Еңбектің физиологиялық маңызы
ДӘРІС
ДӘРІС ТАҚЫРЫБЫ: Кәсіптік техникалық мектептерде оқу - өндірістік және тәрбиелік процестерді ұйымдастырудың гигиеналық принциптері
Мемлекеттік тілде құрастырған:
Доцент Уважанова А.С.
Ж.
Кредит
Дәріс
ДӘРІС ТАҚЫРЫБЫ: Кәсіптік техникалық мектептерде оқу - өндірістік және тәрбиелік процестерді ұйымдастырудың гигиеналық принциптері
МАҚСАТЫ: Студенттерді кәсіптік техникалық мектептерде оқу - өндірістік және тәрбиелік процестерді ұйымдастырудың гигиеналық принциптерімен таныстыру.
4. ИЛЮЮСТРАЦИЯЛЫ МАТЕРИАЛДАР:
«Power Point» программасындағы слайдтар.
ДӘРІС ТЕЗИСТЕРІ:
· Организмге тигізетін әсеріне байланысты барлық мамандықтарды шартты түрде 4 топқа бөлуге болады:
· Мамандыққа маңызды немесе «кілттік» функциялар өзінің психофизиологиялық негізіне байланысты бөлінеді:
- Еңбектің физиологиялық маңызы
· Жасөспірімдерді еңбекке баулу тәрбиесіне қойылатын талаптар.
· Еңбек жағдайына қойылатын гигиеналық талаптар.
ӘДЕБИЕТТЕР:
2. Неменко Б.А., Оспанова Г.К. «Гигиена детей и подростков», 2007, 342с.
3. В.Р.Кучма «Гигиена детей и подростков», 2004, 383с.
- Учебник «Гигиена детей и подростков» под.ред. В.Н.Кардашенко., М.,М., 1988, 512с.
5. 4.Б.А.Неменко, Г.К.Оспанова «Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы»,2002,342 б
6. 5.Руководство к лабораторным занятиям по гигиене детей и подростков. Под.ред.В.Н.Кардашенко., М.,М.,-1983, 264с.
7. 6.8.Гигиена детей и подростков (руководство для санитарных врачей)/Под ред. Г.Н. Сердюковской и А.Г. Сухарева, М., Медицина, 1986.,496 с.
8. Гребняк Н. П ., Агарков В.И. Психофизиологические основы профориентации учащихся общеобразовательных школ (Методические рекомендации, Донецк , 1987 г.).
9. Карцев И. Д. Халдеева Л.Ф., Павлович К. Э. Физиологические критерии профессиональной пригодности подростков к различным профессиям.( М., 1977.-177 с.
10. Левин В.М., Рутенбург Э.С. Профессиональная ориентация и врачебная профессиональная консультация подростков., Л., - 1977.- 272 с.
11. Медицинские и психофизиологические аспекты профориентации школьников ( М.,- 1991 г. ) .
12. Сухарев А. Г. Медицинские аспекты профессиональной ориентации школьников М., -1982 .
6. Бақылау сұрақтары: (кері байланыс)
Организмге тигізетін әсеріне байланысты барлық мамандықтарды шартты түрде 4 топқа бөлуге болады:
Ең көп таралған -ауыр жұмыс жағдайлары мен қолайсыз факторлары жоқ мамандықтар. Олар: кеңсе жұмыстары, халыққа қызмет ету саласы, аспаптар (прибор) құрастыру, электр-есептегіш машиналармен жұмыс, сағат жөндеу т.б. Бұл топтағы мамандықтарды медициналық қарсы көрсеткіштер қойылмайтындықтан, оларды денсаулығында және дене бітімінде, психикалық дамуында ауытқулары бар жасөспірімдерге ұсынуға болады.
| |||
Қолайсыз өндіріс факторлары орташа және уақытша әсер ететін мамандықтар, мысалы, аспазшылардың жұмысы жоғары температура мен жоғары ылғалдылықтың әсер етуіне байланысты болады.
| |||
Әртүрлі өндірістік қолайсыз факторлар тұрақты түрде әсер ететін мамандықтар. Мысалы, тоқыма цехтарында жұмысшыларға жоғары температура, шаң-тозаң, шуыл тұрақты түрде әсер етеді.
Ауыр және зиянды жағдайлары бар мамандықтар (300-ге жуық мамандықтар мен жұмыстар) жасөспірімдердің денсаулығына қойылатын талаптардан басқа, мұндай жұмыстарға орналасу үшін 18-ге толмаған жастарды алуға тыйым салынады және мұндай жұмыс орындарында оқушылар күніне 3 сағаттан артық болмауы керек.
|
|
|
|
|
Оқушыға педагогпен құрастырылған сипаттама келесі сұрақтардан тұрады:
Ерекше қаблеттілігі (техникалық, математикалық, спорттық, ұйымдастырушылық және т.б.).
Ұжымдағы араласушылығы (араласқыш, коммуникабельділігі, беделділік).
Ынта, зейін қою тұрақтылығы, жаңа жұмысты тез қабылдай алатындығы, алаңғасарлық.
