Йымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Тобы:

Күні:

Тәрбиеші:

Білім беру саласы:Әлеуметтік орта.

ҰОІӘ:Экология.

Тақырыбы:Қарақұйрық

Мақсаты:қарақұйрық жануарының тіршілігі, қорегі туралы түсінік беру. жануардың ерекшілігін танып, айтып беруге үйрету. ересектердің табиғатқа жасаған теріс қылықтарына мінез-құлық нормалары туралы түсінік бере отырып бағалауға үйрету. Табиғатқа оң көзқарасын, жауапкершілігін қалыптастыру.

Көрнекіліктер:қарақұйрық жануарының суреттері.

Қажетті құрал-жабдықтар:жұмыс дәптері, өсімдіктер мен жануарлардың суреттер

Алдын ала жасалатын жұмыстар: жазық дала, шөл дала, Қызыл кітап тақырыптарында әңгіме жүргізу, Қызыл кітап ретінде бірнеше парақты альбом жасау.

Әдіс-тәсілдері:сөздік, көрнекілік, практикалық.

Іс-әрекет кезеңдері Педагогтің іс-әрекеті   Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық- қозғаушылық Тәрбиеші Музыка қойып, балаларды шаттық шеңберіне шақырып, өлең жолдарын айтқызады. Өздеріне таныс өлең жолдарын қайталайды.
Ұйымдастырушылық- ізденістік -Балалар, сендер орманда өмір сүретін қандай жануарлады білесіңдер? -Бүгін біз ерекше жануармен танысамыз. Ол қарақұйрық деп аталады (суретін көрсетеді). Қарақұйрық – сымбатты аша тұяқты аң. Денесінің үсті мен бүйірінің түсі – құм түсті, бауыры ақ. Қалай ойлайсыңдар, бұл жануарды не себепті қарақұйрық деп атаған. Суретке анықтап қарасаңдар, жауабын өздерің таба аласыңдар. Дұрыс айтасыңдар жануардың құрығы қысқа, әрі екі түсті: қара және құм түстес. Бірдеңеден қорыққанда қарақұйрық құйрығын тік жоғары көтеріп, басын сәл артқа қарай шалқайтады да жорта жөнеледі. Осы кезде сырттан қараған адамға құйрығының қара ұшы ерекшеленіп көрінеді, сондықтан да халық бұл аңды қарақұйрық атаған. -Құмды жер дегенді қалай түсінесіңдер? -Енді жануардың тұяқтарына назар аударыңдаршы, қандай екен? -Дұрыс сол себепті олар қақаған суық қыста борпылдақ қалың қардың астындағы жемге жете алмай, қыс жұмсақтау, құмды аймақтарға қоныс аударады. Жаз айы басталысымен кішігірім өзендер құрғайды, сол кезде қарақұйрықтар сусыз аймақты тастап, суы мол өзен-көлдердің маңына қоныс аударады. Қарақұйрықтар тұщы су ғана емес, ащы суды да іше береді. Қыс мезгілінде олар топтасып жүреді, ал көктем шығысымен бөлектеніп кетеді. Егер де біреуі қауіпті сезе қалса, онда барлығы лезде қатер төніп тұрған жаққа бастарын бұрып, қашуға дайын екенін білдіреді. Қарақұйрықтардың негізгі жауы – қасқыр. Сондай – ақ олардың төлдеріне түлкі, шибөрі, дала шұбар мысығы мен қамыс мысығы, ірі жыртқыш құстар қауіп төндіреді. Қарақұйрықтар Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген, сол себепті оларды аулауға тыйым салынған. Қарақұйрықтың лағын халқымыз құралай деп атаған. -Балалар қарақұйрық жануарын неліктен Қызыл кітапқа енгізді деп ойлайсыңдар? -Бұл жануардың азаюының себебі неде? Сергіту сәті. -Балалар, қалай ойлайсыңдар, тек қана Қызыл кітапқа енген жануарды ғана қорғау керек пе? -Жарайсыңдар, балалар, сендер табиғатты қорғаудың басты ережелерін ұмытпапсыңдар. Дид.о. «Дала және үй жануарлары» №18 Өздеріне таныс жануарлады айтады.     Балалар қайталайды.     Балалар суретке мұқият қарап, жауап беруге тырысады.     Сергіту сәтінің сөзін қайталай отырып, қимылдар жасайды.     Балалар табиғатты қорғаудың ережелерін айтады.
Рефлексиялық-түзетушілік Тәрбиеші балалардан бүгінгі жиыннан алған әсерлерін, көңіл күйлерін, немен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрайды. Сабақтағы көңіл күйлерін дәптердегі таңбаларға белгілейді. Қойылған сұрақтарға жауап беріп, пікірлерін бөліседі.

Күтілетін нәтиже:

жасайды:қарақұйрық жануарының тіршілігі, қорегі туралы, оны танып, айтып бер белуі; қарақұйрықтың жабайы аң екендігін, оның жануарлар мен адамдар үшін пайдасы, олардың көбінесе орманда тіршілік ететіндігі, қыс маусымына қалай дайындалатыны туралы.

түсінеді:жануарладың орманда ғана емес, сонымен қатар жазық далада да өмір сүретіндігін, қарақұйрық жануарының тіршілігі туралы біледі, оның да жанды табиғаттың бір бөлігі екендігін, Қызыл кітапқа енгендігін, кез келген жануарға қамқорлықпен қарау керектігін.

қолданады:қарақұйрықтың жаз және қыс маусымындағы тіршілігі туралы білімді игерді, қарақұйрық жануарының азайып кетуінің себебін.

Наши рекомендации