Музыкалық релаксация. Топ қатысушылары ұнататын бір немесе екі өлең әндету.

Топ қатысушылары ұнататын бір немесе екі өлең әндету.

Сабақты қорытындылау

Үй тапсырмасы: сіздің махаббатыңыздың мағынасын айқындайтын сөздерді күнделікке жазу (сіз нені жақсы көретініңіз). Қоштасу.

№7 сабақ

Жаттығу

Сәлемдесу

а) өзін танытуды дамытуға және өзіндік бағасын жоғарлатуға арналған жаттығулар.

МЕНІҢ ЖАҒЫМДАҒЫ МЕН АРАСЫНДАҒЫ ДИАЛОГ: МЕЙРІМДІ АНА МЕН ҚАТАЛ АНА» ойыны

б) психологиялық қысымды түсіруге және өзіндік бағаны жоғарлатуға арналған жаттығулар.

КЕМЕ АПАТЫ» ойыны

Психолог:

«Барлық қатысушылар нөмерлері бойынша бөлінеді: бірінші және екінші. Бірінші нөмерлілер ана рөлін ойнайды. Екіншілер – олардың балалары. Барлығы бірге жайлы теплоходта жүзіп келеді. Аналар балаларымен негізгі позицияны алыңыздар (қатысушылыар топталады), ал енді теплоходтың палубасы арқылы серуендеңіздер (жағымды әуен ойнатуға болады)».

Кенеттен психологтың дауысы шұғыл өзгереді: «Біздермен оқыс жағдай болды! Масқара! Енді не істейміз?» (ата-аналардан көмек сұраймыз) – Ия, бірдеңе жасасаңыздаршы енді!» психолог топ қатысушылардың әрекеттерін және іштей сасқалақтамай, өзін және балаларын аман алып қалу үшін жасаған қадмадарын бақылайды.

в) «Тек бүгін ғана» жаттығуы, №8 пункті.

Негізгі бөлім

«Ана, мені ұрмашы, мен сені жақсы көремін» тақырыбын талқылау.

«Марина Ивановна Катя екеуі әжесінікіне қонаққа жиналады. Марина Ивановнаға онша барғысы келмейді. Енесімен кездесу және әңгімеде бір нәрседен қорқу себебінен емес. Катяның өзі қорқытады. Оны тастап кететін ешкімжоқ. Марина Ивановнаның анасы басқа қалада тұратын. Ол Катяның тек жаз айларында ғана алып кететін.

Марина Ивановна іштей ойлайды: «Қазір қонаққа бара салысымен Катя мазалай бастайды және әңгімелесуге де мұрша бермейді. Ал әңгімелесу керек, әйтпесе енем өкпелеп қалады». Марина Ивановна Катяны шақырып алып, оған:

- Катя, біз қазір әжеңнің үйіне қонаққа барамыз. Ол бізді сағыныпты, бізді шайға шақырды. Сен қуаныштысың ба?

Катяның көзі жайдарданып, күлімсірейді, әжем бізге шайға қандай тәттілер дайындапты деп білгісі келді.

Бірақ Катя мынаны есіңе сақта, - дейді Марина Ивановна, - егер қонақта жаман қылық жасасаң, біз бірден үйге кетеміз. Маған әжеңмен әңгімелесу керек. Біз барғанда әжеңмен амандасып, бетінен сүйесің, шайыңды ішесің, сосын ойнауға шығасың. Ал біз әжең екеуіміз өте маңызды мәселе туралы әңгімелесеміз.Сен бізге кедергі жасамайсың! Ұқтың ба?

- Ия, - деп жауап береді...

Қонақта Катя әжесінің мойына асылып, құшақтап, бетінен сүйеді.

- Енді жетер, жетер, Катяшым, сен мені қылқындырасың, - деп жалбарынады әжесі. Қызының саусақтарын алып, оны мойнынан түсіреді де былай дейді:

- Сен қандай жақсы және мейрімді немеремсің - әжесін ұмытпай қонаққа келдің. Менің ақылдым, - деп айтып, Зоя Петровна Катяның маңдайыннан сүйеді. Қыз әжесінің сөзі өзінің келесі әрекетін жүзеге асыруға рұқсат ретінде бағалады. Көп ойланбастан, барлық салмағымен Зоя Петровнаның арық аяғына сылқ етіп отырды. Әжесі айқай салады:

- Ойбай, ойбай, не болды саған! Менің аяғым ауырып кетті ғой.

