Лттық тәрбиенің салалары, қолданылу шарттары.
Мектеп оқушыларымен жүргізілетін тәрбие жұмысы мұғалімнің кәсіби қызметіндегі басты және білім беруден бөліп қарауға болмайтын бөлігі болып табылады. Олай болса, тәрбие арнайы ұйымдастырылатын және саналы түрде жүргізілетін педагогикалық қызмет болғандықтан, болашақ мамандар тәрбие жұмыстарын тиімді ұйымдастыра алуға дайындалуы тиіс. Оның үстіне тәрбие үрдісінің қазіргі жаңа сипаты мұғалімдер алдына, оның кәсіби дайындығына жаңа талаптар қоя бастады. Сонымен қатар еліміздегі әртүрлі қоғамдық-саяси, әлеуметтік өзгерістерге байланысты тәрбие үрдісін ұйымдастыру мәселелеріне жаңа көзқарастың қалыптасуы, сондай-ақ оған мейлінше тиянақты көңіл бөлу қажеттігі сезілуде. Әсіресе қазіргідей еліміздің егемендік алып, мемлекет ретінде алдына қойған өзіндік мақсат-мүдделері анықталып, сол жолда маңызды да қарқынды іс-әрекеттер жүргізіліп жатқанда, жеткіншектердің ұлттық тәрбие мәселесіне айрықша назар аударылуы заңдылық болып табылады.
М.Құрсабаевтың «Атамекен» мектеп оқушыларына арналған халық педагогикасының тәлім-тәрбие принциптеріне негізделген ғылыми педагогикалық бағдарламасы.
«Атамекен»-жалпы білім беретін мектептердегі оқу тәрбие процесінің, сыныптан тыс жұмыстарының өзіндік ұлттық ерекшелігін айқындайтын, қазақ халық педагогикасының тәлім-тәрбие принциптеріне негізделген ғылыми педагогикалық бағдарламасы. Оның негізгі мақсаты – оқу тәрбие жұмысының жаңа үлгісіндегі жобасын жасау, әрбір мектепте балалар мен үлкендерді біріктіретін кеңес құру, бүкіл мектептен «Елім-ай» атты ұлттық – этнографиялық мұражайлар ашу, әр жыл сайын дәстүрлі бүкіл мектептің, «Атамекен» тойын салтанатты түрде өткізу болып табылады.
Жалпы, «Атамекен» бағдарламасының пайда болуы кейінгі жылдары халқымыздық тарихын, мәдениетін, салт дәстүрлері, мен әдет-ғұрыптарын қайта жаңғыртуға бағытталған творчестволық істердің жемісі.
З.Ахметованың «Кәусар бұлақ» бағдарламасы мектеп оқушыларына ұлттық тәлім-тәрбие беруді көздейді. Осыған байланысты педагогикалық білім беру болып табылатын күрделі жүйенің теориясы мен практикасын дамыту оны одан әрі байыту талап етіледі. Елімізде ұлттық тәрбиеге бағытталған жұмыстар біршама жүргізілуде. Атап айтатын болсақ, «Жоғары мектеп студенттеріне этнопедагогикалық білім беру тұжырымдамасы» (Авторлары: С.Ұзақбаева, К.Қожахметова). Бұл тұжырымдамада болашақ мұғалімдер үшін оларды даярлауды ізгілендірудің негізі,этнопедагогикалық білім берудің мазмұны,этнопедагогикалық пәндерден сабақ беруге саралы көзқарас,этнопедагогикалық білім тұжырымдамасын жүзеге асырудың шарттары,болашақ мұғалімдердің этнопедагогикалық білімін дамыту перспективалары ұсынылған.
П.ғ.д. П.Б. Сейітқазы өзінің «Болашақ мұғалімдерді БАҚ арқылы тәрбие үрдісіне дайындау» атты монографиялық еңбегінде: «Мектеп жұмысының бағытын қайта қарауды, қоғамның дамуындағы жаңа талаптарға сәйкес, оның мақсат, міндеттерін түбегейлі өзгерту қажеттігі туындайды. Соңғы кездері уақыт талабына орай тәрбиелей отырып оқыту қағидасын оқыта отырып тәрбиелеу қағидасымен ауыстыру керек деген де пікірлер айтыла бастады. Соған сәйкес мұғалімнің мектептегі ролін қайта қарау керек. Себебі, оқушының тұлға ретіндегі қалыптасуы мұғалімнің тәрбиелік жұмыстағы кәсіби шеберлігіне тікелей байланысты. Сондықтан болашақ мұғалімдерге білім бере отырып тәлім- тәрбиенің әдіс-тәсілдерін, құралдарын, педагогикалық іс-әрекет түрлерін меңгерту қажет. Болашақ мұғалімдерді даярлауды жоғары сапалық деңгейге көтеру,жоғары оқу орындарында студенттердің оқу үдерісінде ынтымақтастық педагогикасын іске асыру, тәрбие жұмыстарын тез игеріп, іскерлік қабілетін дамыту жөн.
Болашақ мұғалімдерге ізгілік қасиет, яғни адамгершіліктің негізгі бағыттарындағы бірнеше тәрбиенің түрлері: еңбек тәрбиесі, эстетикалық тәрбие, құқықтық тәрбие, дене тәрбиесі, т.б. тәрбие түрлерін беру педагогикалық ынтымақтың нығаюына жол ашады. Болашақ мұғалім теориялық іліммен қаруланған жаңа қоғамдық өмір сүру үшін күресуге қабілетті, жан-жақты мәдениетті өз ісіне шебер маман болуы қажет. Жастарға терең білім мен тәрбие беру ісін одан әрі жетілдіре дамыту мемлекетіміздің басты міндеттерінің бірі. Ал жоғары оқу орындарының алдындағы тұратын негізгі міндет жоғары сапалы маман даярлау. Өйткені қазіргі жалпы білім беру мекемелерінде жас ұрпақтың оқу тәрбие үдерісі жоғары білімді , әрі сапалы мұғалімді талап етуде. Осыған орай Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің тәлім-тәрбие тұжырымдамасында: «Бүгінгі таңда жастарға әлемдік ғылым прогресс деңгейіне сәйкес білім мен тәрбие беру, оның рухани байлығы мен мәдениеттілігін ойлай білу мүмкіндігін жетілдіру, сонымен қатар әр адамның біліктілігін, іскерлігін арттыру- әділетті қоғамның міндеттері болып табылады». Сонымен қатар «үздіксіз тәрбиенің негізі – ұлттық тәлім-тәрбие, ал оны жүзеге асыру үшін педагог кадрларды облыстық мұғалімдер білімін жетілдіру институттарында жүйелі дайындықтан өткізу, сондай-ақ болашақ мұғалімдерді даярлайтын жоғары педагогтық оқу орындарында этнопедагогиканы арнайы курс немесе жеке оқу пәні етіп ендіруді» ұсынды.
Дидактикалық кешенге сілтемелер:
- Ә.Табылдиев «Қазақ этнопедагогикасы» А,2001
- Әбілова З., Қалиев Қ. Этнопедагогика оқулығы – А., 1999
- Измайлов А.Э. Народная педагогика – М., 1991 г., 68-83 стр.
- Педагогика межнационального общения /Под ред. Латышиной Д.И. – М., 2004 г.
- Волков Г.Н. Этнопедагогика – М., 1999 г.