ЖарҚ етпес Қара кӨҢілім» Әнін естігенде

Зіл қара тастай көңілім жатқан боп тұман,

Шалғайға сүйреп ұшырып мені кетті ән.

Жарық ете түсті-ау сырылып бұлттар, шығып күн,

Жайнаған жазға айнала қалды жоғалып бәрі суықтың.

Жарқ етіп жастық келеді екен бір ғана,

Сұм тағдыр өлім әкетер келіп ұрлана.

Езіліп іші айтты екен қанша жас ғашық,

Тулаған жүрек арманын қалды-ау тас басып.

Тас тағдыр солай сөндіріп өтті қоздаған,

Қор болып қорға Сарадай жандар боздаған.

Шыңырауда жатып Ақандай сері жынданды,

Абай мен Тоғжан тудырған екен мұңлы әнді.

Қанша қыз-ұлдың өмірі өтті екен сондай додада?

Ұстатпай қолын Қодарға, тірідей кіріп молаға.

Баян да өтті әлемнен «ғашығым Қозы Көрпеш» деп,

Тағылық, зорлық, тасқын су тоқтамай ақты өркештеп.

Уақсыз-уақ кім білсін жылдар да, үркін туыппын.

Жасымен аққан солардың бетімді мен де жуыппын.

Ашыла қалар естісем көңілім жатқан боп тұман,

Сонау бір шалғай заманнан бұл күнге қалай жетті ән?

1974 жыл, Ауат-Құралдөң лагері

НЕГЕ ӘУРЕ БОЛДЫМ ЕКЕН?

Неге әуре болдым екем алғашында,

Жүре алмадым туылып жар қасында.

Күтіп ақыр түңілдім «жарым» деуден,

Аз күймедім отыңда жалын кеудем.

Қалды ойымда бір арман түгемеген,

Бұзылды ұйқым мың, қайта түрегелем.

Тек түсімде жүремін болып бірге.

Ей, алдамшы арулар желіктірме,

Көзді жұмам «айырылып қалам ба?» деп.

Өкінемін оянсам қалам бөлек,

Таһир менен Зуһрадай өліп бірге,

Қозы Көрпеш Баяндай болып бірге.

Бір қабырда жатса еді ол да ғажап,

Қасіретінен тірліктің болған азат.

Кеттім дәурен Қозы едім арланың боп,

Жете алмаған не керек арманым көп.

Құса болып не табам өліп алып,

«Өлмегенге жолығар өлі балық».

Бұрқап қатты тұрса да суық қар күн,

Шұғыласын келемін қуып таңның.

От қамшысын найзағай ойнатқанда,

Жүрсек туып бала боп ойнап таңда.

Бірақ бұл ой қиял ғой тумақ қайда?

Түн басады тұнжырап тумапты ай да,

Үміткермін ататын таң нұрынан,

Шайдай ашты ұйқымды таңғы бір ән,

Ай да шықты аспанға теңгедейін,

Ән шырқаған арман қыз «сен бе» деймін.

Боп көріндің керемет таңғажайып,

Келеді алтын қанатын таңда жайып.

Екенің һақ ұрпағы қуатты елдің,

Қараңғы үйде тас мылқау қуат бердің.

Көрмей сені кетем бе арманда өліп,

Кеттім дәурен Қозы едім арлан болып.

Көріп сені шат болып күлермін бе?

Болар ма бұл сергелдең түгер күнде,

Тұрсам-дағы барыстай тор ішінде,

Көрінші тез, көрінші бол, сағындым.

О, жаратқан, көретін болса бір күн,

Тек түсімде жүремін болып бірге,

Ей, алдамшы арулар желіктірме,

Жүр ойымда бір арман түгемеген,

Бұзылды ұйқым мың қайта түрегелем.

1975 жыл, Ақсу-Ауат,Құралдөң

жарҚ етпес Қара кӨҢілім» Әнін естігенде - student2.ru

СӘДЕН ӘНУАРҰЛЫ

(1942–1994)

Сәден Әнуарұлы 1942 жылы қазан айында Алтай аймағының Жеменей ауданында дүниеге келген.

Ол бала кезінен-ақ әдебиетке әуестеніп, 1958 жылдан бастап әр түрлі мерзімдік газет-журналдарға өлеңдерін жариялаған. Өкінішке орай ақынның өлеңдері «мәдениет төңкерісінде» қолды болып кетеді. «Бір жалын» атты кітабына 1986 жылға дейінгі өлеңдері ғана енген.

1994 жылы Шығыс Түркістанда дүние салған.

ТҮРМЕ ЖЫРЛАРЫНАН

Қаным да, жасым да бар түрме сенде,

Содырлар бас кессе де, тіл кесер ме?!

