Сені кімге теңермін? 3 страница

Сәл бетіңді сипадың.

Көзінде жас мөлтілдеп,

Менің жанымды қинадың.

Зейнолла маған туыс,

Аталас ағайын еді.

Колхозда комбайн айдап,

Тракторшы болып істеді.

Соғыстың қарсаңында,

Ел әскерге алынды.

Аттанды түгел Батысқа,

Өңшең жігіттер жалынды.

Зейнолланың артында,

Бір жасар баласы қалды.

Ботадай боздап еңіреп,

Тоқтасын анасы қалды.

Соғыс сойқанды салды,

Жас жесір күйеуге кетті.

Қалидолла сәбиі,

Әже қолында ер жетті.

Ол жеті жаста еді,

Сен келін боп түскенде.

Сонау Мәскеуден келіп,

Ақ бұзау дәмін ішкенде.

Соғыстан соңғы қиын кез,

Біз ауылға жаяу келдік.67

Үлкен-кішінің бәріне,

Сен иіліп, сәлем бердің.

Әйелдер алдыңнан шығып,

Саған шашу шашты.

Сенің әзіл даусың нан,

Ол байғұстар қатты састы.

— Есінде екен ғой Сенің,

Сонда мен не деп едім?

— Басын жарасыңдар ма?! — деп,

Мені көлегейледің.

Дуылдаған әйелдер,

Бір сәт іркіліп қалды.

Бәрі қаумалап мені,

Үйге кіргізіп салды.

Әке, шеше де жоқ,

Біз иен үйге келдік.

Құттықтап келгендерге,

Сүтсіз қара шай бердік.

Қарттарға талқан қойылып,

Жастар уыстап бидай жеді.

Үлкендер әкемді айтып:

«Орнында бар оңалар!» деді.

Бір кезде қатты бақырған,

Ешкінің дауысы шықты.

Мүйізінен сүйреп кірді,

Бір қара кемпір мықты.68

Ағайын,ауылдастар,

Келін қайырлы болсын!

Алты жыл аңырап тұрған,

Бұл үйдің іші нұрға толсын!

Нұршайығым тірі болса,

Той дүрілдейтін еді.

Мына шалдар тоя ет жеп,

Күмпиіп, күлімдейтін еді.

Қаһарлы жұттан шыққан

Арық атта жал бола ма?

Иесі соғыста өлген,

Иен үйде мал бола ма?

Мынау менің жалғыз ешкім,

Сүйрелеп, әкелдім тойға.

Аштан өліп қалмаспын,

Құр жаным тұрса болды!

Ерте күнді кеш қылмай,

Жігіттер, пышақ алыңдар.

Мына ешкіні сойып,

Етін қазанға салыңдар!

Келін тойының дәмі деп,

Жеткенше ауыз тиіндер.

Бұл біздің соғыстан соңғы

Бірінші тойымыз екенін,

Ұмытпай, еске түйіндер

Алғашқы келініміз деп,

Келінді ардақтаңдар.

Сыйласу, құрметтен артық,

Өмірде қызық не бар?! –

Деген Тоқтасын апа,

Сенің есінде болар.

— Ол оқиға ешқашан

Емес қой ұмытылар!...

Осылай деп Сен тағы да,

Көзіңе іркіп, жас алдың.

Ол кезді еске түсіріп,

Елеске бір қамалдың.

— Зейнолла ағаң — қайнағаң,

Мына тізімде тұрған -

Сол қара кемпірдің ұлы,

Бресте болған құрбан.

Қалидолла оның ұлы,

Таудай азамат бүгін.

Жүр қазір «Ақ бұзауда»,

Арқалап ауылдың жүгін.

Осылай сырласа жүріп,

Талай таныстар «таптық».

Он-он бес күндей болып,

Қамалдың есігін жаптық.

Жолаушы жайымызды айтып,

Обкомнан машина алдық.69

Белорусь батпағын кешіп,

Мен жүрген жерлерге бардық

— Біздің азаткерлер! — деп,

Белорусьтер қарсы алды.

Мектептерде кездесу өтіп,

Шәкірттер де мәз боп қалды.

Өйткені Сен оларға,

Уыстап кәмпит бердің.

Тараттың алып барған,

Алматы белгішектерін.

