Тренингтің қорытындысын шығару

Психолог:

Үй тапсырмасы: психолог ата-аналарға өз өмірлік сенім қалыптастыруға, оны жазуға ұсынады. Біздің екінші сабағымызда аяқталды. Сабақта дем алдыңыздар, проблемаларыңыздан арылдыңыздар, ең бастысы балаңызға байланысты проблемалардан арылдыңыздар деп үміттенемін. Сондай-ақ сабақ сіздерді қызықтырды деп үміттенемін, себебі сіз үшін ең басты не туралы ойлайтыныңыз және өмір сүруіңіз жайлы айтылды».

Оштасу

Психолог: «Ал енді қоштасар алдында мынаны айтқым келеді, сіздермен жұмыс істегеніме өте қуаныштымын. Ал сіздер ше? (Топтың қатысушылары өз ойларын айтады). Барлықтарыңызға көмектескендеріңіз үшін алғысымды білдіремін». Психолог барлығына шеңберге тұрып, қоштасар алдында бір-біріне мейрімді сөздер айтуды және қайталап кездескенде осы сөздерді айтуды қажеттілігін айтады».

№3 сабақ

Жаттығу

Сәлемдесу

а) Топтағы қысымды болдырмауға арналған жаттығулар.

Пантомимка тәсілдерін қолдану. Психолог топ қатысушыларына жұмыстан кейінгі үйге асығып келе жатқанын, адамға лық толған көлікте келе жатқанын, бастығының кабинетіне кіріп бара жатқанын (осы сахнада барлығының алдында көрсету) өзін бейнелеуді ұсыну және т.б.

б) өзін танытуды дамытуға және өзіндік бағасын жоғарлатуға арналған жаттығулар.

МЕНІҢ ЖАҒЫМДАҒЫ МЕН АРАСЫНДАҒЫ ДИАЛОГ: МЕЙРІМДІ АНА МЕН ҚАТАЛ АНА» ойыны

Психолог:

«Сонымен, бірінші тапсырма: үнемі баласымен қарым-қатынаста өзінің жылулығы мен қамқорлығы, жақсы көруімен толықтыратын мейірімді, көңіл бөлгіш ана кейпін бейнелеу қажет. Оны әрқашанда оның олақтығы, баяулығы және епсіздігі тітіркендірмейді. Ол ешқашанда баласына дауыс көтермейді және әсіресе денесіне жарақат түсіру түрінде жазалауды қолданбайды. Бастадық».

Мұндай тапсырма психосоматикалық типті кейбір түрлеріне және беделді ата-аналарға айрықша ұсынылады. Күн тәртібі кезеңдерін (таңертең: мектепке дайындық; үй тапсырмасын орындау; қонақ күтуге дайындық және т.б.) қолданумен ойын жүзеге асырылады.

Психолог:

«Ал енді, қатал ана кейпін бейнелейміз. Бастадық».

Бұл тапсырма невротикалық типті аналарға ұсынылады. Практикалық материалды талқылау кезінде күн тәртібі кезеңдері қолданылады.

Егер топ қатысушылары тапсырмаларды орындау кезінде қиыншылық туындаған жағдайда, оны «бос» орындық техникасымен жеңілдетуге болады. Бұл келесі түрде жүзеге асырылады. Шеңбер ортасына екі орындық қойылады, оның біреуіне баласымен қатынаста қиыншылық туындаған қатысушы отырады. Алдымен оған өзіне дағдылы мінез-құлқын көрсету ұсынылады (авторитарлы ана үшін агрессивті, ал невротикалық үшін пассивті, психосоамтиклық аналар үшін екі вариантта кездеседі). Сосын психолог қатысушыға қарама-қарсы тұрған орындыққа отыруды және өзін басқа, қарама-қайшы қасиеті жағынан көрсетуді ұсынады. Сонымен қатар барлық топ қатысушылары жаттығу орындауға көмектеседі.

В) «Тек бүгін ғана, №4 тармағы.

Негізгі бөлім

«Ұлым мені жақсы көрмейді» әңгімесін талқылау.

«Психологқа бір әйел келеді. Оның өте жүйкесі жұқарған, көзі жасқа толы.

– Менің ұлым – мүгедек. Жалғыз балам. Күйеуім бізден баяғыда кетіп қалған. Оның қазір басқа отбасы бар. Не менімен, не ұлыммен мүлде сөйлеспейді. Әжемізбен, менің анаммен тұрамыз.

– Сізді маған келуге не итермеледі?