Сұқсыз, сиқыр дүние ортасында,

Жанымды буып тұрған күй ме, сел ме?!

Ағытыл не болсаң да қинай берме,

Жүрегім жарыларсың тулай көрме!

Япырым-ау, шынымен-ақ сыймадым ба,

Осынау ұлан байтақ туған жерге?!

***

Мазасыз кісен үні құлаққа тым,

Ол қалай өзіңнен бір жырақ қалсын.

Басыңдағы өмірді сорды аяқтан,

Жүрегің қайтып қане зыр ақпасын!

1970 жыл

ЙҚЫСЫЗ ЖОЛ

Сүйгізгісі кеп тұрғанда,

Сүймеді, – деп таңғалма.

Лапылдағыш махаббаттың,

Қоры азайып қалғанда.

Балталаса бұзылмайтын,

Ұйқас құрап, төрт жолды,

Өлдім, талдым сүйемін, – деп,

Жазбағалы көп болды.

Қалам шіркін тым қиылып,

Кете қоймай тұрма әлі.

Таудай өкпем бар ма сірә,

Сұлуларға сырғалы?

Нұр құйылып ұйқасады,

Тым қиылып дегенге.

Қимадым ба, о,құдірет,

Оны осы бір өлеңге.

Жас арулар алып қапты,

Ғашықтықтың қан-сөлін.

Ұйқаспаған үшінші жол,

Салқын тартқан жан-сезім!

1986 жыл

ТЕМЕСІЗ ЖОЛДАР

Жыр – дауыл, жыр – найзағай, жыр – мүләйім,

Мен несін мінезіне қынжылайын.

Егер ол гүл боп тұрса аймалайын,

Құпия қазына болса бұрғылайын!

Жыр – асау, жыр – тәкаппар, жыр – момақан,

Кейде өр, кейде еңіс сырғанасың.

Ол сені мөлдірімен сусындатар,

Толқындарын түсінсең, былғамасаң!

Адамның талай-талай кездері бар,

Кей бір сәт аңқылдаған сөзге құмар.

Кейде үнсіз тыныштықты сүйер жаны

Мұршасы келмегендей өзгені ұғар!

1960 жыл

жарҚ етпес Қара кӨҢілім» Әнін естігенде - student2.ru

АЙРАТ РЫСҚҰЛБЕК

(1966–1988)

1986 жылғы Желтоқсан ұлт-азаттық көтерілісінің бас қаһарманы Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбек 1966 жылдың 13 наурызында Жамбыл облысының Мойынқұм ауданы, Бірлік ауылында дүниеге келген.

Желтоқсан оқиғасы кезінде түрлі жала, жалған айыптармен түрмеге қамалып, 20 жылға бас бостандығынан айырылған.

1988 жылы 21 мамырда Семей қаласындағы түрмеде құпияда жағдайда дүниеден өткен.

Желтоқсан көтерілісінің бас құрбаны болған Рысқұлбеков еліміз егемендік алғаннан кейін Қазақстан Жоғарғы Соты Пленумының 1992 жылы 21 ақпандағы шешімімен толықтай ақталды. Оған «Халық қаһарманы» атағы берілді.

АНА ТІЛІ

«Мен — қазақпын мың өліп, мың тірілген»,

Құшақ жая таныстым сан тілменен. —

«Жаман үйді қонағы билейді» деп,

Қала жаздап айрылып өз тілімнен.

Өзге тілге еліктеп ел болмайсың,

Қазағымның артық жоқ өз тілінен...

КЕЗДЕСЕМІЗ ӘЛІ ДЕ

(әні бар)

Жалалы боп, қатты батты жаныма,

Жазалаушы қағаз алдым қолыма.

Жігіттер-ай, айтып-айтпай не керек,

Жазған екен маңдайыма, сорыма.

Біріншіден, мен анамды сағындым!..

Екіншіден, бұл Құдайға не қылдым?!

Бостандықта еркін жүрген жан едім,

Енді, міне, абақтыға жабылдым.

Әкетай-ау, Пайғамбардай жасың бар,

Туа бермес сіз секілді асылдар.

Қартайғанда жүрегіңді жаралап,

Кесір болды-ау біз секілді «масылдар».

Айналайын ағалар мен жеңгелер,

Бұл өмірде сіздерге кім тең келер.

Сүмірейіп сот алдында отырған

Бауырыңды енді кімдер ескерер.

Өздеріңе аман-саулық тілеймін,

Өздеріңмен бірге болсын тілегім.

Өздеріңе тіл қата алмай, достарым,

Қайғы-мұңлы өмірімді бастадым.

