Нотариаттық қызмет түсінігі.
Негізгі ұғымдар: азаматтық талап.
Қылмыстық іс бойынша азаматтық талапты қоюдың тәтібі ҚІЖК-нің 163-бабында белгіленген. Бұл бапқа сәйкес, азаматтық талапты қылмыстық іс қозғалған кезден бастап сот тергеуі басталғанға дейінгі аралықта қоюға болады. Яғни, қылмыстық іс бойынша азаматтық талап алдын ала тергеу жүргізу барысында және істі сотта қарау кезінде де қойылуы мүмкін. Біраұ, азаматтық талаптың негізділігін анықтау үшін қылмыстық іс бойынша жиналған дәлелдемелерді және істің материалдарын зерттеу қажет болғандықтан, мұндай талап сот тергеуі басталғанға дейін қойылуы тиіс.
Заңда көрсетілгендей, айыпталушы ретінде жауапқа тартылатын адамның анықталмауы талап қоюға бөгет толмайды. Сондақтан қылмыстың болғандығы анықталып, бірақ оны жасаған адам анықталмаған болса да, жәбірленушінің азаматтық талабы қабылдануға жатады. Өйткені, тергеу жүргізудің барысында қылмыс жасаған адамды тауып, оны айыпталушы ретінде жауапқа тарту қылмыстық ізге түсу органының міндеті болып табылады. Егер тергеу жүргізудің барысында қылмыспен келтірілген зиянның сипаты мен мөлшерін толық көлемде анықталуына қарай, бұрын қойылған азаматтық талаптың негізін және мөлшерін нақтылау қажеттілігі туындайтын болса, мүдделі тұлға талап қоюға құқылы.
Егер қылмыстық істі жүргізуші орган тлап қойған кезде немесе заңды тұлғаны азаматтық талапкер ретінде тануға негіз жоқ деп шешетін болса, онда бұл тұлғаны азаматтық талапкер ретінде танудан бас тарту туралы қаулы шығарылады. Мүдделі тұлға ол қаулыға шағымдануға құқылы. Сонымен қатар, сотқа дейінгі өндіріс кезінде тұлғаны азаматтық талапкер ретінде танудан бас тарту бұл тұлғаны сотта істі қарау кезінде талабын қайталап қою құқығынан айырмайды.
ҚІЖК-нің 168-бабының 6-бөлігіне сәйкес, мына жағдайларда азаматтық талаптан бас тарту қабылданбайды және қылмыстық істі жүргізуші орган ол туралы дәлелді қаулы шығаруға тиіс;
1) талаптан бас тарту заңға қайшы келетін болса;
2) талаптан бас тарту басқа тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзатын болса.
Қылмыстық істің мән-жайларын тараптартдың қатысуымен жан-жақты
қарап талқылаудың нәтижесінде сот азаматтық талап жөнінде тиісті шешімге келіп, ол шешімін үкімде жазып тұжырымдайды. Есі дұрыс емес адамдардың істері бойынша қойылған азаматтық талап жөнінде соттың шешімі медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын қолдану немесе қолданбау және істі қысқарту туралы қаулыда көрсетіледі.
Қылмыстың құрамы жоқ болғандықтан ақтау үкімі шығарылған
жағдайда, сот азаматтық талапты қараусыз қалдырады. Олай болғанда, талапкер азаматтық талабын жаңадан азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қоюға құқылы.
Нотариат - құқықтар мен фактiлердi куәландыруға, сондай-ақ “Нотариат туралы” заңда көзделген өзге де мiндеттердi жүзеге асыруға бағытталған нотариаттық iс-әрекеттердi жасау арқылы жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғаудың заң жүзiнде бекiтiлген жүйесi.
Нотариат - жеке және заңды тұлғалардың құқықтыры мен заңмен қорғалатын мүдделерiн қамтамасыз ету мақсатында, заңмен көзделген тәртiпте даусыз құқықтарды және фактiлердi куәландыру, құжаттарды , олардан көшiрмелердi куәландыру, құжаттарға атқару күшiн беру және өзге әрекеттердi жасау жүктелген органдардың жүйесiн бiлдiредi. Мемлекет атынан нотариалды әрекеттердi мемлекеттiк нотариат кеңселерiнде жұмыс iстейтiн нотариустар, жеке практикамен айналысатын нотариустар, сондай-ақ өздерiнiң құзiретiне сай атқарушы билiк органдарының және консулдық мекемелердiң лауазымды тұлғалары жасайды.
Нотариус – азаматтық қоғамдағы елеулi мәндi заңды фактiлер мен әрекеттердi куәландырушы ретiнде болады және осы тұрғыдан нотариалды қызмет көптеген адамдардың және ұйымдардың мүдделерiне әсер етедi.
Дәріс 11. Тақырып: Азаматтық істі қозғау кезінде талап қою арқылы іс жүргізу
Дәріс жоспары:
1. Талап қоюдың тәртібі.
2. Талап арызды қабылдаудан бас тарту.
3. Талап арызды қайтару
Негізгі ұғымдар: азаматтық талап.
