Ызылорда медицина колледжі, оқытушы

ФИЗИКА САБАҒЫНДА БОЛАШАҚ МЕЙІРБИКЕЛЕРДІҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Баймишева Перизат Өміржанқызы

ызылорда медицина колледжі, оқытушы

Білім мен ақпарат үстемдік құрған қоғамда білім беру жүйесі инновациялық экономиканың негізгі бөлігі болып табылады. Қатаң талаптары қалыптасып келе жатқан инновациялық экономика қай салада болса да, бүгінгі маманның құзыреттілігін, яғни өз саласы бойынша ой-пікірінің қалыптасуын, кәсібилігін, өмірдің өзгермелі жағдайына бейімділігін, оған сай өз білімін пайдалану ғана емес, оны қажеттікке қарай толықтырып отыруды талап етеді.

Қазіргі таңда қалыптасып қалған білім, білік, дағдыға негізделген білім берудің нәтижелері мен жаңа әлеуметтік экономикалық қоғам қажеттіктері деңгейі арасындағы қайшылықтар айқын байқалуда. Өйткені, заман талабы болашақ мамандардың құзыреттілік сапаларын қоғамның жаңа құрылымына сәйкес белгілеп отыр.

Менің педагог-оқытушы ретіндегі мақсатым, физика пәнін оқыту барысында оқушылар бойында құзыреттілікті қалыптастыру болып табылады.

Құзыреттілік – алған білімін пайдалана білу қабілеті; болашақ таңдайтын мамандығына қатысты қабілеттер мен шеберліктерін меңгере білу; әлеуметтік даму деңгейіне сәйкес келетін және қоршаған ортаның әсер ету факторларына төтеп бере алатын тұлғаның интегративті қасиеттер жиынтығы, кез-келген аймақта білімдар, хабардар болу болып табылады.

Оқушының жаңадан білім алуында маңызды болып саналатын және оның өзіндік білім алу әрекетінің қалыптасуына ықпал ететін – кәсіби құзыреттілік екені даусыз.

Осыған орай, қазіргі оқытушы алдында қоғамдық бейімділігі бар, өзін-өзі жүзеге асыра алатын, қарым-қатынас жасай білетін жастарды жаңа әлеуметтік және кәсіби құзырлық парадигмасы негізінде қалыптастыруды міндеттейді. Сондықтан жастардың кәсіби құзырлығын қалыптастыру бүгінгі таңдағы оқытушының ең көкейкесті мәселесі болып отыр.

Сапа     Кәсіби дайындық  
  Кәсіби оқыту
Кәсіби қызметке  
Тұлғалық маңызды қасиеттерін қалыптастыру
Өздігінен білім алу әрекетіне
Жеке тұлғаның бейімделу сапаларын қалыптастыру

Мақсаты   Мақсаты  

ДАЙЫНДЫҚ

Жоғарыда көрсетілген схема бойынша білім берудің басты мақсаттарының бірі оқушылардың кәсіби әрекетке дайындығы екенін байқауға болады.

Маман тек білім мен іскерліктерді меңгереді, бірақ ол шығармашылық және кәсіби әрекеттерінде оның қажеттіліктерін дамытпайтындығын өмір тәжірибесі көрсетеді. Жеке тұлғаның кәсіби бейімделу сапасын қалыптастыру болашақ мамандарды сапалы даярлаудың бір шарты болып табылады.

«Кәсіби құзыреттілік» ұғымын мақсатты түрде енгізу ең алдымен мазмұнының кеңдігімен, интегративті сипаттамасымен қамтылады және «кәсіпқой», «біліктілік», «кәсіби қабілеттер» сияқты ұғымдарды біріктіреді.

Егер кәсіби құзыреттілік деп еңбек нәтижелілігін анықтайтын білім мен іскерліктің жиынтығы; міндеттерді орындау дағдыларының көлемі; тұлғаның кәсіби маңызды қасиеттерін білудің кешені; еңбекке теориялық және практикалық дайындығының бірлігі ретінде түсіндірілсе, ал педагогикалық әдебиеттердің анықтамасынан көретініміз, кәсіби құзыреттілікті ең алдымен коммуникативтік, ақпараттық, реттеу және интелектуалды құзыреттіліктердің бірлігі ретінде қарастырады.