Таңданды олар белгіден,

Алатау тұлғасын көріп.

Жүргендей болды сол жерден,

Қып-қызыл апорттар теріп.

Мәншүк пен Әлияның да,

Бейнелерін тараттың.

Олардың ерлігін айтып,

Жұртты аузыңа қараттың.

Старовыжевск — Ковельдетіп,

Араладық орманды елді.

Көзімізбен көріп елді.

Партизандар жүрген жерді.

Сол кезде есімізге алдық.

Әди мен Тоқтағалиды.70

Владимир Бурсов пен

Ғаббас Жұматовтарды.-71

Обком қасымызға қосқан

Ласковия жетекші болды.72

Өзі де бұрынғы партизан,

Білетін барлық жолды.

Екі-үш күн ел аралап,

Брестке қайта қайттық.

Бізге көмек көрсеткендерге,

Шын жүректен алғыс айттық.

Сонда Сен бір рет те,

Шаршадым демеп едің.

Маған күш, қуат беріп,

Жанымды жебеп едің.

Сен мені бағып-қағып,

Қайратты етіп кеттің.

Тек соның арқасында,

Мен былтыр сексенге жеттім.

Әйелдер тірегі ғой,

Бүкіл — бар адамзаттың!

Солар аспанға көтерген,

Ақ туын махаббаттың!

— Махаббат деген не? десе,

— Әйелдің өзі! дер едім.

— Ләззат деген не? — десе,

— Әйелдің сөзі! дер едім.

— Ең күшті нәрсе не? Десе,

— Әйелдің әмірі! — дер едім.

Әйелдердің барлығын:

— Жердегі Тәңір! деп едім.

17.04.2003.

Сен менің Джокондамсын,

Құшаққа сыймайтұғын.

Қанша жын өтсе дағы,

«Өлдіге» қимай тұғын.

... Сексенінші жыл басында,

Екеуміз Невальге бардық. 73

Мәншүк пен Әбілқайырдың74

Басынан топырақ алдық.

Ағалы-қарындас боп,

Екеуі қатар жатыр.

Оларға тақау жайғасқан.

Атақты Ыбырайым батыр.75

Жеңіс күніне орай,

Сол жерде митинг болды.

Қала тегіс жиналып

Кең алаң адамға толды.

Алғашқы сөзді жиында,

Генерал Карпелюк76 алды.

Сұрапыл соғыс еске түсіп,

Жұрт бір сәт жабығып қалды.

Одан кейін мен сөйлеп,

Жүзінші бригаданы айттым.

Қыршын кеткендерді атап,

Жиналғандарды мұңайттым.

Қайтарда Мәскеуге тоқтап,

Сен тұрған жерлерге бардық.

Яуза77, Лубянканы78 көріп,

Бас поштаға79 назар салдық.

Сен мұнда цензор болып,

Үш жылдай қызмет еттің.

Ефрейтордан жоғарылап,

Сержант шеніне жеттің.

Поштаның киоскісінен,

Бір альбом сатып алдық.

Кейінге ескерткіш болсын!

Дедік те, сөмкеге салдық.

Келген соң мейманханаға,

Альбомды қарап шықтық.

Тамаша картиналардан,

Даналық сырын ұқтық

.

Мен Леонардо да Винчидің80,

«Джокондасына»81 қарадым.

Сүйсініп, риза болып,

Сені соған баладым.

— Жымиысы дәл саған,

— Ұқсайды екен! дедім.

— Қойшы, әрі! Қайдағы?! — деп

Сен қолыңды сермедің...

Кеше, қатты сағынышпен,

Суретіңді қарадым, Халима!

Жымиып, отырғаныңды,

Джакондаға баладым, Халима!

Сен менің Джакондамсың,

Мәңгілік көкейден кетпес, Халима!

Көктегі жарық жұлдызымсың,

Ұсынсам қолым жетпес, Халима!

Сен менің Джакондамсың,

Құшаққа сыймайтұғын, Халима!

Қанша жыл өтсе дағы,

«Өлдіге» қимайтұғын, Халима!

Ол альбом сақтаулы тұр.

Басқа кітаптармен бірге, Халима!

Сен де берік сақтаулысың,

Менің өз жүрегімде, Халима!

Портретіңнің бәрін де,

Көшіртіп, жинақтап қойдым, Халима!

