Білімді бағалаудың саясаты.
Дінтану пәні бойынша
Оқыту бағдарламасы
(силлабус)
Орал – 2017 ж.
«БЕКІТЕМІН» | «КЕЛІСІЛДІ» | ||
ИТФ деканы | КӘС төреайымы | ||
Н.М Қадырғалиев | Кадирова Ж.К | ||
________________ | _______________ | ||
«___»_____2017 ж. | «___» ____2017 ж. |
Құрастырушы: психология және педагогика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы Разахова Фарида Жаксылыққызы
«Жалпы білім беру пәндері және ақпараттық технологиялар» кафедрасы
Кредит саны – 2
Дәріс –15 сағат
Семинар – 15 сағат
СОӨЖ – 15 сағат
СӨЖ – 45 сағат
Бақылау түрі – емтихан
Барлығы – 90 сағат
« » 2016 ж кафедра отырысында талқыланды, № __ хаттама
Кафедра меңгерушісі _______Кажиакпарова Ж.С
1. Оқытушы туралы мәлімет:Разахова Фарада Жақсылыққызы- Жалпы білім беру пәндер және ақпараттық технологиялар кафедрасының аға оқытушысы, педагогика және психология ғылымдарының магистрі.
2. Уақыты және өткізу орны:2016-2017 оқу жылы,Орал қаласы,Ықсанов к-44/1.
3.Пререквизиттер:Саясаттану
Постреквизиттер:Философия негіздері
4. Қысқаша курсқа сипаттама:Дінтанудың негізгі теориялары философиялық-теориялық қызметтің ең маңызды салаларының бірі болып табылады. Бұл пәннің қазіргі замандық дінтануда, сондай-ақ қазіргі замандық қоғамның рухани-идеялық және идеологиялық өмірінде рөлі анық көріне бастауда. Бұл діннің қазіргі кездегі жағдайын біртұтас сараптауға мүмкіндік туғызып отыр.
Пәнді оқытудың мақсаты: діннің шығу тарихы мен еркін ойлаудың тарихи кезеңдері туралы, діндердің догматтық негіздерінің тарихы, олардың қоғамның барлық саласындағы қызметтері мен орны туралы обьективті ақпарат беру, сондай-ақ дінді зерттеуші танымал ғылымдарының еңбектерімен таныстыра отырып, діни доктриналарды, діни бірлестіктер мен олардың өкілдерінің қызмет ету ерекшеліктерін сыни талдау біліктілігін қалыптастыру болып табылады.
Пәнді оқытудың міндеттері: - дінтанулық проблематика бойынша еркін бағдарлана және өз бетінше әдебиетті зерттей алатын боласыз;
- зерттеудің қажетті әдістерін таңдай, нақты зерттеудің міндеттерін ескере отырып, сәйкес әдістерді жаңартып, жаңаларын жасай алатын боласыз;
- дінмен және осы саладағы білімдердің дамуымен байланысты жалпы және жеке мәселелерді ақпаратты жинақтаудың, сараптаудың, жетілдірудің жаңа технологияларын қолдана отырып сараптай алатын болсаыз;
- дінтанудың терминологиясы мен ұғымдық аппаратында өз бетінңізбен бағдарлана алуға мүмкіндік аласыз;
- дінтанулық мәселе төңірегінде еркін жарыссөзге түсіп, дінтанулық мәселелерді сараптай аласыз;
- өзіңіздің дүниетанымдық позицияларыңызды қалыптастырып, соларды нық ұстануға мүмкіндік аласыз;
- өз біліктілігіңізді кәсіптік және әлеуметтік қызметте пайдалана қолдана аласыз.
Негізгі құзыреттіліктер:
бакалаврдын курстан білетіні:
- діннің тарихи даму кезеңдерін;
- діни проблематикаға деген негізгі бағымдарды;
- пәннің мазмұндық құрылымын және оның кәсіби қызметтегі қолданысын;
- дінтанулық ғылымның негізгі категориялық аппаратын.
бакалаврдың жасай білуі:
- дереккөздердің философиялық-діни мәтіндерімен жұмыс;
- қолдағы бар ғылыми, әдеби дереккөздерді ескере отырып, қол жеткізген нәтижелерді жалпылау және өңдеу;
- қазіргі замандық ақпараттық технологияларды қатыстыра отырып, библиографиялық жұмыс жүргізу;
- қоғамда және қазіргі замандық әлемдегі секуляризация және сакрализация процестерін сараптау.
Білімді бағалаудың саясаты.
- әрбір студент тапсырманы дер кезінде орындау
- жазба жұмыстарын сауатты етіп орындау тәртібі
- әр түрлі оқулықтарды сабағына пайдалана білуі
- әрбір студенттердің өзінің зерттеу жұмыстарындағы пікірлерін, сол сияқты ғылыми - әдістемелік жұмыстарының қорытындысы ескеріледі.
Сіздің біліміңізді және жасаған жұмыстарыңызды бағалау үшін төмендегідей баға жүйесі қолданылады. Жалпы баға (100%) төмендегідей:
Әріптік жүйе бойынша баға | Балл | Пайыздық көрсеткіш | Дәстүрлі жүйе бойынша баға |
А | 4,0 | 95-100 | өте жақсы |
А- | 3,67 | 90-94 | |
В+ | 3,33 | 85-89 | жақсы |
В | 3,0 | 80-84 | |
В- | 2,67 | 75-79 | |
С+ | 2,33 | 70-74 | қанағаттанарлық |
С | 2,0 | 65-69 | |
С- | 1,67 | 60-64 | |
D+ | 1,33 | 55-59 | |
D | 1,0 | 50-54 | |
F | 0-49 | қанағаттанарлықсыз |
6. Курсты жүргізудің академиялық тәртібі мен этикасы:
1. Сабақтан қалмауы керек, егер сабақтан аурулық себеппен қалса, дәрігерден анықтама тапсыруы керек.
2. Сабақтан қалған күндері, оқытушымен тапсырма алып есептесуі керек.
3. Сабаққа кешікпеу керек.
4. Сабаққа таза. Ұқыпты әрі студенттік норманы сақтау керек.
5. Сабақ кезінде сөйлеспей, газет оқымай, сағыз шайнамау керек.
6. Сабақ кезінде әр пәнге ұқыпты тыңдап, сабақтың барысын қадағалап отыруы тиіс.
7. Сабақ сайын топтан кезекші болуы тиіс.
8. Осы айтылған тапсырманы яғни міндеттерін орындамаған оқушының бағасы кемітіледі. (балл есебімен кемітіледі).
9. Ұялы телефондарды сабақ кезінде сөндірілуі тиіс.
10. Барлық үйге берілген тағы басқа тапсырмаларды жауапты қарап, орындап келуі тиіс.
11. Әрбір студенттің конспект жұмыстары болуы тиіс, оны керек мезгілінде оқытушыға көрсетіп отыру міндетті.