Талап арыз сотқа жазбаша нысанда беріледі. Арызда: Арыз берілетін соттың атауы; Талап қоюшының атауы,оның тұрғылықты жері немесе,егер талап қоюшы ұйым болса,оның тұрған жері мен банктік реквизиттері,сондай-ақ ,егер арыздыоның өкілі берсе,өкілдің атауы мен мекен-жайы; Жауапкердің атауы,оның тұрғылықты жері немесе,егер жауапкер ұйым болса, егер талап қоюшыға белгілі болса, оның тұрған жері мен банктік реквизиттері; талап қоюшының құқықтарын, бостандықтарын немесе заңды мүдделерін және оның талап қою талаптарын бұзудың немесе бұзу қауіпінің мәні; талап қоюшы өзінің талаптарын негіздейтін мән-жайлар, және бұл мән-жайларды растайтын дәлелдемелер; егер талап қою бағалауға жатса, талап қоюдың бағасы; 150-баптың екінші бөлігінің 7 тырнақшамасы алып тасталсын Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 11 шілдедегі № 238-II Заңымен алып асталды. Арызға дауды шешу үшін маңызы бар өзге де мәліметтер көрсетілуі, сондай-ақ талапкердің өтініші баяндаулы мүмкін. Прокурор мемлекеттік немесе қоғамдық мүдделер үшін беретін өтімінде мемелекеттік немесе қоғамдық мүдденің неден тұратынын, қандай құқықтың бұзылғанын негіздеу сондай-ақ заңға немесе өзге де нормативтік құқықтық актілерге сілтеме болуға тиіс. Прокурор азаматтардың мүдделері үшін өтініш жасаған жағдайда талап арызда азаматтың өзінің талап қоюы мүмкін еместігініңсебептерін негіздеу болуға тиіс; арызға, әрекетке қабілетсіз адамның мүдделері үшін арыз беретін жағдайларды қоспағанда, азаматтың сотқа талап қоюмен жүгінуге келісімін растайын құжат қоса тіркелуге тиіс. Арызға талап қоюшы немесе талап арызға қол қоюға және оны көрсетуге өклеттігі болған жағдайда оның өкілі қол қояды. Талап арызға тіркелетін құжаттар Талап арызға: Жауапкерлер мен үшінші тұлғалардың санына қарай талап арыздың көшірмесі; Мемлекеттік баж төлеуді растайтын құжат; Өкілдің өклеттігін куәландыратын сенімхат немесе өзге де құжат; Тапкер өз талаптарын негіздейтін мән-жайларды растайтын құжаттар, егер көшірмелер оларда болмаса, жауапкерлер мен үшінші тұлғалар үшін бұл құжаттардың көшірмелері; 151-баптың 5) тармақшасы Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 11 шілдедегі № 238-II Заңымен алып тасталады. Оны дауға салған жағдайда нормативтік құқықтық актінің мәтіні; Таларкердің мерзімді кейінге қалдыру, ұзатрту сот шығындары төлеуден босату немесе олардың мөлшерін азайту туралы, талап қоюды қамтамасыз ету, дәлелмелерді талап ету туралы өтінімі және, егер олар талап арызда жазылмаған болса, басқалар да қоса тіркеледі.
Талап арызды қабылдау. Судья талап арыз түскен күннен бастап бес күн мерзімді оны сот ісін жүргізу үшін қабылдау туралы мәселені шешеуге құқылы; Талап арызды қабылдай отырып, судья азаматтық іс қозғау туралы ұйғарым шығарады.
Талап арызды қабылдаудан бас тарту. Судья талап арызды қабылдаудан, егер: арыз азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қарауға және шешуге жатпаса; сол тараптардың арасындағы дау бойынша, сол нысана туралы және сол негіздер бойынша шағарылған соттың заңды күшіне енген шешімі немесе талап қошының талап қоюдан бас тартуына байланысыты іс бойынша сот ісін жүргізуді тоқтату туралы немесе тараптардың бітімгершілік келісімін бекіту туралы сот ұйғарымы болса, бас тартады. Судья арызды қабылдаудан бас тарту туралы дәлелді ұйғарым шығарады, онда, егер іс азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қарауға және шешуге жатпаса, талап қоюшының қандай органға жүгінуі жөн екендігін көрсетеді. Арызды қабылдаудан бас тарту туралы ұйғарым ол сотқа түскен кезден бастап бес күн мерзімді шығарылуы және арыз берушіге арызға қоса тіркелген барлық құжаттармен бірег табыс немесе жіберілуге тиіс. Арызды қабылдаудан бас тарту өтініш берушінің сол жауапкерге сол нысана және негіздер бойынша талап қоюмен сотқа қайтадан жүгінуіне кедергі келтіреді. Арызды қабылдаудан бас тарту туралы судьяның ұйғарымына жеке шағым, назарлық берілуі мүмкін.
Талап арызды қайтару. Судья талап арызды, егер:Талап қоюшы істердің осы санаты үшін дауды сотқа дейін алдын ала шешу заңдарымен белгіленген тәртібін сақтамаса және осы тәртіпті қолдану мүмкіндігі жойылмаса; іс осы соттын соттауына жатпаса; арызды әрекетке қабілетсіз адам берсе; арызға оған қол қоюға өклеттігі жоқ адам қол қойса; осы немесе басқа бір соттың іс жүргізуінде сол тараптар арасында, сол нысана туралы және сол негіздер бойынша дау жөнінде іс бар болас; коммуналдық мүлікті басқаруға құқылы орган жылжымайтын мүлікке құқықты мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын органның осы затты қабылдаған күнінен бастап бір жыл өткенге дейін жылжымайтын затқа коммуналдық меншікті тану туралы өтінішпен сотқа жүгінсе; бұл туралы талап қоюшы мәлімдемесе, қайтарып жібереді. Судья арызды қайтару туралы дәлелдеу ұйғарым швғарады, онда арыз берушеге, егер іс соттан соттауына жатпайтын болса қандай сотқа жүгіну не істі қозғалға кедергі келтіретін мән-жайларды қалай жою қажет екендігін көрсетеді. Талап арызды қайтару туралы ұйғарым сол сотқа түскен күннен бастап бес күн мерзімді шығарылуға және арызға қоса тіркелген барлық құжаттармен арыз берушіге тапсырылуға және жіберілуге тиіс. Егер талап қоюшы жол берілген бұзушылықты жоятын болса, арызды қайтару талап қоюшының сол жауапкерге, сол нысана туралы және сол негіздер бойынша талап қоюмен сотқа қайтадан жүгінуіне кедергі келтірмейді. Арызды қайтару туралы судьяның ұйғарымына жеке шағым, назарлық берілуі мүмкін.