Кішкентай кітапша етіп,

Жақсылап шығармақ ойым, Халима!

Кейбір суреттеріңді,

Тас кітаптарға82 салдырдым, Халима

Ақ күмбездің ішінде,

Мәңгілікке қалдырдым, Халима!

Сағынамын күн сайын,

Жаным, Джакондам менің, Халима!

Аңырап, аңсамас үшін,

Жетермін жаныңа Сенің, Халима!

Оған дейін роман жазу,

Сен туралы, қолымнан келсе,

Халима Махаббатқа мейірім жасап,

Тағдырым уақыт берсе, Халима!

26.07.2003.

Бүгін тура екі жыл,

Мен Сені көрмегелі.

Қолтықтасып, күлісіп,

Қасыңа ермегелі.

Бүгін тура екі жыл,

Мен қайғыға батқалы.

Дәл жеті жүз отыз күн83,

Сенсіз таңым атқалы.

Дәл жеті жүз отыз күн,

Мені қайғы жегелі.

Күндіз-түні күбірлеп.

«Қуатым ау!» дегелі.

Жылап, қанша жалынсам да,

Маған бір жауап қатпадың.

Тым болмаса бір рет,

Қасыма келіп жатпадың.

Өзіңді құшып, аймалап,

Қызығыңа батпадым.

Бірақ, Сенің орныңды

Ешкімге мен сатпадым.

Құшақ жайып ешкімге,

Көзімді де сүзбедім.

Сені мәңгі жырлаудан,

Үмітімді үзбедім.

Бүгін, Саған, тындырған

Ісіме есеп берейін.

Сен алысқа кетсең де,

Биік болсын мерейің.

Сені қойған сағатта,

Сөз сөйледім басында.

Жан, жүрегім езіліп,

Табытыңның қасында.

— Жарты жаннан айырылып,

Жарымжан боп қалдым! деп,

Сенсіз — жетім мөлиген,

Сенсіз — мен бір мүгедек!

«Жалғыздық!» деген қапасқа,

Қамалып мәңгі қалдым, — деп.

Жүрегімді ала кет,

Құшағыңа салдым! — деп.

Тыңдады жұрт сөзімді,

Көзден жасы мөлтілдеп.

Сәнә84 бауырың жылады,

Дауысы шығып, еңкілдеп.

...Содан кейін кафеде,

Бердім қонағасыңды.

Сексен кітап тараттым,

Мөлшерлеп Сенің жасынды.

...Содан кейін қырқында

Қаралы сөз сөйледім.

Тарады ол халыққа

Тираж болып талай мың.

«ХАЛИМА» атың жарқырап,

Бетінде тұрады «Жұлдыздың»

Төрт газет85 басты тағы да —

Үлгісі болдың ұл, қыздың.

Теледидар көрсетіп86,

Радиодан87 да оқылды.

Сенің атың алаштың,

Көкейіне тоқылды.

Одан кейін Өзіңді,

Ақ өлеңмен жоқтадым.

«ХАЛИМАҒА ХАТ» деп,

Екі мың жол топтадым.

Енді соны кітап қып,

Шығарғалы жатырмын.

Демеушіміз тағы да

Нұртай сынды бауырың.

Осыменен бүгінгі

Есебімді жабамын.

Тірі болсам тағы да

Бір роман жазамын.

Біз Бәріміз болып,

Кеше Сені еске алдық.

Басыңа тас қойдырып,

Қуандық та мақтандық.

Күмбезіңді көркейтіп,

Әлі жөндеп жатырмыз.

Мәңгі ескерткіш жасасақ,

Сонда іске татырмыз.

27.07.2003.

***

Осы бүгін, таңертең

Түсімде көрдім Өзіңді

Әзілхан деп атаған,

Естідім анық сөзіңді

Бір жерден телефон соқтың,

Үйде отырған Сен, маған.

Бірнеше рет үздігіп:

–Қайдасың? — дедім мен саған.

Телефон құрғыр қырылдап,

Естіртпеді сөзіңді.

Оянып кетіп сол кезде

Ұйқыдан аштым көзімді.

Шам жақтым да сол сәтте,

Қалам алдым қолыма.

Сол сөздерді жалғадым,

Жоғарғы өлең жолына.

Түстерімді, Сен, бұрын.

