Курстың пререквизиттері мен постреквизиттері
Жалпы физика, теориялық физика, информатика, астрономия, физиканы оқыту әдістемесі, радиоэлектроника, мат. анализ, заттардың электрондық теориясы, элементар бөлшектер физикасы, статистикалық физика.
- Курстың сипаттамасы.
«Физиканы оқыту әдістемесінің таңдамалы тараулары» пәні бойынша 15 сағ.лек., 30 практ. жұмыс жүргізіледі. Лекция сабағы басталудан бұрын өтілетін тақырыпқа тиісті лекцияның қысқа жазылған негізгі мазмұны білімгерлерге таратылады. Берілген тақрыпты сабақ өтуден бұрын білімгер негізгі мазмұнын оқып игеру керек. Лекция оқылғанан соң білімгер осы тақырыпқа тиісті материалды негізгі оқу әдебиеттерінен оқып ондағы бақылау сұрақтарына жауап табу керек. Білімгерлердің дайындығы тақырыптық бақылау, физикалық диктант және тест арқылы тексеріледі.
Практикалық сабақта әрбір білімгер жоспарға сәйкес өтілген тақырыптарға күнтізбелік жоспар жасап сабақ өткізеді.
Курстың мазмұны
Электродинамика бөлімінің ерекшеліктері. Электродинамиканы оқытудың кейбір педагогикалық принциптері. Электростатика тарауындағы негізгі ұғымдарды ғылыми - әдістемелік талдау. Кулон заңын оқыту әдістемесі. Ньютон және Кулон күштерінің ұқсастықтары және айырмашылықтарын түсіндіру әдістемесі. Электр өрісі тақырыбын оқытудың ерекшеліктері. Электр өрісінің кернеулігі тақырыбын оқыту әдістемесі. Потенциал, потенциалдар айырмасы, кернеу ұғымдарын түсіндіру әдістемесі. Тұрақты тоқ заңдарын оқыту әдістемесі. Металдардағы тоқ табиғатын түсіндіру әдістемесі. Электр тоғының магнит өрісі тақырыбын оқыту әдістемесі. Электромагниттік индукция құбылысын оқыту әдістемесі.
Атом және атом ядросы жайлы негізгі мәселелер жүйесін түсіндірудің ғылыми - әдістемелік ерекшеліктері. Тарауды оқытудың жалпы әдістемелік ерекшеліктері. Атом құрылысы күрделі екендігін көрсететін құбылыстар. Электронның ашылуы туралы. Атом модельдерін оқыту әдістемесі. Ядроның құрамды бөліктерін түсіндіру әдістемесі. Ядролық күштерді оқыту әдістемесі. Атомның құрылысын оқыту әдістемесі. Бор постулаттарын оқыту әдістемесі. Сызықтық спектрлер туралы түсіндіру. Оқытудың озық әдістерін атомның құрылысын оқытуда қолдану.
6.1. Лекциялардың күнтізбелік-тақырыптық жоспары