Дамудың әлеуметтік жағдаяты
Л.С. Выготский педагогикалық психология үшін өте маңызды «дамудың әлеуметтік жағдаяты» ұғымын кіргізді. Дамудың әлеуметтік жағдайы баламен әлеуметтік ортаның қарым-қатынасының белгілі бір жүйесі болып табылады, ол даму процесінің мазмұнын, бағытын және жаңадан пайда болған негізгі өзгерістермен байланысты оның орталық бағытының қалыптасуын анықтайды. Бұл жүйенің өзгеруі жас ерекшеліктердің өсімінің негізгі заңын айқындайды. «Осы заңға сәйкес, баланың белгілі бір жаста дамуын қозғаушы күштер ішкі қажеттілікпен дамудың әлеуметтік жағдаятының күшін жоғалтуын анықтай отырып, осы жаста дамудың барлық даму негіздерін теріске шығару және күйзелтуге сөзсіз әкеліп соғады, дамудың берілген дәуірінің аяқталуын және келесі, немесе жоғары, жас ерекшеліктік сатыға ауысқанын анықтайды».
Осымен қатар, Л.С. Выготский әр уақытта психикалық даму – бүкіл тұлғаның біртұтас дамуы деп үнемі ерекше атап өтеді. Баланың әлеуметтік өмір шындығына қатынасы ретінде дамудың әлеуметтік жағдаяты деген ұғымға осы қатынастарды жүзеге асырушы құралдарды – жалпы әрекет пен жетекші әрекеттің нақты түрлері де кіреді, атап айтқанда Л.С. Выготский бойынша, «әрекеттің кейбір түрлері берілген кезеңде жетекші болады және тұлғаның ары қарай дамуында үлкен маңызы болады, басқалары – азырақ. Кейбіреулері дамуда басты рөлді ойнайды, басқалары - бағынышты рөл ойнайды».
Психикалық дамудың негізгі сызықтары
Ұсынылып отырған қарастыру тұрғысынан жалпыға ортақ қабылданған ережені басшылыққа аламыз, алайда даму бала тұлғасын толығымен қамтиды, бұл процесте бірқатар негізгі сызықтар (бағыттар) белгілене алынады. Мысалы, баланың психикалық дамуы оның біртұтас тұлғалық дамуы сияқты бір мезгілде келесі сызықтар бойынша жүзеге асырылады: танымдық аясы (интеллекттің қалыптасуы, таным механизмдерінің дамуы); әрекеттің психикалық құрылымы мен оның мазмұны (мақсаттар, мотивтер және олардың ара қатынасының дамуы, әрекеттің құралдары мен әдістерін меңгеру); тұлғаның (бағыттануы, құндылық бағдарлануы, өзіндік сана сезімі, өзін-өзі бағалау, әлеуметтік ортамен өзара әрекеттесуі және т.б.). Бала дамуының бағыттары біраз басқаша ұсынылуы да мүмкін - даму ретінде: а) білімдердің; әрекеттің тәсілдері; б) меңгерілген тәсілдерді пайдаланудың психологиялық механизмі және в) тұлғаның дамуы, оған әрекет те кіреді.
Л.И. Айдарова осы сызықтардың қатарында интеллектуалдық, тұлғалық сызықтармен қатар тілдік дамуды да белгілеп атап өтеді. Баланың барлық интеллекттік-тұлғалық-әрекеттік қалыптасуында психиканың арындылығы, интегративтілігі, жүйелілігі, сензитивтілігі, компенсаторлығы сияқты негізгі заңдылақтарының көрініс табатыны маңызды. Бала дамуы сызықтарының үшеуінің әрбіреуін толығырақ қарастырайық (интеллект, әрекет, тұлға), сонымен қатар нақты өмірде олардың бір-бірінен ажыратылмайтынын атап өткеніміз қажет.
