Рей туғызу себебтері және оны алдын-алу жолдарына кеңес беру сауалдарын тізіңіз
Өмірде қорықпайтын адам жоқ шығар, сірә. Біріміз қараңғыдан қорықсақ, енді біріміз жыланнан, судан, оттан қорқамыз. Өзгелерге білдірмеуге тырысқанмен, ішкі жан дүниеміздің түпкіріндегі қорқыныш сезімі біздің дегенімізге бағынбай, күн санап арта түседі. Психологтар үрей туғызатын құбылыстық әсердің қай-қайсының да мезгілдерінің уақтылы, сатылы, қайталамалы, созылмалы, қысқа көріністі, сезімдік бейнелі болып келетінін айтады.
Үрей (гр. рапіһоп — қорқыныш сезімін туғызатын) — жалған немесе шындық қауіптерден жаппай үрейлену. Үрей моральдық — психикалық көңіл-күйдің, рух күшінің төмендеуі, қабылдаудың бәсеңдеуі, еліктеу, ретсіз қозғалыс, илану механизмдерінің белсенді әрекеттерінің күшеюі. Үрейленушілік — арнайы әлеуметтік жағдайларда мазасыздану және үрейленуден, адамның қатты әсерленгіштігінің нәтижесінде болатын толғаныстар.
Отандық ғалымдар көзқарастары
Отандық психологгарбалалардағы адекватсыз жоғары бағалау бұрыс тәрбие, бала сәттілігін үлкендердің асыра бағалауы, асыра мақтау, оның жетістіктерін асырып айту нәтижесінде қалыптасады деп санайды.
Рейді алдын алу
1-Қай адамға да рухани демалыс ауадай қажет. Әсіресе, әйелдер жалғыз отырғанында қағазға үңіле бермей, өзіне-өзі «мен кіммін?», - деп сұрақ қойып, оған іштей жауап іздегені дұрыс. Ұлы Абайдың өзі айтқан ғой, «Өзіңнен күніне, ең болмаса аптасына бір рет есеп алып отыр» деп. Иә, өз ісіне іштей есеп беріп отыруды дағдыға айналдырған адамның өмірі де, жүйке жүйесінің жұмысы да бір қалыпқа түседі. Және де канадалық дәрігерлердің айтуынша аурудың 60 пайызы бөлмедегі ауаның таза болмауынан екенін әрдәйім жадымызда сақтап, үйдің, кеңсенің ауасын жаңартып тұруды әдетке айналдырып, деніміздің саулығына көңіл бөлуге тиістіміз. Жағымсыз жағдайларды, оқиғаларды көп ойлап, жүйкеге салмақ түсіруге болмайды. Жүйкесі мықты адамдар уайым-қайғыға, үрей, қорқынышқа көп бой алдыра бермейді.
2- Кез-келген қиындықты, сәтсіздікті жасымай қарсы алыңыз. Мұндай жағдайда көңіліңізді көтеру үшін жақсы ән тың-даңыз, әзіл-сықақ оқыңыз, күлкілі кинофильмдер көріңіз. Не болса содан сақтанып, кез-келген нәрсеге үрейлене, сенімсіздікпен қара-маңыз.
3- Біреумен бір мәселе жөнінде телефон арқылы сөйлескіңіз келсе, алдын-ала айтатын сөзіңізді, тосын сұрақтарға жауабыңызды дайындап алыңыз. Сонда қорықпай, абдырап саспай сөйлесетін боласыз.
4- Кешкілік, түнде кейбір адамдардың бойын үрей билейтін кездер көп. Сол сәтте көңілді тыныштандыратын дәрілерді өз бетімізше ішеміз. Бұл қалжыраған ой-өрісіміздің, сырқатқа ұшыраған жүй-кеміздің сыр бергені болуы мүмкін. Мұндай жағдайда арнайы дәрігер – мамандармен ақылдасқан жөн.
5- Мінез-құлқы нәшар, өсекші, өтірікші адам екенін байқасаңыз, жұртты таң қалдыру үшін айтып жатқан тосын әңгі-мелеріне онша мән бермегеніңіз дұрыс.
Қорқыныш пен үрей кейде адамның назарын қалыптасып келе жатқан жағдайға аударып, бір ауыртпалықтың, қайғы-мұңның орын алуы мүмкін екендігін де ескертеді, қамқоршы міндетін атқарып бойыңыздағы күш-жігерді оны жеңуге бағыттайды, таным-дүниеңізді түрткілеп оятады. Осындай қорқыныш, үрей кезінде бойыңызды билеп, жағдайды саналы түрде ой таразысына салып, бағамдап байқасаңыз ол жаныңды сейілтеді, тығы-рықтан шығатын жол көрсетеді. Сенімсіздік жаныңды жаулап алса, онымен күреспесең, ол қорқыныш туғы-зады, теріс ойдан ада жан-дүниеңізді тас-талқан етеді, сезіміңді сергелдеңге түсіріп, жаныңды қинайды. Бернард Шоу: «Қорқыныштың құлы болу – құл-дықтың ең сорақы түрі» деген. Осындай сәттерде соны естен шығармаңыз. Қателіктеріңнен сабақ алыңыз, оны екінші рет қайталамауға тырысыңыз. Ең бастысы, қай істе де, қандай жағдайда да өзіңе-өзің сенімді болыңыз. Мамандардың пайымдауынша, адам баласының бұл өмірдегі қатты қорқатыны - өлім, жоқшылық, ауру, уайым-қайғы. Осы төрт қорқыныштан басқасын жеңуге кім-кімнің де ерік күші, төзімі, ақыл-парасаты жетеді. Тек кез-келген қорқыныш, үреймен батыл түрде күресе білу қажет.
Баланың түнде ұйқысы тыныш болсын десеңіз төмендегі кеңестерге назар салыңыз:
· Ең алдымен үйде тыныштық сақтаңыз, тв даусын басыңыз, ақырын сөйлесініздер
· Ұйықтар алдында балаға психикалық тынығу қажет
· Ойыншықтармен ойнатыңыз, сурет салңыз, ертегі айтып бер түсіндің ба?
· Баланың төсек орны үлкен өте жұмсақ болмасын, бұл баланың омыртқа қисаюына алып келеді
· Бөлме қараңғы және жылы болмасын
· Баланың бөлмесіндегі шам қолжетімді болсын
· Тамақты жатардан 2 сағат бұрын беріңіз