Талап арызды қозғалыссыз қалдыру.
Дәріс 12. Тақырып: Ерекше талап қою арқылы іс жүргізу. Бұйрық арқылы іс жүргізу.
Дәріс жоспары:
1. Ерекше талап қоюмен іс жүргізудің түсінігі мен мәні. Ерекше талап қоюмен жүргізілетін істерді қарау және шешу кезінде сот ісін жүргізудің жалпы ережелерінің қолданылуы.
2.Сайлауға, референдумға қатысушы азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің сайлау құқықтарын қорғау туралы арыздар бойынша іс жүргізу.
3.Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органдардың қаулыларына дау айту туралы істер бойынша іс жүргізу.
4. Нормативтік-құқықтық актілердің заңдылығына орай дау айту туралы істер бойынша іс жүргізу.
Негізгі ұғымдар: ерекше талап қою.
1. Ерекше талап қоюмен іс жүргізу мынандай түрде жүзеге асады, яғни сайлауға, референдумдарға қатысушы азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің сайлау құқықтарын қорғау туралы аоыздар бойынша іс жүргізу, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға уәкілетті органдардың (лауазымды адамдардың) қаулыларына дау айту туралы істер бойынша іс жүргізу, мемлекеттік өкімет, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, қоғамдық бірлестіктердің, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен мемлекеттік қызметшілердің шешімдері мен әрекеттеріне (немесе әрекетсіздігіне) дау айту туралы іс бойынша іс жүргізу, нормативтік-құқықтық актілердің заңдылығына орай даулар туралы істер бойынша іс жүргізу, прокурордың органдар мен лауазымды адамдардың актілері мен іс-әрекеттерін заңсыз деп тану туралы жүгінуі арқылы. Ерекше талап қоюмен жүргізілетін істерді қарау және шешу кезінде сот ісін жүргізудің жалпы ережелерінің қолданылуы туралы ҚР-ның Азаматтық іс жүргізу кодексінің 3-бөлімшесінің баптарында айтылған.
2. Мемлекеттік органның, жергілікті өзін-өзі басқару органының, сайлау комиссиясының, лауазымды адамдардың шешімімен, әрекетімен (немесе әрекеттсіздігімен) сайлау немесе сайлану, сайлауға, референдумға қатысу құқығы бұзылды деп санайтын азамат, қоғамдық бірлестік, сайлау комиссиясының мүшесі заңдарда белгіленген соттылыққа жататын іс бойынша арызбен сотқа жүгінуге құқылы. Сайлауға әзірлік және оны өткізу кезеңінде, сондай-ақ дауыс беру күнінен бастап бір ай ішінде түскен арыз оның берілген күнінен бастап бес күн мерзімде, ал дауыс беру күнінен бес күн бұрын, дауыс беру күні және сайлау қорытындылары жарияланғанға дейін түскен арыз дереу қаралуға тиіс. Сайлаушылардың (таңдаушылардың) тізімдеріндегі түзетулер қажеттігі туралы сайлау комиссиясының шешіміне шағым жасау туралы арыз келіп түскен күні қаралуға тиіс. Арызды сот арыз берушінің, тиісті сайлау комиссиясы немесе мемлекеттік орган, жергілікті өзін-өзі басқару органы өкілінің қатысуымен қарайды. Сот отырысының өткізілетін уақыты мен орны туралы тиісті түрде хабарланған аталған адамдардың сотқа келмеуі істің қаралуы мен шешілуіне кедергі болмайды. Арыз негізді деп танылған сот шешімі бұзылған сайлау құқығын қалпына келтіру үшін негіз болып табылады. Сот шешімі дереу заңды күшіне енеді және ол апелляциялық шағымдануға жатпайды. Ол тиісті мемлекеттік органға, жергілікті өзін-өзі басқару органына немесе сайлау комиссиясының төрағасына жіберіледі. Сот шешімінің орындалмауына кінәлі лауазымды адамдар заңда белгіленген тәртіппен жауапкершілікте болады.
