ОҚыту мен тӘрбиелеудіҢ педагогикалыҚ жҮйесі 4 страница

Бүгінде еңбек қатынастарында, мемлекеттік билік органдарында, қоғамдық пайдалану орындарында, сауда орындарында мүгедектерді кемсітуге тыйым салатын «Американдық мүгедектер туралы» Заң АҚШ-та мүгедектердің құқықтарын қорғайтын негізгі нормативтік құқықтық акт болып табылады. Заң барлық деңгейдегі билік органдарының мүгедектер үшін «түрлі қызмет түрлерінен, бағдарламалар мен қызмет көрсетулерден артықшылықтарды алуға бірдей қол жеткізуін» қамтамасыз етуін ұйғарады. Бұл мемлекеттік білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін пайдалануды, соттарда, сайлау учаскелерінде және қалалық жиналыстарды болуы қамтиды. Заң «мүгедектерге қатысты кемсітушілікті болдырмас үшін саясаттың, тәжірибенің және рәсімдердің ақылға қонымды өзгерістерін» қабылдауды міндеттейді. Бұдан басқа, тиісті мемлекеттік қызметтер мен құрылыс компаниялары жаңа ғимараттар мен құрылыстарды салған және оларды қайта жөндеген кезде оларға мүгедектерге арналған арбаларды пайдаланатын адамдардың кіруін жеңілдету үшін мүгедектердің ерекшеліктерін ескеруі тиіс. Қоғамдық көлік әкімшілігі мүгедектерге өз қызметтерін ұсыну кезінде кемсітуге жол бермеуі тиіс. Олар қарапайым қоғамдық көлік түрлерімен дербес пайдалана алмайтын мүгедектерге отырғызу – түсіру және жол жүру кезінде қолайлы жағдай жасауы немесе арнайы көлік құралын беріп қамтамасыз етуі керек.

«Мүгедектерді еңбекке орналастыру туралы» жеке заң мүгедектердің еңбекке орналасу мәселелерін реттейді және жұмысқа қабылдау, қызмет бойынша жоғарылаған, кәсіби оқу, ақы төлеу кезінде кемсітуге тыйым салады. Мүгедектер туралы американдық қамқорлық үлгісінің табысты болуы әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы қызметті заңнамалық тұрғыдан реттелуінен ғана емес, сол қоғамның сол немесе өзге де дене кемшіліктері бар адамдардың қоғамның толық және ықпалды бөлігі екенін барынша сезіне білуіне бастамашылық етуінде. Мәселен, «WGBH» тележелілердің білім беру қоры (Бостон) мүгедектердің теледидарды пайдалану мүмкіндігін кеңейту жүйесін әзірледі. АҚШ-та нашар еститін немесе нашар көретіндіктен теледидар мен радиоға қол жеткізе алмайтын 85 миллиондай адам бар. «WGBH» жанында құрылған БАҚ-қа қол жеткізудің ұлттық орталығы (НКАМ) Ұлттық соқырлар федерациясымен ынтымақтастықта нашар көретіндер үшін арнайы телефон желісі бойынша синтезделген дауыспен АҚШ-тың «USA Today» ірі жалпы ұлттық газеті таратылатын жүйе жасалды.

Нашар еститін адамдардың теледидарға қосылуы үшін мүмкіндік берген американдықтардың айтарлықтай жетістігі – арнайы «Кэпшн орталығы» айналысатын титрлерді («кэпшн») енгізу. 1972 жылдың өзінде-ақ «Кэпшн орталығы» АҚШ-тың, Англияның, Канада мен Австралияның телекомпанияларын, жарнама өндірушілерді, музыкалық бейнекассеталарды титрлермен қамтамасыз еткен. Титрлер жүйесі тек арнаулы декодерлермен жабдықталған телевизорлардың қабылдауымен ғана жұмыс істейді. 1990 жылы «Кэпшн орталығы» қолдаған «ТВ-декодерлері туралы» Заң қабылданды, соған сәйкес 1993 жылғы 1 шілдеден бастап АҚШ-та сатуға шығарылған экранының диагоналы 13 дюймен артық барлық телевизорларда декодер салынуы тиіс.

