Технологиялық карталар. Қараша.

Білім беру саласы: «Шығармашылық» Бөлімі: «Музыка». Тақырыбы: «Мерекелік ән мен күй» Мақсаты: Балаларға мерекелік көңіл күй сыйлау, белгілі әуенге қимылдар жасауға үйрету. Қолданылатын көрнекі – құралдар: Жалаушалар, құлынның, аттың суреті. Сөздік жұмыс: жалауша, көкпеңбек.

Оқу іс – әрекетінің кезеңдері Музыка жетекшісінің іс – әрекеті. Балалардың іс – әрекеті.
Мотивациялық- қозғаушылық. Музыка залына қолдарына жалауша алып, көңілді маршпен кірген балаларды қарсы алады. Атша шабуға үйрету. Оң аяқ алда, сол аяқ оң аяқты қуатынын айту, қимылмен көрсету. Ат шабысын салып көрсету.   Балалар залға марш музыкасымен қуанышпен келеді. Атша шабуды келтіреді. Оң аяқ сол аяқты қуғанын көрсетеді.
Ұйымдастырушылық- ізденістік -Балалар, біз аттың шабысын салдық. Сендер кішкентай адамсыңдар, яғни баласыңдар. Аттың кішкентайын яғни төлін құлыншақ дейді. Музыка тыңдау:«Құлыншақ» (муз. Қ.Шілдебаев, сөзін жазған И.Сапарбай) -Құлыншақ өздеріңдей балалардың досы, әрі серігі. Музыка тез, ойнақы ойналады. Өйткені құлыншақтар сендер секілді шауып жүргенді жақсы көреді. Ән айту:Өткен әндерді қайталау. Дауысты қатты айғайламай шығару. Ережелерді еске түсіру. Ән үйрену:«Мерекелік ән мен би». Әннің мәтінін үйрету. Әнде мереке жайлы айтылып отыр. Көк аспандай көкпеңбек жалаушаларды әнге қосып айту. Мерекеде көңіл – күй қандай болады? Жалаушаларды қалай бұлғаймыз? Яғни оңға және солға бұлғауға болады. Әннің шумағын үйреніп болған соң, жалаушалармен жаттығу жасату. 1. Қолды екі жаққа жайып,көтеру, қайта түсіру. 2. Қолды жоғары көтеріп, денені оңға солға иілту. 3. Жалаушаны жоғары көтеріп, орындарында тұрып айналу. 4. Жалаушаны ұстап жүру. Келесі сабақта қимыл түрлерін ауыстыру.   Балалар музыка тыңдайды.   Құлыншақ туралы білгендерін айтады. Өткен сабаөтардағы әндерді еске түсіреді, қайталайды.   Жалаушалармен жаттығулар жасайды.   Балалар музыка жетекшісіне қарап, көрсеткенін қайталап, бірге жасау,а тырысады.  
Рефлексиялық- түзетушілік -Бүгін қандай ән айттық, ән ұнады ма? -Қандай малдың төлі туарлы ән тыңдалды? Қортындылау, мақтау, мадақтау.     Иә ұнады.   Қоштасады.

Күтілетін нәтежие:

Біледі: мерекелік көңіл – күйді сезінуді.

Игереді: Мерекелік жалаушаның түсін ажыратуды.

Меңгереді: Жалаушалармен қимыл жасау дағдыларын.

Технологиялық карталар.

Араша.

Білім беру саласы: «Шығармашылық» Бөлімі: «Музыка». Тақырыбы: «Қысқы әуен» Мақсаты: Қысқы әндерге деген қызығушылықтарын ояту, дамыту, музыканы тыңдауға талпындыру. Театр кейіпкерлерін көруге шақыру. Қолданылатын көрнекі – құралдар: Кішкентай шырша,ойыншықтар, қоян атрибутары, «Қолғап» ертегісініңжинағы және үстел үсті ширмасы. Сөздік жұмыс: шырша, ойыншықтар, қоян, аю, қасқыр, бөлтірік.