3. ҚР-ның Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 538-бабының 2) және 3) тармақшаларында аталған органдар (лауазымды адамдар) шығарған, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер жөніндегі заңды күшіне енбеген қаулыларына әкімшілік жауаптылыққа тартылған, жәбір көрген адамдар және олардың заңды өкілдері мен қорғаушылары сотқа шағымдануы, сондай-ақ прокурор сотқа наразылық келтірүі мүмкін. Әкімшілік құқық бұзушылықтан зардап шеккен адам да сотта әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыға дау айтуға құқылы. Сотқа шағым беру әкімшілік жаза қолдану туралы қаулының орындалуын тоқтата тұрады. Шағым беру мерзімінің өткізіліп алуы, әкімшілік жаза қолдану мерзімінің, сондай-ақ қаулының орындалу мерзімінің өтуі соттың шағымды қарауға қабылдаудан бас тартуына негіз болып табылмайды. Мерзімдер мен олардың істі дұрыс шешу үшін маңызын сот шағымының мазмұнына қарамастан тексереді. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органның (лауазымды адамның) қаулысына жоғарыда көрсетілген адамдар қаулының көшірмесі табыс етілген күннен кейін он күн ішінде тікелей сотқа шағым бере алады. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға шағым жоғары тұрған органға (лауазымды адамға) және сотқа бір мезгілде түссе, онда шағымды сот қарайды. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға прокурор қаулының көшірмесін алған күннен бастап он күн ішінде сотқа наразылық келтіруі мүмкін.
Сот шағымды он күн мерзімде қарайды. Сот шағым берген адамға, сондай-ақ іс-әрекетіне шағым жасалып отырған әкімшілік органға немесе лауазымды адамға сот отырысының өткізілетін уақыты мен орны туралы хабарлайды, алайда олардың келмей қалуы істің қаралуы мен шешілуіне кедергі болмайды. Істі қараған кезде сот әкімшілік жаза қолдану туралы қаулының заңдылығы мен негізділігін тексереді, ол заң негізінде жүргізіліп отыр ма және оны соған уәкілетті орган немесе лауазымды адам жүргізіп отыр ма, адамды әкімшілік жауапқа немесе оған жүктелген міндетті орындауға тартудың белгіленген тәртібі сақталды ма, азамат заңдарға бұл үшін тиісті жауаптылық белгіленген әкімшілік құқық бұзушылық жасады ма, ол осы құқық бұзушылық жасауға кінәлі ме дегенді анықтайды. Сот азаматты әкімшілік құқық бұзушылық құрамы немесе оқиғасы болмағаны үшін әкімшілік жауапқа тарту негіссіз деп таныған жағдайда, ҚР-ның Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде аталған, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді болдырмайтын өзге де жағдайларда сот әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі қаулының күшін жою туралы және ол істі қысқарту туралы ұйғарым шығарады.
4. Өздеріне нормативтік құқықтық актінің күші қолданылатын, мемлекеттік органның немесе лауазымды адамның заңда көзделген тәртіппен қабылданып, жарияланған нормативтік құқықтық актісімен азаматтардың немесе заңды тұлғалардың ҚР-ның Конституциясында, заңдарында және ҚР Президенттінің жарлықтарында кепілдік берілген құқықтары және заңмен қорғалған мүдделері бұзылып отыр деп санайтын азамат немесе заңды тұлға бұл актіні заңға толық немесе жекелеген бөлігінде қайшы келеді деп тану туралы арызбен сотқа жүгінуге құқылы. Сотқа арыз беру нормативтік-құқықтық актінің қолданылуын тоқтатпайды. Арызды негізсіз деп тани келіп, сот оны қанағаттандырудан бас тарту жөнінде шешім шығарады.
Дәріс 13. Тақырып: Ерекше талап қою арқылы іс жүргізу. Бұйрық арқылы іс жүргізу.
Дәріс жоспары:
1. Сот бұйрығы шығарылатын талаптар.
2. Сот бұйрығын шығару туралы арыздың нысаны мен мазмұны.
3. Сот бұйрығының мазмұны.
Негізгі ұғымдар: ерекше талап қою.
1. Сот бұйрығы өндіріп алушының ақшалай сомаларды өндіріп алу немесе мүлікті борышкерді немесе өндіріп алушыны олардың түсіндірмелерін тыңдау үшін шақырмай-ақ және сотта іс қарамай-ақ, даусыз талаптар бойынша борышкерден талап ету туралы арызы бойынша шығарылған судьяның актісі болып табылады. Сот бұйрығының атқарушылық құжат күші болады. Ол бойынша өндіріп алу бұйрық берілгеннен кейін және сот шешімдерін атқару үшін белгіленген тәртіпте жүргізіледі. Мәлім етілген талаптың мәні бойынша сотқа арыз түскен күннен бастап үш күн ішінде судья сот бұйрығын шығарады.
Сот бұйрығы:
1) егер талап нотариатта куәландырылған мәмілеге негізделсе;
2) егер талап жазбаша мәмілеге негізделсе және оны жауапкер таныса;
3) егер талап төленбеген вексельге, акцептің болмауына және нотариус жасаған акцептің күні белгіленбеуіне білдірілген наразылыққа негізделсе;
4) егер әкеліктің белгіленуіне немесе үшінші тұлғаларды тарту қажеттігіне қатысы жоқ, кәмелетке толмаған балалар үшін алименттерді өндіріп алу туралы талап мәлімделген болса;
5) егер азаматтардан және заңды тұлғалардан салықтар мен басқа да міндетті төлемдер бойынша берешекті өндіріп алу туралы талап мәлімделген болса;
6) егер кепіл беруші борышкерге кепілге салынған затынан өндіріп алу туралы ломбардтың талабы мәлімделген болса, шығарылады.