Оқушының кәсіпқой тұлғасының жаңадан білім алуы, белгілі бір белгілер бойынша орнатылады:

- өз әрекетінің деңгейін саналы түрде сезіну іскерлігі, өзінің бойындағы медициналық мамандыққа қажетті қабілеттерінің дамуы;

- өз іс-әрекетінің мақсаты мен нәтижелерін шығару іскерлігі, кемшіліктерін айқындау мен олардың жұмыста немесе өзінде болу себептерін табу;

- өздігінен жетілуге деген ынта-ықыласының болуы, нақты кескін (күн, апта, ай, жыл т.б.) уақыт аралығында өздігінен білім алудың приоритетті бағыттарын анықтау іскерлігі;

- кәсіби өздігінен жетілу әдістері жайында білу.

Бұдан көретініміз, кәсіби құзыреттілік өздігінен жетілудің жеке траекториясын құру, кәсіби әрекетті жоғарылатуды қамтамасыз ететін саналы түрде мақсатты бағытталған белсенділіктің нәтижесінде маңызды қасиеттерді өзгертуді жобалау мүмкіндіктерін береді.

Енді, мейірбикенің кәсіби қызметіне аз-кем тоқталып өтер болсақ, мейірбике - білім мен шеберлігі бар, күтім процесіне жауапты, мейірмділік көрсете білетін маман болып саналады. Мейірбике-емделушіге толық күтім қамтамасыз ету үшін өзінің кәсіби, психологиялық және рухани қасиеттерін дамытқан, бірегей қоғамның белсенді тұлғасы. Қоғам мен емделушілердің қажеттілектерін қанағаттандыру үшін, денсаулықты сақтау үшін медбике, жұмысын жалғыз және басқа да денсаулық сақтау саласындағы кәсіби жұмыскерлермен бірге атқара береді. Мейірбикенің міндетіне емделушіні және оның өз тағдырын өзі шешу құқығын сыйлау кіреді. Осыған байланысты іс атқару барысында келесі принциптерге сүйенуге тиіс: қастық жасамау, жақсылық жасау, қызмет істей білу және мамандыққа да, емделушіге де адал болу. Сонымен бірге, мейірбикелік іс адамның ұлттық және таптық сипатын, жасын, жынысын, саяси немесе діни сенімдерін шектемейді.

Жоғарыда аталған мейірбикенің кәсіби құзыреттілік сапаларын болашақ мейірбикелердің бойында және ойында қалыптастыра білу, оқытушылардан үлкен педагогикалық шеберлікті, қабылеттер мен дағдыларды талап етеді.

«Физика» курсы медициалық колледждердегі «мейірбике ісі» мамандығының оқушыларына 9-сынып негізінде І курста оқытылады.

Физика сабағында болашақ мейірбикелердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру тұрғысына келетін болсақ, ол оқушылардың физика сабағында алған білімі мен іс-машық, дағдыларын өз мамандығына, яғни медицинада қолдана білуі болып табылады.

Колледжге оқушылар медициналық білім алуға келеді және алғашқы сабақтарда оқушылар төмендегідей сұрақтарды жиі қояды: «Медиктерге физиканы оқудың қажеті қанша?», «Өзіміз мектептен физика, химия, математикадан қашып келсек», «бізге медициналық пәндерді оқысақ та жетпейді ме?» және т.б. Мұндай сұрақтар кейбір пән оқытушыларына қиын тиюі мүмкін, бірақ осындай сұрақтарға жауап беру арқылы оқушылардың физика пәнін оқуға деген ынтасын арттыра аламыз. Яғни, физиканың заңдары мен құбылыстарының медицинада қолданылуына нақты мысалдар келтірер болсақ, оқушыларда пәнге деген қызығушылық қалыптасады.