Оқу іс – әрекетінің кезеңдері Музыка жетекшісінің іс – әрекеті. Балалардың іс – әрекеті.
Мо тивациялық- қозғаушылық. Балаларды көңілді күймен қарсы алу, амандасу. Кішкентай шыршаны ортаға алып келіп қояды. Балаларды шыршаның әшекейлерін көруге шақырады. Міне сұлу шыршамыз, Қуанамыз бәріміз. Әсем – сұлу жұлдызша, Жарқырайды құлпыра. Ойыншықтар әртүрлі Ілініпті қараса, - деп , шыршаның әдемі безендірілгенін көруге шақырады. Балалар залға тізіле кіріп, амандасады.   Балалар шыршаға тамсана қарайды.     Балалар шырша басына қуана қарайды.
Ұйымдастырушылық- ізденістік -Қане балалар, мен сендерге «Шыршамызға арнаймыз» әнін айтып берейін, сендер мұқият тыңдаңдар. (муз. Е.Тиличева, сөзін лайықтаған Г.Абдырахманова). Балалар зейінін ойыншық қояндар мен түлкіге аудару (олар шырша түбінде отырады). Әуенді – қимылды ойын: «Қояндар мен қу түлкі» (муз. Г.Филаровский, лайықтаған Г.Абдырахманова) Балаларды ойынға әндете шақырады. Балалар қоянныңатрибутын кигізеді, педагог алғашқы түлкі кейіпін өзі ойнайды. Үстел үстіне шыршаны қойып, балаларды саусақ театрын көруге шақыру.(Халық әні «Хайләйлім» музыкасын лайықтаған Б.Дәлденбай, Сөзін лайықтаған Г.Абдрахманова) «Қолғап» орыс халық ертегісін айтып беру, әр кейіпкердің әуенін қосыла айтуға үйрету. Ертегідегі Тышқан, Бақа, Көжек, Түлкі, Бөлтірік, Қабан, Аю кейіпкерлерінің бейнесін саусаққа киіп , дыбыстарын және қимылдарын көрсетіп, әндете айтып жеткізу. Мысалы, Тышқан, Бақа қимылдарын секіріп, дыбыстарын келтіріп көрсету. Балалардан дыбыстарды, қимылдарды қайталап көрсетуді сұрау -Көжек , түлкі, бөлтірік, қабан, аюлар қалай жүреді? – деп сұрайды. «Үйір болды қолғапқа» сөзін созып айтуды үйретеді. -Аңдардың бәрі ненің ішіне кіріп алды? Күшігі жүгіріп шығып, атаның алдында қимылдап жатқан қолғапты көріп,әупілдеп үре бастайды. Аңдар күшіктің дауысын естіп қорқып қаша жөнеледі. -Не қаша жөнеледі? -Күшік қалай дыбыстайды? Балалар әнді тыңдайды.   Балалар шырша түбінде отырған қояндар мен түлкіге қарайды.   Музыкасын тыңдап, ойнауға тырысады, қимылдарын ілесе жасайды.     Балалар театр кейіпкерлеріне қызыға қарайды, үстел үсті театрына қызыға қарап тыңдайды. Әнді тыңдап ертегі кейіпкерлеріне қызығушылықтары арта түседі, қосыла айтуға тырысады. Тышқан, бақа т.б. қимылдарын қайталауға тырысады.   Қолғапқа секіруге талпынады.     «Аңдар қашты» деп жауап беруге тырысады.     Әуп – әуп.
Рефлексиялық- түзетушілік. «Сөйлейтін бубен»ойыны. Бубен балаларды мақтайды, дұрыс жауап берген балаларға тапсырмаға «Жа-рай-сың» , «Ө-те жақ – сы» деп жетекші бубенді ырғақпен ұрады. Балалардың ырғақты сезінуін дамытады. «Қолғап» ертегісіндегі кейіпкерлердің дыбыстары мен қимылдарын музыка сөзімен жеткізуге үйретеді. -Ата қолғабын сендерге сыйлайды, оларды жақсы тыңдап отырдыңдар,- деп мадақтайды, қоштасады.   Балалар барлық кейіпкерлердің аянышын, қорқынышын, қуанышын сезіне қабылдауға талпынады.   Балалар ойынға қызыға қатысады.   Қоштасады.

Күтілетін нәтежие:

Біледі: Музыка тыңдауды, кейіпкелердің қимыл – әрекетіне мұқият болуды.

Игереді: Кейіпкелердің эмоцияларын қабылдауды.

Меңгереді: аңдар жүрісін, секіруін, дұрыс сөйлеуін.

Наши рекомендации