Білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

74. Оқытудың нәтижелері Дублин дескрипторларының бірінші деңгейі (бакалавриат) негізінде анықталады және құзыреттілік арқылы көрінеді. Оқыту нәтижелері бағдарламаның барлық деңгейінде де, жеке пәннің, модульдің деңгейінде де сипатталады.
Бірінші деңгейдегі дескрипторлар:
1) зерттеп отырған саладағы алдыңғы қатарлы білім элементтерін қоса алғанда, сол сала бойынша білімі мен түсінігін көрсете білу;
2) осы білімі мен түсінігін кәсіби деңгейде қолдана білу;
3) дәйектемелер құрастыру және зерттеп отырған саласындағы проблемаларды шешу;
4) әлеуметтік, этикалық және ғылыми көзқарастарды ескере отырып, пайымдаулар жасауға қажет ақпараттар жинауды және интерпретациялауды жүзеге асыру;
5) ақпаратты, идеяларды, проблемаларды және шешімдерді мамандарға да, маман еместерге де жеткізе білу қабілеттерінің болуын көздейді.
75. ЖОО бітірушісінің жалпы құзыреттері жалпы білімділікке, әлеуметтік-этикалық құзыреттерге, экономикалық және ұйымдастыру-басқару құзыреттеріне, арнаулы құзыреттерге қойылатын талаптар негізінде қалыптасады.
76. Жалпы білімділікке қойылатын талаптар:
1) ойлау мәдениеті жоғары және дүниетанымы кең жоғары білімді тұлғаның қалыптасуына ықпал ететін жаратылыстану ғылымдары (әлеуметтік, гуманитарлық, экономикалық) пәндері саласында базалық білімінің болуы;
2) заманауи техниканы қолдану дағдысының болуы, кәсіптік қызметте ақпараттық технологияларды қолдана білуі;
3) күнделікті кәсіптік қызметке және магистратурада білім алуды жалғастыруға қажетті жаңа білімді меңгеру дағдысының болуы.
77. Әлеуметтік-этикалық құзыреттерге қойылатын талаптар:
1) қоғамдық пікірге, дәстүрге, салтқа, қоғамдық нормаларға негізделетін әлеуметтік-этикалық құндылықтарды білу және өзінің кәсіптік қызметінде оларға сүйену;
2) іскерлік этика нормаларын сақтау, мінез-құлықтың этикалық және құқықтық нормаларын игеру;
3) Қазақстан халықтарының дәстүрі мен мәдениетін білу;
4) әлемнің басқа халықтарының дәстүрі мен мәдениетіне толерантты болу;
5) Қазақстанның құқықтық жүйесі мен заңнамасының негіздерін білу;
6) қоғамның әлеуметтік даму үрдістерін білу;
7) түрлі әлеуметтік жағдайларда саналы түрде дұрыс бағыт ұстана білу;
8) командада жұмыс істеуге қабілетті болу, өзінің көзқарасын дәлелдей алу, жаңа шешімдер ұсына білу;
9) ортақ келісімге келе білу, өз пікірін ұжым пікірімен ұштастыра білу;
10) кәсіби және тұлғалық тұрғыдан өсуге ұмтылу.
