Кез келген отбасының немесе өз отбасыңыздың динамикасының тіршілік кезеңінің сатыларын бөліп көрсетіңіз

Отбасылық қарым-қатынастарды түзету. Отбасы психокоррекциялық әсердің объектісі. Отбасы зволюциясының процессін зерттегенде және өткізілетін профилактикалық жұмыстарына қызығушылық көптеген авторлар бойынша қазіргі заманда кездесетін мәселелерге тіреледі дейді. Олар: айырылысу деңгейінің жоғарылауы, олардың ішінде асырауға алынған балалары бар және жалғыз отбасылық адамдар көп кездеседі.

Қазіргі кезде психологтардың, қоғамның, педагогикалық ұжымдардың күші отбасының ажырасуына жол бермеу, отбасы арасындағы тұлға аралық қарым-қатынасты түзетуге бағытталған.

Біздің қоғамымызда отбасы қызметтері қарқынды дамып келе жатыр, олардың мақсаты отбасыға көмек көрсету, ауыртпалықты бастан кешу: отбасылық консультациялар, танысу қызметтері, әртүрлі отбасылықты таныту ұжымдары (отбасылық университеттері, факультеттер) сияқты дамып келе жатыр, сексология, педагогика, психология кабинеттері ашылды. Олардың іс-әрекеті әртүрлі қажеттіліктерге бағытталған: отбасы құруға көмек көрсету (жалғыз бастыларға танысу қызметі); отбасын күшейту және дамып келе жатқан отбасыны кризистен өткізу (конфликті және асырасып жатқан жұбайларға кеңес беру); балаларды тәрбиелеуге көмек көрсету (ата-аналық кеңес беру орталықтары); отбасылық профилактика (жаңадан үйленгендерге және мәселелері көп отбасыларға кеңес беру) қызметтері ашылды.

Психологтармен бірге отбасы әртүрлі мамандар көмек береді: сексологтар, заңгерлер, психиаторлар, педагогтар, психотерапевтер, әлеуметтік жұмысшылар қосылады [48].

Әрбір отбасымен жұмыс істейтін зерттеуші отбасы туралы өзінің теориясын құрайды, бірақ ол үшін көптеген жылдар бойы практика саласында көп жұмыс істеу керек. Қазіргі кезде отбасымен жұмыс істегенде бірнеше түзету бағыттары бар.

Олар:

1.Психодинамикалық бағыт.

2. Жүйелік және стратегиялық бағыт.

3. Эклектикалық бағыт.

1. Психодинамикалық бағыт. Бұл бағыт үшін үлкен назар отбасы мүшелерінің тарихына аударылады, олардың санадан тыс қалауларына, психологиялық мәселелерін шешу кезінде бірге п.б. проекцияларының даму кезіндегі онтогенезде және көрсету тәжірибесіндегілерді анықтауға арнаый жұмыстар өткізіледі. Инсайтқа үлкен мән беріледі. Ол отбасы мүшелері арасында туындап жатқан мәселелеріне байланысты өткен шақта шешілмеген мәселелердің әсерінен деген түсініктерді түсініп оны қайтадан шешуді айтады. Осы жұмыс психологтар мен отбасы үшін үлкен уақыт алады және экономика жағынан кідіріс тудыртады, бірақ оның нәтижесі қарым – қатынастаарды жеңілдетеді.

2. Жүйелік және стратегиялық бағыт. Бұл жұмыс түрі жүйелі жағынан құралады, ол тұлғаның детерминанттылығына және тұлға аралық қарым – қатынастың түріне тіреледі. Осыған байланысты қарым-қатынас құру стилі, тәрбие түрі, отбасының тұлғалық ерекшелігін санау керек. Отбасылық субжүйелер осы факторлар бойынша: жыныс, ұрпақ, қызығушылықтар деп анықталады: күйеу - әйел, әке – ана, бала – бала, бала – ана, бала - әке, балалар – үй жануарлар және т.б. деп бөледі.

Әрбір жеке индивид көптеген отбасылық субжүйелерге жатады.

Отбасылық түзету жолдарына жүйелік мәнді енгізгенде бірнеше жұмыс кезеңдерін бөледі:

1. Диагностикалық (отбасылық диагноз);

2. Отбасылық шиеленісті жою.

3. Реконструктивті.

4. Қол ұшын беру [57].

Отбасылық диагноз – деп отбасы мүшелерінің тұлғалық қасиеттерінің, отбасылық қарым-қатынастарының бұзылуы жатады. Отбасылық диагноздың ерекшелігіөткір және стереоскопиялық мінез болады. Тесіп өтуші мінез түзету жұмыстары әр кезеңде өтеді. Стереоскопиялық отбасы диагностика деп бір отбасы мүшесі туралы басқа отбасы мүшесінің толығырақ мәліметтер алу.