Физика пәнін оқып үйрену болашақ мейірбикелердің медициналық техника бойынша даярлығын жақсартудың басты шарты екендігін ескеріп, аталған пәннің мазмұнын толықтыру мақсатында физикалық факторларды қолданудың негізін қарастыруды басты міндет деп санауға болады.

Осы жағдайларды ескеріп, физика курсында қарастырылатын физикалық құбылыстарды диагностика мен емдеу ісінде, медициналық құралдарда қолданудың негізгі себептерін ашып көрсету, мұндай физикалық факторлардың адам ағзасына әсерін талдау, оны қолдану туралы жүйелі түрде қарастыру болашақ мейірбикелерді дайындау барысында міндетті түрде орындаулуға тиісті педагогикалық іс-шаралар. Осы міндеттерді іске асырудың жолы мен әдісін көрсету үшін физикалық факторлардың табиғаты мен оның биологиялық ортамен әсерлесу нәтижесінде орын алатын құбылыстарды, оның диагностика мен емдеу ісінде алатын орнын және медициналық құралдарда қалай қолдануды талдайық.

Медициналық диагностика мен терапияда физикалық табиғаты бойынша механикалық, тұрақты және айнымалы электромагниттік өрістер мен тоқтар, тербеліс пен толқындар, оптикалық, атом мен ядролық, кванттық құбылыстарға негізделген физикалық факторларды кең түрде қолданылатындығы белгілі.

Физикалық қасиеттеріне сәйкес әртүрлі физикалық факторлар денелермен әсерлесу нәтижесінде денеде жұтылады, шағыласады және сынады, сонымен қатар денелерді құрайтын бөлшектермен әсерлесу нәтижесінде онда әр түрлі процесстер орын алады, яғни «физикалық фактор - биологиялық орта» жүйесінде байқалатын физикалық құбылыстарды тіркеу арқылы анықталған физикалық, физиологиялық, физика-химиялық және т.б. мәліметтерді диагностикалық мақсата қолданады. Мысалы, биологиялық денелердің тығыздығы әр түрлі қабаттарынан шағылысқан ультрадыбыс толқындарды тіркеу, оның таралу жылдамдығын өлшеу арқылы биологиялық объектінің физиологиялық күйін анықтауға болады. Сонымен қатар белгілі физикалық құбылыстар диагностикалық мақсата қолданылады. Мысалы, биологиялық ортаның электрлік жалпы кедергісі (импедансы) немесе оның биопотенциалының шамасы оның физиологиялық күйіне тікелей байланысты, олай болса өлшенген биопотенциал шамасы немесе импедансы биологиялық объектінің физиологиялық күйін сипаттауға толық мүмкіндік береді. Реографтар мен электрокардиографтар осы құбылыстар негізінде жұмыс істейді.

Айнымалы токтардың әсерімен нерв жүйесі мен бұлшық еттерді тітіркендіру нәтижесін тіркеу арқылы олардың физиологиялық күйін диагноздау медицинада кең түрде қолданылатын әдіс (хронаксиметрия). Мұнда импульсті токтың жиілігі, периоды, оның импульсінің ұзақтығы мен тіктігі және т.б. физикалық параметрлері тіркеліп, олардың сандық шамалары арқылы қортынды жасалынады.

Медицинада адамның ішкі мүшелерін (өңеш, ас қазан, тік ішек, т.б.) тікелей көру арқылы диагноздауда қолданылатын эндоскопиялық құралдар оптикалық құбылыс - жарықтың шағылуына негізделген болса, зертханалық құралдарда жарықтың ортада жұтылуы қолданылады. Мысалы бронхоскопия, гастроскопия, колоноскопия т.б. жарықтың шағылуы, ал спектрофотометр, фотоколориметр, т.б. жарықтың зерттелінетін денеде жұтылуы дәрежесі пайдаланылады.