2. Арыз жазбаша нысанда беріледі. Арызда:
1) арыз берілетін соттың атауы;
2) өндіріп алушының аты, оның тұрғылықты жері, заңды тұлғаның реквизиттері;
3) борышкердің аты, оның тұрғылықты жері, заңды тұлғаның реквизиттері;
4) өндіріп алушының талптары және оған негізделген мән-жайлар;
5) мәлім етілген талаптарды растайтын қоса тіркелетін құжаттардың тізбесі көрсетілуге тиіс.
3. Сот бұйрығының мазмұнында:
1) жүргізілетін істің нөмірі және бұйрықтың шығарылған күні;
2) соттың атауы, бұйрық шығарған судьяның аты-жөні;
3) өндіріп алушының аты-жөні және тұрғылықты жері;
4) борышкердің аты-жөні және тұрғылықты жері;
5) талапты қанағаттандыруға негіз болған заң;
6) өндіріп алынуға жататын ақша сомаларының мөлшері немесе оның құны көрсетіле отырып, талап етілуге жататын мүліктің белгіленуі;
7) тұрақсыздық айыбының мөлшері;
8) мемлекеттік баждың сомасы;
9) сот бұйрығына шағым берудің мерзімі мен тәртібі көрсетіледі.
Дәріс 14. Тақырып. Соттың үкімдері мен қаулыларын орындау. Заңды күшіне енген сот шешімдерін қайта қарау.
Дәріс жоспары:
1. Үкiмнiң заңды күшiне енуi және оны орындауға кiрiсу.
2. Үкiмнiң атқарылуын кейiнгi қалдыру.
3. Қадағалау сатысындағы іс жүргізу
4. Заңды күшiне енген сот шешiмдерiне шағымдану мерзiмдерi
Негізгі ұғымдар: қадағалау өндірісі.
447-бап. Үкiмнiң заңды күшiне енуi және оны орындауға кiрiсу. Аудандық және оған теңестiрiлген сот, облыстық және соған теңестiрiлген сот шығарған бiрiншi сатыдағы сот үкiмдерi, егер оған шағымданбаса немесе наразылық келтiрiлмесе, апелляциялық шағымдану немесе наразылық келтіру мерзiмі өткен соң заңды күшіне енеді және орындалуға тиiс. Апелляциялық шағым жасалған немесе наразылық келтiрiлген жағдайда, аудандық немесе облыстық сот үкiмiнiң күшi жойылмаса, апелляциялық қаулы шығарылған күнi күшiне енедi. Егер апелляциялық шағым, наразылық апелляциялық сатыдағы сот отырысы басталғанға дейiн қайтарып алынса, үкiм шағымды, наразылықты қайтарып алуға байланысты апелляциялық iс жүргiзудiң тоқтатылғаны туралы апелляциялық сатының қаулысы шығарылған күнi заңды күшiне енедi. Үкiм заңды күшiне енген немесе iс кассациялық сатыдағы соттан қайтарылған күннен бастап үш тәулiктен кешiктiрмей бiрiншi сатыдағы сот үкiмдi орындауға кiрiседi. Қылмыс жасағаны үшiн сотталған адам, егер айыптау үкiмi Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 75-бабымен белгiленген мерзiмде орындалмаса, жазаны өтеуден босатылады. Егер сот ақтау үкiмiн қабылдаса не сотталушы жаза тағайындалмай сотталса немесе жазадан босатылса не бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаға кесiлсе, ал үкiм қабылданғанға дейiн ол қамауда ұсталса, мұндай шешiм шығарған сот оны дереу қамаудан босатады.
448-бап. Сот қаулысының заңды күшiне енуi және оны орындауға кiрiсу.
Бiрiншi сатыдағы соттың қаулысы шағымдану немесе наразылық бiлдiру мерзiмi өткен соң не жеке шағым жасалған немесе наразылық бiлдiрiлген жағдайда, iстi жоғары тұрған сот қарағаннан кейiн заңды күшiне енедi және орындалады. Соттың шағымдануға немесе наразылық бiлдiруге жатпайтын қаулысы ол шыққаннан кейiн дереу күшiне енедi және орындалады. Iстi қысқарту туралы сот қаулысы сот отырысын тағайындау туралы мәселенi шешу кезiнде немесе сот отырысында оның айыпталушыны немесе сотталушыны қамаудан босатуға қатысты бөлiгiнде дереу орындалуға жатады. Апелляциялық сатының қаулысы ол жарияланған кезден бастап заңды күшіне енеді. Апелляциялық сатыдағы соттың қаулысы ҚР ҚІЖК 423-1-бабында көзделген тәртiпте орындалады. Жеке қаулы бойынша бiр айлық мерзiмнен кешiктiрмей қажеттi шаралар қолданылуы және нәтижелерi туралы қаулы шығарған сотқа хабарлануы тиiс. Заңды күшiне енген соттың үкiмi мен қаулысы мемлекеттiк органдардың, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының, заңды тұлғалардың, лауазымды адамдардың, азаматтардың бәрiне бiрдей мiндеттi және Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында сөзсiз орындалуға жатады. Соттың үкiмiн, қаулысын орындамау қылмыстық жауапкершiлiк жүктейдi. Үкiм мен қаулыны орындауға кiрiсу бiрiншi саты бойынша iстi қараған сотқа жүктеледi. Үкiмдi орындау туралы өкiмдi судья үкiмнiң көшiрмесiмен бiрге қылмыстық-атқару заңдарына сәйкес үкiмдi орындау мiндетi жүктелген органға жiбередi. Апелляциялық сатыдағы сотқа қамауда ұсталған адамдарға қатысты iстi апелляциялық тұрғыда қараудың нәтижелерiн хабарлау мiндетi жүктеледi. Iстi апелляциялық тәртiппен қарау кезiнде үкiм өзгерген жағдайда үкiмнiң көшiрмесiне апелляциялық саты қаулысының көшiрмесi қоса тiркелуге тиiс. Қамауда ұсталған сотталушы қамауға немесе бас бостандығынан айыруға кесiлген үкiм заңды күшiне енгеннен кейiн қамау орнының әкiмшiлiгi сотталушының отбасын жазаны өтеу үшiн оның қайда жiберiлетiнi туралы хабардар етуге мiндеттi. Үкiм орындалғанға дейiн iс бойынша төрағалық етушi немесе сот төрағасы қамауда ұсталып отырған сотталушының ерiне /зайыбына/, жақын туыстарына олардың өтiнiшi бойынша сотталушымен жүздесу және телефон арқылы сөйлесу мүмкiндiгiн беруге мiндеттi.
