Бітірушілерге Қойылатын жалпы талаптар
5В060100 – Математика мамандығы бойынша оқу бағдарламасын аяқтағаннан соң бітіруші, математика мамандығы бойынша Математика бакалавры іргелі білімдерді меңгерген және кең дүниетанымы қалыптасқан, еңбек нарығы мен технология талаптарының өзгерісіне сәйкес бейімделуге қабілетті, командада жұмыс жасай алатын жаңа формация маманы болуы қажет.
Математика мамандығы бойынша математика бакалавры негізгі оқу жоспарында қарастырылған Жалпы білім беру пәндері циклыбойынша: әлемнің ғылыми, философиялық және діни көріністері туралы ұғымы болуға; тарихи өткенге баға беруге байланысты сұрақтарға өз ұстанымын айта және негіздей білуі; қазақ, орыс және түрік тілдерін әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени және кәсіби салаларда араласу деңгейінде білуі; ең болмағанда бір шет тілін әлеуметтік-тұрмыстық және кәсіби саладағы актуалды тақырыптарға байланысты әңгімелер жүргізе алу деңгейінде, арнайы мәтіндер мен мақалаларды оқу және сөздіктің көмегімен аудару деңгейінде білуі; өзінің кәсіби қызметінде пайдаланатын ақпаратты жинау, сақтау және өңдеудің қомпьютерлік әдістерін меңгеруі; қойылған есептерге қоршаған ортаның экологиясын сақтау көзқарасы тұрғысындағы қолданылатын әдістердің үдеушілдігін (прогрессивтілігін) бағалай білуі. Базалық пәндерді оқу барысында:математикалық анализдің, алгебраның, аналитикалық геометрияның, дифференциалдық теңдеулердің, дискретті математика және математикалық логиканың, ықтималдықтар теориясы және математикалық статистиканың, т.б. пәндердің негізгі бөлімдерін білуі. Кәсіби пәндерді оқу барысында:функционалдық анализдің, математикалық физика теңдеулерінің, вариациялық қисап және тиімділеу әдістерінің, нақты анализ, т.б. пәндердің негізгі бөлімдерін білуі тиіс.
Жалпы білімділікке қойылатын талаптар:
- 5В060100-Математика мамандығының барлық базалық және кәсіптік пәндерден базалық теориялық білімдер;
- философия, Қазақстан тарихы, әлеуметтану т.б. сияқты әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар саласындағы білімдер;
- шет тілдердің біреуін (мысалы ағылшын тілін) ғылыми түрде меңгеру;
- қазақ, орыс және түрік тілдерін меңгеру.
6М060100– «Математика» мамандығы бойынша оқу бағдарламасын аяқтағаннан соң бітіруші - білім беру мекемелерінде, жалпы білім беретін мектептерде, ЖОО-да педагогикалық процесті ұйымдастыру, оқу-тәрбие шараларының жоспарларын, жобаларын, бағдарламаларын жасап жалпы орта, бастапқы кәсіби, орта және жоғары кәсіби білім беру мекемелерінде жүзеге асыру дағдысын меңгеруі қажет. Сонымен қатар ғылыми зерттеу жұмыстарына жетекшілік етеді, ғылыми жобаларды дайындайды.
6М060100 - «Математика» мамандығы бойынша білім магистрі негізгі оқу жоспарында қарастырылған міндетті модульдерге енетін: Қазақстандағы педагогикалық ойлардың даму тарихын, ғылыми жұмыстарды ұйымдастыру және жоспарлауды, басқа да әлеуметтік-гуманитарлық пәндерден білімдерді игеруі; қазақ, орыс, түрік, шетел тілдерін меңгеруі; басқару құралы ретінде компьютермен, жалпы бағыттағы бағдарламалық құралдармен жұмыс істеу дағдыларын меңгеруі; жаһандық компьютерлік жүйелерден алынатын ақпараттарды пайдалана білуі; базалық пәндерді т.б. пәндердің негізгі бөлімдерін білуі; мемлекеттік және шетел тілдерінен білімін тереңдету, кәсіптік пәндерді оқу барысында: педагогика және психолгия бойынша білім беру саласындағы кәсіби қызметтің барлық түрлерін жүзеге асыру үшін қажетті білім, білік және дағдыларды, тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесін меңгеруі тиіс.
