Артаю кезіндегі жүйелердің өзгерістері
Қартаю кезіндегі мидың сыртқы қыртысының жүйке жасушалары азайып, глия жасушалары көбейеді. Бұл кезде мидың басқа аумақтарында елулі өзгерістер болмайды. Нейрондардың денесінде липопусцин жиналады. Осыдан келіп олардың функциялық қасиеті өзгереді, серпінділердің жүйкелер арқылы өткізілу жылдамдығы баяулайды, туйіспелерде жүйкелік медиаторлардың түзілуі және ркфлекстер әлсірейді. Сонымен бірге қартаю кезінде жадыда сақтау қабілеті бұзылады, оқуға құштарлық азаяды. Бірақ бұрынғы қалыптасқан әдет, сөз қоры,алынған білім жастың ұлғаюына қарай көп өзгермейді. Бұл кезде мидың біршама құрылымдары әртүлі өзгерістерге ұшырайды. Соның ішінде гипоталамустың өзгерістері дербес жүйке жүйесі мен эндокриндік жүйенің өзгерістеріне әкеліп, адамның қартаюына бірталай ықпал етеді. Қартаю кезінде эндокриндік жүйенің қызметі бір сыпыра өзгереді. Бұл кезде кейбір гормондардың өндірілуі өзгеруімен қатар, олардың реттеуші әсерлерін қабылдайтын нысана тіндер мен жасушалардың сезімталдығы өзгереді. Эндокриндік жүйенің кері байланыс бойынша өзін-өзі реттеу жолдары бұзылады. Қарт адамдарда жыныс бездерінің қызметі әлсірейді. Осыдан жыныстық гормондардың қандағы деңгейі төмендеуінен гипоталамуста гонадолиберин мен гипофизде гонадотропиннің өндірілуі артады.Бірақ бұл готмондарға жыныстық кбеюіне қажетті гормон өндірумен жауап қайтармайды.
Қартаю кезінде иммундық жүйенің өзгерістері екі бағытта байқалады:
— бөтен антигендерге организмнің жауап қайтару қабілетінің төмендеуінен( иммунитеттің тапшылығымен)
— организмнің өзінің меншік тіндерінің антигендерінеқарсы иммундық серпілістер)аутоиммунитет) дамуымен байқалады. Осыдан өкпеде, жүректе, бауырда,бүйректе т.б ішкі ағзаларда дәнекер тіндер артық өсіп, коллаген тіндері көбейеді, керісінше, оларда серпімді талшықтар азаяды. Коллагеннің артық өсіп кетуінен дәнекр тіндерінің созылғыштық қасиеті нашарлап, ағзалардың беріштенуі дамиды. Дәнекер тіндерінің бүліністері мен қарттар-дың қантамырларының, буындарының өзгерістері тікеле байланысты. Осы-дан оларда тізенің,белдің ауру сезімдері пайда болады. Қарт адамдардың сүйектерінде, буындарында және омыртөа аралық шемішектерінде бүліністер пайда болуынан қаңқаның жалпы өзгерістері, кеуденің бүкірлігі байқалады. Дәнекер тіндерінің өзгерістерінен қарттарда жара мен сүйек сынықтарының бітуі, жастарға қарағанда, көп кешеуілдейді.
Қартаю кезінде қанайналым жүйесінде бірсыпыра өзгерістер дамиды. Бұл кезде Жүректің жиырылу күші, қанның минуттық көлемі азаяды, шеткері қан тамырларының таралуынан айналымдағы қанға олардың жалпы кедергілік қасиеті көтеріледі.Тіндерде қан қылтамырларының саны азаяды, олардың қабырғаларындағы тіректік мембрананың қалыңдап кетуінен қаннан тіндерге және, керісінше, тіндерден қанға газдардың диффузиясы бұзылады.Бұл бұзылыс, әсіресе өкпеде болатын болғандықтан, сыртқы тыныстың жеткіліксіздігіне, тыныстық гипоксия дамуына әкеледі. Қарттарда артериал-дық қан қысымы көтеріледі. Қан тамырларының серпімділігі азайып, оларда атеро және атериосклероздар дамиды. Адамның жасы ұлғаюына байланысты жүрек пен қан тамырларының жүйкелік-сұйықтық реттеулері өзгереді. Осы-дан қарттарда артериалдық гипертензия, жүрек аритмиялары жиі кездеседі.
Хронологиялық жас (паспорттық, күнтізбелік)— дүниеге келгеннен бастап, қазірге немесе басқа кез-келген бір есептеуге дейінгі кезең. Ол дүниеге келгеннен бастап өткен астрономиялық уақытпен анықталады. Витаукт— эволюция үрдісі нәтижесінде пайда болған зақымданудан сақтану механизмі. Витуакт (В) организмнің ұзақ уақыт бейімделуін қолдап тұру қабілеттілігін анықтайды, және де ол организмнің өмірлік әрекетінің тұрақты деңгейін сақтауға бағытталған. В байқалуының екі типін ажыратады:
· генотиптік — эволюция нәтижесінде орнықты бекінген, тұқым қуалау хабардың берілуіне байланысты жүзеге асатын (генетикалық хабардың қайталану жүйесі, антиоксиданттар жүйесі, бауырдың микросомалық тотығу жүйесі. ДНК-ның репарация жүйесі, антигипоксиялық жүйе т.б.), генетикалық алдын-ала жоспарланған В көрініс беруі;
· фенотиптік — организмнің өздігінен реттелу механизмінің нәтижесінде, адамның өмір әрекеті үрдісінде жинақталатын (мобилизацияланатын) В механизмі (жасушалардың гипертрофиясы мен гиперқызметі, жергілікті гуморальдық жүйе мен бірнеше зат аламсу циклдерінің белсенділігі т.б.).
·