Бүгінгі күні Американың төрт маңызды коммерциялық телеарналары «Эн-Би-Си», «Эй-Би-Си», «Си-Би-Эс» және «Фокс» прайм-таймда өтіп жатқан өздерінің барлық бағдарламаларын, сондай-ақ балаларға арналған барлық бағдарламаларды және аптасына 60 сағатқа дейін жаңалықтар шығарылымын титрлермен жабдықтайды. Ірі кабельді арналар да көптеген хабарларды титрлермен жабдықтайды. Үйде пайдалануға арналған 10 мыңнан астам бейнекассеталардың атауы да титрлермен жабдықталған, жаңа бейнелердің барлығы дерлік нашар еститіндерге арналған нұсқамен шығарылады. Жыл сайын 500-ден астам музыкалық бейне және 7 мың 250 жарнамалық роликтер титрлермен жазылған. Ал 1990 жылдан бастап «WGBH» тележелілердің білім беру қорының жанында нашар көретіндер үшін қоғамдық теледидар бағдарламаларын, бейнекассеталар және бұқаралық ақпараттың басқа да көру құралдарын жасайтын «Сипаттама бейне-қызметі» жұмыс істей бастады.

Батыста дамыған мүгедектердің қоғам өміріне пәрменді және толық кірігу идеясы банкоматтарды арнауды аудио немесе бейнежүйелермен жабдықтауға әкелді. Көзінің ақауы бар адамдар үшін банкоматтың қызмет көрсетуін кеңейтуге арналған алғашқы машинаны 1997 жылы Royal Bank канадалық банк орнатты. Америкада мұндай технологияны бірінші рет екі жылдан кейін San Francisco Credit Union кредиттік одағы қолданды. Оның артынан осындай жүйелерді нашар көретін адамдарға өз қамқорлығын көрсетуге тырысқан ірі қаржы институттарының көпшілігі орната бастады.

Бұл идея Америкада танымал болғаны сонша, жақын болашақта қаржы институттарының аудиожүйелермен жабдықталған банкоматтарды орнатуға қатысты талаптары мүгедектердің құқықтары туралы Заңның жаңа редакциясына енгізілетін болады. Банкоматтарда дыбыстық қызмет көрсету технологиясын бірінші болып қолданған Royal Bank әлсіз көретіндер үшін тең мүмкіндіктерді көздейтін адам құқықтары туралы канадалық Актіні орындау аясында әрекет етті.

Көруі нашар адамдар үшін интернет бетттерінде түстердің аз болуы, нашар еститіндер үшін банкоматтарды және көпшілік фильмдер мен хабарларды дыбыстандыру - әлеуметтік қоғамның, тіпті азаматтары тең мүмкіндіктерге ие құқықтық мемлекеттің даму көрсеткіштері.

Канаданың мүгедектерді еңбекке орналастырудағы жұмыс тәжірибесін зерделеу де пайдалы. «Жастарды еңбекке орналастыру стратегиясы» атты арнайы бағдарламаның шеңберінде жастардың арнайы немесе жоғары білім алу, еңбекке орналасу, жас мүгедектерді еңбекке орналастыратын жұмыс берушілердің жеңілдіктер, кемтар адамдарға қажетті жабдықтар құнына жәрдемақы алу жөнінде бірқатар шаралар көзделеді. Студенттік займдар бағдарламасы мүгедек студенттерге қаржылық жеңілдіктер ұсынады.

Дамыған елдерде мүгедектердің құқықтарын бекіту тетіктері әртүрлі: Канадада тең құқылық және мүгедектерді кемсітуге тыйым салу қағидаты – елдің Конституциясында, Германияда – Негізгі заңда, Әлеуметтік заңдар кодексінің арнайы тарауында, «Мүгедектер туралы», «Оңалту жөніндегі шаралардың біркелкілігі туралы», «Қоғамдық көлікті пайдалануда мүгедектерге жәрдемдесу туралы», «Мүгедектер арасында жұмыссыздыққа қарсы күрес туралы» заңдарда, Ұлыбританияда – «Мүгедектерді кемсітпеу туралы», «Ұлттық көмек туралы», «Мүгедектер туралы», «Өмір бойы мүгедектігі бойынша және жұмыс істейтін мүгедектер үшін жәрдемақылар туралы», «Әлеуметтік қамсыздандыру туралы» арнайы заңдарда, Венгрияда – «Мүгедектердің құқықтары және олар үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету туралы» заңда жазылған. Швецияда, АҚШ-та, Норвегияда, Финляндияда, Ұлыбританияда, Канадада және Германияда ертерек араласу бағдарламасы дамыған, мақсаты – көмекке мұқтаж баланы мүмкіндігінше ерте анықтау және оған осы көмекті көрсету. Мүгедектердің құқықтарын қорғаудың жаңа тетіктері Азия мен Тынық мұхиты өңіріндегі елдердің заңдарында әзірленді. Мүгедектерді оңалту және жұмыспен қамту жөнінде арнайы қорлар құру көзделген. Айналадағы ортаға мүгедектердің қол жетімділігін қамтамасыз ету үшін мәжбүрлеу шаралар енгізілуде.