- ҚҰЗЫРЕТТЕРГЕ НЕГІЗДЕЛГЕН БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде 5B060100 – «Математика» мамандығына арналған білім беру бағдарламасындағы метақұзыреттер вертикалды және горизонталды бірігуіне негізделген:
Магистратура (EQF-7) | M1.Оқу-танымдық (2) | M2. Жеке тұлғалық (2) | M3.Комму-никативтік (2) | М4. Ғылыми педагогикалық (2) | |
Бакалавриат (EQF-6) | Б1.Оқу-танымдық (1) | Б2. Жеке тұлғалық (1) | Б3.Комму- никативтік (1) | Б4. Кәсіби (1) | Б5. Маман дандыру (1) |
1.1 5B060100-МАТЕМАТИКА МАМАНДЫҒЫ БАКАЛАВРЫНЫҢ ҚҰЗЫРЕТТЕРІ 5B060100 – «Математика»білім беру бағдарламасын тамамдаған кезде (4 жыл, бакалавр) бітіруші төмендегі құзыреттерді меңгергенін көрсетуі қажет:
Метақұзыреттер | Құзыреттер |
Б1.Оқу-танымдық | Б1.1. БІЛІМІН ҚОЛДАНУ– білімін және дағдыларын тәжірибе жүзінде қолданады; Б1.2. АҚПАРАТТЫ СЫНИ ОЙЛАУ АРҚЫЛЫ БАСҚАРУ:ақпараттың артықшылықтары мен кемшіліктерін сыни көзқараспен бағалай білу, ойлау, өзінің көзқарасын дәлелдей алу және жаңа шешімдер ұсына біледі; Б1.3. АҚПАРАТТЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ-заманауи ақпараттық технологияларды меңгеру және кәсіби салада қолдануға қабілетті. |
Б2. Жеке тұлғалық | Б2.1. ӨЗІН-ӨЗІ ДАМЫТУ-кәсіби және тұлғалық тұрғыдан өсуге ұмтылу қабілеті. Б2.2. ӨЗІН-ӨЗІ ҰЙЫМДАСТЫРУ:өз уақытын тиімді ұйымдастыруға, жауапкершілікті өзіне қабылдауға, техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтауға, қоршаған ортаны қорғауға қабілетті; Б2.3. ТОПТА ЖҰМЫС ЖАСАУ:топта жұмыс істеуге қабілетті,жаңа шешімдер ұсына біледі, өз пікірін ұжым пікірімен ұштастыра біледі, қақтығыстарды шешуге қабілетті; Б2.4. ЭТИКА ЖӘНЕ ҚҰНДЫЛЫҚТАР:қоғамдық нормаларға негізделетін әлеуметтік-этикалық құндылықтарды біледі және кәсіптік қызметінде қолданады; өзге халықтардың мәдениетіне толерантты. |
Б3.Коммуникативтік | Б3.1. ҚОҒАМ ЖӘНЕ КӘСІБИ ОРТАДА КОММУНИКАТИВТІ ДАҒДЫЛАРДЫ ҚОЛДАНУ: ауызша және жазбаша сөйлеу әрекеттерін жүйелі, сауатты, дәлелді және нақты қолдану |
Б4. Кәсіби | Б4.1.КӘСІБИ МІНДЕТТЕРІН АТҚАРУ: жаратылыстану ғылымдарының негізгі заңдылықтарын, теориялық және тәжірибелік зерттеулер, математикалық талдаулар мен модельдеу әдістерін қолдану қабілеті. |
