Здік» сабаҚтыҢ алты белгісі
ТӘЖІРИБЕНІҢ ЖАЛПЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ
- Оқушылар қандай деңгейлі тапсырмалармен жұмыс істейді? Жоғары деңгейлі ме немесе төмен деңгейлі ме? Мұғалімдер қандай деңгейлі сұрақтар қояды? Жоғары деңгейлі ме немесе төмен деңгейлі ме?
- Оқушылар өз ойларын жазбаша түрде нақты жеткізе ала ма?
- Оқушылар өздерінің оқып-үйренгендерін бір саладан екінші салаға немесе бір деңгейден екінші деңгейге ауыстыра ала ма?
- Оқушылардың математикадағы түсінігі тұжырымдамалық па немесе тек рәсімдік қана па?
- Оқушылар сыныпта белсенді ме, әлде енжар ма?
- Кейбір оқушылар – ерекше қажеттіліктері бар оқушылар, қыз балалар немесе ұл балалар толық беріліп жұмыс істей ме? Егер олай жұмыс істемесе бұл сынып жағдайында қалай көрінеді?
- Мұғалімдер сыныпта әңгімелесу және ойландыру сияқты тәсілдерді қолдана ма?
- Мұғалімдер жоғары деңгейлі оқу бағдарламасын нашар үлгеретін балаларға түсінікті етіп жеткізе ме?
- Мұғалімдер оқушылардың білім деңгейін қалай біледі?
- Оқушылар өз жұмыстарының сапасын қалай біледі?
- Оқушылар бағалауда қандай рөл атқарады?
- Оқушылар сынып жұмысын бір-бірімен қалай талқылайды?
БАСҚА АДАМДАРДЫ СІЗДІҢ ЖҰМЫСЫҢЫЗДЫ ДАМЫТУҒА ТАРТУ
Мектепте өз жоспарыңызды жүзеге асыруға ұмтылу кезінде ең маңыздысы – көздеген нәтижелерге жалғыз қол жеткізуді көздемей, өзіңізбен бірге басқа адамдарды іске тарту. Бұл кезеңде басқа адамдарды өз жұмысыңызды дамытуға қалай тартар едіңіз деген мәселені бағалау пайдалы болар еді. Сол кезде егер олар сіздің көздеген мақсаттарыңызға сай келсе, сіз бірлескен жұмысты көбірек жоспарлай аласыз.
Мүмкін сіз төменде берілген тақырыптардың астына өз іс-әрекеттеріңіз туралы біраз жазбалар жазғыңыз келетін шығар.
Ріптестермен және қызығушылық білдірген адамдармен кеңесу
Ріптестерге және қызығушылық білдірген адамдарға мәлімет беру
Командамен жұмыс істеу
Мектеппен серіктестік қарым-қатынас орнату
Оқушылармен жұмыс
Басқа адамдар сіздің жұмысыңыздың дамуына қолдау жасайтынына көз жеткізу үшін енді не істеуіңіз керек?
ТӘЖІРИБЕНІ ЖЕТІЛДІРУ ҮДЕРІСІНІҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІ
Іс-тәжірибені дамыту мақсатында стратегиялық іс-әрекеттерді қалай қолдануға болатындығына кейбір мысалдар:
Оқу
Ұқсас жобалар бойынша есептер, материалдар іздеу, сұрақтарға ресми жауап алу үшін ғылыми әдебиетті оқу, ғаламтордан ақпарат іздеу және т.б.
Сынау
Сынып оқушыларымен жұмыста жаңа тапсырмалар қолдану, жаңа материалдарды қолдана және бейімдей отырып, сынып жұмысының ерекше аспектісіне екпін түсіретін жаңа оқыту әдістерін сынақтан өткізу және т.б.
Дерек жинау
Сабақтарға бақылау жүргізу, оқушылардың немесе әріптестердің пікірлерін сұрау, оқушылар мен мұғалімдердің күнделіктерін зерттеу, арнайы мақсаттағы топтар, топтық тапсырмаларды тыңдау, оқушылардың жұмысын талдау, құжаттарды қайта қарау, аудиторлық іс-тәжірибе, шолу және т.б.
Кеңес алу
Әріптестерді тыңдау, басшымен әңгіме жүргізу, кеңес сұрау, рұқсат алу, сендіру, идеяларды талдау, бұрын не болғандығын анықтау, сенімділік орнату және т.б.
