Пән бойынша тапсырмаларды орындау және өткізу кестесі

ТАРИХТЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ

5В020300 – Тарих

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

Курс: 3

Семестр: 5

Қарағанды 2015

Құрастырған:

Бейсенбекова Н.А., тарих ғылымдарының кандидаты, доцент;

Тапенова А., оқытушы

Бұл кешен«Тарихты оқыту әдістемесі» пәні бойынша бағыт береді. Дәрістік сабақтардың тезистерінде тарихты оқытудың теориялық және әдістемелік мәселелері бойынша қысқаша мағлұмат берілген.

СӨЖ мен СОӨЖ тапсырмалар жүйесі студенттердің теориялық білімдерін толықтыруға ықпалдасумен қоса, олардың тарихты оқытудың әдістері мен заманауи технологиялардың мазмұнын білу, оны іс-тәжірибеде қолдану және тиімдісін таңдап, өзіне баға беруге ықпал етеді. Кешен студенттердің ақпаратты талдау, жинақтау дағдыларын дамытуға, олардың өз ойын дәлелдей білуге үйрету, сондай-ақ, алған білімін өмірде пайдалану алу құзыреттіліктерін дамытуға бағытталған.

Студенттер мен оқытушыларға арналған.

Оқу-әдістемелік кешен типтік бағдарламаға сәйкес құрастырылған.

«Тарихты оқыту әдістемесі» пәні бойынша 5В020300 – Тарих мамандығы студенттеріне арналған оқу-әдістемелік кешен / Дайынд. Н.А.Бейсенбекова, А.С.Тапенова – Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2015. – 61 б.

© Қарағанды мемлекеттік университеті, 2015

1. Пәннің типтік оқу жоспары (қосымша 1)

Күндізгі бөлімнің жұмыс оқу түрі

Оқу жоспарынан көшірме

Күндізгі оқу түрі

Несиелер саны 3

Оқу түрі Оқу мерзімі Курс Семестр Несиелер Лекциялар Семинарлар СОӨЖ СӨЖ Барлығы Бақылау түрі
Күндізгі 4 жыл емтихан
Тақырып атауы лекциялар семинар СӨОЖ СӨЖ
Тарихты оқыту әдістемесінің пәні мен мақсаты және ҚР мектептерде тарих пәнінен білім беруді дамытудың заманауи стратегиясы
Тарихты оқытудағы интерактивті, инновациялық әдістер мен технологияларды қолдану. ОТК және компьютер мүмкіндіктерін пайдалану
Тарих пәні бойынша оқытуды ұйымдастыру формасы, әдістемелік әдіс-тәсілдері және тарих пәнін оқытуда көрнекілік құралдарды пайдалану.
Тарих пәнін оқытудағы пән аралық және курсішілік байланыстар
Тарих пәнінен мектептегі курстардың тәрбиелік мүмкіндіктері
Нәтижеге бағытталған тарихи білім
Отандық тарихты оқытуда өлкетану және аймақтық материалдарды пайдалану
Тарих сабағында деректер мен құжаттарды, мұражай және мерзімді басылым материалдарын қолдану
Қазақстандағы білім беру тұжырымдамасы және мектептерде тарих пәнінен білім беру міселесі жөніндегі нормативті құжаттар
Қазақстандағы тарих пәнін оқытудың қалыптасуы және дамуы
Барлығы

