Асқорыту ферменттері

Мазмұны

· 1Жалпылама

· 2Асқорыту бездері

o 2.1Асқорыту ферменттері

o 2.2Сілекей

· 3Дереккөздер

· 4Тағы қараңыз

· 5Дереккөздер

Жалпылама

Асқорыту бездеріне үш жұп сілекйлі бездері, бауыр және ұйқыбез жатады. Асқорыту бездерінен бөлінетін сұйықтықты сөл деп атайды. Асқорыту бездері сыртқы секреция бездеріне жатады. Олар өздерінен бөлінетін сөлді арнайы өзектер арқылы асқорыту мүшелеріне бөледі. Әрбір асқорыту безінің бөлінетін сөлінің өз атауы бар. Бауырдан-өт, сілекей безінен-сілекей. Асқорыту бездерінің қызметін фистула әдісі арқылы зерттеуде көрнекті орыс ғалымы Павловтың еңбегі зор. Ғалымның бұл салада еңбегіне физиология ғылымындағы іргелі жаңалық ретінде Нобель сыйлығы берілген. Қазіргі таңда эндоскопия әдісі қолданады.

Асқорыту бездері

Асқорыту бездері (көне грекше: glandulae digestoria) — асқорытуға қажет ферментгерге бай асқорыту сөлін бөлетін бездер. Асқорыту бездерінің сөл бөлетін соңғы бөлімдерін құрайтын безді жасушаларды экзокриноциттер деп атайды. Құрылысы мен орналасу орындарына байланысты асқорыту бездері екі топқа бөлінеді: асқорыту ағзалары қабырғаларында орналасатын ұсақ бездер (интрамуральды бездер) және асқорыту мүшелері қабырғаларынан тыс жатқан ірі (экстрамуральды) бездер. Қабырғалық интрамуральды ас қорыту бездері — құрылысы түтікше келген асқорыту ағзаларының кілегейліасты негізінде немесе кілегейліқабық тың өзіндік тақташасында (пластинкасында) орналасады. Олардың жіңішке келген шығару өзектері асқорыту ағзалары қуысына ашылады. Интрамуральды бездерге ерін, тіл, тандай, ұрт, сілекей бездері, қарын (асқазан), дуаденальды (он екі елі ішектік) жөне жалпы ішектік бездержатады. Ал экстрамуральды ірі асқорыту бездеріне шықшыт (құлақ түбі), төменгі жақ, тіласты сілекей бездері, ұйқы безі және бауыр жатады.
Экстрамуральды сілекеи бездерінші ірі өзектері ауыз қуысына, ұйқы безі мен бауыр өзектері он екі елі ішек (күйіс қайтаратын жануарлардың ұлтабар ұшы) қуысына ашылады. Асқорыту бездерінің сөліндегі ферменттер астың (жынның) құрамындағы күрделі органикалық заттарды (протеиндер, липидтер, көмірсулар), олардың қарапайым мономерлеріне ьдыратады. Қорытылған заттардың мономерлері — амин қышқылдары мен глюкоза ішек қабырғасындағы қан қылтамырларына (капиллярларларына), ал глицерин мен май қышқылдары — лимфа капиллярларына сорылып сіңіріледі.[3]

Асқорыту бездеріне үш жұп сілекей бездері, бауыр жәнө ұйқыбез жатады. Аскорыту бездерінен бөлінетін сұйықтықты сөл (секрет) деп атайды. Асқорыту бездері сыртқы секреция бездеріне жатады. Олар өздерінен бөлетін сөлді арнайы өзектері арқылы асқорыту мүшелеріне бөледі.Әрбір асқорыту безінің бөлетін сөлінің өз атаулары бар. Мысалы, бауырдан бөлінетін сөл - өт, сілекей бездерінен бөлінетін сөл - сілекей және т. б.

Асқорыту бездерінің қызметін фистула әдісі арқылы зерттеуде көрнекті орыс ғалымы И. П. Павловтың еңбегі зор. Ғалымның бұл саладағы еңбегінефизиологияғылымындағы іргелі жаңалық ретінде Нобель сыйлығы берілген. Қазіргі кезде асқорыту мүшелерінің ішкі сілемейлі қабыгындағы өзгерістерді зерттеудеэндоскопия әдісі қолданылады. Оның көмегімен арнайы оптикалық құралдар арқылы асқорыту мүшелерінің ішкі құрылысын көруге және суретке түсіріп алуға болады.