452-бап. Үкiмнiң атқарылуын кейiнгi қалдыру. Адамды қоғамдық жұмыстарға, түзеу жұмыстарына тартуға, бас бостандығын шектеуге, қамауға немесе бас бостандығынан айыруға соттау туралы үкiмдi орындау мынадай негiздердiң бiрi болған кезде: 1) жазаны өтеуге кедергi келтiретiн сотталушының ауыр сырқаты болса, - ол сауығып кеткенге дейiн; 2) сотталған әйелдiң жүктi болуы немесе сотталған әйелдiң жас балалары болса - Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 72-бабында көзделген тәртiпте; 3) өрт немесе кездейсоқ апат, отбасының еңбекке жарамды жалғыз мүшесiнiң ауыр науқастануы немесе қайтыс болуы немесе басқа да төтенше жағдаяттардың салдарынан, сотталған адам немесе оның отбасы үшiн жазаны дереу өтеуi аса ауыр зардапқа әкелiп соқтыруы мүмкiн болса, сот белгiлеген алты айдан артық емес мерзiмге, ал Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 74-бабының екiншi бөлiгiнде көрсетiлген адамдарға қатысты - үш айдан артық емес мерзiмге кейiнге қалдырылуы мүмкiн.
Айыппұл төлеу, егер оны дереу төлеу сотталушы үшiн мүмкiн болмаса, алты айға дейiн мерзiмге кейiнге қалдырылуы немесе бөлiп өтелуi мүмкiн.
Үкiмдi орындауды кейiнге қалдыру туралы мәселенi сотталушының оның заңды өкiлiнiң, жақын туыстарының, қорғаушысының өтiнiшi бойынша не прокурордың ұсынуы бойынша немесе өз бастамашылығымен сот шешедi.
457-бап. Судьяның қаулысына шағым жасау және наразылық бiлдiру. Үкiмдi орындауға байланысты мәселелердi шешу кезiнде шығарылған сот қаулыларына ҚРҚІЖК 47-тарауында белгiленген ережелер бойынша апелляциялық тәртiпте шағым жасалуы және наразылық келтiрiлуi мүмкiн.
Дәріс 15. Тақырып. Жаңадан ашылған мән-жайларға байланысты іс бойынша іс жүргізуді қайта бастау. Қылмыстық істердің жекелеген санаттары бойынша іс жүргізудің ерекшеліктері.
Дәріс жоспары:
1. Жаңадан ашылған мән –жайларға байланысты іс жүргізуді қайта бастау сатысының мәні.
2. Қылмыстық істердің жекелеген санаттары бойынша іс жүргізудің ерекшеліктері.
3. Артықшылықтары мен қылмыстық ізге түсуден иммунитеттері бар адамдардың істері бойынша іс жүргізудің ерекшеліктері.
4. Қылмыстық іс жүргізудегі айрықша іс жүргізу.
Негізгі ұғымдар: үкім, қадағалау өндірісі.
Соттың заңды күшiне енген үкiмнiң, қаулысының күшi жойылуы және iс бойынша жаңадан ашылған мән-жайларға байланысты iс жүргiзу қайта басталуы мүмкiн. Жаңадан ашылған мән-жайларға байланысты қылмыстық iс бойынша iс жүргiзудi қайта бастаудың негiздерi:
1) соттың заңды күшiне енген үкiмiнде анықталған жәбiрленушiнiң немесе куәгердiң айғақтарының, сарапшы қорытындысының көрiнеу жалғандығы, сондай-ақ заңсыз немесе негiзсiз үкiм не қаулы шығаруға әкеп соққан заңсыз немесе негiзсiз үкiм не қаулы шығаруға әкеп соққан заттай айғақтардың, тергеу және сот iс-әрекеттерi хаттамаларының және өзге де құжаттардың жалғандығы немесе аударманың көрiнеу бұрыс жасалуы;
2) соттың заңды күшiне енген үкiмiнде анықталған анықтаушының, тергеушiнiң немесе прокурордың заңсыз және негiзсiз үкiм, қаулы шығаруға әкеп соққан қылмыстық iс-әрекеттерi;
3) соттың заңды күшiне енген үкiмiнде анықталған судьялардың осы iстi қарау кезiнде жасаған, қылмыстық iс-әрекеттерi;
4) ҚР ҚІЖК 474-бабында көзделген тәртiппен тексеру немесе тергеу арқылы анықталған және прокурордың қорытындысында баяндалған, үкiм шығару кезiнде сотқа беймәлiм болған өзге де мән-жайлар сотталушының айыпсыздығы туралы немесе оның ауырлық дәрежесi жөнiнен өзi сотталғаннан гөрi өзге қылмыс жасағаны туралы не ақталған адамның немесе өзiне қатысты iс тоқтатылған адамның айыптылығын өз алдына немесе бұрын анықталған мән-жайлармен бiрге айғақтайтын ұйғарымдар;
5) өзіне қатысты ҚР ҚІЖК 315-бабы екінші бөлігінің 2) тармағында белгіленген тәртіппен іс қаралған сотталушының, ол қылмыстық процесті жүргізуші органға келген жағдайда ерік білдіруі ;
6) Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің соттың сот актісін шығару кезінде қолданған заңын конституциялық емес деп тануы болып табылады.
Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша:
1) айыптау үкiмi; 2) ақтау үкiмi; 3) iстi тоқтату туралы қаулы қайта қаралуы мүмкiн.
Айыптау үкiмiн жаңадан ашылған мән-жайларға байланысты сотталушының пайдасына қайта қарау ешқандай мерзiммен шектелмейдi. Сотталушының қайтыс болуы ақтау мақсатында жаңадан ашылған мән-жайларға байланысты iс жүргiзудi қайта бастауға кедергi болып табылмайды. Ақтау үкiмiн, iстi тоқтату туралы қаулыны қайта қарау, сондай-ақ жазаның жұмсақтығы себебi бойынша немесе сотталушыға анағұрлым ауыр қылмыс туралы заңды қолдану қажеттiгi бойынша айыптау үкiмiн қайта қарауға қылмыстық жауаптылыққа тартудың Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 69-бабында белгiленген мерзiмнiң ескiруi iшiнде ғана және жаңа мән-жайлардың ашылған күнiнен бастап бiр жылдан кешiктiрiлмей жол берiледi.
Қылмыстық істердің жекелеген санаттары бойынша іс жүргізудің ерекшеліктері. ҚР ҚІЖК 52 тарауының ережелерi қылмыс жасалған сәтте кәмелеттiк жасқа, яғни он сегiз жасқа толмаған адамдардың iстерi бойынша қолданылады. Кәмелетке толмағандардың қылмыстары туралы iстер бойынша iс жүргiзу тәртiбi: 1) аталған адам жасаған бiрнеше қылмыс, олардың бiр бөлiгiн ол он сегiз жасқа толғаннан кейiн жасаған қылмыстар туралы iстер бiр iс жүргiзуге бiрiктiрiлген; 2) айыпталушы сот iсiн жүргiзу сәтiнде кәмелетке толған жағдайларда қолданылмайды.
Кәмелетке толмағандардың iстерi бойынша, ҚР ҚІЖК 117-бабында көзделгендерден басқа, дәлелдеуге жататын мән-жайларды алдын ала тергеу және сот талқылауын жүргiзу кезiнде: 1) кәмелетке толмағанның жасы (туған күнi, айы, жылы); 2) кәмелетке толмағанның тұрмысы мен тәрбие жағдайы; 3) интеллектуалдық, ерiк-жiгерiнiң және психикалық даму дәрежесi, мiнезi мен тегеурiндiлiк ерекшелiктерi, мұқтаждары мен мүдделерi; 4) кәмелетке толмағандарға ересек адамдар мен басқа да кәмелетке толмағандардың ықпалы анықталуға тиiс. Сезiктi, айыпталушы кәмелетке толмағанның құпиялылыққа құқығы қылмыстық сот iсiн жүргiзудiң барлық кезеңдерiнде сақталуы тиiс. Ересектермен бiрге қылмыс жасауға қатысқан кәмелетке толмағанға қатысты iс ҚІЖК 49-бабының бiрiншi бөлiгiнiң 3-тармағына сәйкес алдын ала тергеу сатысында жеке iс жүргiзуде бөлiнедi. Кәмелетке толмағанға қатысты жеке iс жүргiзуге бөлу iстiң жағдайын жан-жақты және объективтi зерттеу үшiн айтарлықтай кедергi жасауы мүмкiн болатын жағдайларда ересектермен қоса бiр iс бойынша жауапқа тартылған кәмелетке толмаған айыпталушыға осы тараудың ережелерi қолданылады. Кәмелетке толмаған сезiктi, айыпталушы тергеушiге немесе сотқа оның ата-аналары немесе басқа заңды өкiлдерi арқылы, олар болмаған жағдайда қорғаншы және қамқоршы органдар арқылы шақырылады. Арнаулы балалар мекемесiнде немесе қамауда ұсталатын кәмелетке толмаған - ол ұсталатын орынның әкiмшiлiгi арқылы шақырылады. Кәмелетке толмаған айыпталушыдан, сезiктiден жауап алу ҚІЖК 216, 217-баптарында көзделген тәртiппен қорғаушысының, заңды өкiлiнiң, ал қажет болған жағдайда психологтың, педагогтiң қатысуымен жүргiзiледi. Қорғаушы жауап алушыға сұрақтар қоюға, ал жауап алу аяқталғаннан кейiн - хаттамамен танысуға және айғақтар жазбасының дұрыстығы мен толықтығы туралы ескертулер жасауға құқылы. Кәмелетке толмаған сезiктiден, айыпталушыдан жауап алу тәулiктiң күндiзгi уақытында жүргiзiледi және үзiлiссiз екi сағаттан артық, ал жалпы алғанда - күнiне төрт сағаттан артық жалғастырылуға тиiс емес.
