Шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдердің тәжірибе алаңы жұмыс жоспарының ЖОБАСЫ
Е Р Е Ж Е С І
І. Жалпы ережесі
1.Әдістемелік кеңестің 2015-2016 оқу жылына арналған жоспарына сәйкес өткізіледі.
2.Байқауға мектептің педагог-кадрлары қатысады.
3.Осы ереже байқаудың мақсатын және міндеттерін,өткізілу,қатынасу тәртібін анықтайды.
ІІ. Мақсаты мен міндеттері:
Мақсаты:Оқу жұмысын жетілдіру,мұғалімдердің шығармашылығын ынталандыру,оқу мен тәрбие беру мазмұнын қазіргі талаптарға сәйкес дамыту.
Міндеттері:
Мұғалімдердің теориялық және практикалық даярлық деңгейлерін көтеру
Үздік іс тәжірибелерді анықтау, тарату
Инновациялық технологияларды ендіру,жетілдіру жолдарын қарастыру.
ІІІ.Қойылатын талаптар:
1.Қатысушыларға қойылатын талаптар
Қатысушы бірнеше бағытта өз жұмыстарын көрсетеді. Сонымен қатар, топ жетекшілерін әдістемелік кеңес белгілейді, олар секция жұмыстарын басқаруға тартылады.
Барлық қатысушылар жинақы шығармашылық портфолио алып келуі керек.
2.Қорғалатын жұмыстарға қойылатын талаптар
Кез келген жұмыстың мазмұнында теориялық негізі мен тәжірибелік қолданыстары көрініс табуы керек. Мұғалімнің рефлексиясы (өзіндік талдауы) басты назарға алынады.
Бірінші кезекте, мұғалімнің қашан қандай жетістіктерге жеткені емес, қандай нақты мақсаттар қойып, оған қалай және не арқылы жеткені ескеріледі.
Қатысушылардың жасап жатқан жұмысы ғана емес, жинақтаған жұмыстары мен шығарған еңбектері есепке көбірек алынады.
3. Ұйымдастыру жұмыстарына қойылатын талаптар
Алаң жұмысы кезінде аралас топтар құрылып, барлық қатысушылар үлкен топтарға біріктіріледі.
Шығармашылық шеберханалар ұйымдастырылып, онда практикумдар мен тренингтер арқылы қызықты шеберік сыныптары өткізіліп, онда шебер ұстаздар өзінің озат тәжірибелерімен бөлісуге жағдай жасалады.Алаң жұмысы кезінде білгірлік байқаулары өткізілетін болады. Көпшілігі бір мезгілде қатар өтеді.Алаң жұмысы кезінде қызықты тақырыптар бойынша танымдық таластар, сұқбаттасу сәттерін ұйымдастыру жиірек қолға алынады.Алаң жұмысы кезінде поэзия кештерін, спорттық сайыстар ,психологиялық тренингтер өткізуге уақыт бөлінеді.
ІҮ.Байқауды өткізу :
«Тәжірибе алаңы-2016» мектепішілік байқауының
Ж о с п а р ы
Шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдердің тәжірибе алаңы жұмыс жоспарының ЖОБАСЫ
Әр күн сайын:Түске дейін панорамалық сабақтар, идеялар аукционы, жоба қорғау сияқты шығармашылық сайыстар мен кәсіби байқаулар өткізіледі. Түсте жеке ерекшеліктерді анықтау мақсатында психологиялық тренингтер өткізіледі. Түстен кейін секциялық жұмыстар өткізіліп, конференциялар, проблемалық семинарлар түрінде оқу-тәрбие үрдісінің өзекті мәселелері талқыланады.
1 күн: Оқу-тәрбиенің өзекті мәселелеріБұл күні түстен кейін жалпы алаң жұмысымен жан-жақты таныстырылып, сынақ кітапшалары мен күнбе күн шығарылып отыратын рейтинг жүйесі жайлы толық мағлұмат беріледі. Бұдан соң 3 секция бойынша “Шығармашылық ізденістен ғылыми зерттеуге қарай” тақырыбында теориялық конференция өткізіліп, ғылыми зерттеу жүргізіп, шығармашылық топ жетекшілері секцияларда баяндама жасайды, қазіргі білім берудегі өзекті мәселелерді айқындап, оларды шешудің тиімді жолдарын қарастырылады. Содан соң барлығы бірге ұстаз шығармашылығын арттыруға байланысты өз ойлары мен ұсыныстарын ортаға салады. Сосын ашық пікір алмасып, ортақ шешім түйінделеді. Кешке футбол ойналып, танысу кеші өткізіледі.
2 күн: Педагогикалық шеберлік жетілдіру жолдары.Түске дейін “Кәсіби біліктілікті арттыру жолдары” тақырыбында шеберлік сыныптары өткізіліп, шығармашыл ұстаздар өз тәжірибелерін ортаға салып, негізгі идеяларын бейнелеп көрсетеді. Мұнан соң «Шығармашыл ұстаздардың сайтына»байқау ұйымдастырылады. Түстен кейін идеялар аукционы өткізіледі, шығармашыл ұстаздардың озық идеялары көпшілікке ұсынылады. Мұнан соң таным сағаты өткізіледі. Кешке волейбол ойналып, сахналық қойылымдар көрсетіліп, би кеші өткізіледі.
3 күн: Оқытудың тиімді технологиялары мен интерактивті әдістері.Түске дейін «Мұғалімдердің кәсіби пән олимпиадасы» ұйымдастырылады. Шығармашыл ұстаздардың әдістемелік нұсқаулықтар мен құралдардың байқауы ұйымдастырылды. Шығармашыл ұстаздардың арасында өз әдістемелік нұсқаулықтарын шығарған авторлардың еңбектерін бағалап, тарату мақсатында «Әдістемелік құралдар мен нұсқаулықтар « байқауын ұйымдсырылады. Түстен кейін “Менің шығармашылық шеберханам» тақырыбында көрме жұмыстары өткізіледі. Құрылымдық дискуссияда ортақ ұсыныс ой пікірлер ортаға салынды. Сонымен бірге “ХХІ ғасырдың көшбасшысы” және “Брейн-ринг” ойындары ойналады. Кешке «Поэзия кеші» өткізіледі.