Нұрсұлтан Әбішұлы назарбаевҚа
АСА ҚЫМБАТТЫ, БИІК МӘРТЕБЕЛІ НҰРЕКЕ!
Сіздің маған арнап 2003 жылы 6-қаңтар күні жазған хатыңызды зор қуанышпен оқып шықтым. Уақыт тауып, "Халима " хикаясын оқығаныңызға шексіз ризамын. Енді оны демеуиіі табылса жеке кітапша етіп шығартсам деймін.
Әдебиет тарихында мемлекет басшысының жазушыға өз қолымен хат жазуы — өте сирек оқиға, біреу ғана. Бұл француз жазушысы атақты Вольтерге (1694-1778) өз қолымен хат жазған Пруссия королі Фридрих II (1712-1786) екен.
Ең ұлы ақын А.С. Пушкинге (1799-1837) Ресей патшасы Николай 1(1 796-1855) мұндай хат жолдаған жоқ.
Тіпті, кешегі Сталиннің өзі де Кеңес дәуірінің ең атақты жазушысы Максим Горькийдің (1868-1936) табалдырығын аттап, үйіне бір рет бас суғып шыққанымен, оған өз қолымен хат жазбаған.
"Сіздің шығармаларыңыз, ойларыңыз — ел қазынасы. Өміріңіз — үлгі!" — деп, менің қарапайым еңбегім мен қарапайым өмірімді жоғары бағалағаныңызға қатты тебірендім!
Бұл хатыңыз менің Вольтер, Пушкин, Максим Горький сияқты данышпандығымның нәтижесі деп емес, Сіздің даналығыңыздың, сіздің ұлттық әдебиетімізді өркендетуге деген ыстық ықыласыңыздың, әрі Сіздің адами кішіпейілдігіңіздің белгісі деп білемін.
Сіздің бұл хатыңыз маған мемлекеттік наградаларынан да, АҚІІІ Президенттерінің суреттері салынған долларынан да қымбат. Өйткені, иесі өлгеннен кейін орденнің құны кетеді, ақша аз күндік аужалдан аспайды. Ал хаттың (әрі тар, әрі кең мағынада) қасиеті ешқашан жойылмайды. Оның устіне ол хат Сіз сияқты аса үлкен тарихи тұлғаның қолымен жазылса бағасы барынша биік болмақ.
Сіздің бұл хатыңызды менің үрім-бұтағым бойтұмар етіп сақтайтынына сенемін.
Сіздің бұл хатыңызды газет бетінен көргеннен кейін менің өмірдегі ең адал, ең әділ: алдамайтын, айнымайтын ҮШ ДОСЫМ (оқырман, көрермен және тыңдарман) қатты қуанатын болды, қымбатты Нұреке!
Адам өзінің қандай екенін анық, біле бермейді. Әсіресе, біздің шығармашылық қауым адамдарының көпшілігі өздерін өтежоғары бағалайды. (Мен олардың қағарына кірмейтін азшылықтың ішінде болуым керек). Ал шын мәнінде, кімнің қандай кісі екенін сырт көз ғана әділ айырады.
Асыңды жеп, арағыңды ішіп кету ушін өтірік мақтайтын жора-жолдастардың бірі емес, Сіз сияқты ұлы адамның берген бағасын өмірде өзіме тиген өзгеше бақыт деп білемін. Сіз айтқан дәрежеге жетпей де жатқан шығармын. жетуге тырысатыным ақиқат қой, әрине.
Маған мұндай аса бағалы тарихи сыйлық жасағаныңыз үшін МЫҢ РАХМЕТ Сізге, ардақты Нұреке.
Басымды иемін.
Тәуелсіз әрі дүниежүзіне танымал MEMЛEКET етіп, сіз қалыптастырған Қазақстан Республикасының халқына рухани азық боларлық шығармалар жазу жолында қолымнан қаламым түскенше тынбастан еңбек ете беретініме Сізді сендіремін.
Аман-сау болыңыз, айналайын.
Абыройыңыз арта берсін.
Кешегі соғыс кезінде ауыр снарядтар көтерген артилперистің алақанымен сіздің құрыш құйған қолыңызды қатты қысамын (Сіз әлі күнге дейін құрыш құйып жатырсыз).
Зор құрметпен:
Өзіңізге тілектес көп ағаларыңыздың бірі
Әзілхан НҰРШАЙЫҚОВ.
9-12 қаңтар, 2003 жыл. Алматы.
Қарапайым отбасынан өсіп шығып, өз халқына кеңінен әйгілі әрі қадірлі азаматтары атанған екі үлкен тұлғаның Жазушы мен Елбасының өзім куәсі болған өзара сыйластығының бір көрінісі осы еді.
("Егемен Қазақстан" газеті, №169(23804),
3-шілде, 2004 жыл).
Кеңес СЕЙДАЛЫҰЛЫ,
ауыл ақыны
ХАЛИМАҒА ЕКІ АРНАУ
1. Махаббат жыры жеңешем!
(Жылдығына)
Сізге арнап жеңеше өлең жаздым
Өлең сөзге түсінбес ақылы аздың.
Өлеңім ескерткіш боп сізге қалсын.
Қайтып ең шілдесінде былтыр жаздың.
Бұл өмір әркімнен-ақ өтеді екен
Сұм ажал курық салып жетеді екен.
Ата-баба жолымен салып кеткен,
Малшыдай көшін айдап кетеді екен.
Жеңеше дәм татып ем қолыңыздан.
Айтайын жақсы тілек соңыңыздан.
Қалдырып ағамызды кеттіңіз бе,
Сіз қалмай жолаушыдай жолыңыздан.
Бұл күндері көз көргендердің көбі жоқ.
Өлгендердің бұл өмірге кегі жоқ.
Жазылған махаббаттың дастаны боп,
Өзіңіздей асыл жеңге тегі жоқ.
Бір ғұмыр осылайша өтті дейміз.
Қалдырып өнеге сөз кетті дейміз.
Сізте арнап жазылған аға сөзі.
"Махаббат жыры" болып жетті дейміз.
Дүние күннен-күнге өзгереді
Өзгергенін дүниенің көз көреді.
Өлмегені жеңтейдін осы емес пе,
"Махаббат жыры" болып сөз келеді.
Күзге қарай құс қайтар мекеніне.
Адам көнер тағдырдың жетегіне.
"Махаббат жыры" деген ескерткіш қой,
Әзілхан ағамызбен екеуіңе
Жеңеше айналайын иманды бол.
Артына сөз қалдырып жиғаны мол
Жатқан жерің, жеңеше, пейіш болсын.
Құдайға мен жалынып айтарым сол.