Өзің ғана жорушы ен.

—Басқа жанға айтпа! — деп,

Түсімді де қорушы ең.

Жамбылменен бір жолы,

Салт ат мініп жарысқам.

Екі тұлпар қаржасып,

Ауыздықпен алысқан.

—Айтпа, дедің, ешкімге,

Бұл бір ғажап түс екен!

Жамбыл атаң жебеуі

Қуанарлық іс екен!

Тағы да айттым бір күні

Президентпен бір жүргенімді.

Әлденелер жайында

Әзілдесіп, күлгенімді.

Жақтырмайды жауларың,

Еткен еңбек, ісіңді.

Көре алмайды кейбір жұрт,

Сенін көрген түсіңді.

Қызғаншақ қой ағайын,

Жаулықтары жетеді.

Түсің үшін дәл осы,

Араз болып кетеді.

Айтпа мұны ешкімге,

Онсыз дағы жауың көп.

Адалдықтан иыққа

Арқалаған дауың көп. —

Жан дауысың дірілдеп,

Сен осылай деуші едің.

Менің көрген түсімді

Жорымақшы енді кім?

27.07.2003.

Кеш, Халима, кеш мені,

Созылтып алдым ісімді.

Салсам да шамам жетпеді,

Бар жігер, қайрат, күшімді.

Күмбезіңді — жылыңа,

Көтеріп едік жабылып.

Ақша жинап балалар,

Тыным таппай сабылып

Ойдағыдай етуге

Шама, шіркін, жетпеді.

Бітпей қалған бөлігі

Көкейімнен кетпеді.

Қалған жағын қамданып,

Биыл тағы жалғадық.

Қол қысқа боп қаржыға,

Толық бітіре алмадық.

Шымқай қара граниттен

Құлпытас қойдық басыңа.

Соған қатты қуандым,

Істетіп едім асыға.

Биік жарды — жол жақты,

Гранитпен қаптаймыз.

Қоршауды жөндеп, гүл егіп,

Бәрін тегіс тиянақтаймыз.

Үшінші жылы бәрін де

Тап-тұйнақтай етеміз.

Ойдағыны орындап,

Бір мұратқа жетеміз.

«Жоққа жүйрік жетпейді»,

Білесің оны Өзің де.

Бір жыл тағы шыдай тұр.

Берік едің ғой төзімге.

Қалталылар «Кремль»

Орнатып жатыр үш айда.

Теңесетін оларға

Бізде қуат, күш қайда?!

Кешір, жаным, кешігіп,

Бітіре алмай жатқанға.

Жоқ едің ғой Өзін де,

Бәсеке мен мақтанға.

Сондықтан да біз Саған

Кіші күмбез көтердік.

Ақ отаудай көлемі,

Түгі жоқ мақтан етерлік.

Артықтығы болса егер,

Қорымдардың талай мың:

Ұқсайтыны, тек қана,

Бейітіне Баянның.

Кешір мені кешіксем,

Менің аппақ Баяным!

Өтінуші — Өзіңе

Адалдығы аяның.

27.07.2003.

Өзіңді көрдім, Халима!

Өзіңді көрдім, қуандым!

Қасыңа қайта отырып,

Екі сағат жұбандым.

Балалар кеше жиылып,

Атадық екі жылынды.

Бәріміз Сені еске алдық,

Ардақтап баға пұлыңды.

Тұрсынбек, Күләш екеуі88

Бірге болды бізбенен.

Жүректің сырын ақтардық,

Сағынып Сені іздеген.

Содан соң үнсіз отырып,

Үңілдік теледидарға.

Қалт жібермей бір сәтін,

Көз салдық өткен жылдарға.

«Видео кассета» бізге

Өткен жылдарды сыйлады.

Қасымызға келтіріп,

Ағайын, досты жинады.

... Міне, тоқсан екінші жыл,

Менің мерейтойым екен!89

Туған жерге — «Ақ бұзауға»

Келдік үш-төрт машинамен.

Алдымыздан он шақты қыз,

Салт атпенен қарсы алды.

Күмбірлетіп домбыра тартып,

Шырқатып бәрі ән салды.

Бәйге, көкпар, балуан күрес,

Ұлы дүбір жасалды ғой.

Мейірімі судай тасқан

АУЫЛ АНА рахат қой!