Интеллекттің дамуы
Баланың интеллектін, оның танымдық саласын дамыту, отандық психологияда Л.С. Выготскийдің жоғары психикалық функцияларды дамыту теориясының жалпы контексінде беріледі. Бұл теорияда адамның әлеуметтік мәні және оның әрекетінің жанама түрдегі сипаты (оның «құралдылығы», белгілігі) аталынады. Жалпы адамның интеллектуалды дамуы келесі негізгі салалар бойынша жүреді: тікелейден - жанама түрліге; жалпы бөлшектелмегеннен жіктелгенге, және де сол уақытта өмір шындығын жалпыланған түрде (абстрактілі) бейнеленуіне; еріксіз, реттелуге келмейтіннен - еркінге. Баланы интеллектуалдық дамыту барысында психикалық танымдық процестердің өздерінде де өзгерістер жүріп жатады. Олар сапалық жағынан, мысалы еріксіз есте сақтаудан еркін есте сақтауға, ойлаудың көрнекі - әсерлі, көрнекі-бейнелік түрінен оның дерексіз және абстрактілі қисынды (логикалық) және теоретикалық ойлау түріне өзгереді.
Онтогенезде күрделенетін құрылым ретінде интеллектті дамыту, ең бастапқы кезеңінен бастап – баланың интеллектуалдық дамуының сенсомоторлық деңгейін белгілеуді (0-2 жас) толығымен Ж. Пиаже ашқан. Ол ойлау әрекетінің құрылымы болып табылатын интеллекті баланың (логикалық) қисынды ойлауын дамыту мысалында шешті. «Оның зерттеулерінің ең басты міндеті – логикалық (қисынды) операциялардың психикалық механизмдерін зерттеу үшін интеллекттің тұрақты, біртұтас, логикалық құрылымдарының біртіндеп пайда болуын белгілеу». Бала логикасының онтогентикалық дамуын зерттеу Ж. Пиаженің теориясында келесілерге сүйенеді:
- интеллектуалдық даму тепе-теңдікке ұмтылады, оның соңғысы бөлшектер мен тұтастың теңестірілетін құрылымы;
- интеллектуалдық дамудың әрбір деңгейі жинақталған тәжірибе ретінде әрекеттер схемасына рәсімделеді;
- жаңа ой-еңбектік құрылымдар әрекеттер негізінде қалыптасады;
1) субъекттің қоршаған ортамен өзара әрекеттесуінің құралы ретіндегі функциялар (динамикалық процестер): ассимиляция мен аккомодацияның тепе-теңдігінен тұратын ұйымдастыру мен бейімделу, және 2) өмір сүру барысында қалыптасатын жүйелер ретіндегі құрылымдар арасындағы ара қатынас «дамудың үздіксіздігін, сабақтастығын және әрбір жас ерекшелік сатысында оның сапалық өзінділігін қамтамасыз етеді».
Ойлау қисынын дамыту, Ж. Пиаже бойынша, операцияны дамыту, «бұл ішке қарай көшірілген әрекеттер, олар жүйе ішінде қайтымды және үйлестірілген, жүйеге біртұтастық ретінде қарайтын заңдарға бағынатын әрекеттер», мұнда қарама-қарсы әрекетке ауысу ретіндегі қайтымдылық (мысалы, қосылу және ажырастыру) негізін қалаушы категория болып табылады. Ж. Пиаже бойынша, операцияны құру төрт кезеңнен өтеді: қайтымдылыққа енді ғана белгілі беталыстары біліне бастаған «моторлық әрекеттерден», - тек қана сенсомоторлық әрекеттердің ғана қайтымдылығымен сипатталатын операцияға дейінгі кезеңге дейін; «логикалық, қисынды операциялар …. қайтымды жүйелер формасына ие болған қосылу, ажыратылу, ретке келтірілу және сәйкестікті белгілеу әрекеттірінің үйлестіру өнімі ретінде нақты операцияға дейін жетіліп өседі» және ақыр аяғында, «балада үлкен адамның логикасы... болжамдармен ойлау қабілеттілігі қалыптасқан жағдайда» – пропозиционалды немесе формалды операцияларға.