Сырттай оқу түрі

Несиелер саны 3

Оқу түрі Оқу мерзімі Курс Семестр Несиелер Лекиялар Практические соөж сөж Барлығы Бақылау түрі
сырттай 2 жыл 9+9 емтихан
Тақырып атауы Дерб. дәріс Вирт. дәріс Семинар   СӨОЖ СӨЖ
Тарихты оқыту әдістемесінің пәні мен мақсаты және ҚР мектептерде тарих пәнінен білім беруді дамытудың заманауи стратегиясы
Тарихты оқытудағы интерактивтік инновациялық әдістер мен технологияларды қолдану. ОТК және компьютер мүмкіндіктерін пайдалану
Тарих пәні бойнша оқытуды ұйымдастыру формасы, әдістемелік әдіс-тәсілдері және тарих пәнін оқытуда көрнекілік құралдарды пайдалану.
Тарих пәнін оқытудағы пән аралық және курс ішілік байланыстар
Тарих пәнінен мектептегі курстардың тәрбиелік мүмкіндіктері
Нәтижеге бағытталған тарихи білім
Отандық тарихты оқытуда өлкетану және аймақтық материалдарды пайдалану
Тарих сабағында деректер мен құжаттарды, мұражай және мерзімді басылым материалдарын қолдану
Қазақстандағы білім беру тұжырымдамасы және мектептерде тарих пәнінен білім беру міселесі жөніндегі нормативті құжаттар
Барлығы

3. Пәннің оқу бағдарламасы — (syllabus)

3.1 Оқытушы туралы мәлімет:

Бейсенбекова Н.А. тарих ғылымдарының кандидаты, доцент;

Тапенова А.С. аға оқытушы

Археология, этнология және Отан тарихы кафедрасы, 3 ғимарат, 514 аудитория. Сағ.9.00 – 18.00

Тарихты оқыту әдістемесі. Өткізу орыны: ҚарМУ, 3 ғимарат, 520 аудитория

3 несие

3.2 Пререквизиттері: Әдістеме дегеніміз – методика. «Методика» сөзі ежелгі грек тілінен аударғанда – «таным тәсілі», «зерттеу жолы» деген ұғымдарды береді. Әдіс дегеніміз – нақты міндетті шешудің, әлдебір мақсатқа жетудің тәсілі. Сонда, әдістеме бұл жиынтығы, кешені. Тарихты оқыту әдістемесі – тарихты оқытудың міндеттері, мазмұны және әдіс-тәсілдері туралы педагогикалық ғылымдарының бір саласы. Ол тиімділігі мен сапасын арттыру мақсатында тарихты оқыту процесінің заңдылығын зерттеу және оқып-үйренуге арналады. Сонымен әдістеме оқу процесін ұйымдастыру мен оның негізгі факторларын жетілдіруге бағытталады.

3.3 Постреквизиттері: осы пәнді оқып білу негізінде «Алғашқы қауымдық құрылыс», «Қазақстан археологиясы», «Қазақстанның ежелгі тарихы», «Қазақ этнографиясы», «Әлемдік өркениеттер», «Қазақтардың рухани мәдениеті», «Қазақстанның ортағасырлардағы тарихы», «Қазақстанның жаңа замандағы тарихы», «Отандық тарихнама» сияқты пәндермен жалғасады. Алған білімі жалпы теориялық және арнайы пәндерді жақсы игеруі үшін көмектеседі.

3.4 Пәннің қысқаша мазмұны:Тарихты оқыту - өзара байланыста және үнемі қозғалыста болатын құрауыштардың басын біріктіретін өте күрделі процесс. Ол оқыту мақсаты – оның мазмұны – білім беру және оны игеруге басшылық жасау – оқушылардың оқу әрекеті – оқыту нәтежиесі деген тізбекті құрайды. Оқыту процесіндегі қозғалыс оның ішкі қайшылықтарын жою барысында іске асады. Ол қайшылықтар жоспарластырылған және қолданылған оқыту құралдары мен әдістерінің арасында пайда болады.

Тарихты оқыту процесінің диалектикалығы сияқты әдістемені оқып-үйрену де үнемі даму үстінде болады. Тарихты оқыту әдістемесі қоғам алдында тұрған жас ұрпақты тәрбиелеудің кешенді міндеттерін іске асыруға қызмет жасайды.

Пән бойынша тапсырмаларды орындау және өткізу кестесі

Наши рекомендации