Сол күні келініміз

Босанып, қыз тауыпты.

Сәбиін.Халима деуге

Ананың көңілі ауыпты.

Екеуміз қуана күліп,

Сәби туған үйге бардық.

Жиналған жұртқа бас иіп,

Бәрінің де қолын алдық.

Сіз менің АНАМСЫЗ! деп,

Келінді бетінен сүйдің.

Сәбидің иіскеп-иіскеп,

Бір сырды ішіңе түйдің.

— Аттасам бой жеткенше

Қамқоршы боламын! — дедің...

Жыл сайын сәлемдесе салып,

Кішкене тойдың қамын жедің.

... Ақ бұзаудан Абайға90 келдік —

Өзіңнің туған жерің.

Ата-ана, бабаң өскен

Құндызды91 асқар белің.

... Тоқсан жетінші жылы,

Алтын тойымыз болыпты.92

Екеуміз қатар түзеп,

Үйіміз қонаққа толыпты...

Бір жылы Халима93 бізді

Киноға түсіріпті.

Осының бәрінде де

Тұрсынбек пен Күбіра

Бізбен бірге жүріпті.

... Осылай екі сағат

Өзіңнің «қасыңда» болдым.

«Қайда, қайда ол күндер»94 — деп,

Ішіме қайғы толды.

Үн-түнсіз осылай деп,

Өзімді-өзім мұңайттым.

Бәрін «видеоға» түсірген

Балаларға95 рахмет айттым.

28.07.2003.

Сенің ұлтарағың

Таңертең тез киініп,

Фотографқа бармақ болдым.

Оған үлкейтуге берген

Суретіңді алмақ болдым.

Костюм киіп, аяқты,

Шапшаң, бәтіңкеге сұқтым.

Әлдене табанға батып,

Оның не екенін ұқтым.

... Сен бір жолы дүкеннен

Ұлтарақ сатып әкелдің.

Үстінде бүршігі бар,

Денсаулыққа жақсы! — дедің.

Арлы-берлі жүріп едім,

Бүршіктер табанға батты.

— Мынауың қиямет қой,

Әкелдің қайдағы затты!? —

Деп, іштей наразы болып,

Мен Саған күңкілдедім.

— Үйреніп кетесің, — деп,

Сен маған күлімсіредің.

Енді ойласам Сен сонда

Менің қамымды жедің:

— Түртіп, оятып жүреді

Аяқтың нервтерін! — дедің.

— Тамырлар тегіс қимылдап,

Балтыр ешқашан іспейді.

Ақсақ-тоқсақ болып,

Аяққа жем түспейді.96

Ұзақ жасауға мұның

Септігі орасан екен!

Сондықтан мұны жай емес,

«Емдеуші ұлтарақ» деген.

«Здоровье» журналы

Осылай деп жазыпты.

Әдейі әкелсем саған,

Мен емес, журнал жазықты.

Шыдасаң бір-екі күн,

Әбден үйреніп кетесің.

Сонда сен де, аяндап,

Тоқсанға жетесің! —

Деп едің маған күлімдеп,

Ақырын арқамнан қағып.

Расында, үйреніп кеттім,

Ұлтарақ жаныма жағып.

Отыз үш жылдан бері

Сол ұлтараққа иемін.

Жазда бәтінкеге салып,

Қыста етікпен киемін.

Ұлтарағың Өзіңе

Шырқатады ойымды.

Және бір сантиметрге

Биіктетеді бойымды.

Сенін бұл қамқорлығыңды

Жиі есіме аламын.

Мақтанып кейбір достарға

Ептеп, айтып та қаламын.

Жақында Тұманбай97 да

Бұл сөзге құлағын салды: —

Апамның әрбір ісі —

Өлең, ән ғой! — деп тамсанды.

Бауырыңның бұл сөзіне

Мен мүлде марқайып қалдым.

Бүгін де, киініп жатып,

Өзіңді есіме алдым.

Ұлтарақ аяғыма,

Қазір де, батпайды менің.

Жанымды жегідей жейді

Қасымда жоқтығың сенің!

Бармақ тістеп өкінемін,

Кемсендеп, жылағым кеп:

Неге сол ұлтарақтың бірін

Саған әпермедім деп!...

28.07.2003.