78. Экономикалық және ұйымдастыру-басқару құзыреттеріне қойылатын талаптар:
1) экономикалық білім негіздерін меңгеру, менеджмент, маркетинг, қаржы және т.с.с. жөнінде ғылыми түсінігінің болуы;
2) экономиканы мемлекеттік реттеу мақсаттары мен әдістерін, экономикадағы мемлекеттік сектордың рөлін білу және түсіну.
79. Өзгерістер мен белгісіздіктердің динамизмі жағдайында әлеуметтік, экономикалық, кәсіби рөлдердің ауысуына, географиялық және әлеуметтік ұтқырлыққа байланысты дайындыққа қойылатын талаптар:
1) заманауи ақпараттық ағынды бағдарлай білу және әлемдік экономикадағы қарқынды түрде өзгеріп отыратын құбылыстар мен процестерге бейімделе білу;
2) кәсіптік қызметке байланысты түрлі жағдайларда икемді де ұтқыр болу;
3) белгісіздіктер мен қауіп-қатер жағдайында экономикалық және ұйымдастыру сипатындағы шешімдер қабылдау дағдыларының болуы.
80. Арнайы құзыреттер жоғары білімнің әр мамандығы бойынша кәсіптік стандарттар негізінде жұмыс берушілер талаптары мен қоғамның әлеуметтік сұраныстарын ескере отырып анықталады.
81. Міндетті минимум мен жоғары оқу орны ұсынатын оқу жүктемесінің көлемі аясында алынған білім деңгейі әртүрлі бақылаулар арқылы қамтамасыз етіледі.
82. Студенттердің оқу жетістіктерін бақылауды және олардың оқу пәндері немесе модульдер бойынша білімін бағалауды оқу процесінің межелік кезеңдерінде (әр академиялық кезең мен оқу жылы аяқталған кезде) Офис регистратор (бөлім, сектор) жүргізеді және бақылау мен бағалау оқытудың қорытынды нәтижесіне бағытталуы тиіс.
83. Офис регистратор білім алушылардың оқу жетістіктерінің тарихын есепке алады, ол студенттердің бекітілген үлгідегі транскрипінде көрінеді.
Транскрипт студентке білім алудың кез келген кезеңінде оның жазбаша өтініші негізінде беріледі.
84. Бітірушілердің білімін, шеберлігін, дағдысын және құзыреттерін бақылау оларды қорытынды аттестаттау кезінде жүзеге асырылады.
85. ЖОО бітірушілерін қорытынды аттестаттау академиялық күнтізбеде және мамандықтардың оқу жоспарында қарастырылған кезеңде мамандық (мамандықтың оқу пәндері) бойынша мемлекеттік емтихан(-дар) тапсыру және/немесе дипломдық жұмыс (жоба) қорғау нысанында өткізіледі.
86. Жоғары білімнің білім беру бағдарламасы бойынша оқуды аяқтаған тұлғаларға «бакалавр» академиялық дәрежесі және/немесе біліктілік беріледі және қосымшасы (транскрипт) бар мемлекеттік үлгідегі диплом тапсырылады.
Жоғары оқу орны бітірушіге дипломға жалпыеуропалық қосымша (Diploma Supplement) бере алады.

Жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға
міндетті стандартына 1-қосымша

Бакалавриаттың білім беру бағдарламасы компоненттерін бөлу нормасы (оқу мерзімі - 4 жыл)

Қызмет түрлері Кредит саны Апта саны Жалпы сағат саны Оның ішінде Орташа апталық жүктеме
аудиториялық/оқытушымен байланыстағы сағаттар СӨЖ
Теориялық оқыту (1:3) 55,3
Дене шынықтыру (4 семестр) (2:0) - 4,0
Қорытынды аттестаттау (1:6) оның ішінде: 52,5
1) мемлекеттік емтихан (1 МЕ үшін) 2) диплом жұмысын жазу және қорғау 52,5 52,5
БАРЛЫҒЫ -
Практика (кәсіптік), оның ішінде: 5-11 150-330 60-240 30,0
1) оқу (1:0) - 30,0
2) педагогикалық (1:1) 30,0
3) өндірістік (1:4) 30,0
Демалыс - 63-57 - - - -
Емтихан сессиясы (7х3 апта) - - - - -
БАРЛЫҒЫ (52 апта х 4 жыл - 8 апта=200) 6510-6690 4140-4320

ЕСКЕРТПЕ:
1. Бакалавр академиялық дәрежесін алу үшін студент теориялық оқудың кемінде 129 кредитін және кәсіби практиканың кемінде 6 кредитін игеруі тиіс (мамандықтардың ҮОЖ-ында жоспарланған кредит санына қарамастан).
2. Мамандық бойынша мемлекеттік емтиханға 1 кредит, дипломдық жұмысты жазуға және қорғауға 2 кредит жоспарланады (мамандықтардың ҮОЖ-ында жоспарланған кредит санына қарамастан).
3. Практикаға бөлінетін кредиттер саны 6-дан кем болмауы тиіс. Бұл ретте бакалавриаттың барлық мамандықтары бойынша оқу практикасы 2 кредит көлемінде, ал педагогикалық немесе өндірістік практика 4 кредиттен кем жоспарланбауы тиіс.
4. Қорытынды аттестаттаудың жалпы көлемі (сағатпен) және дене шынықтыру сабақтары студенттің апталық жүктемесіне енбейді.
5. Қызмет түрлері бойынша апта сандары өзгеруі мүмкін, бірақ студенттің апталық жүктемесі 57 сағаттан аспауы тиіс («Дене шынықтыру» пәнін қоспағанда).
6. Демалыс ұзақтығы бітіруші курсты қоспағанда оқу жылы бойында 7 аптадан кем болмауы керек. Оқу жылындағы 7 аптадан артық демалыс уақытын ЖОО өздігінен қызметтің басқа түрлеріне қайта бөле алады.
7. Жазғы семестр, ОҚТ (әскери дайындық) демалыс есебінен немесе академиялық күнтізбе бойынша бөлек жоспарлануы мүмкін.
8. Мамандықтың ҮОЖ-ында көрсетілмеген жағдайда дипломалды практиканы ЖОО өздігінен демалыс есебінен жоспарлауы мүмкін.

Жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға
міндетті стандартына 2-қосымша

Жоғары арнаулы білім беру бағдарламасы компоненттерін бөлу нормасы (оқу мерзімі - 5 жыл)

Қызмет түрлері Кредит саны Апта саны Жалпы сағат саны Оның ішінде Орташа апталық жүктеме
аудиториялық/оқытушымен байланыстағы сағаттар
БӨЖ
Теориялық оқыту (1:2) 53,7
Дене шынықтыру (4 семестр) (2:0) - 4,0
Қорытынды аттестаттау (1:6), оның ішінде: 15 30 52,5
1) мемлекеттік емтихан (1 МЕ үшін) 52,5
2) диплом жұмысын жазу және қорғау 52,5
БАРЛЫҒЫ 30,0
Практика (кәсіптік), оның ішінде: 30,0
1) оқу (1:2) - 30,0
2) клиникалық, өндірістік және т.б. түрлері (1:4) 30,0
Демалыстар
Емтихан сессиясы (9х3 апта)
Барлығы (52 апта х 5 жыл - 8 апта =252)

ЕСКЕРТПЕ:
1. Біліктілік алу үшін студент теориялық оқудың кемінде 161 кредитін және кәсіптік практиканың кемінде 6 кредитін игеруі тиіс (мамандықтардың ҮОЖ-ында жоспарланған кредит санына қарамастан).
2. Мамандық бойынша 1 мемлекеттік емтиханға 1 кредит, дипломдық жұмысты (жобаны) жазуға және қорғауға 2 кредит жоспарланады (мамандықтың ҮОЖ-ында жоспарланған кредит санына қарамастан).
3. Практикаға бөлінетін кредиттер саны 6-дан кем болмауы тиіс. Бұл ретте жоғары арнаулы білімнің барлық мамандықтары бойынша оқу практикасы 2 кредит көлемінде, ал педагогикалық немесе өндірістік практика 4 кредиттен кем жоспарланбауы тиіс.
4. Қорытынды аттестаттаудың жалпы көлемі (сағатпен) және дене шынықтыру сабақтары студенттің орташа апталық жүктемесіне енбейді.
5. Қызмет түрлері бойынша апта сандары өзгеруі мүмкін, бірақ студенттің апталық жүктемесі 57 сағаттан аспауы тиіс («Дене шынықтыру» пәнін қоспағанда).
6. Демалыс ұзақтығы бітіруші курсты қоспағанда оқу жылы бойында 7 аптадан кем болмауы керек. Оқу жылындағы 7 аптадан артық демалыс уақытын ЖОО өздігінен қызметтің басқа түрлеріне қайта бөле алады.
7. Жазғы семестр, ОҚТ (әскери дайындық) демалыс есебінен немесе академиялық күнтізбе бойынша бөлек жоспарлануы мүмкін.
8. Мамандықтың ҮОЖ-ында көрсетілмеген жағдайда дипломалды практиканы ЖОО өздігінен демалыс есебінен жоспарлауы мүмкін.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 23 тамыздағы
№ 1080 қаулысымен
бекітілген

Наши рекомендации