Мәтін бойынша мақал құрастыру.
Оқулықта берілген мақал-мәтелдерді бала шығармашылығын дамытатындай етіп пайдаланудың мәні зор.
Мысалы: 1. «Еңбек етпеген ішіп жемейді» деген мақалға өмірден мысал келтіру тапсырылғанда оқушылардың берген жауаптары төмендегідей болды:
Жұмыс істемеген адамда ақша болмайды;
Тұрмыстары нашар болады;
Оларда тамақ та болмайды;
2.Мақпал әжей қолындағы жүгін ауырсынды ма, сәл жүріп барады да тоқтайды.
Сөйтеді де маңдайының терін жаулығының ұшымен сүртеді.
Мұны көрген Марат:
-Болат,жүр,әжейдің заттарын үйіне апарып тастайық,-деді.
-Қойшы, ойнаймын,- деп Болат кетіп қалды.Марат әжейдің қасына келді де,жүктерін көтеруге көмектесті.Ауыл шетіндегі үйге жеткенде әжей:
-Балам,өркенің өссін, азамат бол! – деп алғысын айтты,екі алманы қолына ұстатты.
-Бұл еңбегің үшін, ала ғой, қалқам, біреуін әлгі жолдасыңа берерсің,-деді әжей. Енді осы әңгіме бойынша балаларға мақал айтуын ұсынамын.
Табиғат құбылыстарына, заттарға жұмбақтар құрастыру.
Жұмбақтар - көркем миниатюра. Оларды салыстыру арқылы пайда болатын образдар беріледі. Сондықтан оларды шешу кезінде баланың логикалық ойы дамиды. Балалар бір-бірінің шығарған жұмбақтарын шешуін тауып, ойлау, дәлелдеу арқылы табылған шешім бала есінде ұзақ сақталып, салыстыруға, қорытуға үйретеді.
Мысалы: Динараның құраған жұмбағы:
1. Өзі жас, мұртты
Сүтті ұрлап ішті. (мысық)
2. Әр үйде белін буған бір пысық бар. (сыпыртқы)
Суреті бар, хабарлайды,
3. Жәшікте тұрып жыбырлайды.
Ән салады, би билейді,
Көңіліңді көтереді. (теледидар)
4. Жерге түсірсең, секіреді. (доп) (Мадина)
5. Бізге жарық береді,
Бассаң, сөніп кетеді. (электр шамы) (Қанағат)
6. Өзі әдемі, иісі жұпар,
Оны туған күніне сыйлар. (гүл) (Айдана)
7. Жып-жылтыр боп қатады,
Сырғанақ боп жатады. (мұзайдын) (Гүлшара)
8. Оның көп парағы бар,
Ашып оқысан, білім аласын. (кітап) (Мира)
9. Өзі кішкентай жәндік,
Бірақ мықты, еңбекқор. (құмырсқа) (Диас)
10. Аспанда жүреді дөңгелеп,
Нұрын шашады, күлімдеп. (күн) (Сұлтанбек)
Гімелерді салыстыру, бөліктерге бөлу, ат қойғызу.
Шығарма, мәтін құрастыру.
- Тақырып бойынша.
- Жоспар бойынша
- Тірек сөздер арқылы
Лең құрастыру.
· Дайын өлең жолдарын бір, екі жолын беру арқылы.
· Дайын ұйқастарды ұсыну арқылы.
Бастауыш сыныпта жүргізіле бермейтін шығармашылыққа үйрету жұмысының бірі - өлең жазуға баулу. Бұл жұмысты бірінші сыныптан бастауға болады. Ол үшін алдымен оқушыларға ұйқас сөзінің мәнін түсіндіріп, өлеңдердегі ұйқастарды табуға беріледі. Содан кейін ғана алдымен жеке дыбыстар, сосын буындар, одан кейін берілген жол арқылы ұйқас жасау үйретіледі. Мысалы:
1) - у- у- у,
Тәртіпті болу.
2) - е- е- е,
Барамыз мектепке.
3) - да- да- да,
Қызықты оқуда.
4) – ға – ға –ға
Қызықты кітап оқуға
5) Мектепке барамыз,
Білім аламыз.
6) Мен бақытты баламын,
Өйткені Қазақстанда тұрамын.
7) Біз көңілді баламыз,
Мектепке барамыз.
Көп кітап оқып,
Білімді боламыз.
Осы тәртіппен үйретіле бастаған бұл жұмыс кейіннен күрделене түседі. Енді мұғалім болашақ өлеңнің бірінші жолын тақтаға жазып қояды. Мысалы: «Біз көңілді баламыз», қалған екінші, үшінші, төртінші жолдары ұйқастарды ескере отырып, балалар айтқан ұсыныстардан ең лайықтысын таңдау арқылы құралады. Осылай өлең шумағы дүниеге келеді.
Өлең құрастыру жұмысынекі тәсіл арқылы ұйымдастырылады:
а) алғашқы екі тармағы дайын өлең жолдарын ұсынып, оқушыларға соны аяқтауды тапсыруға болады. Мысалы,Ө.Тұрманжановтың «Туған өлкем» өлеңінде қайталанып тұрған:
«Неткен сұлу, неткен көркем,
Осы – менің туған өлкем» деген жолдар бар.
Оқушыларға осы дайын өлең жолдары ұсынылып, оны ары қарай жалғастыру тапсырылады. Тапсырма дұрыс орындалу үшін, ең алдымен, оқушылар құрастыруға тиісті оқушылардың шығармашылық белсенділігін қалыптастыруда өлеңнің сызбасы түсіріледі:
«Неткен сұлу, неткен көркем,
Осы – менің туған өлкем», — ұсынылған жолдар.
«Ұлан - байтақ жерлері бар
Өз өлкемді мақтан етем», — оқушының аяқтауы, яғни бұл – жоспар, өлең ұйқасқа құрылады және бұл сызба бойынша өлеңнің бірінші, екінші, төртінші жолдары ұйқасуға тиіс.
ә) Дайын ұйқастар ұсынылады. Мысалы, «Күз» тақырыбына арнайы төмендегідей ұйқас бойынша өлең құрастыру тапсырылады:
… байлық
… алдық
… құс біткен
… қалдық.
Оқушының тапсырманы орындауы:
Күз – береке, күз — байлық,
Күзде астық мол алдық
Жылы жаққа құс біткен
Кеткен ұшып, біз қалдық.
Әрине, жұмыс нәтижелі болуы үшін мұндай әдісті тұрақты түрде және жиі қолданып отыруы керек. Оқушылар өз өлеңдерін белгілі бір тақырыптар бойынша кішкене кітапша түрінде шығарып отыруға болады.