Айбар Олжай, Еркін Жолымбетов «Хабар» телеарнасы.

Оқиғалық репортажда оқиғаның өзі, оның даму бірізділігі анықтаушы болып табылады. Репортердің сөзі әрекетті ұйымдастырмайды, жүргізбейді, бірақ артынан ереді. Кадрдан тыс комментарийды жүргізіп жатқан репортердің жұмысы қиын әрі жауапты. Ол газетте жұмыс істейтін журналистке қарағанда әр сөзі мен сөйлемін ойластырып, оны қайта оқып, дұрыстауға мүмкіндігі жоқ. Тікелей бағдарламаны жүргізгенде кез келген жағдайға тап болуы мүмкін. Көрермен сияқты оқиғаға байланысты таңқалады. Репортажға дайындалу болатын оқиға жайлы мәлімет жинауға, дайын қызық материалдардың жазылуына тіреледі.

Оқиға – дербес. Оған қарауға, оны зерттеуге болады, бірақ көрерменге қаратып өзгертуге болмайды. Эфирде барлығы үйлесімді көрінсе, шындығында үлкен күш жұмсалатын жұмыс. Камерадағы оператор, монтажды іске асыратын режиссер, керек еместі алып тастайды. Нәтижесінде, көрермен дайын материалды көреді.

Проблемалық репортажда ең алдымен проблема көтеру мақсаты тұрады. Ол өмірдің барлық саласынан жазылуы мүмкін. Журналист қандай да бір проблеманың табиғатын зерттеу арқылы оқырман назарын осыған байланысты туындаған кемшіліктерге, себептер мен сауалдарға аударады, деректерді саралап, талдау жасайды. Бұл үшін нақты материалды (цифрларды, деректерді, оқиғаларды, құбылыс-тарды, жағдайларды, т.б.) көптеп пайдаланады, өз пікірін дәлелдей түсу мақсатында басқада дереккөздерге жүгінеді. Мысалы,

Дата: 17.06.2009

Бин: Жеті күн

Плашка: Құлаққаптың пайдасы мен зияны.

Автор: Айбек Құрметұлы

Таспагер: Ринат Мусинов, Нұржан Махмұтов

Стенд-ап: Айбек Құрметұлы – тілші

Графика: Наушниктің түрлері, құрылысы

СНХ: Лаура Әбдірахманова – Оториноларинголог, сурдолог

СНХ: Евгений Фетисов - Дыбысрежиссер

СНХ: Динара Тамабаева - Астана қаласы №3 қалалық студенттік емхананың оториноларингологы

СНХ: Алмат Нұрадинов – психолог

СНХ: Динара Тамабаева – Астана қаласы №3 қалалық студенттік емхананың оториноларингологы

СНХ: Гүлнұр Омариева – Астана қаласы №57 қазақ орта мектебі директорының ғылыми-әдістеме жөніндегі орынбасары

СНХ: Алмат Нұрадинов – психолог

СНХ: Нұрбек Оразбаев – Астана қаласы №1 автобус паркінің жүргізушісі

СНХ: Саламат Досмұхамбетова - Астана қаласы №1 автобус паркінің кондукторы

СНХ: Лаура Әбдірахманова – Оториноларинголог, сурдолог

СНХ: Жұлдыз

СНХ: Мөлдір

СНХ: Евгений Фетисов - Дыбысрежиссер

СНХ: Гүлнұр Омариева – Астана қаласы №57 қазақ орта мектебі директорының ғылыми-әдістеме жөніндегі орынбасары

СНХ: Алмат Нұрадинов – психолог

Стенд-ап: Айбек Құрметұлы – тілші

- Қоғамда үлкен сұраныс туғызған мына «кереметті» 1930-шы жылдардың басында неміс ғалымы Юген Байер ойлап тапқан екен. Кейін негізін өзі қалаған, «Байердинамик» компаниясы, 1937 жылы электродинамикалық құрылғы орнатылған алғашқы құлаққапты саудаға шығарды.

ГРАФИКА

ЗКТ: 1 - бұл динамикалық құлаққаптың жабық түрі. 2 – Корпустың ортасында электродинамикалық дыбыс шығарғыш орналасқан. 3 – Оған диффузор қосылады. 4 – Дыбыстың резонансын азайту үшін корпус арнайы материалмен қапталған. 5 – Ал диффузорді акустикалық мөлдір төркөз қоршап тұр. Тұңғыш құлаққап осылай құрастырылса, қазіргі кезде олардың жүздеген түрі бар. Ал оның кең тараған түрі ұялы телефонға арналғандары. Енді осы құлаққаптар денсаулыққа зиняды ма, болса қаншалықты деген сұраққа жауап іздеп көрейік.

Тілші:Алдымен, адам дыбысты қалай қабылдайтынына және құлақтың құрылысына тоқталсақ. Бұл мақсатта құлақ ауруларын зерттейтін сурдолог маманмен сұқбаттастық.

СНХ: Лаура Әбдірахманова – Оториноларинголог, сурдолог

- Дыбыс толқыны локатор қызметін атқаратын сыртқы қалқан арқылы өтіп, кейін сыртқы есту жолымен дыбыс жарғағындағы балғашаға келеді. Одан ары дыбыс иірім түтігіне барады. Иірім түтігінде керекті сұйықтық бөлініп, ол есту түтігіне өтеді. Есту түтігі арқылы ол есту жүйесіне барып, кейін сол жақтан дыбыс миға әсер етіп, біз естиміз.

Тілші:Құлаққаптардың негізгі 2 түрі бар. Кәсіби және күнделікті қолданыста жүргендері. Бұлардың құлаққа зияны бар ма? Мамандар пікірін тыңдап көрейік.

Наши рекомендации