Кемтар адамдардың тәуелсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған Жапонияның мүгедектер туралы іргелі заңы ерекше қызықтырады. Мүгедектердің тәуелсіздікке қол жеткізуі аталған заңның негізгі мақсаты ретінде жария етілген. Бұдан басқа, заңда мүгедектермен жұмыс істеу және мүгедектіктің алдын алу жөнінде жан-жақты жоспар қабылдау көзделеді. Мүгедектер проблемасын шешу басымдылығының дәрежесі көбінесе мүгедектер саны мен олардың қозғалысының белсенділігіне байланысты. Сарапшылардың бағалауы бойынша, батыс елдерінде мүгедектердің құқықтарын сақтау қозғалысы бастау алуда және қол жеткен нәтижелерімен одан 15-20 жыл қала отырып, феминистік қозғалыс сызбасымен дамуда. Сондықтан бұл қозғалыстың белсенділігі кемсітуге қарсы заңдарды қабылдау және осы саладағы әлеуметтік саясатты өзгерту мақсатында дамитын болады, бұл, бір жағынан, мүгедектер санасының елеулі өзгерісіне және оларда өз құқықтарын талап етуде өмірлік берік ұстанымдарының қалыптасуына әкеледі, екінші жағынан, мемлекеттің мүгедектердің құқықтары, мүмкіндіктері мен мәртебесінің барынша теңдігі жағына қарай қайта жаңғыруына және қаржылық қолдауды қайта бөлуге ықпал ететін болады. Көптеген мемлекеттерде мүгедектерге қатысты мемлекеттік саясаттың жүргізілуін бақылайтын үйлестіру тетіктері жасалды. Кипрде мүгедектік проблемасы бойынша орталық орган болып табылатын Еңбек және әлеуметтік сақтандыру Министрлігі жанында Оңалту мәселелері жөніндегі кеңес жұмыс істейді. Финляндияда Мүгедектік проблемалары жөніндегі Мемлекеттік кеңес министрліктер мен мемлекеттік мекемелердің консультациялық органы болып табылады. Венгрия мүгедектердің құқықтары мен тең мүмкіндіктеріне қатысты 1998 жылғы XXVI заңға сәйкес үкіметтік консультациялық орган құрды. Мүгедектерді қорғау туралы Арнайы заңға (1993 жылғы №12 заң) сәйкес құрылған Иорданияның Мүгедектерді қорғау жөніндегі ұлттық кеңесі мүгедектерді қорғау және кәсіптік даярлау бағдарламасын қамтамасыз етеді, әрі жеке секторлар мен үкіметтік емес ұйымдарға қолдау көрсетеді. 2001 жылы Мексика Президент кеңсесінің жанынан министрлер кабинетінің деңгейінде мүгедектерді көтермелеу және әлеуметтік ықпалдасу жөніндегі басқарма құрып, мүгедектерге қатысты шешім қабылдау және мемлекеттік саясатты үйлестіру процесіне мүгедектерді тарту мәселелері жөнінде Консультациялық кеңес құрды. Норвегияның мүгедектерге қатысты стратегияларды жүзеге асыру жөнінде дәйекті шараларды қамтамасыз етіп, мүгедектердің мүддесі үшін мемлекеттік іс-қимыл бағдарламасын жүзеге асыру бойынша ведомствоаралық ынтымақтастықты нығайтуды қамтамасыз етпек ойы бар. Тринидад пен Тобагода Мүгедектік проблемалары жөніндегі ұлттық үйлестіру комитеті үкіметке мүгедектікке байланысты консультациялық қызмет көрсетеді. Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландияның Біріккен Корольдігі 1999 жылы саясат пен бағдарлама саласындағы бастамаларды жүзеге асыру үшін негіз болып табылатын «Оқшаулаудан ықпалдасуға» деп аталған құжатты жариялаған Мүгедектердің құқықтары жөніндегі Тәуелсіз мақсатты топ құрды. Осылайша мүгедектердің қоғамға кірігуі туралы, әдетте, барлық әлемде мемлекет басшылары бастамашылық еткен қамқорлық пандустер мен съездер салуды ғана емес, барлық мүмкін кедергілерді жою жөніндегі бірқатар тұтас шараларды, сондай-ақ мүгедектерге қатысты мемлекеттік саясаттың өткізіулін үйлестіретін және бақылайтын жекелеген мемлекеттік институттар құруды қамтиды.

