Тақырыбы: Биология пәні бойынша жаңа педагогикалық технологияны қолдану.
Жоспар:
1. Педагогикалық технологияларға жалпы сипаттама.
2. Шаталовтың жүйесі.
3. Қараетың технологиясы.
Кілт сөздер:тірек сызбанұсқа, ми шабуылы, пікір-сайыс.
Оқушыларға қазіргі заман талабына сай жоғарғы дәрежеде білім мен тәрбие беруде әр пәнді оқытуға қойылатын талаптардың негізі – жоғарғы ғылыми дәрежеде жүргізілуі қажет. Егемендік алған елімізден қоғамның прогрессивті дамуымен қатар оқыту үрдісінде жаңалықтар болуы керек, яғни оқытудың әдіс-тәсілдерін жетілдіру, оқушыларды сабаққа белсенді қатыстыру, оқушылардың білімін тұрақтандыру екендігін әр ұстаз білу керек.
Оқушылардың білімін тұрақтандыру дегемініз – шәкірттің оқытылатын материалдың дәнін өз көзімен көріп, оған дұрыс қорытынды жасай отырып, айтылғандарды есіне берік сақтау, сақтап алған білімін өмірде қолдана білу және жаңа нәтижелер мен күрделі ізденістерге жеткізу. Бұл мақсатқа жетудің негізгілікті – жаңа тақырыптың мазмұнын толық ашатын құрамдас бөлік – тірек хабарлары. Оның түрлері мынандай:
1. Тірек плакаты – сабақтың көрнекілігі ретінде пайдалану.
2. Тірексызба нұсқасы – сабақтың немесе ұсынылатын материалдың бейне жоспары.
3. Дидактикалық, диктанттық карточкалар мен перфокарталар.
Оқытудың ең өзекті мәселелердің бірі оқу материалын оқушыларға қызықты да тиімді технологияны яғни оқытудың түрлі әдіс-тәсілдерін пайдалана отырып түсіндіру. Тиянақты түсіндірілген сабақ оқушының білім-білік дағдысын арттырып дербес ойлау қабілетін қалыптастырып, қорытындылар жасауға, алған білімін өмірде қолдана білуге жетелейді. Осы мақсата Шаталовтыңоқыту әдістерін оқушыларға жаңа тақырыпты меңгерту және қорытындылау сабақтарында пайдалану өте тиімді. Педагогикалық тәжірибелі ұстаздар ұзақ жылдар бойы Шаталовтың тірек плакаттары мен тірек сызба-нұсқаларымен сабақтың барлық кезеңдерінде пайдаланып келеді. Тірек сызбанұсқалар ұсынылатын материалдың «Бейне жоспары» - деп есептеуге болады. Ендеше осы жоспарды бір тақырып немесе үлкен тарауды өту барысында жасап пайдалануға болады.
Тірек сызбанұсқа тақырыптың:
· қысқаша түсініктілігін;
· тұтастығын;
· қисындылығын;
· ықшамдылығын;
· көркемдігін;
· көрнектілігін қамтамасыз ету керек.
Осы тірек сызбанұсқа 9 сыныпта биологиядан «Зат және энергияның алмасуы» - тақырыбында келтірейік.
Сабақтың мақсаты:
1. Ағзаның сыртқы ортамен байланысын, асқорыту және қан айналу жүйелері арқылы ағза ұлпаларының жасушаларына сіңуі – ассимиляция екендігін жасуша цитоплазмасының күрделі құрамды заттарды ағзада жәй заттарға, энергияға алмасып және босап ыдырауы – диссимиляция зат алмасудың бір біліктегі қарама-қарсы екі түрлі көрінісі екендігі туралы білімді қалыптастыру.
2. Оқушылардың шығармашылық белсенділігінің дамуын, тақырыптағы басты нәрсені тауып мағынасына қарай өліктерге бөліп олардың байланысуын анықтап логикалық сызбанұсқаны пайдалана білуге, кітапқа қызығуын арттырып сызбансұқамен салыстыра білуге үйрету.