Асқорыту бездерінен бөлінетін сөлдің құрамында күрделі ағзалық заттарды қарапайым заттарға дейін ыдырататын ерекше заттар болады. Олардыферменттер деп атайды.

Асқорыту сөлдерінің физиологиялық ерекшеліктері

Асқорыту сөлдері Тәуліктік бөлінетін мәлшері рН Құрамы
1. Сілекей 50-2 000 мл 5,6-7,6 Су және амилаза
2. Қарын сөлі 2,0-3,0 л 1,49-1,8 Тұз қышқылы, су, липаза, лизоңим, пепсин
3. Панкреатин сөлі 600-700 мл 8,6-9,0 Су, амилаза, липаза, фосфотаза, трипсин, химотрипсин және т. б. ферменттер
4. Өт 500-1200 мл 5,6-8,5 Су, билирубин, холестерин, май, май кышкылы, лецитин, холин және т. б.
5. Аш ішек сөлі 1 000 мл 5,05-7,07 Су, сахараза, лактаза, жуық энтерокиназа, липаза, рибонуклеаза және т.б.
6. Тоқ ішек сөлі 270-1 550 мл 6,1-7,31 Су

Асқорыту ферменттері

Ферменттер химиялық құрамы жөнінен нәруызтектес ағзалық заттарға жатады. Ферменттер тірі жасушалардың барлығында кездеседі. Олар жасушада жүретін реакциялардың белсенділігін арттырады. Сондықтан да ферменттерді кейде биологиялық өршіткі-катализаторлар деп те атайды. Ферменттердің белсенді әсер етуіне қолайлы температура +37, 38°С.

Ферменттердің өздеріне тән қасиеттері бар. Біріншіден, әрбір фермент белгілі бір ағзалык затты ғана ыдырата алады. Екіншіден, әрбір фермент белгілі бір химиялық ортада белсенді әсер етеді. Мысалы, қарын сөлінің құрамьшдағы ферменті қышқылды, ұйқыбездің сөліндегі фермент - сілтілі ортада әсер етеді.

Көптеген ұсак және ірі үш жұп сілекей бездерінің өзектері ауыз қуысына ашылады. Сілекей бездерінің ең ірісі - жұп шықшыт безі Ол қүлақ қалқанының астында орналасқан. Оның өзегі ұртқа ашылады, салмағы 20-30 г. Алқым сілекей бездерінің салмағы 14-15 г. Оның өзегі тілдің астына ашылады. Сілекей бездерінің ең кішісі- тіласты бездері. Оның салмағы 5 г, өзегі тілдің астына ашылады. Тағамның құрамына байланысты сілекей бездерінен тәулігіне шамамен 1,5-2 литрге дейін сілекей бөлінеді.

Сілекей

Сілекей - тұтқыр, түссіз сұйықтық. Оның құрамында 99-99,5% су, 0,5-1% ағзалық және бейағзалық заттар болады. Бейағзалық заттардың мөлшері ағзалык заттарға Қарағанда 2-3 есе аз. Сілекейдің реакңиясы өлсіз сілтілі. Сілекей құрамында көмірсуларды ыдырататын фермент - амилаза, бактерияларды жоятын лизоцим ферменті болады.

Сілекейдің бөлінуі орталығы сопақша мида орналасқан, рефлек-торлық жолмен реттеледі. Тамақ ауызға түскенде ондағы жүйке талшықтарының ұштары (рецепторлар) тітіркенеді де, сілекей бөлінеді.

Бұл сілекей бөлінудің шартсыз рефлексіне жатады. Ал сілекейдің тамақтың иісіне, көрінісіне, тамақ туралы айтылған сөздерге байланысты бөлінуі - шартты рефлекс.