Жыл сайын БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы мүгедектердің құқықтарын қорғауға қатысты қарар қабылдайтын БҰҰ Бас Ассамблеясының 2001 жылғы 19 желтоқсандағы 56/115 Қарарында үкіметтік, үкіметаралық және үкіметтік емес ұйымдарды мүгедектерге қатысты халықаралық нормалар мен стандарттарды көтермелеуге қатысты мәселелер көтерілді. Мүгедектердің құқықтарын қорғау жүйесі ТМД-ның барлық елдерінде дерлік жеткілікті дамымаған. Көптеген өзге діни ұйымдардан айырмашылығы ТМД мүгедектердің жағдайын жақсарту жөнінде бағдарламаларды қабылдауға және өмірде өткізуге байланысты мүгедектердің жылын немесе онжылдығын аз жариялады. Соңғы жылдары ТМД елдерінде мүгедектердің проблемасын шешу үшін елеулі шаралар қабылдана бастады. Мәселен, Ресей Федерациясында Президент В.Путин 2003 жылды Мүгедектер жылы деп жариялады. Осы орайда мүгедектердің құқықтарын қорғайтын бірқатар заңдар мен заңға тәуелді актілер қабылданды. 1996 жылы әлемдік тәжірибе ескеріліп, мүгедектік ұғымы мен өлшемдері айқындалған «Ресей Федерациясында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Федералдық заң күшіне енді; еңбек қабілеттігін толық немесе ішінара жоғалтуға емес, ағза қызметінің тұрақты бұзылуынан әлеуметтік көмектің қажеттілігіне назар аударылды; осы санаттағы азаматтарды әлеуметтік қорғау жөніндегі федералдық органдардың құзыреті айқындалды; мүгедектерге берілетін құқықтар мен жеңілдіктер белгіленді; мүгедектерді оңалту және олардың тұрмыс тіршілігін қамтамасыз ету жүйесі айқындалды. Ресей Федерациясында «Қартаң жастағы азаматтар мен мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету туралы», «Өндірістегі бақытсыз жағдайлардан және кәсіптік аурулардан міндетті сақтандыру туралы», «Қайырымдылық қызмет және қайырымдылық ұйымдар туралы», «Мемлекеттік әлеуметтік көмек туралы» және бірқатар басқа да заңдар қолданылады. 2001 жылы Украина Президенті Л.Кучма елдің кез келген кішігірім кәсіпорны бір мүгедекті жұмысқа алуға міндетті, ірі кәсіпорындарда мүгедектер саны жұмыс істейтіндердің жалпы санынан 4 пайызынан кем болмауы тиіс заңға қол қойды. Беларуссияда, «Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» заңдары бар ТМД-ның көптеген елдерінен айырмашылығы «Мүгедектіктің алдын алу және мүгедектерді оңалту туралы» заң қолданылады.Молдовада Мүгедектерді әлеуметтік қорғау, оңалту және ықпалдасудың 2000-2005 жылдарға арналған ұлттық бағдарламасы қабылданды.