Операционализм негізінде интеллектуалдық (логикалық) дамуды осылайша түсіну бұл процесті жалпы инволюциялық-эволюциялық, үдемелі процесс ретінде жалпы дидактикалық анықтамамен байланысады, онда әрекеттің талдамалық-синтетикалық дамуы мен жетілдірілуінің негізінде (С.Л. Рубинштейн) интеллекттің құрылымдануы, оның біртұтас құрылымының пайда болуы, компоненттерінің ара қатынасының өзгеруі одан есе көп жүреді, ол есею кезеңінде де жалғаса береді. Бұл құрылымды инттелектуалдық міндеттердің әрбіреуінің арасындағы белгілі байланыстар неғұрлым анығырақ байқала бастайды, олар бір бүтін болып қосылады. Осылайша, ересектердің әсерінен (олардың қатысуымен де), баланың өзінің және оқытудың пәндік-коммуникативтік әрекетінің әсерінен оның танымдық аясын өзгерту, жасы өскен сайын оның ой-еңбектік әрекетінің біртіндеп күрделенуі Б.Г. Ананьев бойынша, сенсорлық-перцептивті (сезіну, қабылдау) мнемикалық (ес, ойлау), атенциондық (зерде) сияқты компоненттерінде интеллекттің біртұтас құрылымын қалыптастыру түрінде көріне бастайды. Б.Г.Ананьев мектебінің зерттеушілері интеллект құрылымының үнемі өзгеріп отыратынын көрсетті. 22 жастан 25 жасқа дейін адам интеллектінің құрылымында екі ұйытқы сақталынады (факторлық және корреляциялық талдаудың деректері бойынша) оларға барлық психикалық процестер мен көрсеткіштерді қосатын байланыстар тартылады. Бірінші ұйытқы – мнемикалық, яғни ес пен ойлаудың бірыңғай құрылымы, екіншісі – атенциондық, яғни, зерде ұйытқысы. 30 жастан 35 жасқа дейін интеллект құрылымында тағы да үш ұйытқы қалыптасады: мнемикалық, логикалық және атенциондық. Атенциондық ұйытқының болуы адамның зердесін анықтайтын сананың бағыттануы мен шоғырланушылығы, оның интеллектуалдық әрекетінің маңызды шарты болып табылады. 34-35 жаста интеллект құрылымында тағы да екі ұйытқы пайда болады, былайша айтқанда, оның «тартылуы» жүреді және барлық корреляциялық байланыстар логикалық және атенциондық ядролардың төңірегінде топталады.
Интеллекттің мектептік кезеңнен соң дамуы әсіресе студенттік жаста білінеді, бұл жастық шақ пен ересек шақтағы «психикалық қатаю» туралы ережені толығымен жоққа шығарады (Э.Клапаред). Студенттік шақ – бұл интеллектің аса күрделі құрылымдану шағы (ол өте жеке және көп вариантты). «Зерттеушілердің көпшілігі осы шақтағы адам дамуының процесін функционалдық жұмысқа қабілеттіліктің және өнімділіктің үздіксіз өсуімен, тіпті функциялардың тұрақтандырылуынсыз қандай да болмасын төмендеу және дағдарыссыз алға қимылдау динамикасымен сипаттайды. Сөзсіз, студенттік шақта дамудың аса көп мүмкіншіліктері бар; дәл осы жастық ара қашықтықта сенситивті кезеңдер орналасқан, олар оқытуды әлі жеткіліксіз мөлшерде пайдаланған… Осы кезеңнің күрделі құрылымында бір функцияны көтеру сәттері (көтерілу шыңы мен оптимумдары) тек қана тұрақтандыру сәттерімен ғана емес, басқа функциялардың төмендеуімен бірге жүреді».
Б.Г. Ананьевтың деректері бойынша интеллектің құрылымы жас ерекшеліктік дамудың созылу барысында және студенттік жастың өзінің ішінде динамикалық өзгеріп тұрады. Мысалы, 18-21 жаста әртүрлі функциялардан тұратын корреляциялық топ (естің, ойдың, қабылдаудың, зерденің) байланыстың буындары ретінде болса, онда 22-25 жаста мнемикалық және атенциондық ядроларымен күрделі тармақталған кешен пайда болады. Студенттік жаста ерекше рөлді зерде факторы ойнайды, алайда осы кезеңде корреляциялық байланыстардың саны мен қуаттылығы бойынша тек төртінші орынды алады, бірақ та оның концентрация деңгейі көтеріледі. Зерденің тұрақтылығы тек 22 жастан бастап көтеріледі, бұл оқу процесінде студенттердің зердесін ұйымдастыру үшін мақсатты бағытталған жұмыстың маңыздылығын атап өтеді.