Бірақ, әжесіне жасағанынан Катя рахат алатын секілді. Анасына еркелей қарап, әжесінің мойнынан құшақтап оны ақырын сілкілей бастайды. Зоя Петровна қорқып кетіп, Катядан оны жіберуін өтінеді.

- Жетер, енді, - деп Марина Ивановна дауысын көтереді, - тыныштал, әжеңді жайына қалдыр, барып ойна. Шай дайын болғанда, біз сені шақырамыз.

Дегенмен, әжесінің алдынан сырғып түсіп, Зоя Петровнаны бұрышқа итеріп, Катя асханадағы орындыққа отырады. Әжесі көніп орын береді. Бірақ кішкентай үй жауызы осымен жұбанбады.

Ас бөлмесінің үстел үстінде кәмпит қорабы тұрды. Зоя Петровна, оны алдын ала қонақтарға қойған. Тағы да печенье, мармелад, тосап тұрды. Катяның көзі қорап кәмпитке түсті. Көп ойланбастан, ол қорапта жатқан кәмпиттердің барлығын қағазынан аршып, бірнен соң бірін тістеп, қайта қорапқа лақтыра бастайды.

- Не істеп жатырсың? Тоқтат! Марина Ивановна Катяның қолынан бас салады:

- Олай жасауға болмайды!

- Катям, - деп айтады Зоя Петровна, - сен барып ойнай тұр, ал анаң екеуіміз үстел жасап сені шайға шақырамыз, кәмпитпен шай ішеміз, сол кезде ғана ол Катя барлық кәмпиттерді «жеп көргенін» байқайды.

- Сен маған дем алуға мұрша бересің бе. Барып, ойна. Сосын мен сені шақырамын, - дейді Марина Ивановна, дауысы қатерлі шығады.

Катя анасына шошып қарап, иығын түсіріп, кетіп қалады. Бір минуттан кейін олқайта келіп, сұрақ қояды:

- Ана, біз қашан шай ішеміз?

- Қазір, - деп жауап береді қатал дауысымен Марина Ивановна, - бірақ шайник қайнамай жатыр. Күте тұр.

Катя кетіп қалады, бір минуттан кейін тағы келіп, жаңа сұрақ қояды:

- Ана, біз қашан серуендеуге шығамыз?

Осылай Марина Ивановна жынданғанаға дейін 3-4 рет қайталанды. Ол барлығы үшін күйіп пысты: қызының өзін ұстай алмауынан ұялу және енесімен қиын әңгіме бар екенін алдын ала сезу. Өз-өзін ұстай алмай, Зоя Петровнаның көзінше қызының бетінен шапалақпен ұрып жібереді, қандай шапалақ десеңші. Ол қызын сілкілеуге кіріседі, қызындағы ұнамайтын қылықтарының барлығын қағып түсіру үшін секілді...

Катяның танауынан қан сорғалай түсті. Ол анасына қолынан жұлқынып шығып кетеді. Марина Ивановна есін жияды. Ашуы басылды.

Оның алдында кішкентай қыз тұрды, әлсіз қолдарымен шайқап, айқалайды. Марина Ивановна тек енді ғана қызының сөзін ұғады:

- А.а.ана, а.а.ана, мені ұ.ұрмашы, мен с.с.сені. ж.ж.жақсы.сы, көремін.н. – оның көзінде қорқыныш пен үрей тұр.

- Ана, мен с.сені жақ.жақсы көрмемін, - деген сөз Марина Ивановнаның құлағының түбінен естілді. Ол қолын төмен түсірді.

«Маған не болды? Бұл қалай болды? Мен не істедім?» - деген Марина Ивановнаның басында сұрақтар қойылды».

Психолог:

Сізбен осындай жағдай болды ма? Айтыңызшы.

Балаңызға деген бақылаусыз мінез-құлқыңызға не себеп болды?

Қалай ойлайсыз, осы сияқты жағдайларға әсер ете ме? Қандай қорытынды шығардыңыз? Әңгімеден сіз өзіңіз үшін қандай пайдалыны алдыңыз.

Аутотренинг

Алдындағы схема бойынша жүргізіледі.

Наши рекомендации