Мүгедектердің құқықтарын қорғайтын арнайы конвенцияның жоқтығына қарамастан, әлемдік қауымдастық мемлекеттің мүгедектерге көзқарасы бойынша міндеттеріне қатысты әрі жан-жақты құжаттармен және арнаулы сипаттағы құжаттармен қатар берілген негізгі нормативтік базаны әзірледі. Мүгедектердің тіршілік әрекетінің жекелеген қырларын реттейтін халықаралық құқықтық құжаттардағы күмәнсіз жетістік - барлығының тұтастай кемтар адамдарды кемсітпеу қағидатын көтермелеуге бағытталғандығында. Мүгедектерге қатысты дүниежүзілік іс-қимыл бағдарламасы және Мүгедектерге арналған тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етудің стандарттық ережелері сияқты жан-жақты құжаттар біздің мемлекетімізде заңдық міндемелерді жүктемеуіне қарамастан, қабылданатын заңдардың моральдық тұрғыда әсер ету негізі болып табылады, мүгедектердің, мемлекеттік қызметшілердің, қызметкерлердің, мүгедектерге арналған мекеме оқытушыларының арасында кеңінен таралуға тиіс. Мүгедектердің құқықтарын қорғаудың халықаралық стандарттары адам құқықтарын қорғаудың барлық жүйесінде ортақ адам құқықтарының әмбебаптығы және кемсітуге тыйым салу қағидатына негізделген. Бұл қағидаттың маңызы мүгедектер үшін дене немесе ақыл-ойының белгісі бойынша әрқайсысының әлеуетін шектемей дамытуға мүмкіндік беретін «барлығына бірдей қоғам» құру идеясынан тұрады.

Халықаралық стандарттарда көрсетілгендей, мүгедектердің проблемаларын шешуде медициналық сипаттағы іс-шаралармен шектелмей, тұтас көзқарастармен ғана мүмкіндіктерді іске асыруға болады. Жаңа көзқарастың қағидаттық айырмашылығы - мүгедектердің «кемтар» қағидатының «қарапайым» әлеуметтік және экономикалық құрылымдарда мүгедектердің бейімделуіне жағдай жасау шараларын көздейтін олардың әлеуметтік өз-өзіне сенімділігін дамыту тұжырымына өзгеруі еді. Оның үстіне халықаралық стандарттар «мүгедектікті» халықтың әлсіз тобы деп түсінуді өзгертті, өйтені мүгедектерге мұндай көзқарас олардың қоғам өміріне кірігуіне кедергі келтіреді.

Халықаралық-құқықтық құжаттарға сәйкес қоғам өміріне пәрменді және толық кірігу процесі бірінші кезекте қоғамдық өмірдің барлық салаларына қол жетімділікті қамтамасыз етуге, шешім қабылдау процесінде мүгедектердің толыққанды және тиімді қатысуына жәрдемдесуге негізделген. Осы іс-шараларды қаржылық іске асыру көптеген елдерде өткізу, яғни мамандандырылған интернаттар мен стационарлық үлгідегі мекемелер желілерін қысқарту және тұрғылықты жері бойынша мүгедектерге қызмет көрсетуді дамыту нәтижесінде қаржыны азайту есебінен өткізіледі.

Азаматтық құқықтарды дамыту моделінде, мүгедектерді қоғамның толық мүшесі ретінде ұсынуға негізделген және АҚШ-та ойдағыдай іске асырылған оқшауландырмау тәжірибесі мүгедектерге қатысты әлеуметтік саяаттың ең сәтті, ұлт мойындаған тәжірибесі болып табылады. АҚШ президенттерінің ұсынып отырған инновациялық даму сызбасы қоғамдық бастамалардың арқасында тиімді болды.

Халықаралық стандарттардың артықшылығын және мүгедектердің қоғам өміріне кірігуі жөніндегі бастамаларды қолдау қажеттігін сезіну, мүгедектердің құқықтарын қорғау саласындағы дамыған мемлекеттердің тәжірибесін пайдалану Қазақстанда да өтуі тиіс. Мемлекеттік саясаттағы мүгедектердің құқықтарына қазіргі заманғы көзқарас мемлекеттің қоғамды мүгедектердің құқықтары мен мүмкіндіктерінің теңдігі мен қаржылық қолдауды қайта бөлу жағына қарай жаңғыруына әкеледі.

Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары

1. Халықаралық қауымдастықтағы мүгедектерді қорғау мәселелердің жүзеге асырылу жолдары туралы баяндаңыз.

2. Мүгедектердің құқықтары жөніндегі негізгі халықаралық құжаттардың тізбегін жасаңыз.

3.Мүгедектерге арналған тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етудің стандарттық ережелердың негізгі мазмұны туралы баяндаңыз.

4. Халықаралық ұйымдардың қызметі туралы баяндаңыз.

5. Мүгедектердің құқықтарын қорғаудағы әлеуметтік саясатының инновациялық моделін құрудың ерекшеліктері қандай?

