Тақырыбы: Сабақтың мақсатын және оқу – тәрбие міндеттерін анықтау.

Сабақтың жоспары:Сабақтың оқу-тәрбиелік мақсаттары мен міндеттерін талқылау және оны жоспарлау барысында қолдану.

Сабақтың мақсаты, міндеттері, іскерлігі, дағдысы және кұзіреттілігі:Сабақты ұйымдастыру барысында ескерілетін оқу мақсаттарына талдау жасау, мақсаттарды жүзеге асырудың жолдарын меңгеру.

Сабақты өту формасы:Бағдарлама мазмұнын талқылай отырып тұжырым жасау, Колб әдісі

Ысқаша теориялық мәліметтер

Оқыту мақсаттары:білімгерлердің техника-технологиялық ой-өрісін кеңейтіп, білімдерін, шеберліктерін арттыру негізін немесе білім, тәрбие, дамыту аспектісін қамтитын міндеттердің кешенімен анықталады: Білімділік – оқу бағдарламасына сәйкес білімгерлерге ептілік пен дағдыны қалыптастыратын теориялық мәлімет беру.

Тәрбиелік – білімгерлердің еңбек тапсырмаларын саналы және шығармашылық негізде орындауға құлшындыру. Бұл мақсатты жүзеге асыру ұзақ уақытты талап ететіндіктен, әрбір сабақ оның звеносы ретінде саналады. Сондықтан оны бағдарламаны тарауына немесе тақырыпқа сай жоспарлайды.

Дамытушылық – білімгерлердің ой-өрісін жасаған жұмыстарына талдау жасау және өзара салыстыру, практикада қажеттілік ретінде қолданылуын ескере отырып ізденімпаздылығын ояту және сапалы еңбек етуге ептілігін арттыру. Негізгі педагогикалық ұғымдар - тәрбие, білім беру, дамыту бір-біріне тәуелді. Бұл ұғымдар жастарды өмірге, практикаға дайындаудың басты құралы.

Оқытушы жұмысындағы мұндай жүйелік оқу үдерісін үздіксіз жетілдіре беруге, әрбір жеке алынған сабақты сабақтар жүйесіндегі буын ретінде қарастыруға мүмкіндік береді.

Оқу жұмысының мазмұнын ойластырып алу – сыныпта оқу материалын өтудің бірізділігі жөнінде айқын да анық түсінік құрып алу деген сөз. Сондықтан оқытушының оқу бағдарламасымен жүргізетін жұмысы оларға оқу тоқсанына белгіленген материалдың өтілуін қысқаша жоспарлап алу болып табылады. Бұлай ету оларға әр тақырып не болмаса тақырыпша шеңберінде сабақтарды неғұрлым айқын жоспарлауға мүмкіндік береді.

Білімгерлерге сабаққа дайындалу бойынша ұсыныстар

Білімгерлердің оқыту барысындағы нәтижелері мен үлгерім деңгейлерін жоғары бағалау үшін, практикалық сабаққа дайындықпен келу, сабаққа белсенді қатысып, барлық тапсырмаларды нақты, дұрыс, ұқыпты, толық орындаған жағдайда білімгерге жоғары баға қойылады.

Сабақтың көрнекілігі, құрал-жабдықтары: Оқу бағдарламалары, дәрістер жинағы, практикалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар, кәсіптік оқыту мамандығы студенттеріне арналған оқу құралдары, оқулықтар.

Техникалық және құрал-жабдықтар:дәріс жинағы, СӨЖ-ге арналған әдістемелік нұсқау. «Технология» оқу бағдарламасы, таратпа материалдары, оқулықтар, оқу құралдары.

Аудиторияда орындалатын тапсырма түрлері және тізімі:

1-тапсырма. «Технология» пәнінде белгілі сынып бойыншасабақтың мақсатын оқу-тәрбие міндеттерін жазба түрде талқылау.

2-тапсырма. Кәсіптік сала бойынша сабақтың мақсатын оқу-тәрбие міндеттерін жазба түрде талқылау.

Й тапсырмаларының түрлері және тізімі

Оқу мақсаттарына презентация дайындау.

Бақылау сұрақтары:

1. Сабақтың мақсаты қандай?

2. Білімгерлер қандай жаңа білімдер алуы қажет және олар практика жүзінде нені үйренеді?

3. Сабақта айтылатын ойдың бастысы қайсысы?

4. Бұл ойлар қандай жүйемен баяндалмақ?

5. Олар қандай жолмен негізделмек?

6. Қандай қорытындылар керек?

7. Сабақта қандай әдістер және көрнекті құралдар пайдаланылмақ?

8. Білімгерлердің білімін тексеру үшін оларға қандай бақылау сұрақтарын беру керек?

9. Білімгерлер алған білімдерін пысықтау және практикада қолдану мақсатында қандай жаттығулар беру керек?

СӨЖ-ге тапсырмалар

І. нұсқа (қарапайым)

1.Арнайы пәндер бойынша түзілген күнтізбелік жоспарлар негізінде сабақтың білімділік, тәрбиелік, дамытушылық, танымдық мақсаттарын құрастыру.

Есеп беру формасы:тапсырманы жеке орындау,жазбаша есеп беру, мәліметтерді қорғау.

Сынылатын әдебиеттер

Негізгі

1. Жолдасбекова С.А., Узахова А.С., Байбатшаева А.Е. Кәсіптік оқыту әдістемесі. (қыздар үшін) 5В012000 - Кәсіптік оқыту мамандығы студенттеріне арналған оқу құралы. Шымкент. М.Әуезов атындағы ОҚМУ. 2016 ж – 204 б.

2. Технология оқу бағдарламасы. Астана 2013 ж.

Осымша

1. Узахова А.С. «Кәсіптік оқыту әдістемесі» пәні бойынша 5В012000 - Кәсіптік оқыту мамандығы студенттерінің практикалық сабақтарды орындауға арналған әдістемелік нұсқау. 2012 ж (қыздар).

2. Узахова А.С. «Кәсіптік оқыту» пәнінен СӨЖ. Әдістемелік нұсқау. М. Әуезов атындағы ОҚМУ. 2015 ж

Наши рекомендации