3. Өздігінен ой қорытындылап одан нәтиже шығара білуге дағдыландыру.
Мәтіннің логикалық-құрамдылық сызбанұсқасы.
Мұнда текст үш мәндес ірі бөлікке бөлінген.
1. Нәрлі заттармен оттектің ағза ұлпаларына асқорыту жүйесі және қан арқылы өтуі.
2. Заттардың жасуша ішінде өзгеруі (ассимиляция мен диссмиляция бірлікте).
3. Зат алмасудан пайда болған өнімдердің ағзадан сыртқа шығуы.
Сызбанұсқалар көрнекті жерге ілініп болған соң оқушы назарын бүгінгі сабаққа аударып, сабақтың тақырыбын оқимыз, одан кейін сабақтың негізгі мақсатын ашып түсіндіреміз.
Сабақтың тақырыбы: Зат және энергияның өзгеруі.
Сабақтың мақсаты: Ағза мен оны қоршаған орта ортасындағы үздіксіз өзара байланыс зат алмасу деп аталады. Ал зат алмасудағы ас қорытудың, сіңірілудің, тыныс алудың, қан айналу жүйелерінің өзара байланысы, яғни ас қорыту, тыныс алу қан айналу жүйелері арқылы ұлпа жасушаларына судың, нәрлі заттардың денеде оттектің қабылдануы, ұлпа жасушаларында заттардың өзгеруі, зәр шығару мүшелері арқылы дене жасушаларынан зиянды заттардың сыртқы ортаға шығуы жайлы мағлұмат беріледі.
Енді барлық оқушылар назарын сызбанұсқаға аударып әр сөзге және негізгі үш кезеңді тиянақты түрде оқып шығуын ескертіледі. Содан кейін І кезең бойынша сұрақ қойлады.
1.а) Балалар, сызбанұсқадағы І кезеңге назар аударыңдар. Нәрлі заттардың өзгерістерге ұшырауы, яғни астың асқорыту жолдарындағы қортылуын, қортылған астың пайда өтетіндігін еске түсірейік.
ә) Енді оттегінің ағзаға енуін, яғни тыныс алуды еске түсірейік.
б) Қан айналымы жүйесіндегі қанның оттегіне қанығуы қай мүшеде жүреді?
Жауабы: Оттегіге қаныққан қан қайда баратынын оқушылар астың ішекте қанға сіңуін оқушылар өз тұжырымдары бойынша айтып шығады.
2 а) Оттегіге қаныққан және қорытылған асты сіңірген қан қайда барады деп ойлайсыңдар?
Жауабы: Ұлпа жасушаларына барады.
3. Енді сызбанұсқаның ІІ бөлігіне назар аударайық .
а) Ұлпа жасушаларына келген заттар енді қандай өзгерістерге ұшырайды?
ә) Ферменттер деген не?
б) Олар қандай қызмет атқарады?
Жауабы: Оқушылар күрделі өзгерістер жүретіндігін немесе жасушаға келген нәрлі затар, күрделі өзгеріс процесінде жасуша цитоплазмасына айналатындығын яғни биологиялық синтез процесі жүреді деп қорытындылайды. Ендеше осы синтез реакциясы ассимиляция деп аталады. Биосинтез процесінде жасушада жасалу жүреді.
4. Биосинтез материалы деп нені айтамыз?
Жауап: Биосинтез материалы деп тамақтану кезінде еніп, асқорыту жолдарына ыдыраған қан арқылы жасушаларға баратын нәрлі заттар. Олар глюкоза, майқышқылы, глицерин амин қышқылы және оттегі. Осылардан жасуша цитоплазмасы жасалады.
5. Ал ассимиляция деген не?