Айналайын қарындасым, қарағым,

Қолда кісен, мен айдауға барамын.

Қайғы шегіп, азап тартқан ағаңды,

Айтшы, жаным, қандай жанға баладың?...

Айналайын інішегім, құлыным,

Сені ойласам, үзіледі жұлыным.

Сенің ерке ақ жүзіңді көре алмай,

Кетіп барам мен айдауға, құлыным.

Қош болыңдар, ағайын-туыс бәрің де,

Қош болыңдар, жасыңыз да, кәрің де.

Қараңғылық баста тұрмас қашан да,

Бостандықта кездесеміз әлі де...

ТҮРМЕ ЖЫРЫ

Темір тор, жамбасыма тақылдайсың,

Өзіммен бірге туған жақындайсың.

Телміріп темір торға қаматқанша,

Сұм дүние, бұл жалғаннан неге алмайсың?!

Ауылда жақсы екен ғой салған әнім,

Қу тағдыр татырды ғой түрме дәмін.

Қайдағы пәлеқорлар жала жауып,

Жазықсыз қылмыскер боп кетті сәнім.

Тас төбе, төрт қабырға, темір есік,

Ас берер ортасында жалғыз тесік.

Күніне ұзатары үш тілім нан,

Өлмейтін саған тиер осы несіп.

АҚТЫҚ СӨЗ

Елбең-елбең жүгірген,

Ебелек отқа семірген

Арғымақ мінген жаратып,

Ақ сауыт киген темірден,

Алатаудай бабалар,

Аруағыңмен жебей көр!

Ұлы Ленин бабамыз

Қатарға тең деп тартқан соң,

Компартия басқарып,

Достық отын жаққан соң,

Аға дедік орысты,

Әділдігі жаққан соң.

Ал енді қазір неткен күн!

Орыстан ынсап кеткен күн.

Тізесі қатты батқан соң,

Шыдамастан ақыры,

Қарғыс атқан Алаңда

Қарғыс атқыр жеткен күн.

Қаймана қазақ қамы үшін

Қарусыз шықтық Алаңға.

Алыстан әскер алдырып,

Қырып салды-ау табанда.

Сөйлессем даусым жетпейтін

Кез болдық мынау заманға.

Шовинизм еді ғой

Басты себеп жанжалға.

Екі жүзің қырылып,

Екі жүзің ұрылып,

Екі жүзің сотталып,

Жоқтаусыз кетіп барасың!

Қатарым жусап қалғанда,

Қыршынымнан қиылып,

Солармен бірге өлсемші-ай!

Артта қалған ата-анам,

Арулап қолдан көмсеңші-ай!

Тұтқынға түстім жаутаңдай,

Жоламай ешкім қасыма.

Бара қалсаң, сәлем айт

Сырттағы құрбы-досыма.

«Ақтық сөзің не?» деген

Бүгін қойды сот сұрақ.

Айтайын оны халқыма:

Жоқ пиғыл менде жасымақ.

Қорлай да беріп қайтадан,

Титыққа орыс жетпесін.

Туған жердің намысы

Бөтен қолда кетпесін.

Салт-санадан айрылып,

Арақтан ұрпақ азбасын.

Ел көркейтер азамат

Қызғаныштан тозбасын.

Абай туған жерінде

Бомбасын атом жармасын.

Құлыптасты қиратып,

Өлігіңді қазбасын.

Өз ұлтыңның басшысын

Орнынан сүйреп алмасын.

Үміт еткен Мәскеуден

Қарадай көнілің калмасын.

Ленин салған сара жол.

Қолдаушысыз болмасын.

Барлық ұлтпен тең болып,

Ешкімнен көңілің қалмасын.

Ендігі жерде басыңнан

Бірлік пен бақ таймасын.

Осы айтылған ақтық сөз

Туың болсын әрдайым.

Мойныма алып жаланы,

Мен болайын құрбаның.

Бас-аяғы сол болсын

Басыңа түскен қатердің.

Ақтық сөзді енді мен

Сотқа да бір айтайын:

Күнәдан таза басым бар,

Жиырма бірде жасым бар,

Қасқалдақтай қаным бар,

Бозторғайдай жаным бар,

Алам десең, алыңдар!

Қайрат деген атым бар,

Қазақ деген затым бар.

«Еркек тоқты – құрбандық»,

Атам десең, атыңдар.

Мен не етермін, не етермін,

Мен келмеске кетермін.

Көрмеген, қош бол, таңдарым,

Көре алмай мен өтермін.

Қош, аман бол, артымда

Ағайын, туған азамат!

Артымда қалған ата-анам,

Ел-жұртым саған аманат!

Наши рекомендации