, үлгі-өнеге, саяси насихат, өмір салтының ықпалын және өзінің саяси тәрбиесі арқылы іске асады. Оның қалыптасуына сол кездегі тарихи дәуір, шетелдегі жағдай, осы мемлекеттің саяси-әлеуметтік, экономикалық, мәдени дамуы, үстемдік етіп отырған қоғамдық тәртіптің сипаты, топтың, таптың, ұлттың өзгешеліктері және т.с.с. әсер етеді.
Саяси жүйе — билікті жүргізуші әлеуметтік топтар, таптар, ұйымдар мен мемлекеттер арасындагы өзара қатынастарды реттейтін, қоғамда тұрақтылык пен тәртіпті қамтамасыз ететін ұйымдар, мекемелер мен институттар жиынтығы. Оның негізгі элементтеріне мемлекет, саяси партиялар, дін орындары, қоғамдық-саяси ұйымдар және т.б. жатады.
Саяси институттар — құрылысы жағынан ұйымдасқан, бір орталыққа бағынатын, ерекше өкілдіктерге ие, атқарушы аппараты бар саяси мекеме. Мысалы, оған мемлекет, саяси партиялар, кәсіподақтар, кооперативтік, жастар, әйелдер және т.с.с. ұйымдар мен бірлестіктер жатады. Бұл ұйымдардың бәрі таптық, топтық, ұлттық, жыныстық, кәсіби, жас мөлшеріне қарай және т.т. байланысты пайда болатын көптеген әлеуметтік мақсат-мүдделерді білдіріп, қорғау үшін кұрылады.
Саяси мәдениет -өкімет пен азаматтардың өзара қатынастарына байланысты тарихи қалыптасқан саяси нұсқаулар, қазыналар, адамның өзін-өзі ұстауы жөніндегі жарлык, қаулылар жүйесі. Ол қоғамдағы саяси өмірдің барлық салаларын қамтиды. Оған ең алдымен саяси сананың мәдениеті, адамдардың, топтардың, ұлттардың өзін-өзі мәдени ұстай білуі, осы жүйенің шеңберінде жұмыс істейтін саяси мекемелердің мәдениеті кіреді.
Саяси процесс — 1) қоғамның саяси жүйесінің, құбылыстарының уақыт пен кеңістікте даму барысы, өзгеруі; 2) түпкілікті нақты нәтижеге жеткен белгілі бір көлемдегі процесс. Мысалы, қайсыбір партия не қозғалыстың қалыптасуы, сайлаудың өткізілуі, басқарудың жаңа құрылымының дүниеге келуі және т.с.с.
Саяси сана — адамдардың саяси өмірді түсініп, сезінуі. Оған ең алдымен қоғамдағы саяси идеяларды, көзқарастарды, мақсат-мүдделерді ұғынуы, саяси билікке қатынасуы жатады. Олар адамның іс-әрекетіне, әр түрлі жағдайда өзін-өзі ұстауына тікелей әсер етеді.
Тұлға – қоғамдық өмірдің нақтылы-тарихи жағдайы қалыптастырған, саналы іс-әрекет ете алатын, өзінің жүріс-тұрысына жауап беретін, еңбек етіп, қарым-қатынас жасаушы, айналадағыны танып-білуші жеке адам.
Ұлт— аумақтың (территорияның), тілдің, экономикалық өмірдің және ұлт мәдениеті мен тұрмыс ерекшеліктерінде көрінетін психикалық қалпының ортактығымен байланысты адамдардың тарихи қалыптасқан бірлестігі.
Ұлтжандылық— Отанға, халқына, оның тарихы, тілі, мәдениетіне деген сүйіспеншілік, бойындағы күш-қуаты мен білімін Отан игілігі мен мүддесіне жұмсау. Отансүйгіштік, ұлтжандылық өз мүддесі мен елінің, халқының мүддесі бір, ортақ екенін сезінуге әкеледі. Сондықтан бұл сезім Отанның егемендігін, абыройын қорғауға шақырады. Оны ұлтшылдықпен шатастыруға болмайды.
Ұлттық мінез— белгілі бір ұлтқа тән дүние танудағы негізгі ерекшеліктер. Ол сол ұлт өкілдерінің қызуқандылығында, іс-әрекеттерінде, талғамында, әдет-ғұрпында және т.с.с. көрініс береді.
Ұлттық сана сезім— белгілі бір ұлттық этникалык бірлестікке тән, оның рухани даму ерекшелігін білдіретін саяси, әлеуметтік, экономикалық, философиялық, адамгершілік, діни және т.б. идеялар, пікірлер, көзқарастар жиынтығы.
Ұлттың өзін-өзі ұғынуы— бір ұлтқа жататын адамдардың өзіндік саяси, экономикалық, әлеуметтік мүдделерін, басқа ұлттардың арасында өз орнын ұғынып, жете түсінуі. Соның негізінде белгілі бір ұлттық қазыналарды ардақтау, ұлттық бірлікті сезіну пайда болады. Онда халықтың өз тарихына, мәдениетіне, әдет-ғүрпына, салт-дәстүріне қатынасы білінеді.
Элита— саясатта, экономикада, рухани өмірде өздерінің білімділігімен, іскерлігімен, асқан мамандығымен ерекше жағдайға ие болған адамдар тобы. Бұл теорияның негізін салушылар итальяндық Г. Моска мен В. Парето. Олардың ойынша, саясат, экономика және ойшылдық саласында тамаша табысқа жеткен таңдаулылар қоғамды билейді, ғылыми-техникалық, әлеуметтік процестің козғаушы күші де осы сұрыпталған адамдар.