Оқытушы туралы деректер
Заң факультеті
Ылмыстық-құқықтық пәндер кафедрасы
БЕКІТЕМІН
Бірінші проректор - ОӘЖ
жөніндегі проректор
____________ Л. Еркінбаева
«_____» ___________2016 ж.
Қылмыстық-атқару құқығы пәнінің
ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Мамандықтар: 5В030100 - «Құқықтану»
Оқу формасы: күндізгі, қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша
Талдықорған 2016 ж.
Оқу - әдістемелік кешенді оқу бағдарламасына сәйкес 5B030100 «Құқықтану», мамандығы үшін аға оқытушы Б.Е.Молдабеков кұрастырған _______________________
(оқытушының қолы)
Қылмыстық-құқықтық пәндер кафедрасының отырысында қарастырылды
«»______________20____ ж. №____хаттама
Кафедра меңгерушісі__________PhD докторы А.Алтынбекқызы
«_____»________________ 20____ жыл. №______хаттама
Заң факультетінің әдістемелік бюросы мақұлдаған.
Әдістемелік бюроның төрайымы: ___________ Б.К.Амирова
СМЖ ЖМУ Е/ПОӘК.09-2016 Ф.4.09-28
Заң факультеті
Ылмыстық-құқықтық пәндер кафедрасы
С И Л Л А Б У С
Қылмыстық - атқару құқығы пәні бойынша
5В030100 – «Құқықтану» мамандығы үшін
Оқыту түрі: қүндізгі, қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша
Курс: 2,3
Семестр: 4,6
Кредит саны: 3
Барлық сағат саны: 135, соның ішінде
Дәріс: 30
Практикалық сабақтар: 15
СӨЖ (оның ішінде ОСӨЖ): 90
Аралық бақылаулар: 2
Емтихан: 4,6 семестр
Талдықорған 2016 ж.
Оқытушы туралы деректер
Молдабеков Болат Есенғалиұлы, қылмыстық-құқықтық пәндер кафедрасының аға оқытушысы.
Телефон: 87014682872, [email protected]
Офис: қылмыстық құқықтық пәндер кафедрасы – 226 ауд.
Оқыту уақыты – сабақ кестесі бойынша
Консультация уақыты – кафедра кестесі бойынша
Пән: ҚР Қылмыстық-атқару құқығы
Уақыт: Бекітілген бойынша
Кредит: 3
Пәннің пререквизиттері:
- ҚР Қылмыстық құқығы (жалпы бөлім және ерекше бөлім),
- ҚР Қылмыстық іс жүргізу құқығы
Пәннің постреквизиттері:
Осы пән негізінде студенттер:
- ҚРда қабылданған нормативтік заң актілерімен танысады
- Құқық туралы білімдерін өмірлік тәжірибесінде қолдана біледі.
Пәнге қысқаша түсініктеме.Бұл пән «Қылмыстық-құқықтық қатынастар» модулінің тандау компоненті болып саналады. Қылмыстық – атқару құқығы дәстүрлі Жалпы, Ерекше және Арнаулы бөлімдерге бөлінеді. Жалпы бөлімде қылмыстық-атқарудың құқықтық теориясы мәселелері үйретіледі: ҚР қылмыстық-атқару заңдары; сотталғандардың құқықтық жағдайы; жазаны орындайтын мемлекеттік мекемелері мен органдардың жүйесі; жазаны орындау құқығының негізін реттеу. Ерекше бөлім әр –түрлі қылмыстық жазаны атқаруға арналған. Негізгі басты назар бас бостандықтан айыруды атқаруға бөлінген. Алдымен сотталғандардың бас бостандықтарынан айырылғанын жіктеу, еңбекті режимді,сотталғандармен тәрбие жұмысын жүргізуді құқықпен реттеу, олардың материалдық тұрмыс жағдайын қамтамасыз ету, медициналық көмек көрсетумен қатар әр түрлі түзеу мекемелерінде жазаны өтеудің ерекшелік түйінді проблемаларына көңіл аударылған. Арнаулы бөлімде қылмыстық жазаны атқарудың халықаралық деңгейін ашып көрсетеді де халықаралық актілерге сипаттама береді. Пәннің бағдарлама мазмұны төрт модулге бөлінген.
Курстың мақсаты: Қазақстан Республикасының қылмыстық–атқару заңдарының мақсаттары әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, сотталғандарды түзеу, сотталғандардың да, өзге адамдардың да жаңа қылмыстар жасауының алдын алу болып табылады.
Курстың міндеттері: Аталған мақсаттарға сәйкес қылмыстық–атқару заңдарының міндетті жазаларды өтеудің тәртібі мен жағдайларын реттеу, сотталғандарды түзеу құралдарын анықтау, олардың құқықтарын, бостандығы мен заңды мүдделерін қорғау, оларға әлеуметтік бейімделуге көмек көрсету деп саналады.
Осы пәнді оқыта отырып студенттермен тренингтар, пікір таластар, ізденіс жұмыстарын жасата отырып, олардың ҚР-ның Конституциялық негіздері, мемлекеттегі басты тұлға - Президент, жоғары заң шығарушы орган - Парламент, атқарушы - Үкімет, жоғарғы сот билігі қызмееттерін ажыратып, азаматтардың әлеуметтік - экономикалық, саяси, жеке құқықтарын білуіне мүмкіндік береді.
Студенттердің меңгеретін білімі мен іскерлігі:
- Қылмыстық-атқару құқығының теориялық және тәжірибелік негіздерін;
- кәсіби қызметін табысты жүзеге асыру үшін қажетті тілдік, сөйлеу және дискурстық құзыреттерін жетілдіру;
- Заңгер кәсіби қазақ тілі ғылмы ретундегі негізгі принциптерін;
- жеке заң мамандықтарының кәсіби тілі қызметінің ізгілікті аспектілерін;
Осы пәнді оқыту үрдісінде келесі компетенцияларды қалыптастыруға бағытталған:
а) Түйіндік құзіреттілік (ТҚ)
- кәсіби қызметінде заман талабына сай білімді болу;
- алған білімі негізінде құқықтың әр саласынан хабары болып, білімін көрсете білуі;
- үнемі ізденісте болу.
б) Пәндік құзіреттілік (ПҚ)
- сөйлеу шеберлігі, дауыс мәнері, өзіне қарата білу қабілеті мен мәдениетті болуы, қызметінде ортамен тіл табысуға бейім болуы;
- инновациялық технологияларды қолдану шеберлігінің болуы;
- өзінің жан-жақтылығын арттыруға ұмтылысының болуы;
в) Арнайы құзіреттілік (АҚ)
- теориялық алған білімін, дағдыларын іс жүзінде дұрыс пайдалана білуі;
- біліктілігі жоғары, тәжірибесі мол адамдардың тәжірибесінен үлгі алып, кеңейтіп, қолдана білуі;
- нормативтік-құқықтық актілер туралы білімінің болуы мен оның өзгерістеріне ілесе алуы, нормативтік құқықтық құжаттармен жұмыс жасай білуі тиіс;
- кез келген тығырықтан шығу үшін шешім қабылдай білу қабілеті мен сын айта білу, ойын жүзеге асыру қабілетінің болуы.