Атомдық физиканың құбылыстары мен заңдылықтары көптеген медициналық құралдардың жұмыс істеу принциптерінің негізі болып саналады. Адам ағзасының белгілі бір мүшелерінде(өкпе, бауыр, қалқанша безі, т.б.) жұтылған рентген немесе онда жиналған радиоактивті изотоптардың сәулелерін тіркеу арқылы оның физиологиялық күйін толық сипаттауға болады. Томография, ангиография, гамма-камера, сканерлеу т.б. диагностикалық әдістерде рентген және радиоактивті сәулелердің адам ағзасында жұтылуы әсерінен болатын құбылыстарды тіркеуге, суретке түсіруге негізделген.

Болашақ медицина қызметкерлерін дайындау және оларға білім беру барысында аталған мәліметтерді толықтырып, физикалық факторлардың жаңа қасиеттеріне негізделген диагностикалық және терапиялық әдістерді үнемі енгізіп отыру қажет, оған физика ғылымының дамуына сәйкес жаңа зерттеліп жақтан бағыттар мен оны қолданудың жаңа техникалық шешімдерінің пайда болуы негіз болады.

Енді, физиканы оқыту барысында медицина колледжі оқушыларының кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру жолдарына тоқталайық:

1. «Физика» курсының типтік оқу бағдарламасынан медицинамен байланысты тақырыптарды таңдап алу.

2. Пәнаралық байланысты жүзеге асыру үшін таңдап алынған тақырыптармен байланысты арнаулы пәндер оқытушыларымен тығыз байланыста жұмыс жасау.

3. Таңдап алынған тақырыптарды өту барысында медицинаның қай саласында қолданылатынына, медициналық құралдардың жұмыс істеу принципіне баса тоқталу.

4. Таңдап алынған тақырыпқа сәйкес оқушыларға өз беттерінше ізденуі үшін тапсырмалар беру.

Таңдап алынған тақырыптар мен оқушыларға берілетін өз бетінше ізденіс тапсырмаларының тақырыптары төмендегі қосымша кестеде көрсетілген (1-кесте).

Осы аталған жұмыстарды жүйелі түрде орындау барысында күтілетін нәтиже төмендегідей:

  1. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артады;
  2. Болашақ мамандығына қатысты қабілеттер мен шеберліктерін меңгерді;
  3. Дүниетанымы кеңейеді;
  4. Интернетпен жұмыс жасауға, тақырыпқа қатысты тапқан материалдарын сараптап, жүйелеуге дағдыланады;
  5. Өздігінен ізденуге, қай нәрсені де ойша салыстыруға, қорытынды тұжырым жасай білуге, алған біліміне сүйене отырып ой-пікірін білдіруге бейімделеді.

Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе мына жайты баса айта кеткен жөн, медициналық оқу орындарында физика курсын оқытудағы негізгі мақсат - болашақ медицина қызметкерлерін адам ағзасындағы кездесетін физиологиялық процестердің физикалық құбылыстар мен заңдылықтар негізінде жүретіндігін (жүректің жұмысы-механика, қан ағысы-гидродинамика, қан тамырлары арқылы толқынның таралылуы-тербеліс, жасушыдағы биопотенциал - электр құбылысы, көру - оптикалық т.б.) және осы құбылыстардың заңдылықтарын (ультрадыбыс, импульс, тұрақты, айнымалы электр тоқтары мен магнит өрістері, иондардың қозғалысы, жарықтың таралуы мен сынуы, магниттік резонанстық құбылыс, радиоактивті сәулелер, т.б.) медициналық мақсаттарда, яғни диагностика мен терапияда қолдануға болатындығын; осы мақсатта қолданылатын медициналық құралдар физиканың заңдылықтары негізінде жұмыс істейтіндігін (балистокардиография, электрокардиография, томография, рентгенодиагностика, электрофорез, электростимуляция, физиотерапия, т.б.), медицинада әртүрлі мақсатта қолданылатын материалдардың физика-механикалық қасиеттерін қажетті бағытта өзгерту (стоматология, хирургия, офтолмология, т.б.) жолдарымен таныстыру ғана емес, болашақ медицина мамандарының аталған заңдылықтар мен құбылыстар негізінде жұмыс істейтін медициналық құралдардың барлық мүмкіндігін толық дәрежеде клиникалық пәндер мен практикалық медицинада қолдануға үйрету болып табылады.

