Биология және биотехнология факультетінің отырысы

ШЖҚ-ғы РМК РГП на ПХВ «Казахский

Азақстан Республикасы Білім национальный университитет

Және Ғылым Министрлігінің имени «аль-Фараби»

Л-Фараби атындағы Қазақ Министерства образования и науки

Лттық университеті» Республики Казахстан

Биология және биотехнология Факультет

Факультеті биологии и биотехнология

Хаттама №2 Протокол №2

15 қыркүйек 2015ж 15 сентября 2015

Алматы

Биология және биотехнология факультетінің отырысы

Қатысқандар:

Мәжіліс төрағасы:Заядан Б.К – б.ғ.д., профессор, факультет деканы;

Қатысқандар:

Мухатаева Қ.А. – б.ғ.к., деканның оқу- әдістемелік және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары; Есимсиитова З.Б. – б.ғ.к., доцент, деканның ғылыми , инновациялық қызметі және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары; Қанаев А.Т. – б.ғ.д., профессор, биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының меңгерушісі ; Айташева З.Г. – б.ғ.д., молекулалық биология және генетика кафедрасының меңгерушісі; Тулеуханов С.Т. – б.ғ.д., профессор, биофизика және биомедицина кафедрасының меңгерушісі; Кистаубаева А.С. – б.ғ.к., доцент, биотехнология кафедрасының меңгерушісі; Арещенко А.И. – профессор, дене тәрбиесі және спорт кафедрасының меңгерушісі; Бисенбаев А.К. – б.ғ.д., доцент, «Биология және биотехнология мәселелері» ҒЗИ директоры; Жумабаева Б.А. – б.ғ.к., молекулалық биология және генетика кафедрасының доценті, әдістемелік бюроның төрайымы;

Хатшы:Сабирова А.Е.

Күн тәртібі:

1. 2016-2017 оқу жылына мамандықтар бойынша 1 курсқа студенттер қабылдаудың қорытындысы

2. Жаңа оқу жылында оқу үдерісін ұйымдастыру:

- Академиялық қарыздары бар студенттермен жұмыс жүргізу жөнінде.

3. Жаңа 2016-2017 оқу жылына арналған әлеуметтік – тәрбиелік жұмыстар жөнінде.

4. Студенттердің 1 курсқа қабылдануына қарай штаттарды және педагогикалық жүктемені бекіту.

5. Биотехнология, Геоботаника, Балық шаруашылығы және өндірістік балық аулау мамандықтары бойынша халықаралық аккредитациялау нәтижесі туралы.

6. Дайындық:

- биология мамандықтары бойынша мемлекеттік аттестациялауға

- «5В060700-Биология» мамандықтары бойынша халықаралық аккредитациялауға.

7. Кафедралардың жаңа оқу жылына жұмыс жоспары.

8. Ректорат қаулыларының орындалуын қадағалау.

· Бакалавриат, магистратура және докторантураның 1 курсына қабылдаудың алғашқы нәтижелері туралы.

Тыңдалды:Екінші сұрақ бойынша факультет деканы Б. К. Заядан сөйледі. 2016-2017 жаңа оқу жылына талапкерлерді қабылдау бакалавриаттың 5В060700-Биология, 5В070100-Биотехнология, 5В080400-Балық шаруашылығы және кәсіптік балық аулау, 5В010800- Дене шынықтыру және спорт мамандықтары, 5В110400- Медико-профилактикалық іс бойынша, магистратураның 6М060700-Биология, 6М011300-Биология, 6М070100-Биотехнология, 6М061300-Геоботаника, 6М080400-Балық шаруашылығы және кәсіптік балық аулау, 6М010800- Дене шынықтыру және спорт мамандықтары бойынша , 6М010500-Медико-профилактикалық іс , PhD докторантураның 6D060700-Биология, 6D070100-Биотехнология, 6D061300-Геоботаника мамандықтары бойынша жүзеге асырылғандығын айтып өтті. 2016-2017 оқу жылына факультет бойынша 1 курсқа шамамен 307 талапкерлердің құжаттары қабылданып отырғандығын айтып өтті. Оның ішінде, бакалавриат бойынша 307 талапкердің, магистратура бойынша 161 талапкердің, PhD докторантура бойынша 36 талапкердің құжаттарының қабылданғандығын атап айтты. Бакалавриаттың 5 мамандығы бойынша мемлекеттік білім гранты негізінде 215, ақылы бөлімге 92 құжат қабылданғандығын, магистратураның 7 мамндығы бойынша мемлекеттік білім гранты негізінде 100 және PhD докторантураның 3 мамандығы бойынша мемлекеттік білім гранты негізінде 11 құжат қабылданғандығын айтып өтті.

Қаулы қабылданды: 2016-2017 оқу жылына қабылданған 1 курс студенттері, магистранттары және PhD докторанттары оқу топтарына бөлініп, куратор-эдвайзерлер тағайындалсын.

· Жаңа оқу жылында оқу үдерісін ұйымдастыру:

· Академиялық қарыздары бар студенттермен жұмыс жүргізу жөнінде.

Тыңдалды:Екінші сұрақ бойынша деканат маманы Абишева Шолпан Рахимжановна сөйледі. 2016-2017 оқу жылындағы академиялық қарыздары бар студенттермен жұмыстар жүргізіліп жатқандығын айтып өтті. Бакалавриат бойынша 1-жарты жылдық күзгі семестрде № 9-А өкім 3 курста 3 қарыз студентке, 1 студент пән айырмасы бойынша жасалынды. № 9Б Өкім 4-курс бойынша 2 студент академиялық демалыстан келген, осы студенттерге пән айырмасын тапсыру үшін жасалынды. № 9-Г Өкім Назарбаев мектебіне дайындық үшін 1 студент пән айырмасын тапсыру үшін жасалынды. №9 Д өкім бойынша 1 студент қарыз сабақтарын тапсырғандығынан хабардар етті.

Ал магистратура бойынша №9 А,Б,Г,Д өкімдері жасалынғандығы жөнінде айтылып өтті. Мұның ішінде пән айырмашылығы, қарыз сабақ, докторантура бөліміне өабылдану үшін, профильді магистрант, қайта оқу бойынша екендігі айтылып өтті.

Сонымен қатар №9 өкім бойынша 1 курс докторанты академиялық демалыстан келуіне байланысты пән айырмасын тапсырды.

Қаулы қабылданды :2016-2017 оқу жылындағы академиялық қарызы бар студенттердің сабақтарға қатысуы мен сабақ үлгерімі факультет деканаты, кафедралар және эдвайзерлер тарапынан қадағалансын.

Наши рекомендации