Отбасылық шиеленісті жою – бұл отбасылық шиеленісті жою және оны табу.

Қайта құру (реконструкция) – отбасылық қарым – қатынастарда топтық шешу өтеді. Онда отбасының мәселесін шешуге бағытталған.

Қол ұшын беру – бұл кезең эмпатиялық қарым – қатынастарда алынған дағдыларды отбасы өмірінде қолдана алу. Жүйелілікпен өтетін түзету жұмыстары бірнеше жұмадан бірнеше жылға дейін өтеді.

3. Эклектикалық бағыт. Бұл бағыт өкілдері отбасылық түзету жұмыстарында психологиялық әдістердің механизмдерін ұсынады. Олар: топтық талдау, рольдік ойындар, мінез – құлықты модификациялауға арнайы үй тапсырмалары, талдау және т.б.

Отбасы динамикасы: Отбасының құрылымы және функциясы оның даму кезеңінде өзгеріп отырады. Е. Дювальдың жүйе сатылары белгілі, онда негізгі түрі отбасында балалардың болуы және оның жастары болады.

Отбасының өмірлік циклының фазалары

1. Тартылу. Жұбайлардың кездесуі, олардың бір – біріне эмоционалды тартылуы.

2. Ата – аналардың ролдерінің дауы және қабылдауы.

3. Баланың тууы және отбасында жаңа тұлғаның қабылдануы. Жұбайлардың диадты қарым – қатынастарынан үшбұрышқа айналуы.

4. Балаларды отбасы ішілік институттарға кірістіру.

5. Жасөспірімдерді қабылдау.

6. Тәуелсіздікпен тәжірибе жасау.

7. Балалардың отбасынан кетуге дайындық

8. Отбасынан балалаардың кетуі, олардың кетуін қабылдау, жұбайлардың көзбе – көз өмірі.

9. Қартаюдың және зейнетке кетуді қабылдау [56].

Отбасының өмірлік іс-әрекетінің бұзылуы. Өмір бойы отбасы әртүрлі қиындықтарға кезігеді. Мысалы, аурулар, үй – шаруашылық қолайсыздықтар, әлеуметтік шиеленістер және т.б. Отбасылық бұзылыстар деген күрделі туындылар және оның факторлары болады.

1.Өткір: отбасы мүшесінің біреуінің өлімі, жұбайының «көзге шөп салуы» туралы ақпарат, отбасының әлеуметтік статусының өзгеруі: отбасы мүшесінің тұтқындалуы, банкротқа түсу және т.б.

2.Созылмалы: үйде және жұмыста физикалық және психикалық ауыр жүктемелер, тұрмыстық мәселерді шешудегі күрделіктер, отбасы мүшелері арасында тұрған конфликт және т.б.

3.Отбасының өмірінің күрт өзгеруі (өмірлік стереотипі). Бұл топ психологиялық жүктемелерден пайда болып өмірлік циклының өтуінен болады. (Неке құру, бала туу) Осындай үзілістер отбасы өмірін тез өзгертеді.

4.Бір–біріне деген қиыншылықтар суммасының байланысы. Бұл қиыншылықтардың туындауы екінші кезеңде (отбасында бірінші баланың пайда болуы) көптеген мәселелердің шешілуінен болады. Мысал ретінде білім алуды аяқтау және мамандықты алу, тұрмыстық мәселені шешу, алғашқы мүлік алу, балаға қарау жатады.

5. Отбасының өмірлік цикл кезеңдерімен байланысы.(Мысалы жаңадан үйленгендердің ата-аналарының идеологиясының жақындануы). Кәдімгі қиыншылықтар («нормативті стрессорлар») онымен әртүрлі отбасы кездеседі. Осы қиыншылықтар отбасыны құрған кезден бастап және өмір бойы әр кризиске ұшыратады. Осы қиыншылықтардың бірінші кезеңі 3-4 жылдарында, және екінші этапы 17-15 жылдар арасында болады. Оны жалпы қанағаттанбаушылықпен түсіндіріледі. Бірінші кезеңде фрустрацияланған өзгерістерге байланысты, ал екінші кезеңде отбасылардан балалардың кетуімен және соматикалық аурулардың пайда болуы шығады.

6.Өмірлік циклдың жағымсыз нұсқаулары. (Мысалы егер жас жұбайлар әртүрлі идеологиялары полярлы отбасыларда өссе). Бұл қиыншылықтар отбасындағы бір мүшенің (жұбай, бала) болмауынан болады. Оның себебі ажырасу, өлім, бала жоқтықтан болуы мүмкін. Бұл нұсқаулардың алуандылығынан: функционалды жоқтықтың болуы

Наши рекомендации