Ойлауды дамыту ес дамуымен тығыз байланысты: 19 жаста мнемикалық функциялар логикалық функциялардан көрі тезірек дамиды, 20 жаста кері көрініс байқауға болады, ал 22 жаста екі функцияның да көрсеткіштері төмендейді. 18-19 жаста ойлау функцияларының салыстырамалы тұрақтануы байқалады.
Педагогикалық психология үшін логикалық компонент – вербалды, ұғымдық ойлаудың компоненті - интеллекттің құрылымындағы үнемі жетекші компонентінің бірі болып қалып отыратыны практикалық тұрғыдан қызығушылық тудырады. Оқу, білім беру, әсіресе, жүйелі түрде оқу мен өзін-өзі оқыту адамның ой белсенділігінің жоғары деңгейін, оның интеллектуалдық жұмысқа қабілеттілігін қолдап отыратын, өте күшті, үнемі әрекеттегі фактор болатыны анық. Баланың танымдық аясын дамыту процесінде оның санасының мазмұны жетіліп, сапалық тұрғыдан өзгереді. Соңғы жылдары жүргізілген психосемантикалық зерттеулер (Е.Ю. Артемьев, В.Ф. Петренко, А.Г. Шмелев және т.б.) бұл мазмұнды дискреттік (дербес) бірліктердің кейбір деңгейлік құрылымының формасы түрінде елестетуге мүмкіндік береді, оның санатында мағыналар, категориялар ұсынылады. Бұл жерде тағы да Л.С. Выготскийдің сөздік мағына қарым-қатынас пен жалпылаудың бірлігі деген ережесін еске түсірген жөн. Атап айтқанда, сол жалпыланған мағыналар мен категориялар әрбір адамның санасында субъективті бейне мен әлем бейнесін құрайды. Бұл - жеке бейне, және сонымен қатар ол ұқсас жағдайларда дамитын адамдар үшін бірдей де бола алады. «Әрбір индивидтің түсініктер жүйесінде ерекше, тек қана оның өзіне тән, оның жеке тәжірибесіне байланысты құрастырушылар бар. Мысалы, «жақсы ата-ана», «идеалды күйеу мен әйел» образдары тікелей үлгі алу, ата-анасының отбасы, оқыған кітаптардан, бұқаралық коммуникациядан алынған тәжірибені меңгеру индивидтің өзін немесе басқаларды бағалауында ұстанатын адамгершіліктік өлшемдер, «идеалды өлшемдерді» қалыптасуы ақыр аяғында, оның өмірінің ұйымдасуын, оның тұлғасының дамуына себеп болады». Осыдан, бала өмірінің жағдайын дұрыс ұйымдастырудың, оның әрекетінің (ойын, оқу), онымен қарым-қатынас және ынтымақтастық жасаудың, яғни бала дамуының мақсаттарына жауап бере алатын білім беруші ортаның дұрыс ұйымдастырылуы ең бірінші маңызды екенін мойындау қажет (В.В. Рубцов, В.И. Панов, В.А. Ясвин). Басқа сөзбен айтқанда, бала санасының дамуы, оның тұлғасының дамуы тұрғысынан үлкендер ғана сыртқы, әлеуметтіктің ішкі, психикалыққа ауысу процесін ұйымдастырулары қажет. Бұл процесс интериоризация, сыртқының ішкіге «ауысуы» деп аталады (Л.С. Выготский, Ж. Пиаже, П.Я. Гальперин және т.б.). Л.С. Выготскийге сәйкес, «баланың мәдениетті дамуындағы кез-келген функция сахнаға екі тұрғыдан, екі рет шығады, алдымен - әлеуметтік, содан соң – психологиялық, алдымен, интерпсихологиялық категория ретінде - адамдар арасында, содан кейін – интрапсихологиялық категория ретінде - баланың ішінде».