Негізгі сұрақтар. 1. Өзара іс әрекет етудің іс жүргізушілік нысандары

1. Өзара іс әрекет етудің іс жүргізушілік нысандары. Өзара әрекет етудің ұйымдастырушылық нысаны. Тергеушінің қоғамдастықпен өзара әрекет етуі. Тергеушінің сарапшылық бөлімшелермен өзара әрекет етуі.

2. Қылмыстық іс бойынша іс жүргізудің түсінігі. Алдын ала тергеуді тоқтата тұру тәртібі. Алдын ала тергеуді тоқтата тұрудың шарттары. Алдын ала тергеуді токтатканнан кейінгі тергеушінің әрекеттері. Айыпталушыны іздестіру. Тоқтата тұрылған алдын ала тергеуді қайта бастау.

3. Қылмыстық істерді біріктіру. Қылмыстық істерді бөлектеу. Қылмыстық істерді қысқарту. Ақтайтын негіздер бойынша қылмыстық істерді қысқартудың ерекшеліктері. Айыптау тағу және жеке айыпталушыларға катысты бөлігінде қылмыстық істі қысқарту.

4. Қылмыстық іс кысқартылғаннан кейін тергеушінің іс әрекеті. Қылмыстық істі кысқарту туралы каулыға шағым беру тәртібі. Қысқартылған қылмыстық істі қайта қозғау. Қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді аяктаудың нысандары. Құпиялықты сақтау. Іс жүргізу мерзімінің түсінігі. Іс жүргізу мерзімдерін есептеу тәртіптері. Іс жүргізу мерзімдерін сақтау мен ұзарту. Өтіп кеткен мерзімді қалпына келтіру.

1. Қылмыстық iс бойынша iс жүргiзудi тоқтата тұру

Қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу:

1) айыпталушы ретiнде жауапқа тартуға жататын адамның анықталмауы;

2) айыпталушы тергеуден немесе соттан жасырынып қалған не оның тұратын жерi басқа себептермен анықталмаған;

3) айыпталушыны қылмыстық iзге түсу иммунитетiнен айыру не оны шетелдiк мемлекеттердiң беруi туралы мәселелердiң шешiлуiне байланысты айыпталушының iске қатысуының нақты мүмкiндiктерi болмаған;

4) айыпталушы жүйкесiнiң заңда көзделген тәртiпте куәландырылған уақытша бұзылуы немесе өзге де ауыр науқастануы;

5) айыпталушының Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде болуы;

6) соттың аталған қылмыстық iсте қолданылуға тиiс заңның немесе өзге де нормативтiк-құқықтық актiлердiң Конституцияға сәйкес еместiгiн тану не адамның және азаматтың Конституциямен бекiтiлген құқықтары мен бостандығын шектейтiндiгi туралы ұсыныспен Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесiне өтiнiш жасауы;

7) қылмыстық iс бойынша одан әрi iс жүргiзуге уақытша кедергi келтiретiн тежеусiз күштiң iс-әрекетi;

8) тиiстi сараптама жүргiзiлген;

9) ҚІЖКтiң 55-тарауында көзделген тәртiппен құқықтық көмек алуға байланысты iс жүргiзу әрекеттерi орындалған жағдайда анықтаушының, тергеушiнiң немесе соттың қаулысымен толықтай немесе тиiстi бөлiгiнде тоқтатыла тұруы мүмкiн.

Сотта қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу, егер жеке айыптау iсi бойынша жеке айыптаушы оның ауыр науқас екендiгiне, Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде iс-сапарларда болуына немесе азаматтық борышын орындауына байланысты сотта қылмыстық iзге түсудi жүзеге асыра алмаған жағдайда да соттың қаулысымен толық немесе тиiстi бөлiгiнде тоқтатыла тұруы мүмкiн.

Қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу оны тоқтатуға негiз болған жағдайлар жойылғанға дейiн тоқтатыла тұрады. Әлгi жағдайлар жойылған соң анықтаушының, тергеушiнiң немесе соттың қаулысымен ол жаңартылады.
Iс бойынша iс жүргiзудi тоқтата тұру немесе жаңарту туралы процеске қатысушыларға хабарланады. Қылмыстық iзге түсу органы шығарған қылмыстық iстi тоқтата тұру туралы қаулының көшiрмесi жиырма төрт сағаттың iшiнде прокурорға жолданады.

Тоқтатылып қойған iс, егер iс бойынша ескiру мерзiмiн үзу туралы мәлiмет болмаса, қылмыстық заңмен белгiленген ескiру мерзiмiнiң аяқталуы бойынша тоқтатылуға тиiс.

2. Қылмыстық ізге түсу функциясын жүзеге асыру барысында бір факті бойынша түрлі өкілетті органдар қылмыстық істерді дербес қозғап, сотқа дейінгі тергеуді бір мезгідде жүргізетін жайттар пайда болуы мүмкін. Осы фактінің анықталуы бір адам және бір мән-жай бойынша екі іс жүргізілуінің дереу тыйылуына әкеліп соғады. Әйтпеген жағдайдақайтадан соттауға және қылмыстық ізге түсуге жол беруге болмайтыны жөніндегі принциптін бұзылуына жол беріледі.

Бір оқиға жөнінде түрлі айыпталушыларға қатысты істердің бөлек жүргізілуі қылмыстың тұтас көрінісінің қалпына келтірілуіне бөгет жасайтын жайттар қальштасуы мүмкін, оның өзі сот төрелігінің мақсаттарына кол жетуін қиындатады. Осы жағдайларды сол қылмыстық істерді бір іс етіп біріктіру жолымен жоюға болады.

Келтірілген және сол сияқты оқиғалар істі біріктіруге немесе бөлектеуге байланысты шешімдер қабылдануын қажет етеді. Қылмыстық істі біріктіру немесе бөлектеу туралы мәселені дұрыс шешудің маңыздылығы судьяның қылмыстық істі қосымша тергеу үшін қайтару немесе істі белектеу құқығымен атап көрсетіледі (ҚІЖК 303-бап, 1-бөлік, 2-тармақ).

ҚІЖК 48-бабьша сәйкес мыналар бір істе біріктірілмеуге тиіс:

әр түрлі адамдарға қатысты бірдей айыптау;

жеке айыптау ісі қаралатын жағдайларды қоспағанда, бір-біріне қатысты қылмыс жасағандағы ташлатын адамдарға қатысты айыптау;

біреуі бойынша қылмыстық ізге түсу — жеке түрде, ал екіншісі бойынша — жария түрде жүзеге асырылатын істер;

біріктіріп қарау істі объективті қарауға бөгет жасайтын барлық басқа да айыптаулар.

Қылмыстық істі біріктіруге тыйым салудың бірінші негізі куәгерлік базаның бірлігі, ортақ жәбірленушінің бар екені бірнеше айыпталушы іс-әрекеттерінің өзара байланысты екенін білдірмейтінін көрсетеді. Қылмыстық істерді бір іске біріктіру үшін бір адамның кінәсі екінші адамның кінәсіне тікелей байланысты болуы қажет. Бірнеше айыпталушының бір жәбірленуші жөніндегі іс-әрекеттерінде сөз байласу, бірлесіп қатысу, келісіп алу белгілерінің жоқтығы қылмыстық процесті түрлі айыпталушыларға қатысты бір қылмыстық іс шегінде жүзеге асыруға мүмкіндік бермейді.

Тыйымның екінші негізінің мәні мынада: екі немесе одан көп адамның бір-біріне қатысты қылмыс жасауы оларды бір мезгілде жәбірленуші мен айыпталушы жағдайына қоады. Іс жүргізудегі екі бәсекелесуші тұлғаның статустарын бір адамға тіркестіру заңмен берілген құқықтар мен жүктелген міндеттердің бірін-бірі жоққа шығаруына әкеліп соғады. Оның өзі бір адамға қарасты бір статусты артық санап, екінші статусты алып тастау оның конституциялық құқықтары мен бостаңдықтарына екі бөлікте де елеулі қысым жасалуьша әкеліп соғатынын білдіреді.

