Пәннің қысқаша сипаттамасы
КАЗАҚ СПОРТ ЖӘНЕ ТУРИЗМ АКАДЕМИЯСЫ
КАЗАХСКАЯ АКАДЕМИЯ СПОРТА И ТУРИЗМА
THE KAZAKH ACADEMY OF SPORTS AND TOURISM
ТУРИЗМ ФАКУЛЬТЕТІ
Туризм және сервис кафедрасы
СИЛЛАБУС
пәні бойынша: «Әртүрлі тақырыпта экскурсия жүргізудің ерекшеліктері»
мамандық бойынша: 5В090200 -«Туризм»
компоненттің атауы: ТК (таңдау компоненті)
пәннің коды мен шифры: OPERT 4312
оқу түрі: күндізгі
бағам: 4
семестр: 7
кредит саны: 2
барлық сағат: 90
соның аудиториядағысы: 30
дәріс: 15
практикалық: 15
лабораториялық:
СОӨЖ: 30
СӨЖ: 30
Экзамен: 7 семестр
Алматы, 2016
Студенттерге арналған пән силлабусы
Пән туралы ақпарат
Әртүрлі тақырыпта экскурсия жүргізудің ерекшеліктері | Пәннің коды OPERT 4312 | Кредит саны 2 | 4 Курс 7 семестр |
Туризм | Мамандықтың коды 5В090200 | Туризм және сервис кафедрасы | Туризм факультеті |
Оқу түрі - күндізгі | Оқыту тілі - қазақ | ||
Пәнді өткізу уақыты және орны - сабақ кестесі бойынша | |||
Консультация уақыты – кесте бойынша | |||
1 рейтинг –7 апта; 2 рейтинг- 15 апта; | |||
Магистр, аға оқытушы Жаксыбекова Д.К., магистр, оқытушы Ушкулакова Г.М | Байланыс түрі (телефон, e-mail) 87071660037 [email protected] | ||
Кафедра меңгерушісі: ф.ғ.к., аға оқытушы Шакирова Р.Г |
Пәннің қысқаша сипаттамасы
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің бекіткен «Саяхаттану» пәні бойынша типтік бағдарламасында «Әртүрлі тақырыпта экскурсия жүргізудің ерекшеліктері» бөлімі қарастырылған. Тәжірибе көрсеткендей 3 кредитке осы бөлімдегі материалдардың көлемін қарастыру мүмкін емес.
Сондықтан болашақ экскурсоводтардың дағдыларын, білімін қалыптастыруда , осы бөлімді жеке пән ретінде қарастыру тиімді.
Бүкіләлемдік туристік гидтар қауымдастығы федерациясының стандарты бойынша экскурсоводтар мен гидтарды дайындау курсы 600 сағатты құрайды. Сондықтан осы пәнді оқу үрдісіне кіргізу арқылы халықаралық стандарттарға жақындаймыз.
«Әртүрлі тақырыпта экскурсия жүргізудің ерекшеліктері» пәні экскурсиялық теория жағынан адами қызметтің белгілі бір түрлерін анықтауды қарастырады.
Экскурсияның негізгі мақсаты мен қызметі ол адамның мүддесін және білімін қалыптастыру, эстетикалық тәрбиелеу. Осыған байланысты экскурсиялық операторлармен сәулеттік - қала құрылысы және табиғи (ботаникалық, гидрологиялық, геологиялық, зоологиялық және т.б) экскурсиялар әзірленеді. Әдеби, тарихи, этнографиялық, өндірістік, діни орындарға экскурсиялар әзірленеді. Өнертанушылық экскурсиялар келесілерді қамтиды: театр-музыкалық экскурсия, яғни, өнер туындыларымен таныстырушы экскурсия, монументті мүсінді көрсетуге арналған экскурсия, декоративті-қолданбалы өнер туындыларын көрсетуге арналған экскурсия, халық өнерін көрсету бойынша экскурсиялар.
Аталған экскурсиялар тақырыптық болып саналады. Оларды дайындап, өткізуде экскурсовод тақырыпқа сай терминдерді білу керек.
Осыған байланысты оқу жұмыс бағдарламасының бірінші модулінде сәулет, дінтану, мұражайтану сияқты салаларға назар аударылады.
Екінші модульде тақырыптық экскурсиялардың мақсаты мен міндеті, олардың жіктелуі, әңгімелеу мен көрсетудің, оларды өткізудің ерекшеліктері дәрістер, практикалық сабақтарда айтылады.
Курс 2 кредит көлемінде және 7-ші семестрде қарастырылған. 15 дәріс, 15 практикалық сабақ, 30 сағат СОӨЖ және СӨЖ бар. Қолданылатын әдебиеттер тізімі келтірілген.
Мақсаты:
«Әртүрлі тақырыпта экскурсия жүргізу ерекшеліктері» пәнін оқыту туризм саласының мамандарын даярлау үшін қажет.
Міндеттері:
-экскурсовод, гид, аудармашы мамандығыныңнегіздерін құрайтын дағдыларға оқыту;
-осы сала бойынша мамандарда тәрбиелік сапасын қалыптастыру.
Студент білуі керек:
-әртүрлі тақырыптарда жүргізілетін экскурсия жіктелуін;
-тақырыптық экскурсия ерекшелігін;
-сәулеттік, мұражайлық, өнертанушылық экскурсияларда қолданылатын негізгі терминдерді білу.
Студент орындай алуы керек:
-көрсету мен әңгімелеудің ерекше тәсілдерін қолдану;
-тақырыптық экскурсияларды дайындау, өткізу;
-аудиториямен байланыс орнату.
Пәннің пререквизиттері:
Курстың алдында оқылатын пәндер:
1. Саяхаттану;
2. Қазақстанның экскурсиялық нысандары;
3. Экскурсиялық менеджмент.
Пәннің постреквизиттері:
Алған білімін қолданатын пәндер:
1. Алған білімін болашақ тәжірибеде қолдану.