Белгілі бір лауазымда болу немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру түріндегі жазаны орындаудыұйымдастыру.

ҚР Қылмыстық кодексінің 41 бабының 1 бөлігіне сәйкес белгiлi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру мемлекеттiк қызметте, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында белгiлi бiр лауазымды атқаруға, не белгiлi бiр кәсiптiк немесе өзге де қызметпен айналысуға тыйым салудан тұрады.
Белгiлi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру жазаның негiзгi түрi ретiнде бiр жылдан бес жылға дейiнгi мерзiмге және жазаның қосымша түрi ретiнде алты айдан үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiленедi.
Кәмелетке толмағандардың жыныстық тиiспеушiлiгiне қарсы педагогтiң не оларды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттер заңмен жүктелген өзге де адамның ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабының үшiншi бөлiгiнiң д) тармағында және төртiншi бөлiгiнде, 121-бабының үшiншi бөлiгiнiң г) тармағында және төртiншi бөлiгiнде, 122-бабының екiншi және үшiншi бөлiктерiнде, 124-бабының екiншi және үшiншi бөлiктерiнде көзделген қылмыстарды жасағаны үшiн жазаның қосымша түрi ретiнде белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру он жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге белгiленедi.
Сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасағаны үшiн белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру жазаның негiзгi түрi ретiнде үш жылдан он жылғадейiнгi мерзiмге және жазаның қосымша түрi ретiнде бiр жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге белгiленедi.
Белгiлi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан қосымша жаза ретiнде айыру, егер сот жасалған қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауiптiлiк дәрежесiн және кiнәлi адамның жеке басын ескере отырып, оның белгiлi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығының сақталуы мүмкiн емес деп таныса, ол ҚР Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлiмiндегi тиiстi бапта көзделмеген жағдайда да тағайындалуы мүмкiн.
Бұл жазаны бас бостандығынан айыруға қосымша жаза ретiнде тағайындау кезiнде ол жазалаудың аталған негiзгi түрлерiн өтеудiң барлық уақытына қолданылады, бiрақ бұл орайда оның мерзiмi олардың өтелген сәтiнен бастап есептеледi. Жазалаудың басқа негiзгi түрлерiне қосымша жаза түрi ретiнде белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру тағайындалған жағдайда, сондай-ақ шартты түрде сотталған кезде оның мерзiмi үкiм заңды күшiне енген сәттен бастап есептеледi.
Негiзгi жаза ретiнде белгiлi бiр лауазымда болу немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру түрiндегi, сондай-ақ негiзгi жазаға қосымша ретiнде айыппұл, түзеу жұмыстары, бас бостандығын шектеу немесе қоғамдық жұмыстарға тарту түрiндегi, сондай-ақ шартты соттау кезiндегi жазаның атқарылуын ұйымдастыруды сотталушының тұрғылықты жерi бойынша қылмыстық-атқару инспекциясы Қазақстан Республикасының ІІМ бекiткен тәртiппен жүзеге асырады.
Бас бостандығынан айыру түрiндегi негiзгi жазаға қосымша ретiнде тағайындалған бұл жазаның атқарылуын ұйымдастыруды негiзгi жазаны атқарушы орган, ал негiзгi жазаны өтеген соң - сотталушының тұрғылықты жерi бойынша қылмыстық-атқару инспекциясы жүзеге асырады.
ҚР Қылмыстық атқару кодексінің 24 бабының 3 бөлігіне сәйкес Қылмыстық-атқару инспекциясы:
сотталғандардың есебiн жүргiзедi;
сотталғандардың сот үкiмiнде көзделген белгiлi бiр лауазымда болуына немесе белгiлi бiр қызметпен айналысуына тыйым салудың сақталуын бақылайды;
сотталушының жұмыс орны бойынша ұйым әкiмшiлiгiнiң, сондай-ақ сотталушыға тыйым салынған қызметтiң тиiстi түрлерiмен айналысуға берiлген рұқсатты қайтып алуға құқығы бар органдардың үкiмдi орындауын тексередi;
жазаны өтеуден жалтарған сотталған адамдарға қатысты бастапқы iздестiру iс-шараларын жүргiзедi және сотқа iздестiру жариялау туралы ұсыным енгiзедi.
Тұратын жерi үш күннен астам уақыт iшiнде анықталмаған сотталған адам жазаны өтеуден жалтарған деп танылады.
Өзiнде жазаның негiзгi түрiн өтеп жүрген, сондай-ақ белгiлi бiр лауазымда болу немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру түрiндегi қосымша жазаға сотталған адамды мекеменiң (ұйымның) әкiмшiлiгi сотталушының орындауына тыйым салынған жұмыстарға тарта алмайды.
Сотталғандар әскери қызметке шақырылған немесе олар баламалы арнайы мемлекеттiк қызметке кiрген жағдайларда қылмыстық-атқару инспекциялары жергiлiктi әскери басқару органына немесе сотталғандардың тұрғылықты жерi бойынша қызмет өткеру кезiнде сол жазаны атқаруға арналған сот үкiмiнiң көшiрмесiн жiбередi.
Белгiлi бiр лауазымдарда болу құқығынан айыру туралы сот үкiмiнiң талаптары мемлекеттiк мекемелер мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының әкiмшiлiктерi үшiн мiндеттi. Белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру туралы сот үкiмiнiң талаптары сотталған адамның жұмыс орнындағы ұйымның әкiмшiлiгi үшiн мiндеттi.
Сотталушының жұмыс орны бойынша ұйымның әкiмшiлiгi:
сот үкiмiнiң көшiрмесiн не қылмыстық-атқару инспекциясының хабарламасын алған соң үш күннен кешiктiрмей сотталушыны лауазымынан немесе ол айналысу құқығынан айырылған қызмет түрiнен босатуға; қылмыстық-атқару инспекциясына сот үкiмiнiң талаптарын орындау туралы хабарлауға;
қылмыстық-атқару инспекциясының талап етуi бойынша жазаны атқаруға байланысты құжаттарды табыс етуге;
сотталушымен еңбек шарты өзгерген немесе тоқтатылған жағдайда бұл туралы қылмыстық-атқару инспекциясына үш күн мерзiм iшiнде хабарлауға мiндеттi.
Сотталғандарды белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру туралы сот үкiмiнiң талаптары қызметтiң тиiстi түрiмен айналысуға берiлген рұқсатты қайтып алуға құқықты органдар үшiн мiндеттi.
Аталған органдар сот үкiмiнiң көшiрмесiн немесе қылмыстық-атқару инспекциясының хабарламасын алған соң үш күннен кешiктiрмей сотталушыға тыйым салынған қызмет түрiмен айналысуға берiлген рұқсатты қайтып алуға, осы адамға қызметтiң көрсетiлген түрiмен айналысуға құқық беретiн тиiстi құжатты қайтарып алуға және бұл туралы қылмыстық-атқару инспекциясына хабарлама жiберуге мiндеттi.

Наши рекомендации