Б5. Мамандандыру | Б5.1.ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУЛЕРДІ ЖҮРГІЗУ:саласы бойынша ғылымның даму бағыттарын анықтап, өз ғылыми-зерттеу жұмыстарын жоспарлау және жүзеге асыру қабілеті; Б5.2.ЖЕТІСТІКТЕРІН ЖАРИЯЛАЙ БІЛУ:Өткізілген физика-математикалық және қолданбалы зерттеулердің нәтижелерін пән саласындағы терминдері арқылы нақты ұсыныстар түрінде бере алуға қабілетті. |
1.2 БАКАЛАВРИАТ МОДУЛЬДЕРІ БОЙЫНША ҚҰЗІРЕТТІЛІКТЕРДІҢ ҮЙЛЕСТІРІЛУІ:
№ | Модуль аты | Б1.Оқу-танымдық | Б2. Жеке тұлғалық | Б3.Коммуникативтік | Б4. Кәсіби | Б5. Маман-дандыру |
Мемлекеттік міндетті модуль (8 кредит) | Б1.1, Б1.2, Б1.3 | Б2.1, Б2.2, Б2.3, Б2.4 | ||||
Коммуникативтік модуль (17 кредит)* | Б1.1,Б1.2, Б1.3 | Б2.1,Б2.4 | Б3.1 | |||
ЖОО электив Модулі (8 крелит) | Б1.1,Б1.2, Б1.3 | Б2.1, Б2.2, Б2.3, Б2.4 | Б3.1 | |||
Кәсіби модульдер блогы (96) | ||||||
3.1 Базалық кәсіптендіру модулі | ||||||
Модуль- Математика І | Б1.1,Б1.2 | Б2.1,Б2.2, Б2.3 | Б4.1 | |||
Модуль-Математика ІІ | Б1.1 | Б2.1,Б2.2 | Б4.1 | |||
Модуль-Математика ІІІ | Б1.1,Б1.2 | Б2.3 | Б4.1 | |||
Модуль-Математика ІV | Б1.1,Б1.4 | Б2.2 | Б4.1 | |||
Модуль-Кәсіптендіру пәндер | Б1.1,Б1.4 | Б2.2 | Б4.1 | |||
Модуль-Математика V | Б1.1,Б1.4 | Б2.1,Б2.2 | Б4.1 | |||
Модуль-Математика VІ | Б1.1,Б1.3 | Б4.1 | Б5.1 | |||
Модуль-Математика VІІ | Б1.1,Б1.2, Б1.3 | Б4.1 | ||||
Модуль-Есептеу әдістері | Б1.1,Б1.3 | Б5.1 | ||||
Модуль-Математиканы оқыту әдістемесі | Б1.1,Б1.4 | Б2.1,Б2.2 | ||||
3.2 Жеке білім траекториясының модульдері (ЖБТ) | ||||||
ЖБТ1 Жалпы топология | ||||||
Модуль –Топология І | Б1.1, Б1.3 | Б5.1 | ||||
Модуль –Топология ІІ | Б1.1, Б1.2 Б1.3 | Б2.3 | Б4.1 | Б5.1, Б5.2 | ||
ЖБТ2 Қолданбалы математика | ||||||
Модуль – Сандар теориясы | Б1.1,Б1.3 | Б2.1 | Б4.1 | Б5.1 | ||
Модуль – Заманауи мәселелер | Б1.1,Б1.3 Б1.4 | Б4.1 | Б5.1 | |||
3. | Тәжірибе | Б1.1 | Б2.1,Б2.2 | Б5.2 | ||
4. | Қорытынды аттестатция | Б1.1 | Б2.3,Б2.4 | Б3.1 | Б4.1 | Б5.2 |
5. | Оқытудың қосымша түрі | Б1.1,Б1.2 | Б2.1,Б2.3 |
БАКАЛАВРИАТ ПӘНДЕРІ БОЙЫНША ҚҰЗЫРЕТТЕРДІҢ ҮЙЛЕСТІРІЛУІ: