Пациентті және оның туысқандарын оқыту
Мейрігерлік күтімді ұйымдастырудың негізгі мақсаты пациенттің бекітілген жері бойынша медициналық ұйымның дәрігерлік-консультациялық комиссиясының медициналық қорытындысымен расталған ауыр, ушығатын аурулары бар пациенттердің өмір сүру сапасы мен жалпы жай-күйін жақсартуға бағытталған іс-шараларды көрсету болып табылады.
Мейіргерлік күтім – денсаулық сақтау ұйымы берген медициналық қорытындымен расталған ауыр сырқаттары бар адамдарға психологиялық және әлеуметтік көмек көрсету мен тұрмыстық күтіп қарау бойынша медициналық және әлеуметтік қызметтің жолдамасы;
Мейіргерлік күтім ауруханасы– бұл, дәрігердің қатысуысыз тұрақты бөгде күтімді қажет ететін емделмейтін патологиясы бар пациенттерге стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымы;
Мейіргерлік күтім бөлімшесі– бұл, созылмалы үдемелі аурудан зардап шегетін, білікті мейіргерлік күтімді қажет ететін пациенттерге білікті мейрігелік күтімді жүргізуге арналған көп бейінді немесе мамандандырылған аурухана құрамындағы бөлімше;
Мейіргерлік күтімнің міндеті пациенттерге мейіргерлік күтім көрсету, туыстарын емделмейтін науқасқа үй жағдайында мейіргерлік күтім көрсету негіздеріне оқыту болып табылады және ол психологиялық, әлеуметтік көмек пен медициналық күтімді қамтиды. Пациенттерге мейіргерлік күтім стационарлық және стационарды алмастыратын (үйдегі стационар) көмек нысанында көрсетіледі.
Пациент – медициналық қызметтердің тұтынушысы болып табылатын жеке тұлға;
Пациентті оқыту медбике оқытудың әр бір этапын жақсы білгенде
нәтижелі болады.Оқыту процесі медбикелік процесс сияқты 5 этаптан тұрады.
Пациент түрлері: Балалар,жүкті әйелдер,қарттар,мүгедек пациенттер,психологиялық ауытқуы бар пациенттер.
«Қиын» науқастар.Мейірбикеге әрбір науқас өз бетінше қиын болады. Науқастар мамандығымен, материальді және әлеуметтік статусымен, отбасылық жағдайымен, өмірлік тәжірибесімен, психологиялық қиындылықтарымен және уайымдарымен, жеткіліксіздіктерімен, жасырын мәселелерімен ерекшеленеді. Әр қайсысы өз бетінше ауруға, ауырсынуға, дәрі қабылдауға, дәрігерге баруына жауап береді. Жоғарғы әлеуметтік статусты науқастар өз қалпын сақтап қалу немесе әлсіз көрінбеу мақсатында дәрігерге ақырғы соңына дейін күдігін, уайымын және қорқынышын хабарламайды. Интеллектуальді потенциальді жоғарғы білімді адамдар дәрігермен қатынасында өз маңыздылығын сипаттап, дәрігердің ауру жайындағы ой-пікіріне кедергі жасайды. «Қиын» науқастарға өзінің ішкі психологиялық әлеміне жабылып қалған, интровертирленген, байланысқа қиын түсетін толық ақпаратты жауап бермейтін науқастар жатады. Зейіннің және есте сақтаудың төмендеуімен зардап шегетін қария науқастардың психикалық бұзлыстары немесе физикалық жағдайына сәйкес емес неадекватты жағдайлар (мысалы, ауыр соматикалық аурулары бар эйфория жағдайындағы науқастар), — емдеу-диагностикалық үрдістің кейбір этаптарына өзінің кедергілерін тигізеді. Уақытты және сабырлықты талап ететін күрделі науқастарға суицидальді мінез-құлыққа бейім депрессивті және үрейлі-күдікшіл мінезді науқастар жатады.
Пациентті оқытудың этаптары:
1.Пациент туралы ақпарат жинау,пациент және оның тустарының білім деңгейін анықтайды.Медбике пациентпен әр сөйлескенде қандай да бір ақпарат алып отырады.Алынған ақпараттарды медбике сараптап бағалайды.Соның арқасында пациент және оның туыстарына ақпарат қалай үйрету керектігін анықтайды.