Жауап: Ол күрделі заттардың ыдырауы. Жасуша түзілген күрделі заттар ыдырайды:
Жасуша көмірсуі → глюкоза
май қышқылы
Жасуша майы
глицерин
Ендеше, балалар, амин қышқылы ыдырағанда улы аммиак түзіледі. Ол бауырға барып онда зарарсызданады да мочевинаға айналады. Ол глюкоза мен май қышқылы және суға бөлінеді.
6. Енді сызбанұсқаның соңғы сатысына қарайық.
а) Жасушада қандай заттар пайда болады деп ойлайсыңдар?
Жауап: Жасушада ыдыраудың соңғы өнімдері пайда болады. Олар Н2О, СО2, мочевина. Бұл заттар зәр шығару мүшелеріне қан арқылы өтіп, онда сыртқа шығады.
7 а) Сызбанұсқада энергия белгісі түсірілген, оны қалай түсінесіңдер.
Жауап: Жасуша цитоплазмасын түзетін заттардың ыдырауы кезінде, зәр заттарымен бірге энергияға айналады.
Мысалы: Жасуша органоиды митохондрияға көмірсу глюкозаға ыдыарйды, сонда 17,6 кДж энергия бөлінеді. Ал 1 май → 38,9 кДж энергия бөлінеді.
Бөлінгн энергия қайда жұмсалады?
Жауап: Бөлінген энергияның 45% ағзаны жылытуға және 55% митохондрияға АТФ жасалуына жұмсалады. АТФ биосинтезі, еттердің жиырылуы, секреция т.б. үшін энергия көзі болып табылады.
АТФ ыдырағанда бөлінетін химиялық энергия-механикалық, электр жылу энергияларына айналады. Соныен ағза жасушаларында оның тіршілік негізінде жататын және үздіксіз өзін-өзі жаңартып тұратын заттар мен энергияның күрделі айналымы болып тұрады. Оқушылардың өтілген мәтінде дұрыс түсінгендігін байқау үшін бірнеше сұрақтар қойып және тестік әдіспен байқауға болады.
Мысалы:
1. Ұлпаның қоректенуі деген не?
2. Ассимиляция деген не? Оның ағза үшін маңызы қандай?
3. Диссимиляция деген не? Оның ағза үшін маңызы қандай?
4. Ассимиляция мен диссимиляция процестерінің арасындағы өзара үздіксіз байланысын қалай дәлелдеуге болады?
Тірек сызбанұсқаларды пайдалана отырып өтілетін сабақтардың оқушылрға мынандай тиімді жақтары бар.
1. Тірек сызбанұсқаны пайдалану жаңа материалды оқушының өздігінен меңгеруге алған білімін жүйелеуге жетелей отырып, шығармашылық белсенділігін дамытады.
2. Оқулықпен жұмыс істеуге және берілген материалды сабақ үстінде меңгеріп алуға көмектеседі.
3. Негізгі материалды ірі бөліктерге бөліп, олардың арасындағы байланысты табуға үйретеді.
4. Оқушылардың логикалық ойлау сезімін оятып қорытынды шығаруға баулиды.
5. Оқушылардың талдау мен жинақтау қабілетін дамытып, оқуға жалпы қызығушылығын арттырады.
6. Сабақта барлық оқушылар өз ой-пікірлерін айтып, ақпараттың деңгейін артады.
7. Оқушылардың мектеп мұратына сай жеке адамның тұтастығы, сайлаушылық, өзіне-өзі жетілдіруге ұмтылады, тәуекелге баруға даярлығы, шығармашылық, ынталығың, икемділік көзқарастарымен сенімдерін қалыптастырады.
8. Оқушы өзін-өзі бағалай білуі, құрдастарымен бірлесе жұмыс істеу деңгейі қалыптасып, өзінің айналасындағыларға құрметі артады.
9. Оқушыға дербес бейімділігі тыңдай білуі, ойлау, өзіне жаңа міндеттер алуға ұмтылады. Өз қабілетіне сенімі артады.
10. Оқушылар оқулықтан тыс материалды пайдалануға ұмтылады.