Рефлексия
Күнделік жүргізу, оны талқылау, тәлімгермен кеңесу және т.б.
Бірлескен жұмыс
Командада жоспарлау, материалды бірлесе дайындау, жиналған деректерді реттеу, бірлесіп оқыту және т.б.
|
ЗДІК» САБАҚТЫҢ АЛТЫ БЕЛГІСІ
Оқытуға бағытталған сабақ сәтті екенін қалай білуге болады? Сынып жетекшісі Ричард Дарант сәтті сабақты сипаттайтын белгілерді анықтайды.
Сабақтың көп бөлігі көбінесе мұғалімнің ауызша хабарламасы мен тапсырмаларға жұмсалады, ал оларды орындау барысында жетекші рөлді оқушылар емес, мұғалім атқарады. Оқушылардың көбі әрекетсіз отырады немесе тәртіп ережелерін бұзып, сабақтың қалыпты өтуіне кедергі жасайды. Мен айқын және ақталған мақсаттар негізінде сабақты жоспарлауды қалаймын, алайда мұғалімдер оқушыларға қызықсыз тапсырмаларды тек олар алдын-ала жоспарланғандықтан орындататын болса, шынайы оқыту тоқтатылады.
Керемет сабақтарда әдетте оқушылардың барлығы бүкіл сабақ бойы белсенді жұмыс істейді. Мұндай сабақтардың ерекшеліктері олардың қызу өтетіндігінде, сондай-ақ оқушыларға уақыт пен орын беріп, ой салатын зерттеу әдістерінде. Бірде физика мұғалімінің сыныптан толық құтыдағы сұйықтықтың көлемін қалай өлшеуге болады деп сұраған жағдайды бақылағаным бар. Оған қалай өлшеуге болатындығын айтып бере салуға болушы еді. Бұл оқу бағдарламасын «қамтудың» оңтайлы жолы болар еді, бірақ бұл жағдайда, оқушылардың көбі өздеріне ештеңе алмас еді. Осылай істеудің орнына, ол тақтаға толық құтының сызбасын салып, оның көлемін қандай тәсілдермен өлшеуге болатынын сұрады. Ол оқушылар ұсынған әрбір тәсілді ескеріп, тақтаға тізім етіп жазып отырды. Бірнеше ұсынысты тыңдап алып, мұғалім сыныпты топтарға бөліп, оларға тапсырма берді:
- ұсынылған әрбір идеяны талқылаңдар;
- оларды іс жүзінде қолданып көріңдер;
- ең жақсысын анықтаңдар.
Одан әрі ол өздерінің шешімдері туралы түсіндіріп, екі топтың шешімдері арасындағы өзгешеліктерді талқылау үшін әрбір топтан бір өкіл тағайындады. Бұл жұмыс бірнеше рет қайталанды. Үдеріске, сол арқылы оқытуға әрбір оқушы тартылып отырды.
Қай кезде болмасын оқушылардан сабақта не ұнамады деп сұрағанда, олар мұғалімдердің «көп сөйлейтіндігіне» шағымданады. Мұғалімдер, өз кезегінде, өздерінің қажетінен артық сөйлемейтіндерін айтады. Бар мәселе – мұғалімдер өздерінің қанша сөйлейтіндігі туралы ойланбайтындығында. Осыдан біраз уақыт бұрын өзімнің 11 «И» сыныбыма оларға арнап тапсырма дайындағанымды айттым. Мен оларға өлең туралы әңгімені бір минут ішінде қалай жүргізу керектігін көрсеткім келді. Бір оқушы уақыттың басталғаны туралы белгі беріп, мен іске кірістім. «Тоқтаңыз!», деді ол. Мен оған ашумен қарадым. Ол «Сіздің уақытыңыз бітті» деді сенімді түрмен. Маған әңгімеге он-ақ секунд уақыт кеткендей көрінді. Мен сөйлеген кезде өзім ойлағаннан алты есе көп сөйлеуім мүмкін екенін түсіндім. Мұғалімнің «мылжыңы» – біз оқушыларды оқытуда қолдануға тырысатын құралымыз. Ал керемет мұғалімдер оқытуды жоғарыдағы мысалда келтірілгендей жүргізеді.