2.Пациент проблемаларын анықтау,барлық алынған мәліметтерді жинастырып,оны бағалау арқылы медбике пациент қажеттілігін анықтау.Осыдан кейін ол қажеттіліктерді қанағаттандыру мен пациентке оны оқыту жолдарын анықтауы тиіс.
3.Пациетті оқытудағы мақсат,пациентті оқытар алдында мейірбике белгілі бір мақсат қою білуі керек.Оқыту мақсаты 3 бағытта жүруі тиіс:танымды,эмоцианальды,психологиялық.
Әр бір мақсат нәтижемен бағаланады.Дұрыс қойылған мақсат үш құрамнан тұрады.
1.Пациент нені үйренуі қажет?
2.Уақыт шеңбері-қандайда бір уақыт ішінде жасалуы тиіс.
3.Кімнің және ненің көмегімен мақсатқа жетуге болады?(өздігінен,туысқандарының көмегімен)
Алға қойған мақсатты мейірбике анықтаған нан кейін мейірбике оқыту жоспарын жоспарлайды.Жоспарға уақыт және оқытуды үйрету кіреді.
Пациентті оқыту әртурлі болады: денсаулықты сақтау, белгілі бір денсаулық деңгейін ұстап тұру,белгілі бір пациенттің өмір сүру деңгейін ұстап тұру.
Мейірбике пациент назарын жеке жоспарға аудартып оның жеке ерекшеліктерін,әлеуметтік жағдайларын оқытуға деген қызығушылығын және физикалық жағдайын ескере отырып жасайды.
4.Оқыту жоспарын жүзеге асыру.Оқыту жоспарын жүзеге асыру үшін мейірбике пациент және оның туыстарымен бірге оқу жүргізілетін орынды,қолайлы уақытты таңдайды.Егер оқу жүргізіліп жатқан орын пациентке ұнамаса (жарықтың дұрыс түспеуі,төменгі температура,бөтен адамдардың көп болуы) немесе пациент жағдайы нашар болса(көңіл-күйі төмен,ауруы күшейген,дем жетпеу,өзін ыңғайсыз сезінсе) оқытуды кейінге қалдыру керек.
Пациентті оқыту жоғары деңгейде болуы үшін келесі тәсілдер қолданылады:
Демонстрация-мейірбике өз-өзіне күтім көрсету дағдыларын көрсетеді(тіс тазалауды,тыныс алу жиілігін санауды,қан қысымын өлшеуді т.б)нақты демонстарцияның қайталануы мақсатқа жетудің көзі болып табылады.
Кеңес беру-медбике пациент дағдыларды орындап жүргенін қадағалай отырып қиын болған этаптардан кеңес береді.
Рөлдік ойындар- оқытудағы өте нәтижелі тәсіл.Әлеуметтік дағдылардың жақсаруына әсер етеді(сөйлей алу,өзін кез келген ортада ұстай алу).
Үйрету схемасы 5 этаптан тұрады.
1.Ақпартты құрастырып алу.
2.Пациентпен бірге оның есінде не қалғанын қайталау
3.Пациент жасайтын іс-машықтарды көрсету.
4.Пациент үйренген іс-машықтарын қайталау.
5.Пациент мейірбике түсіндірген ақпарат пен іс-машықтарды өздігінен басынан аяғына дейін қайталап шығу.
Осы схеманың әр этапы пациентке түсінікті болғанша қайталануы тиіс.Мейірбике пациентке үйреткен іс-машықтарын пациент өз дағдысына айналдырғанша жұмыс жасауы қажет.Үйрету барысында пациентті әрдайым қолдап отыру және әр түрлі сұрақтар қойып,онымен жақын сырласа отырып керек ақпаратты
пациентке жеткізуі тиіс.Мейірбике пациентке беріп жатқан ақпаратының дәлелденген дұрыс екеніне көз жеткізуі керек.
Пациентті үйретудегі нәтижені бағалау-мейірбике нәтижені пациент өмір сүру дағдысын өзгертуімен, өз-өзіне күтім жасауымен
және пациент туыстарының өмір сүру сапасының жақсаруымен
бағалайды.