Шыкшыт сілекей бездері кабынған кезде ісініп, жаксүйекке тұтасып, айқын байқалады. Ондай ауру паротит (мысқыл) депАс қорыту жүйесі және оның жастық ерекшеліктері

Ас қорытудың маңызы.Адам өз тіршілігіне қажетті қоректік заттарды тамақтану арқылы алады. Желінген тамақ сол күйінде бойға сіңбейді. Сондықтан ол ас қорыту мүшелерінде қорытылып, ыдырап, соның нәтижесінде гіайда болған заттардан организм өзіне тән бейімделген заттарды құрады.

Астың құрамындағы заттар бірнеше сағаттың ішінде болшектеніп, қорытылып, ыдырауы тиіс. Тамақтың құрамы (нан, ет, ірімшік, кәртөп, сүт, қияр, қызамық, жұмыртқа, алма, өрік т. б.) адам денесіндегі ұлпалардың заттарына мүлде ұқсамайтындықтан, олар қорытылып, дененің ұлпаларын жасауға қажетті қарапайым заттарға бөлінеді. Мұндай бөліну адам денесінде ерекше жүйе құратын – ас қорыту мүшелерінде болады.

Сол сияқты жеген тамақта ауыз қуысынан тік ішекке дейін апарылады. Ас ауыз қуысында, одан соң асқазанда, содан кейін он екі елі ішекте, ащы ішекте біртіндеп қорытыла және сіңіп, ақырында қажетсіз қалдық заттары гік ішек арқылы сыртқа айдалады. Жеген тамақ белгілі бір жылдамдықпен ас қорыту мүшелерінің қабырғасындағы еттердің жиырылуына байланысты бір бағытта жылжиды. Егер ас қорыту жолының қозғалысы жылдам болса, онда жеген ас толық қорытылып үлгермейді. Ал, керісінше, баяу қозғалатын болса, ас қоймалжыңы бір жерде тұрып қалып, ас қорыту бұзылады. Ас қорыту мүшелерінің қозғалысын жүйке жүйесі реттейді.

Бұл химиялық «конвейерде» асты қорыту ерекше заттар – ферменттер арқылы іске асады. Ас қорыту мүшелерінің бәрі дұрыс болғанымен, ферментсіз ас қорыту жүйесінде тамақ қорытылмайды, нәтижесінде ас қоймалжыңы
бірнеше сағат бір орында жатып қалады да шіріп, улы заттарды, газды боледі. Адамның іші «кеуіп» мазасы кетеді.

Су, минерал тұздары мен витаминдер организмде өзгермей, сол күйінде сіңеді. Ал тамақтың құрамындағы белоктар, майлар мен көмірсу сол күйінде сіңбейді. Бұл қоректік заттар ас қорыту мүшелерінің қабырғасы арқылы сіңе алмайтын ірі молекулалардан тұрады. Ең бастысы -олар адам денесі үшін басқа текті заттарға жатады, сондықтан организмнің ішкі ортасына бармай тұрып, қорытылады.

Тамақтың құрамындағы заттардың физикалық және химиялық қорытылуының нәтижесінде олар жай және еритін заттарға айналады да, ас қорыту мүшелерінің қабырғасы арқылы қанға сіңіп, қанмен күллі клеткаларға тасылады. Организмде түрлі ас қорыту сөлдерінің катысуымен белоктар амин қышқылдарына, майлар -глицерин мен май қышқылдарына, ал күрделі көмірсулер жай қанттарға (глюкоза және басқалар) ыдырайды. Мұндай химиялық өзгерістер ас қорыту сөлдерінің құрамындағы ферменттердің әсерінен болады. Ферменттер — адам организмнің өзінде түзілетін биологиялық катализаторлар. Олар өте белсенді белоктардан тұратын ерекше заттар. Олардың әрқайсысы белгілі бір арнайы қасиетті заттарға, заттар тобына, молекуладағы химиялық байланысқа ғана әсер етеді. Ферменттердің әсерінен еіңбейтін, ерімейтін күрделі заттар еритін, оңай сіңетін жай заттарға айналады.

Ас қорыту жүйесінің мүшелеріне ауыз қуысы, үш жұп сілекей бездері, жұтқыншақ, өңеш, ас қазаны (қарын), ащы ішек пен тоқ ішек, бауыр мен ұйқы (қарын асты) бездері жатады.

Наши рекомендации