Базалық пәндер Міндетті оқу компоненттері

ЕСЕБІ

Ғылыми жетекші п.ғ.д., профессор А.Е.Сағымбаева

Кафедра меңгерушісі тех.ғ.к., профессор Г.И.Салғараева

Магистрант А.А.Масимгазиева

Алматы, 2015 ж.

Мен А.А.Масимгазиева 2014-2015 оқу жылында «Информатика және қолданбалы математика» кафедрасының ұйымдастыруымен техника ғылымдарының кандидаты, доцент Жадраев Ұштан Жадраұлының 80-жылдық мерейтойына арнап «Информатика және қолданбалы математика» кафедрасымен ұйымдастырылып отырған «Әлемдік ақпараттық білім беру кеңістігі бәсекеге қабілетті ұстаз қолында» атты Жас ғалымдар арасындағы Республикалық ғылыми-практикалық конференциясына «Информатика пәнін оқытудың әдістемелік жүйесінің ерекшеліктері» атты мақалам жарық көрді.

10-13 желтоқсан аралығында өткізілген біліктілікті арттыру мақсатында ұйымдастырылған дөңгелек үстел, мастер клас және семинарларға қатыстым. Н.Құрманбекқызының 10.12.2014ж. «Қашықтан вебинар технологиясын пайдалану» тақырыбындағы мастер класқа, А.А.Бекежанованың 11.12.2014ж.. «Болашақ информатика пәнінің мұғалімдерінің құзіреттілігін қалыптастыру мәселелері», Ж.А.Орынтаеваның 12.12.2014ж. «Оқу және оқыту жүйесіндегі заманауи сандық технологиялар» тақырыбындағы семинарларына, М.И.Қожамбердиеваның 13.12.2014ж. «Үздіксіз білім беру жүйесіндегі заманауи әдістер» тақырыбындағы дөңгелек үстелге қатыстым.

2015 жылдың 13-23 ақпан аралығында Оңтүстік Корея елінің Пусан қаласындағы Шет тілдер университетінде ғылыми тағылымнамадан өттім. Тәжірибе алмасу мақсатында профессор Чон Ёнджу, Син Гюдже, Чо Соль және тағы да басқа оқытушылардың дәрістеріне қатыстым.

«Кореядағы IT технологиясының даму үрдістері», «Апатты жағдайлардағы автоматты G роботтехнологиялар», «Кореядағы IT өндірісі», «Робот-балық» атты тақырыптарда ссеминарға қатыстып сертификат алдым.

Кітапханада ғылыми-зерттеу жұмысыма байланысты кітаптар қорымен таныстым. Өзімнің диссертациялық жұмысым бойынша (Информатикадан оқушылардың жобалау іс-әрекетін бақылау және бағалау әдістемесі) осы тақырыпта кітапханада көптеген материалдар қарастырдым. Бұл кітапханада 3 курс студенті Жи До Хан үлкен көмек көрсетті. Корей тіліндегі кітаптардың тақырыптарын ағылшын тіліне, орыс тіліне аударып берді. Пусан әлем тілдері университеті кітапханасының қоры өте көп. Ағылшын және орыс тілдерінде жазылған кітаптардың электронды нұсқасын өзіме алдым.

Зерттеу жұмысы:Бүгінгі күні білім беру жүйесі оқушыларға барлық пәндерден тек дайын білім берумен ғана шектелмей, оқыту үдерісінде олардың дайындықтары мен жеке тұлғалық ерекшеліктеріне сәйкес әлеуметтік, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасауды талап етеді. Осы мәселелерді шешуде қазіргі кезде оқыту үдерісінде кеңінен қолданылып жүрген жобалап оқыту технологиясының рөлі зор. Жобалап оқыту технологиясы оқушылардың бұрынғы алған білімдерін өз бетімен оқу арқылы жаңа біліммен сабақтастыруға бағытталған жобалау іс-әрекеттерін ұйымдастыруға негізделеді. Информатикадан оқушылардың жобалау іс-әрекеттерін: дүниетанымдық тұрғыда, әртүрлі табиғи жүйеде ақпараттық жобаның жалпы заңдылықтары, өзін-өзі басқару жүйесінің ерекшеліктері, негізінен ақпаратпен; алгоритмдік тұрғыдан, оқушылардың ойлау қабілеттерінің дамуымен; қолданушылық тұрғыдан, оқушыларды практикалық әрекетке дайындауда ақпараттық технологияларды кеңінен қолдану мүмкіндігімен, ақпараттық мәдениетті қалыптастыруға байланысты ұйымдастыру қажет. Сонда ғана оқушылардың информатикадан жобалау іс-әрекеттерін қалыптастыру негізінде әрбір оқушының жеке тұлғалық даму деңгейі мен қатар олардың зерттеушілік және шығармашылық қабілеттерін, білім сапасын анықтауға болады. Сондықтан да оқушылардың информатикадан жобалау іс-әрекетін қалыптастыру әдістемесін жасау бүгінгі күні өзекті мәселе болып табылады.

Қорғауға ұсынылатын қағидалар:жобалау әдісін қолдану негізінде информатиканы оқыту ерекшеліктері мен информатикадан оқушылардың жобалау іс-әрекеттерін ұйымдастыру жолдарын анықталып, информатикадан оқушылардың жобалау іс-әрекеттерін қалыптастырудың әдістемесі жасалды.

01.09.14 – 04.10.14 аралығында 1 – модульде фил.ғ.к., доцент Толысбай К. «Ғылым тарихы мен философиясы» пәнінен дәрістер алдым.

13.10.14 – 15.11.14 аралығында 2 – модуль п.ғ.к., аға оқытушы Г.А.Асқарова «Білім беруді ақпараттандыру және оқыту мәселелері »,п.ғ.к., аға оқытушы С.А.Омарова «Алгоритмді зерттеу және талдау» пәндерінен дәрістер алдым.

17.11.14 – 20.12.14 аралығында 3 – модуль тех.ғ.к., доцент С.Р.Рахымбергенов «Есептеу жүйелері мен желілерін ұйымдастыру», тех.ғ.к., доцент А.М.Махметова «Криптология» пәндерінен дәрістер алдым.

01.09.14 – 20.12.14 аралығында 1 – 2 аралық бақылау п.ғ.к. Ш.Аргингазина «Шет тілі» пәнін оқыдым.

2 семестрдегі сабақтар:

12.01.15 – 14.02.15 аралығында 1 – модульде п.ғ.к., доцент Мұратбаева Г.А. «Педагогика» және псх.ғ.к., доцент Бапаева М.К. «Психология» пәндерінен дәрістер алдым.

23.02.15 – 28.03.15 аралығында 2 – модуль ф.-м.ғ.к., профессор м.а. Э.А.Бакирова «Шеттік есептерді шешу алгоритмі», п.ғ.к., доцент О.С. Ахметова «Объектілі бағдарланған программалау негіздері» және тех.ғ.д.профессор М.Е.Есқалиев «Қолданбалы есептердің компьютерлі –математикалық моделі» пәндерінен дәрістер алдым.

06.04.15 – 02.05.15 аралығында зерттеу практикасынан өттім, жетекшісі А.Э.Бакирова.

Базалық пәндер Міндетті оқу компоненттері

Наши рекомендации