Қолданылатын әдебиеттердің тізімі:
Негізігі әдебиеттер:
11.Қазқстан Республикасының Конституциясы. 30.08.1995 ж (өзгертулер мен толықтырулыр енгізілген 2008 ж.)
12. Қазақстан Республикасының Қылмыстық iс жүргiзу кодексi. 01.01.2015 ж.
13. Когамов, М.Ч. Комментарий к Уголовно-процессуальному кодексу Республики Казахстан. Общая и особенная части [Текст] / М.Ч. Когамов.- Алматы: Жетi жарғы, 2008.- 896с.
14. Уголовно-процессуальное право Республики Казахстан. Часть общая. Алматы,1997
15. Уголовно-процессуальное право Республики Казахстан. Часть особенная. Алматы,2002.
16. Абдулина З.К. Производство гражданских дел в суде первой инстанции. А: Қазақ университеті, 1998г.
17. Баймолдина З.Х. Производство по пересмотру судебных актов по гражданским делам. А: КазГЮУ, 2002г.
18. Уголовный процесс. Под.ред. К.Ф.гуценко.-М.: Изд. «Зерцало», 1998.
19. Уголовный процесс. Под.ред. П.А.Лупинской.-М.: «Юрист», 1997.
20. Оспанов С.Д. Уголовный процесс РК. (Общая часть). – Алматы, 2000.
21. Уголовно-процессуальное право РК. Часть общая. Книга первая и вторая. / Под.ред. д.ю.н., профессора Б.Х.Толеубековой. – Алматы: ТОО Издат компания «НАS», 2004.
Қосымша әдебиеттер тізімі:
33. Смирнов А.В. Модели уголовного процесса. – СПб, 2000.
34. Рустамов Х.Ц. Уголовный прцесс. Формы. – М., 1998.
35. Басков В.И. Процессуальные акты уголовного судопроизводства. – М., 1996.
36. Сулейменова Г.Ж. Уголовный процесс РК Схепмы и определения. Общая и особенная часть. – Алматы,1999.
37. Павлов Н.Е. Уголовно-процессуальное законодательство и уголовный закон. -М., 1999.
38. Баймолдина З.Х. Гражданское процессуальное право РК: в двух томах. – Алматы: КазГЮА, 2001г.
39. Якупов Р.Х. Правоприменение в уголовном процессе.- М., 1993.
40. Капсалямов К.Ж. Уголовно-процессуальное принуждение: гарантии, принципы, реализация. – Астана,2001.
41. Громов Н.А., Францифоров Ю.В. Правоприменительная деятельность органов предварительного расследования, прокуратуры и судов. Основные начала. –М., 2000.
42. Капсалямов К.Ж. Уголовное преследование и способы собирания доказательств. – Астана,2001.
43. Капсалямов К.Ж. Капсалямова С.С Уголовное преследование в органах дознания. – Астана, 2002.
44. Когамов М.Ч. Предварительное расследование уголовных дел в РК. –Алматы, 1998.
45. Ахпанов А.Н. Пределы правоограничении личности в уголовном судопроизводстве. – Караганда,1995.
46. Громов Н.А.Институт привлечения к уголовной ответственности. – Саратов, 1991.
47. Жалыбин С.М. защита прав граждан в уголовном судопроизводстве.- Алматы, 2002.
48. Шадрин В.С. Обеспечение прав личности при прасследовании преступлении. М., -2000.
49. багаутдинов Ф.Н, Обеспечение имущественных прав личности при расследовании уголовного дела. –М., 20002.
50. Ахпанов А.Н., Сарсенбаев Т.Е. Примерные образцы прооцессуальных актов предварительного расследования. Учебное пособие. – М., 1995.
51. Белоусов А.В. Процессуальное закрепление доказательств при расследовании преступлении. –М., 2001.
52. Аубакирова А. Фиксация доказательств в криминалистике и судопроизводстве. – Алматы, 2000.
53. Закон РК «О порядке и условиях содержания под стражей, подозреваемых и обвиняемых в совершении преступлении». – Алматы, 1999.
54. Ахпанов А.Н. Проблемы уголовно-процессуального принуждения в стадии предварительного расследования. – Алматы, 1999.
55. Ахпанов А.Н. Возбуждение уголовного преследованиия и применение мер процессуального принуждения. – Караганда, 2001.
56. Капсалямов К.Ж. Меры присечения в системе уголовного преследования. Монография. – Астана: казГЮУ, 2004.
57. Толеубекова Б.Х., Капсалямов К.Ж., шнарбаев Б.К., бекишев Д.К.Уголовно-процессуальное право РК. Часть особенная досудебные стадии: Учебник.- Алматы, 2000.
58. Викут М.А., Зайцев И.М. Гражданский процесс России. Москва : Юрист, 1999г.
59. Гражданский процесс. Под ред. В.А.Мусина. Москва: Проспект, 2001г.
60. Гражданский процесс. Под ред. М.К.Треушникова. М: Городец, 2003г.
61. Гражданское процессуальное право России. Под ред. М.С. Шакарян. М: Былина, 1999г.
62. Гражданское процессуальное право России. Под ред. М.С. Шакарян. М: Юрист, 2002г.
63. Гражданское процессуальное законадательство: комментарий. Под ред. М.К. Юкова. М: Юрид. лит., 1991г.