Сенің орамалың

Атшаптырым ұзын үстел,

Ac бөлмеде тұратұғын.

Неше түрлі тағам толы,

Жұрт көңілін бұратұғын.

Сол үстелді дүкеннен әкеп,

Төрімізге орнатып едің.

Әуезовтей ұлы жандар

Қолыңнан дәм татып еді.

Ғабит, Әди, Әбділда бәрі98

Біздің қонағымыз болды.

Мұзафар мен Тұрсынбектер

Сілтейтін-ді онды-солды.

Екеуміз қатарласып,

Төмендей отыратынбыз.

Кесе, рүмка, фужерлерді

Дамылсыз толтыратынбыз.

Сол үстел орнында тұр,

Келетін кісілер де бар.

Тек қана Өзің жоқсың,

Орындығың бос тұр қатар.

Шұбар түс орамалынды99

Иығына жауып қойдым.

Кішкентай көк жастығыңды100

Орныңа тауып қойдым.

Ешкім де отырмайды

Тұлдаған101 ат секілді.

Бұл әдет өзгелерге

Көрінер жат секілді.

Арқасын орындықтың

Ақырын сипай берем.

Орамалға қолым тисе,

Шымырлап, балқиды денем.

Сол сәтте мен Өзіңді

Қасымда отырғандай көрем.

Кейде Сенің атыңнан

Тілек сөз сөйлеп те жіберем.

Түспейді орамалың

Орындық иінінен.

Суретің төрде тұрған

Күледі миығынан.

Сипаймын әлсін-әлсін

Кеудемді сыртынан құр.

Өйткені орамалың

Жүректе жабулы тұр.

Жүректе, орындықта!

Медетім — қос орамал!

Өзіңді қасымда деп

Жасаймын құр жорамал.

Жүрегім сыздағанда

Кеңсайға барып қайтам.

Құшақтап қабырыңды,

Сыбырлап сырымды айтам.

28.07.2003.

Есіңде ме, Халима,

Бір күні мен ренжіп келдім.

Бетіме қарадың да: —

Не болған саған? — дедің.

Әлиямен102 емханада

Кездескенімді айттым:

— Сәлем беріп едім, алмады,

Соған мұңайып қайттым.

Құрметтеп бас иіп едім,

Ол теріс қарап кетті.

«Қайнаға, амансыз ба?»

Дей салса несі кетті?

Бұрын: «Келін!» «Қайнаға!» деп,

Әзілдеп ойнаушы едік.

«Сыйластығы бір бұзылмас»

Деп ойлаушы едік.

Сен сонда үн шығармай,

Біраз бөгеліп қалдың.

Мені қостап, Әлияны

Кінәларсың деп ойладым.

Өйткені әйелдер тегіс

Күйеуін жақтамай ма?

Оған қарсының бәрін

Шетінен қиянаттамай ма?

Күтсем де қолдауыңды,

Иілмедің, өйтпедің.

— Әлияны кінәлама,

Бар кінә бізден! — дедің.

Ойлашы өзің жақсылап,

Бір кезде қандай едіңдер?!

Тату-тәтті тамаша,

Шекер мен балдай едіңдер!

... Сенің бұл сөзіңнен кейін

Мен мүлде бөгеліп қалдым.

Сол бір ғажайып күндерді

Еріксіз есіме алдым.

Ол кезде103 біз достар едік,

Ортақ ұстазымыз бар.

Бір-бірімізді құрметтеп,

Тегіс сыйласуға құмар!

Мендей жас жазушылардың

Мұқан104 ұйтқысы болды,

Ойдан-қырдан келгендерге

Оның үйі лық толды.

Зейнолла, Серік, Мұзафар,

Қайнекей, Хамит, Төкендер105

Сол үйде бас қосатын,

Осындай мықты көкелер.

Алыс Керекуде106 жүріп,

Солардың үлгісін ілдім.

Жан магниті керемет

Мұқанның қадірін білдім.

Ел жақтан келген сайын,

Сол үйде аялайтынмын.

Халықтың тұрмыс, күй-жайын

Мұқанға баяндайтынмын.

Кейде, кештеу келгенде,

Серіктерге де түсіп жүрдім.

Әлия келін қолынан

Тәтті дәмдер ішіп жүрдім...

Күндердің бір күнінде,

Наши рекомендации