Істелген жұмыс бойынша есеп
ЕСЕБІ
Тәжірибе өткен мекеме:
МКМ «Екібастұз қаласы әкімдігінің
Білім бөлімінің № 18 ЖОББМ»
Колледждегі тәжірибе
жетекшісі: Волкова Э.М.
Мекемедегі тәжірибе
жетекшісі: Ж.Ж. Токашбекова
Тәжірибе өту уақыты: 29.09.16-22.10.16
2.02.17-22.02.17
Мазмұны
Кіріспе .............................................................................................................4
Есеп..................................................................................................................5
Тапсырма 1......................................................................................................8
Тапсырма2.......................................................................................................9
Тапсырма3.......................................................................................................12
Тапсырма 4.......................................................................................................17
Қорытынды......................................................................................................23
Пайданылған әдебиеттер................................................................................25
Педагогикалық тәжірибе «Байқау тәжірибесі».
Түсінік хат.
І. Байқау тәжірибесі мақсаты:білім алушыларды бастауыш сынып мұғалімінің педагогикалық қызметіне дайындау.
ІІ. Міндеттері:
- машықкерлерде оқу үрдісін бақылау және оның нәтижелерін талдау біліктерін қалыптастыру;
- Бастауыш сынып мұғалімінің оқу жұмысын жоспарлау жүйесі мен мазмұнын зерттеу;
- білім алушы- машықкерлердің бастауыш класта оқу жұмысын ұйымдастыру іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру;
- білім алушыларды сабақты өткізудің әдіс –тәсілдерімен қаруландыру және мектеп білім алушыларының оқу қызметтеріне басшылық жасау, олардың жас және дара ерекшеліктерін білу
ІІІ. Тәжірибе аяқталған соң білім алушылар біледі:
- Оқу жоспары мен оқу бағдарламаларының мазмұны мен құрылымын;
- Бастауыш білім берудің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімінің төменгі класс білім алушыларымен оқу жұмысын жоспарлау құрылымы мен мазмұнын;
- Бастауыш класс білім алушыларын оқыту әдістерін;
- сабақ пән сыныптан тыс шаралардың мақсаты мен міндетін анықтай;
- Сабақ түрлерінің құрылымы мен мазмұнын, олардың даярлау және өткізу әдістемелерін.
ІV. Оқушы меңгереді:
- Оқу –көрнекі құралдарын жасақтау және қолдануды;
- Тақырыптық – күнтізбелік жоспар және сабақ жоспарларын құрастыруды;
- Пән бойынша сабақтар мен сыныптан тыс жұмыстарды өткізуді;
- Әдістемелік құралдар және оқулықтармен жұмыс жасау, дидактикалық материалдарды, көрнекі және техникалық құралдарды пайдалану;
- Бастауыш сынып мұғалімнің оқу-тәрбие қызметін бақылау және оны талдауды жүзеге асыруды.
Тапсырмалары:
1. педагогикалық тәжірибенің жеке күнтізбелік жоспарын жасау.
2. Сабақ барасында мұғалімнің мен оқушылардың жұмысын және қызметін бақылау және бір сабақтың талдау жасау
3. сынып жетекшісінің тәрбие жұмысы зерттеу
4. Бастауыш мектепт,0егі оқушылардың психологиялық ерекшеліктері талдау.
ЖОБММ тарихы.
Павлодар облысы Екібастұз қаласында орналасқан әкімдігінің білім бөлімінің «18 жалпы орта білім беретін мектеп - мемлекеттік мекемесі» егеменді еліміздің өскелең ұрпағын оқытып тәрбиелеуде атқарып жатқан игі істері белгілі. Өткен тарихқа саяхат жасайық.Мектеп ғимаратының көлемі 28238м3, жалпы алаңы 7887,1 м2, тұрғын алаңы 4392 м2. Мектеп ғимараты 1985 жылы құрылған. Халыққа елеулі еңбек етіп, оқушыларға саналы тәрбие, сапалы білім беруде.
Жалпы мектептің жобалау күші 1546 оқушыға арналған. Мектептегі пән кабинеттерінің саны 37, солардың ішінде шәкірттердің компьютер үйреніп, еркін пайдалануына мүмкіндік беретін екі бөлме бар, интерактивті тақта жұмыс істейді. Әр пәнді терең үйретуге мүмкіндік беретін арнайы оқу бөлмелері өздерінің кеңдігімен, сәулеттілігімен ерекше көз тартады. Мектепте 2 шеберхана, 2 спорт зал бар. «Ас – адамның арқауы» демекші, мектеп асханасында үзілістерде дәмді тамақ ішуге болады. Мектеп асханасында 320 оқушыға арналған орын бар. Мектеп директоры: Бирюкова Людмила Викторовна.
Соңғы жылдары мектептің педагогикалық ұжымы ақпараттық технологияларды белсене меңгеріп, оқу-тәрбие үрдісінде қолдануда. Мектепте екі компьютер сыныбы және мультимедиялық сынып бар. Информатика және мультимедиалық кабинеттердің мүмкіндіктері жан-жақты қолданылады. Мектепте электрондық оқулықтармен, мультимедиалық кабинеттің мүмкіндігі әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен ғылыми жоба материалдарын іздеу барысында, олимпиадаға дайындық, ҰБТ-ке дайындық, ЖОО-на түсуге дайындық кезінде, электрондық пошта арқылы ғылыми-практикалық конференция материалдарын, тапсырыстарды жіберуде, сырттай мектептің тапсырмаларын жіберуде қолданылады..
Істелген жұмыс бойынша есеп
Мен, Оспан Мадина Мақсұтқызы, Инновациялық Еуразия
Университетінің Екібастұз колледжінде 3 курс 0105000 бастауыш білім беру (ағылшын тілі) мамандығы бойынша оқимын. №18 жалпы орта білім беретін мектепте ағылшын тілінің мұғалімінің сабақ беру технологиясын бақыладым.
2016 жылдың 29.09 -22.10.16 және 2.02 -22.02.17 аралығында, «Педагогикалық байқау және бақылау практикасы» атты тәжірибені , №18 ЖОББ мектебінде өттім.
Менің педагогикалық тәжірбием балалармен танысудан басталды. Балалар жаңадан бірінші рет көріп тұраған адамға қызығушылықпен қарады. Бірнеше күннен соң біз барлық балалармен тез татуласып кеттік.
Барлық оқушылар сабаққа өте белсенді қатысады. Үй жұмысы міндетті түрде орындайды. Оқушылардың мектептегі күні міндетті түрде таңертеңгі жаттығулардан басталады.
Ал ағылышын тілі сабағында балалар 2 топқа бөлінеді. Оқушылар арнайы 2 сыныпқа арналған кітаптармен жұмыс жасайды. Әр апта сайын оқушыларда ағылшын тілі пәнінен қосымша сабақ өткізіледі. Барлығы мұғалімді мұқият тыңдап,сабаққа белсенді түрде қатысады.
Сынып жетекшісі сабақты өте жоғары деңгейде өткізеді. Балаларға мұқият түсіндіріп,түсінбегенін қайталайды.
Тәжірбие барысында мен сынып жетекшісімен мектептің оқу жылына құрастырған тәрбие жоспарымен таныстым.
Тапсырма 1