Заңдылықтың бұзылуына сөзсіз әкеліп соғатын мұндай жағдайларға жол бермеу үшін ҚІЖК айыпталушылар бір-біріне қатысты қылмыс жасаған істер бойынша істерді біріктіруге тыйым салады.

Қылмыстық істерді біріктіруге тыйым салатын үшінші негіз өз мазмұны бойынша екінші негізбен біршама ұқсас. Жәбірленушіге, айыпталушыға жеке және жария тәртіппен берілген құқықтардың айырмашылығы бірқатар іс жүргізушілік кепілдіктерінің бірін-бірі жоққа шығаруын көздейді. Мысалы, егер жеке айыптау ісі тараптардың татуласуына орай тоқтатылуға тиіс болса, жария айыптау ісін тоқтату үшін ондай негіз көзделмеген. Бір қылмыстық іс шегінде қылмыстық ізге түсудің екі нысаны бойынша қорғалатын заңды мүдделердің кақтығысуы заңдылық принципінің едәуір бұзылуына әкеліп соғуы мүмкін.

Тәртінші негіз қылмыстық процесті жүргізуші органның өз қалауын көздейді, бұл жағдайда шешім қабылдау үшін негізгі өлшем ақылға қонымдылық болып табылады.

Заң шығарушы істерді біріктіруге тыйым салатын негіздер белгілеген кезде қолданған шығарып тастау әдісі істерді біріктіру үшін негіздер белгілеуге мүмкіндік береді, оларға мыналар жатады:

- екі және одан көп адамды бір немесе бірнеше қылмыс жасауға қатысты деп айыптау;

- бір адамды екі және одан көп қылмыс жасады, сондай-ақ сол қылмыстарды күні бұрын уәде берместен жасырды және олар туралы айтпады деп айыптау.

ҚІЖК-тің 48-бабының мәнінен негіздер бар болған жағдайда істерді біріктіруге салынған тыйым орындау үшін міндетті болып табылатыны байқалады. Біріктіруге келетін болсақ, заңда оның орын алуы мүмкін екені, бірақ ешкімге де мағыналас міндеттер жүктелмейтіні айтылған. Біріктіру ережелері туралы нұсқаулардың факультативтік сипаты қылмыстық процесті жүргізуші органға бұл мәселені нақты қалыптасатын жағдайды негізге ала отырып шешу құқығын береді.

Істерді біріктіру үшін заңды негіз қылмыстық процесті жүргізуші органның ол туралы қаулысы болып табылады. Заңдылықты сақтау және қадағалауды жүзеге асыру мақсатында каулының көшірмесі тиісті қаулы қабылданған сәттен бастап жиырма терт сағат ішінде прокурорға жолданады.

Біріктірілген істер бойынша мерзімді есептеу тәртібі туралы мәселе жеткілікті дәрежеде манызды. Заңда мерзім уақыты бойынша сонғы іс қозғалған күннен бастап есептеледі деп белгіленген. Біріктірілген қылмыстық істердің бірі бойынша айыпталушы жөніндеқамауға алу не үйінде қамауда ұстау түрінде жолын кесу шарасы қолданылған болса, тергеу мерзімі аталған жолын кесу шаралары қолданылған іс қозғалған к үннен бастап есептеледі. Істі алдын ала тындау сатысында біріктірілген қылмыстық істер бойынша мерзім сотқа соңғы қылмыстық іс түскен күннен бастап есептеледі.