– Менде тек екі жақын адамдарым бар: ұлым және анам, өмір солай болды. Анаммен қарым-қатынасымыз жақсы, ал бірақ ұлыммен мүлде сөйеспейміз деуге болады.

– Неге олай болды? Сізді не мазалайды?

Әйел біраз үнсіздіктен кейін жалғастырды:

– Менің ұлым..., - оның келбеті жүйке, бет-аузын қисайту, қолдары мен дауысы дірілдейді. Кейде, бір нәрсені айтуға кедергі жасайтын сияқты көрінеді, - менің ұлым... ол мені... жақсы көрмейді, - терең тыныс алады әйел. – Мүмкін өзім кінәлі шығармын, білмеймін.

Ол жылайды.

– Сеніңізші, одан кішкене болсын жылулық сезімін алғым келеді. Басқа аналарға қарап, оларға қызғанамын. Олар бақытты: оларды балалары жақсы көреді.

Әйел үндемейді. Қобалжуын басып, жалғастырады:

– Ол кішкене болған кезде оған жақсы көрмеген екенімді мойындаймын. Мен не деп кеттім, деп әйел жөндейді, - Сіз мені тек дұрыс түсініңіз. Мен оны үнемі қатты жақсы көрдім. Ол үшін барлығын жасадым: оған қажетті дәрігерді, педагогты таптым; оны мектепке баратынмын, мектеп біздің үйден өте алыс; менімен бірге ұзағырақ болу үшін оны бес күндікке тастап кетпейтінмін. Бірақ жүрегімде үнемі қандай да бір ұят, қорқыныш сезімдері болатын. Менің сезінгендерімді қалай айтуға болатынын білмеймін. Бәлкім, оны жақсы көруге де осы кедергі жасаған шығар?

Қазір ол жасөспірім. Ер жетті. Оның кейбір қылықтарына әлі күнге дейін үйрене алмай жүрмін.

Психолог: Сізді ұлыңыз қазіргі жағдайы ашуландырды немесе ашуландырады ма? – Ия... Мені үнемі... оның сыртқы келбеті ашуландыратын. Одан үнемі сілекейі ағып тұратыны. Ол күлгенде қандай болатынын білсеңіз ғой? Тіпті оны қалай сипаттап берерімді де білмеймін. Сосын тағы да: барлығы тыныш, жақсы дерлік; ол бір нәрсемен айналысып отыр... кенеттен қолын шапалақтай немесе бұлғай ете жөнеледі. Бұл дегеніміз, ол бір нәрсе тапты немесе бір нәрсеге таң қалды деген сөз. Тіпті қандай да бір сөздерді айқалап айтуы, шыр ете түсуі де мүмкін. Оған, Асан қой деп айтсаңда, ешбір тынышталғысы келмейді. Міне, ұлымыздың жұмысымыз осы.

Психолог: Ұлыңыз Сізге мейрімді болады ма айтыңызшы?

– Жоқ, ешқашан.

Психолог: Ал Сіз ше, оған өз махаббатыңызды қалай білдіресіз?

– Иә жоқ. Жалпы, мен өте қаталмын. Оны қалай білдіру керек? Мен білмеймін.

Психолог: Балаңыздың қылықтар мен ерекшеліктері ертеде көп жағдайда сізді итермелеген шығар. Ал қазір жағдай өзгерген шығар? Сіз оған үйретініп және шыдамды болдыңыз ба? Өйткені ол Сіздің ұлыңыз емес пе? Сіз ол үшін сонша нәрсе жасадыңыз, оны сөзсіз жақсы көресіз.

– Ия, әрине, әрине. Енді ол сондай, маған не істеу керек. Мен оның барлығын түсінемін. Тек екеумізде арақатынасымыз дұрыс болмай жүр. Қалай болу керек, маған кеңес беріңізші».

Психолог:

Сіз не деп ақыл айтар едіңіз?

Сізде осы сияқты жағдайлар болған жоқ па? Дамуында ауытқуы бар бала жақсы көре алады деп есептейсіз бе?

Осы жағдайды қалай түзетуге болады? Ана мен бала махаббатын қалай қайтадан оятуға болады?

Оны жасауға тұрады ма? Ал, егер де иә болса, онда оны қалай жасауға болады? Өз тәжірибеңізбен бөлісіңіз.

Балаңыз Сізді жақсы көреді деп ойлайсыз ба? Балаңыздың махаббаты қандай жағдайлары сізді қуантады?

Аутотенинг

Алдындағы схема бойынша жүргізіледі.

Наши рекомендации