Педагогикалық ғылымдар жүйесі

Педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы. Педагогика — кең ауқымды ғылым. Оның пәндік құрамының күрделілігі соншама: тәрбие мәні мен оның барша байланыстарын жеке бір ғылым шеңберінде қамту мүмкін емес. Педагогиканың ірге тасы — философия, дәлірек айтсақ, тәрбие мәселелерімен арнайы шұғылданатын оның тәрбие философиясы атамасын алған тармағы. Тәрбие философиясы өз алдына білім саласы ретінде тәрбиелік тәжірибеде әртүрлі философиялық жүйе идеяларын пайдаланады. Философия -педагогикаға танымның жалпы бағыт-бағдарын, педагогикалық құбылыстар мен үдерістерді зерттеудің әдіс-тәсілдерін көрсетеді. Сондықтан да, философияны оның біртұтас және жүйелік, құрылымдық талдау әдістерімен бірге педагогиканың әдіснамалық негізі деп атау қабылданған.

Қоғамдық құбылыс ретінде тәрбие дамуы мен педагогикалық білімдердіңөткенжолын педагогика тарихы зерттейді. Өткенді түсіне отырып, болашаққа көзтігеміз. Бастан кешіргенді зерттеу және оны бүгінгімен салыстыру осы заманғы құбылыстардың негізгі даму кезеңдерін нақтылаумен бірге бұрынғы қателерді қайталаудан сақтандырады.

Педагогика жүйөсі келесі салаларды қамтиды:

— жалпы педагогика;

— жас кезеңцер педагогикасы;

— әлеуметтік педагогика;

— арнайы педагогикалар.

Жалпы педагогика — адам тәрбиесі заңдылықтарын зерттеп, барша түрдегі тәрбиелік мекемелердегі оқу-тәрбие үдерісініңжалпы нөгіздерін теориялық тұрғыдан қаластыратын іргелі ғылыми пән. Қалыптасқан дәстүр бойынша жалпы педа-гогика төрт бөлімнен тұрады: 1) оқу-тәрбие үдерісінің негіздері; 2) дидактика (оқу теориясы); 3) тәрбие теориясы; 4) мектеп тану. Осы құрылымды аталған бөлімдөрімен бірге бастауыш мектеп педагогикасы да қайталайды.

Жас кезеңдер педагогикасы педагогиканың мектеп-ке дейінгі және мектептік жүйешелерін өз алдына бөліп қарастырады. Олар өсіп келе жатқан әулеттің белгілі жас тобына байланысты оқу-тәрбиө іс-әрекеттері ерекшеліктерін бейнелөйтін тәрбие заңдылықтарын зерттейді. Қазіргі күнде өз алдына пән ретінде оқылатындары — мектепке дейінгі педа-гогика, кәсіби техникалық мектептер педагогикасы, өндірістік педагогика, ұзақтан оқыту педагогикасы, т.б.

Наши рекомендации