6. ТМД елдерінде мүгедектердің құқықтарын қорғау туралы мәселелерге сипаттама жасаңыз.

№14.Мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға әлеуметтік-педагогикалық көмек көрсету

1. Коррекциялық-педагогикалық процестің құрылымдық компоненттері

2.Коррекциялық-педагогикалық процесті құраушы диагностикалау, мониторинг, кеңес беру жұмыстары

3. Арнаулы білім беру мекемелеріне арналған оқу жоспарлары мен бағдарламалардыңқұрылу ерекшеліктері

Білім беру жүйесінің даму кезеңдері қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге байланысты күрделеніп отырады. Бұл бір жағынан білім беру жүйесіндегі парадигмалардың өзгерісін айқындаса, екінші жағынан оқытудың мазмұнын айқындаудағы (саралап оқыту мен даралап оқыту, оқытудың әдістері мен тәсілдері, оқытудың формалары) шынайы механизмдер ді қажет етеді.

Қалыптасқан педагогикалық жүйелер жаңару мен даму үстінде. Отандық және ресейлік теоретиктер мен практиктер әрбір баланың білім беру мекемесінде білім алуының жалпы даму ерекшеліктерімен қатар, жеке-психологиялық ерекшеліктерін есепке алуды мойындауда.

1997 жылдан бастап Ресейде академик В.И.Лубовскийдің басшылығымен «Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арнайы білім берудің Мемлекеттік стандарты» атты жоба құрылды. Аталған құжаттың қажеттілігі білім беру жүйесіндегі, жалпы қоғамның дамуында өзгерістерді анықтау. Стандартта білім берудегі мемлекеттік нормалардың есебінде білім беру жүйесінің параметрлерді ұсынылды. Көрсетілген параметрлер мүмкіндігі шектеулі балалар категориясының білім алуын міндеттесе, екінші жағынан оларға білім берудегі жеке ерекшеліктерді есепке алуды негізге алады. Құжат екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімінде арнайы білім берудің жалпы тұжырымдамалары берілсе, екінші бөлімде мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың әр категориясына сәйкес білім берудің стандарты берілген. Стандартты жобаның әр бөлімінде бала дамуындағы жалпы және спецификалық кемшіліктерге түсінік беріледі.

Жалпы кемшіліктерге қоршаған орта туралы түсініктер мен білім қорының аздығы, жалпы және ұсақ моториканың жетіспеушілігі, сөйлеу тіліндегі кемшіліктер, тәртіптің бұзылуы, коммуникативтік қиындықтар, кеңістік пен уақыт туралы ұғымдардың аздығы, танымдық процестердің төмендігі, өзіне-өзі сенбеушілік, эгоизм, пессимизм, өзін-өзі жоғары немесе төмен бағалаушылықты жатқызады. Бұл кемшіліктер құрылымдық ерекшеліктеріне қарай екінші кемшіліктер түрінде танылып, қиын оқушыларға тән сипатты береді.

Осы кемшіліктерді жою үшін білім беру мазмұнындағы пәндерге өзгерістер енгізілген. Мысалы, пропедевтикалық кезеңдерге бөлінген бөлімдер оқушылардың қоршаған орта туралы түсініктері мен жалпы білім қорын молайтуға арналады.

Спецификалық жетіспеушіліктер орталық нерв жүйесінің органикалық бұзылу себептерінен пайда болған кемшіліктер түрінде беріледі. Бұл жетіспеушіліктердің мінездемесі арнаулы мектептегі оқу жоспары мен оқу бағдарламаларын құруда есепке алынып, бірінші кемшіліктерге көру, есту қабілетіндегі жетіспеушіліктер топтастырылған. Дамудағы бірінші кемшіліктерді жою үшін (көру және естудің, сөйлеудің жүйелі түрдегі бұзылуы, бас миындағы сөйлеу зоналарының зақымдануы) арнаулы білім беру мазмұнына жалпы мектептегі оқу пәндері енгізілмеген. Соқырларға білім беру мазмұнында балалардың кеңістікті бағдарлау мен икемділігін дамыту үшін оқу пәндері қарастырылса, саңырауларға есту қалдығын дамыту сабақтары, пәндік-практикалық әрекетті ұйымдастыру сабақтары, ауызша сөйлеу тілін қалыптастырудағы арнайы пәндер оқытылады.

Наши рекомендации