Міне осылайша, қазіргі уақытта білім беруді дамытудың негізгі мәні – оқушылардың кәсіби әрекеттерінің негізінде құзыреттілігін қалыптастыруға негізделген.

Кесте

Оқу материалының тақырыптары Оқушыларға өз бетінше тапсырмалар
Температура. Дене температурасы.
Ауаның ылғалдылығы. Ауа ылғалдыдығының адам ағзасына әсері
Сұйық қасиеттері. Қанның физикалық қасиеттері. Жүрек, қан тамырлар жүйесіндегі қан қозғалысының физикалық заңдылықтары
Қатты денелер және олардың қасиеттері. Сүйек-қатты дене. Сүйектің серпімділігі мен қаттылығы
Электр өрісі. Кернеулік. Потенциал. Электротерапия емдік әдісі. Франклинизация. ЭКГ.
Электр өрісіндегі өткізгіштер және диэлектриктер. Адам ағзасындағы өткізгіштер және диэлектриктер.
Электр сыйымдылық. Конденсатор. Электр өрісінің энергиясы. Жасуша-конденсатор.
Тұрақты электр тогы. Ом заңы. Гальванизация және электрофорез емдік әдістері
Өткізгіштің кедергісі. Өткізгіштерді тізбектей және параллель қосу. Адам ағзасының электрлік кедергісі. Реография.
Металдардың және сұйықтардың электр өткізгіштігі. Адам ағзасындағы электролиттер.
Газдардың электр өткізгіштігі. Плазма. Төмен температуралы плазманы медицинада (хирургияда) қолдану.
Ваккумдегі электр тогы. Жартылай өткізгіштердің электр өткізгіштігі. Жартылай өткізгішті құралдардың медицинада қолданылуы.
Магнит өрісі. Магнит индукциясы. Магнит өрісінің кернеулігі. Магнит өрісін емдеу ісінде қоолдану. Магнитотерапия.
Электромагниттік индукция. Өздік индукция. Индуктивтілік. Индуктивті токты терапияда қолдану. Фарадизация.
Дыбыстың табиғаты. Әр түрлі ортадағы дыбыстың таралу жылдамдығы. Инфрадыбыстың, шудың адам ағзасына әсері. Ультрадыбысты диагностикада қолдану.
Айнымалы ток. Айнымалы ток генераторы. Диадинамотерапия, реоэнцефалограф әдістері.
Жоғары жиілікті токтар және олардың қолданылуы. Дарсонвализация емдік әдісі
Электромагниттік өріс. Электромагниттік өрістің энергиясы. Электромагниттік өрістің адам ағзасына оң және кері әсері.
Геометриялық оптика. Көз-оптикалық жүйе. Көру.
Сәуле шығару. Жылулық сәулелену және люминесценция. Шаш пен тырнақтың люминесценттік анализі.
Спектрлер. Спектрлік анализ. Спектрлік анализдің медицинада қолданылуы.
Инфрақызыл және ультракүлгін сәулелері. Инфрақызыл және ультаркүлгін сәулелерінің медицинада қолданылуы.
Рентген сәулелері. Рентген сәулесін диагностика мен терапияда қолдану.
Оптикалық кванттық генераторлар Лазер сәулесінің медицинада қолданылуы.
Радиоактивтілік. a,b,g-сәуле шығару. Радиоактивтік ыдырау заңы. g-сәулесін емдеу ісінде қолдану. Гамма-терапия.
Атом ядросының құрылысы. Ядролық күштер. Изотоптар. Атом ядросының байланыс энергиясы. Радиоактивті изотоптарды диагностика мен емдеу ісінде қолдану

Пайдаланылған әдебиеттер:

Наши рекомендации