Ойлау мен сөйлеу қабілетінің жылдамдығы.
Темперамент (қозғалғыштық, баяулық, қызбалық, салмақтылық).
Төтенше жағдайларға дайындығы.
Осындай мәліметтерді пайдалана отырып, дәрігер жасөспірімдердің мамандыққа дайындығына денсаулық жағдайы ғана емес, сонымен қатар кейбір негізгі психофизиологиялық белгілерінің де жарамдылығына баға береді.
Жұмысшылар организміне қойылатын талаптар талдап көрсетілген, мамандықтың сапалық сипаттамасының да (профессиограмма) маңызы да өте зор.
Профессиограммалар өндірістің гигиеналық бағасын және ең бастысы жұмысшылардың жеке типологиялық жағдайларына қойылатын талаптарды көрсетеді.
Қазіргі кезде профессиограмма банкі құрылуда, олардың негізінде жұмысшылардың организмдеріне қойылатын талаптардың жетекші принципі бойынша мамандықтардың классификациялары өңделетін болады.
|
Қимыл-қозғалыс – бұлшық ет күштері, төзімділік, координация.
Сенсорлық – көру, есту, иіс сезу, дәм сезу, вестибулярлық тұрақтылық.
|
Жүйке қызметінің жеке типологиялық ерекшеліктері – оның күші, жылдамдығы, біркелкілігі.
Аттенциондық-мнемикалық - көңіл аудару, есте сақтау.
Осы жүктемеде көрсетілген «кілттік» функциялардың қажет санына байланысты барлық мамандықтарды мынандай топтарға бөлуге болады:
|
Кілттік функциялардың саны 10 және одан да көп (бульдозер машинисі, комбайн машинисі және т.б.) Бұл топқа «кілттік» функциялардың барлық 4 түріне де ең жоғары психофизиологиялық талаптар қойылады.
Психофизиологиялық кеңес міндетті түрде қажет.
|
(шоферлер, тау-монтажшылары және т.б.) Бұл топтағы мамандықтардың көбі 4 тұрдің бәрінің функциясына талаптар қояды, одан қалғандары 3 түрден кем емес.
Психофизиологиялық кеңесті өткізу қажеттігі жоғары.
|
Кілттік функциялардың саны 4 және одан да аз (бұрғылау станоктарының машинисі, радиоаппаратураны құрастырушылар, ЭВМ операторлары және т.б.).
Кеңесті мамандықтың бәріне бірдей жүргізбесе де болады.
Жасөспірімдердің мамандыққа бейімділігінің қалыптасуы.
7-8 сынып оқушыларының арасында мамандық таңдауға талап-тілектерін анықтау жеке әңгімелесу кезінде келесі сұрақтар қою арқылы анықталады:
Қандай мамандықтар сізді көп қызықтырады?
8 сыныптан соң қайда оқығыңыз келеді?
Мектепте қалғыңыз келе ме, әлде кәсіптік-техникалық училищені дұрыс көресіз бе?
Еңбекке оқыту бағытының қайсысын таңдағыңыз келеді?
Мектепті бітіргеннен кейін қайда барғыңыз келеді?
Оқуды жалғастырғыңыз келе ме, әлде жұмыс істегіңіз келе ме?
Сізге бұл жағдайға қатысты ата-анаңыз қандай ақыл қосады?
Мектеп дәрігері сол ауданға, қалаға немесе облысқа еңбек кадрларының қажеттілігін білуі керек және жасөспірімдерге ең бірінші кезекте соған сәйкес мамандықтарды ұсынуы тиіс.
Дәрігер мектеп оқушыларын мектеп аралық оқу-өндірістік комбинаттарда дайындауға арналған мамандықтардың тізімін жақсы білуі керек.
Еңбектің физиологиялық маңызы
Еңбек келесі гигиеналық шаралар сақталғанда ғана организмнің дамуының ең мықты факторы болып табылады:
|
|
|
Еңбек процесі кезінде, жұмыс ритмінің жақсаруына әсер ететін жоғары жүйке орталығының динамикалық стереотипі қалыптасады.
Уақыт тығыздығы организмінің ритмділігіне сәйкес, дұрыс ұйымдастырылған жұмыс күнделікті уақыттың дұрыс пайдаланылуын және соған сәйкес ми қыртысындағы қозу және тежелу процестерінің дұрыс алмасып тұруын қамтамасыз етеді.
Еңбек пен демалыстың дұрыс тәртібі, гигиеналық ережелер мен нормаларды сақтау, жүйке жүйесіне аса көп жүктеме түсірместен, динамикалық стереотипті қалыптастырады. Бұның әлі жетілмеген балалар мен жасөспірімдер үшін маңызы өте зор.
Үйреніп, дағдылану (адаптация) дегеніміз организмнің қызмет қаблетін жақсарта отырып, еңбектің әр түріне және өндіріс ортасының факторына бейімделіп, функционалдық мүмкіндіктердің жаңа физиологиялық деңгейге жетуі деп түсінеміз.