Йымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Жұлдыз» ересек тобы

Білім беру саласы: «Таным»

Тақырыбы: Қосу. 0 – 5 сандары. «+» таңбасы

Бөлімдері: ҚМТҚ

Күні, айы, жылы: 23. 12. 2014 жыл

Мақсаты

Білімділік: Қосу амалының мәнін түсіндіру; «+» таңбасын қолданысқа енгізу: қосу амалдарын пайдаланып есеп құрастырып, жазуды үйрету; алғашқы бестіктегі сандардың нумерациясын пысықтау.

Дамытушылық: Балалардың зейінін, кеңістікте ойлау қабілеті мен есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Бір –біріне көмек қолын созуға тәрбиелеу

Қостілдік компонент: Қосу-плюс, санау-считать, тапсырмаларды орындау-выполнять задание.

Көрнекілік құралдар: «Сиқырлы қалта» дидактикалық ойын. Жеке жұмыс дәптері, түрлі түсті қарындаштар, үлестірмелі материалдар, демонстрациялық материалдар

Іс –әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
  Мотивациялық- қозғаушылық Шаттық шеңбері: -Балалар, менің қолымда не бар? -Бұл гүл қалай аталады? -Осы раушангүлін бір-біріңе бере отырып, жақсы тілектер айтамыз: -Айша, сені бүгін көргеніме қуаныштымын, бүгінгі күнің сәтті өтсін, үйіңде ас көп болсын, сен ақылды қызсың...     Балалар бір-біріне жылы лебіздерін білдіріп, тілектерін айтты.
    Ұйымдастыру- іздестіру   -Балалар, қазір біз қысқы серуенге шығамыз. Қыста қардан қандай мүсіндер жасаймыз? -Мына суреттегі аққалаларды салыстырып көрелік. Олардың бір – біріне ұқсастығы мен айырмашылығын тауып беріңдерші. Дұрыс, олардың әрқайсысының астына санды карточкаларды қойып шығуларын керек. Балалармен бірге тура және кері санайды.Солдан оңға қарай, содан соң кері қарай санайды. - Шелегі бар аққалаларды жоғарғы топтағы балалар жасады. Олар неше аққала жасапты? 2 цифры жазылған карточканы қояды. - Ал кіші топ балалары шелегі жоқ тағы үш аққала жасады. Олар барлығы неше аққала жасады? - Балалар, біз аққаланы бірге жасадық, санадық, ол үшін «+» таңбасын пайдаландық, бұл «қосу» дегенді білдіреді. Біз заттарды қосқан кезде олардың нешеу болғанын білеміз, арасында «+» таңбасын қоямыз. Балалардан карточкалардың арасынан осы таңбаны тауып, мысал құрастыруды сұрайды. Мысалы, 2+3 неше? Егер 5 саны шығатын болса, «=» таңбасы қажет. Осындай жазуларды оқуды үйренеміз: 2+3=5. Сергіту сәті: Картотека №13 Аппақ, аппақ, қар аппақ, Қар жамылған дала аппақ, Қырау-қырау тал аппақ, Айналаның бәрі аппақ. Ойын: «Кім тез?» Шарты: Ауызша есептер оқылады, балалар ойланып жауап береді, өрнек түрінде жазады. №1 есеп: Әлияның ойыншықтарының арасында балаларға арналған үш кішкене кастрөл және екі үлкен кастрөл бар. Ойыншықтар арасында барлығы неше кастрөл бар? №2 есеп: Саябақта қыдырып келе жатып Әсел 5 үйеңкі жапырағы мен 1емен жапырағын тауып алды. Әсел барлығы қанша жапырақ тауып алды? Дәптермен жұмыс: №-тапсырма: Бірінші торкөзге қоңыздың сол жақ қанатындағы нүкте санына сәйкес келетін санның жапсырмасын жапсырамыз. Екіншісіне «+» (қосу) таңбасы жазылған. Оң жаққа оң жақ қанатындағы нүкте санына сәйкес келетін жапссырманы жапсырамыз. «=» таңбасынан кейін нәтижесі жазылады. Сабақты игеру деңгейін тексеру үшін №2 тапсырма өздігінен орындалады. Суретті сәйкес жазумен қосу қажет. 2+1=3 3+1=4 4+1=5 Жазудағы әр сан мен әр таңбаның нені білдіретін түсіндіріп берулерін сұрау. Бұрынғы өткенді қайталау мақсатында №3 тапсырманы орындауға болады. Ол заттарды жіктеуге арналған. Балалар әр ұяшықтағы жиынтыққа тағы бір элемент қосып жапсырады. Балалар аққалалардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табады. Жоғарғы топтағы балалар неше аққала жасағанын анықтайды.Төменгі топ неше аққала жасағанын айтады. Барлық аққала саны нешеу болғанын табады. «+» таңбасын тауып, оны 3 пен 2 – нің ортасына қояды. Мысал құрайды: 2+3=5. Аққалалармен қоштасады.   Балалар сергіту сәтін қимылмен қайталайды.     Балалар ойынды нақышына келтіре ойнайды. Қосу амалына келтіріліп берілген мысалдарды орындайды.     Балалар қоңыздың қанатындағы нүктелерді санайды. Нүкте санына сәйкес санды (жапсырманы) тауып, жапсырады. Нәтижесін жазады.   Балалар суретке не салынғанын дауыстап айтады және оны цифр мен таңбалардың көмегімен қалай жазып шыққанын түсіндіреді.
  Рефлексивті- түзетушілік   Қорытындылау: -Қандай таңбамен таныстық? -Ол бізге не үшін қажет екен? -Қосу амалының мәні арта ма, әлде кеми ме?   Балаларды мадақтау, ынталандыру.   Балалар өз түсінгендерін ортаға салып, қорытындылайды.

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: қосу амалының мәні және оның таңбасын («+»).

Қандай түсініктерді игерді: цифр мен таңбалар арқылы қосу амалдарын жазуды.

Меңгерген дағдылары мен түсініктері: қосу амалын «+» таңбасымен белгілеп, қосу амалына берілген мысалдарды әртүрлі етіп оқуды.

Наши рекомендации