Ж.аймауытовтың өмірі
Ж.Аймауытовтың өмірі мен шығармалары
Ж.Аймауытовтың өмірі
Жүсіпбек Аймауытов 1889 жылы Семей губерниясы, Павлодар уезі, Қызылтау болысының №1 ауылында кедей шаруаның семьясында туды.
Ғұмыры алты-жеті қарадан артық мал бітіп көрмеген әкесі Аймауыт балаларын (Ақат, Жүсіпбек, Жақыпбек) қаршадайынан еңбекке баулиды. Ауылдағы етікші, ағашшы, сыршыларға жіберіп, қол өнеріне үйретеді. Жалпы бұл семьяда қолы іс білмейтін адам болмаған. Әкесі үй іші жабдығынан сынған-бүлінген нәрсені өзі бүтіндеп тастайды екен. Шешесі бүкіл бір ауылдың киімін тігетін ісмер болған. Алаша тоқу, сырмақ оюлау өнері де осы босағадан табылатын. Табиғат жарықтық бір берсе, үйіп-төгеді ғой. Жүсіпбектің шешесі Бәтима, апайлары жанынан өлең шығарып, ауыл арасы айтысқа да түсе береді екен.
Жүсіпбек жастайынан зерек өскен. Әуелі ауыл молдасынан тіл сындырған ол, 1907 жылы Баянауыл мектебіне түседі.
Бұдан соң Павлодардағы екі класты орыс-қазақ училишесін (төрт жылдық) бітіреді. Қыс оқып, жаз шыға елден күн көріс тауып, етік тігіп дегендей, тыным таппайды. Сол еті тірлігшін арқасында 1914 жылы Семейдің мұғалімдер әзірлейтін семинариясына түсіп, оны 1919 жылы тәмәмдайды.
Осы жылдары ол орыс және дүние жүзі әдебиеті классикасымен танысуын бастайды. «Смағұлға жауап» деген анкета есебіндегі материалда Аймауытов өзіне шетел жазушыларынан: Монассан, Мольер. Виктор Гюго, Шекспир. Джек Лондон, Рабиндранат Тагор, Стефан Цвейг, орыс суреткерлерінен: Гоголь, Пушкин. Толстой, Максим Горький, Короленко, Чехов қатты ұнағанын айтқан.
Қай уақыттан жаза бастағаны туралы да Жүсекеңнің өз қолымен қалдырып кеткен куәлігі бар. Жаңағы жауап хатында ол былай дейді: «Ең алғаш өлең жазғаным 13 жасар кезім болса керек.
Дұғалык жазатын кішкене қара шолақ кітапшама тіленші шалға боранда есігін ашпаған бір кемпірді, кешкенде байталға мінбеймін деп, әкесін ренжіткен қызды (Ол Жәмікен деген апам ғой) өлең қып жазғанымды әкем көріп, маңдайымнан иіскегені әлі есімде».
Алғашкы өлеңдерінде жас талап көбінесе Абайға еліктейді. Жазуға ден койғанын бір әңгіменің баспа жүзін көруімен байланыстырады. «Ен алғаш басылған сөзім, 1913 жылы болса керек, бір ақымақ алыпсатардың болыс бо-лам деп, елге бір месте апарып, елдің қулары болыс етіп қоямыз деп, бұл хабар «Қазақ» газетінде басылды. Сол хабардың басылуы қалам ұстауыма
үлкен себеп болды». Содан ол оқи жүре, баспасөз ісіне етене араласа
бастайды. 1918 жылы Семейде шыға бастаған «Абай» журналының редакторы болады. Жүсіпбек журналдың екінші санында «Тұр, бұқара, жиыл кедей, ұмтыл жастар» деген мақала жариялайды. Революцияға тілектестігін білдіреді. 1917 жылдың көктемінде Семейде Сол жылдың қысынан 1924 жылдар аралығында Ақтөбе оқу бөлімінде, Қарқаралы мектебінде қызмет істейді, мұғалім болады.
1924 жылдың аяқ шенінде Аймауытов Ташкентке шақырылады. Осы кезде жазушылық ісін үдете түседі. Ташкенттен Орынборда шығатын газет-журналдарға жиі қатысып тұрады. Ташкентте «Ақ жол» газетінің әдебиет бөлімін басқарады, газетке қосымша «Сәуле» журналын редакциялайды. 1926-1929 жылдары Жүсіпбек Аймауытов - Шымкент қаласындағы педагогикалық техникумның директоры. Осы қызметте жүргенде Торғайға айдалған мал турасында үстінен іс жүргізіледі. Сот барысында Ж. Аймауытов кінәсіз деп табылып, ақталады. Соттың қалай өткеніне куәлік те бар. Б.Кенжебаевтың қалдырып кеткен құнды естелігінен табамыз.
«Сот үш күнге созылады, - деп жазады профессор Бейсембай Кенжебаев. - Үшінші күні Жүсіпбек соңғы сөзін сөйлейді. Оны түгел жазып алған екен, мәнерлеп оқып шықты. Залдағы отырған көпшілік өте риза болды. Соңғы сөзін Жүсіпбек түгелдей қазақ халқының әдет заңынын негізіне құрған еді. Асылы былай болды: «Қазақ ежелден қарыз беріп, қарыз алады, құн беріп құн алады, калың мал береді, қалын мал алады. Сонда ол бірінен-бірі еш уақытта қолхат алмайды, ешбір протокол жасамайды; бәрін ауызша, сөзбен жүргізеді. Бұл әбден әдет болып кеткен. Аштарға жәрдем үлестіргенде менін бойымда да ойымда да осы заң күшті болды. Мен атам қазақтың осы заңын ұстандым. Аштарға не берсем де ешқайсысынан қолхат алмадым. Хат білмейтін. аштан көзі қарайып. өлейін деп отырған адамнан қолхат сұрауды қолайсыз көрдім» дегенді айтты. Осылай Жүсіпбек ақталып шықты».
Осы пәледен құтылдым ба, құтылмадым ба деп жүргенде, аяқ астынан саяси жалаға ұшырайды. Басмашылармен байланысын бар деді ме, астыртын контреволюциялық «Алқа» ұйымында болдың (шынында әдеби үйірме) деді ме, әйтеуір Сталин культінің алғашқы құрбандарының бірі болып, есіл азамат, талантты жазушы Жүсіпбек Аймауытов 1929жылы ұсталып, 1931 жылы атылды. «Маған тағылған кінәмен таныстым. Өзімді айыптымын деп санамаймын». Бұл Аймауытов қаламынан туған соңғы сөздер еді. Енді, міне, жарты ғасыр өткенде жазушы ақ жүрегінен бар шынын айтқаны толық дәлелденіп отыр. Аяулы аға маңдайы жарқырап арамызға қайта келді. Халқы сүйікті перзентінің асыл рухы мен қайта қауышты