ҚІЖК-тің 49-бабына сәйкес сот, қылмыстық ізге түсу органы қылмыстық істен:

қылмыстық іс тоқтатылуға тиіс болғанда жекелеген айыптаушыларға;

мемлекеттік құпияларды қорғауға байланысты жабық сот талқылауы үшін негіз оған қатысты болатын, бірақ басқа айыпталушыларға қатысты болмайтын жекелеген айыптаушыларға;

ересектермен бірге қылмыстық жауаптылыққа тартылған кәмелетке толмаған айыпталушыға;

қылмыстық жауаптылыққа тартуға жататын жекелеген анықталмаған тұлғаларға қатысты басқа қылмыстық істі жеке жүргізуге бөлектеуге құқылы.

Істі жеке жүргізуге белектеудің бірінші негізі заң шығарушының сот ісінің шапшаң жүргізілуін қамтамасыз етуге, жәбірленушілердің, азаматтық талапкерлердің және процеске қатысушы басқа да адамдардың мүдделерін барынша сақтауға ұмтылуымен байланысты. Іс жүргізуді тоқтата тұру дәлелдер жинау, іс жүргізу әрекеттерін жүзеге асыру уақытша тоқтатылатынын білдіреді. Егер іс бойынша екі және одан кеп айыпталушы ететін болса, олардың бірі тергеу мен соттан жасырынып, оны іздеу өте қиынға соғатын болса, бүкіл қылмыстық іс жүргізудің тоқтатып қойылуы процеске өзге қатысушылардың құқықтары мен мүдделерін елеулі түрде шектеуі мүмкін. Өзге айьшталушылардың құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз ету мақсатында оларға қатысты істер жеке жүргізілетіндей етіп бөлектелуі мүмкін.

Екінші негіз мемлекеттік құпиялардың қорғалуын қамтамасыз етуге бағытталған. Жабық сот отырысын өткізу қажеттігі өз ісінің қаралуы мемлекеттік құпияларды қорғауға байланысты адамдарға қатысты қылмыстық іс жеке жүргізуге бөлектелген жағдайда қамтамасыз етілуі мүмкін.

Үшінші негіз кәмелетке толмаған айыпталушылардың құқықтарын сақтау үшін барынша қолайлы жағдайлар жасау қажеттігіне байланысты. Сотта іс тыңдау кезінде ересек айыпталушылар қатысуының психологиялық ықпал етуінің ықтималдығы ақиқатты анықтауға бөгет болуы мүмкін. Кәмелетке толмаған айыпталушыға қатысты істі бөлектеу — қылмыстық сот ісін жүргізудің адамгершілік бағыты көріністерінің бірі.

Тәртінші негіз бірінші негізбен өзара тығыз байланысты. Анықталмаған адамдар жөніндегі іс қалған айыпталушыларға қатысты сот ісінің шашпаң жүргізілуін камтамасыз ету, сол арқылы оларға берілген іс жүргізушілік құқықтарын толык көлемінде қамтамасыз ету үшін жеке жүргізуге бөлектеледі.

Қылмыстық істі жеке жүргізуге белектеу — соттың, қылмыстық ізге түсу органынын құқығы. Заңда істің бөлектелуі орынды болатын жағдайлар белгіленген:

- істі бөлектеу зерттеудің және істі шешудің жан-жақтылығына, толымдылығына әсер етпеуге тиіс;

- бөлектелген істерді сотта қарау шешімнің объективтілігі мен заңдылығына әсер етпейді;

- процеске қатысушылардың құқықтары толық көлемінде сақталады;

- істің бөлектелуі сот терелігіне байланысты емес мақсаттар да пайдаланылуға тиіс емес.

Істі жеке іс жүргізуге бөлектеудің іс жүргізушілік негіздері қылмыстық, процесті жүргізуші органның ол туралы каулысы больш табылады, қаулының көшірмесі жиырма төрт сағат ішінде прокурорға жолдануға тиіс.

Бөлектелген қьимыстық іс бойынша іс жүргізу мерзімі жаңа тұлғаға қатысты істі белектеу туралы немесе жаңа қылмыс бойынша қаулы шығарылған күннен бастап есептеледі. Барлық басқа жағдайларда мерзім негізгі қылмыстық іс қозғалған сәттен бастап есептеледі.

Наши рекомендации